Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / Тарих / ҚР Ұлы Отан соғысы кезеңінде.doc
Скачиваний:
32
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
104.96 Кб
Скачать

4. Соғыс жылдарындағы Қазақстанның мәдениет қайраткерлері мен ғалымдарының ерен еңбектері.

Совет Одағы Ұлы Жеңісінің шабыттана жырлаған, ХХ ғасырдың Гомері атанған Жамбыл басвтаған әдебиет пен өнер қайраткерлерінің еңбектері де - өз алдында бір төбе. Осы кезде ұлы жазушы Мұхтар Әуезов «Абай» эпопеясының 1-кітабын жазып, аты елге жайылды. С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұтафин, Б.Бұлқышев, Ж.Саин, П.Кузнецов сияқты жазушылар, Шашубай, Нұрпейіс, Кенен сынды ақындар халықтар достығының жаршысы болды. Республикамызға уақытша келген 90 жазушы (Алексей Толстой, С. Михалков, С.Сергеев-Ценский, Ф.Панферов, О.Форш, К.Паустовский,С.Маршак, М.Зощенко тағы басқалар), «мосфильм» мен «ленфильм» 23 театр мен музыкалық коллективтер жеңіс үшін еңбек етіп қана қоймай қазақтың ұлттық өнерін жаңа жанрлармен ,кәсіби шеңберлікпен байытып, жан-жақты дамуына септігін тигізді.

Қазақ совет поэзиясының алыбы Жамбылдың «Ленинградтық өрендерім» деп аталатын мәңгі өшпес патриоттық шығармасын бүкіл еліміз толғана оқыды.М Аәзов, С. Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Қ.Аманжолов, Б.Бұлқышев, Т. Жароковтың, Қазақстанның басқа да жазушылары мен ақындарының соғыс кезіндегі жазған шығармаларының жігерлендірушілік мәні болды.

Қазақ артистері майданның алғы шебінде 2 мыңға жуық концерт берді. Әдебиет пен өнерді ғылымды дамытуда қазақ мәдениет қайраткерлерімен достық қатынас жасаған орыс ғылымы мен мәдениетінің көрнекті өкілдеріА.К.Толстой, С.я.Маршак, К.Г.Паустовский, Ф.И.Паферов, С.Н.Сергеев-Ценский, И.П.Бородин; Л.И.Вернадский, Н.Ф.Гамалея, Н.Д.Эйзенштейн, Н.Д.Мордвин, В.П.марецкая, Н.К.Черкасов, С.С.Прокофьеф, С:С.Туликовтың және басқалардың үлкен ықпалы болды.

Соғыс жылдары Қазақстанға туысқан республикалардан 13 ғылыми мекеме, 19 театр, 30-астам жоғары оқу орны көшіп келді. Аса қиын жағдайларға қарамастан 1941 жылы Алматыда шет тілдері институты, 1944 жылы Алматыда шет тілдер институты, 1943 жылы Шымкент құрылыс материалдары технологиялық институты, 1944 жылы Алматы қыздар педагогикалық институты, Қазақ физкультура институты ашылды.

Интеллигенция Отанға шексіз берілгендіктің өнегесін көрсетті. Ғалымдар Қазақстанның байлықтарын майдан қажетіне жаратты, жаңа қару-жарақ түрлерін ойлап шығарады, өндіріке жаңа технологиялық процестерді енгізді, жаралы жауынгерлердің басым көпшілігін тез арада сауықтырып қатарға қосты. 23 типті авиация, моторлы, теңдесі жоқ Т-34 танкісі , атақты «Катюшасы» , жаңа артиллериялық қару-жарақтар, автоматты атыс қару түрлері т.б. совет ғалымдарының сол кезеңдегі жеңіске қосқан қомақты үлесі еді.Идеология майданының жауынгерлері отанды қорғау туралы , халықтың жеңіске деген сенімін нығайтты, барлық күш-жігерін майданға көмек беруге жұмылдырылды, тыл мен майданның бірлігін арттырды , тылда да майданда да, партизан өлкелерінде жеңісті шыңдады. Орталық радио тәулігіне 18 сағат хабар жүргізді. КСРО халықтарының 70 тілінде , 28 шетел тілдерінде сұрапыл соғыстың барысы туралы ақиқатты хабарлады.

