Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / Тарих / ҚР Ұлы Отан соғысы кезеңінде.doc
Скачиваний:
32
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
104.96 Кб
Скачать

3. Брест, Мәскеу үшін шайқастағы қазақстандықтардың ерліктері.

Брест қамалын қорғаушылардың қатарына 1941 жылы 22 маусымда қазақ халқының өкілдері көп,нақтылы айтқанда , Брестәскери горнизонында қазақстандық солдаттар мен командирлер екі мыңнан астам болатын. Бұлардың көбі ерлікпен қаза тапты. Белгілі жазушы Николай андреевич Шахов Брест қорғанысына қатысқан қазақстандықтар туралы жазғандарында қамалды қорғауға қатысқан Жұмаш Қабдолдаевтың мына хатына келтірген: «1941 маусымында біз қамалына жақын жазғы лагерде болатынбыз. Біздің бөлімше жігіттерінің ішінде Б.Аманжолов пен Қ. Орынтаев әрқашан көзге түсіп жүрді. Екеуі мерген атанда екеуі де дивизион комсомол комитетінің мүшесі болды.

Таң сәріде айнала арсыл-гүрсіл болып кетті. Фашистер ұзын шеппен қаптап келеді. Екі жақтан да атыс басталды. Бірі оқ салып, бірі нысаналап жатқан Қ. Орынтаев пен Б. Аманжоловтың қимылдарынан сондай ерекше ептілік пен шапшандық сезілді. Енді бір сәтте жау машинасының тас талқаны шықты. Осы бір шақта тас төбеде жау самолеттері көбейіп кетті, автоматшыларда оқты жаудыртып келеді.Гимнастеркаларын шешіп тастаған Б.Аманжолов пен Қ. Орынтаев денесі қан аралас терге малынды. Он минуттың ішінде оқ дәрі түгел жұмсалып болды. Осы кезде командирміз Лисач алға ұмтылды. «Уралап, атой салған жігіттер жекпе-жек айқасты. Жау шабуылына тойтарыс берілгендей болып еді, бірақ екінші жақтан танкілер бізге жақындап келе жатты. Олардың тасасында – автомашиналар. Ал бізде снаряд жоқ. Жау жақындаған кезде граната лақтырдық . Бір танкінің күлі көкке ұшты жауғу граната лақтырған Аманжоловқа оқ тиді . Балаубек қолымызда көзін жұмды , денесін Брест қаласының шетіне жерледік.

Кейіннен Барановичи қаласы түбіндегі шайқаста Қ.Орынтаев та ерлікпен қаза тапты.

Көпесбай Иманқұлов, Евгений Андреевич Качан, Александр Федорович Наганов, Мақсұт Ниязов, Хажымұрат Садықов, Әбдіманап Шанақов, Владмир Авнович Фурсов, Шавкат Чултуров және басқа қазақстандықтар қамалдың әр түрлі учаскелерінде соғысты. Қызыл Армия бөлімдерінің Қайыспай қарсылық көрсетуіне қарамастан , дұшпан әуелгі бетте көп жерімізді басып алды. Бірақ соғыстың бастапқы кезіндегі сәтсіздіктер халқымыздың , армия мен флот жауынгерлерінің еңсесін түсірген жоқ . совет үкіметінің 1941 жылғы 22 маусымдағы мәлімдемесінде айтылған : «Біздің ісіміз - әділ іс». Жау талқандалды. Біз жеңіп шығаиыз. Деген сөз олардың жігеріне жігер қосты, рухын көтерді. Қызыл армияның жауға қарсылығына күннен күнге өсе түсті. Смоленск, Москва , Калинин , Орел облыстарының 500 мыңнан астам адам қорғаныс бекіністерін салды. Совет әскерлері қорғаныстан шабуылға көшіп отырды. Еьня түбінде олар немістің 8 дивиясын талқандады.

Гитлершілер соғыстың алғашқы айының ішінде-ақ киевті басып алмақ болған-ды. 10 шілде шамасында олар қаланың іргесіне келіп жеткен еді. Тек 19 қыркүйекте Жоғарғы командованиенің бұйрығы бойынша совет әскерлері Киевті тастап шықты . Гитлершілердің бірден Одессаны алмақ болған әрекеті іске аспай қалды. Кескілескен ұрыстар екі айдан астам уақыт бойы үздіксіз жүргізілумен болды.ствканың бұйрығы бойынша біздің әскерлер қаланы тастап шығып, оны қорғаушылар қырымға бұзып өтті. Ол Севастопольді тез-ақ басып алуға әрекеттенген еді. Бірақ мұнысынан ештеме шықпады. Қаланы ерлікпен қорғау басталды. Ленинградты , Киевті , Одессаны , Севастопольді қорғаушы фашистік «қауырт соғыс» жоспарын іске асыртпай тастау үшін және Москваның қорғау үшін зор маңызы болды.

Еліміздің барлық халқы қасиетті Ұлы отан соғысына аттанды. Қысқа мерзім ішінде бүкіл ел біртұтас соғыс лагеріне айналдырылды. Совет мемлекетінің барлық күш жігерінің материалдық, және адам ресурстарын фашист жауыздары талқандауға жұмылдырылды. «Барлығы майдан үшін, барлығы жеңіс үшін» деген ұран басқыншыларға қарсы күрестіңайбынды туы болды.