Мәдени қызмет көрсету мақсатымен 1941 жылы алматыда майдандық концерт бригадалары ұйымдастырылды. Олардың құрамында республиканың көрнекті әнші – актілері Қ.Ж.Байсейітова, Ж. Елебеков, М.Ержанов, Ғ.Құрманғалиев, Ж.Омаров;Е.Өмірзақов, Ү.Тұрдықұлова, Ә.Ә. Үмбетбаев, М. Абдуллин, Б.Артықова, Н. Әбішев, Ш.Бейсекова, Қ.Лекеров; бишілер Ш.Жиенқұлова, З.Розмұхамедова; домбырашы Л.Мұхитов болды. Концерттік бригадаларды жазушылар Ә.Әбішев, Ғ.Мұстафин, Ғ.Орманов, ҚазССР Халкомсовы жанындағы өнер істері жөніндегі басқарманың бастығы С.Е.Толыбеков, директор Ф.А.Ф.А. Кузьмич т.б. басқарды. Тыл мен маайдан арасындағы өнер істері жөніндегі басқарманың бастығы С.Е:Толыбеков, директор Ф.А.Ф.А. Кузьмич т.б. басқарды. Тыл мен майдан арасындағы байланыстың нығая түсуі үшін майданнан тылға келген делегациялардың да маңызы зор болды. 1942 – 1943 жылдары қазақстанға майданан 16 делегация , ал 1944 жылы 6 делегация келіп кетті. Олардың ішінде Қазақстанда жасақталған 8-гвардиялық атқыштар, сталинградтық –дунайлық 73-гвардиялық , 391-310-,314-атқыштар дивизияларының т.б. әскери бөлімдер мен құрамаларының жауынгерлері болды. Олар кәсіпорында , колхоз, совхоздарда, оқу орындары мен ғылыми мекемелерде болып , өз бөлімшелерінің жауынгерлік жолы, полктес жолдастарының ерліктері туралы айтып берді.1943 жылы 10 ақпанда 391-атқыштар дивизиясының делегациясы «қазақстанская правда» газетіне қаһармандығы мен ерлігі үшін Ленин орденімен наградталған майдангер – қазақстандықтар дивизия санитары сартанов, капитан Ивкин , сержант Кравченко , әскери дәрігер Сухарукова туралы мақала жазды. 1943 жылы сәуір-мамырда екі апта Алматыда және облыста «Киров» крейсерінің делегациясы болды, олар крейсер комсомолецтерінің Қазақстанның барлық жастарына арнаған хатын ала келді. Қазақстан еңбекшілері делегацияларының майданға баруы әрі майдангерлердің тылға келіп кетуі, демалысқа кеоген Совет Одағының Батырларымен өткізілген кездесулер майдан мен тылдың байланысын бұрынғыдан нығайтты. Совет жауынгерлердің майданда каһармандықпен соғысуға , тыл еңбеккерлерін жанқиярлық еңбекке жігерлендірді.

5.Ұлы Отан соғысындағы жеңістің тарихи маңызы.

Ұлы Отан соғысындағы жеңіс – Совет Қарулы Күштерінің жеңісі. Совет Қарулы Күштері ұлы Отан соғысы жылдарында 51 майдандық шайқастарды өткізді. Майдан шебі 3000 км-ден 6200 км-ге жетті. Соғыстың шешуші ұрыстары совет-герман майданында өтті. Неміс –фашист армиясының 506 дивизиясы , олардың сыбайластарының 100-ге жуық дивизиясы құртылды. Ал Германия бсқа майданда 176 дивизиясынан айрылды, совет-герман майданында Германия 77 мың самалетінен (3\4) бөлігі ,2500 корабль мен транспорттық кемелерінен айрылды. Жаудың жалпы шығыны-өлгені, жаралғаны, тұтқынға түскені 13.6 млн адам болса, осының 10 млн-ы совет-герман майданында болды. Екінші дүние жүзілік соғыстың тағдырын совет елі, оның қарулы Күштері Шығыс майданында шешті . Жау басып алған совет жерінде 6200 партизан отрядтары мен топтарында 13 млн патриот тылында соғысты. Партизандардың 30,1%-і жұмысшы тобының , 40,5 %-і колхозшылардың , 29,1%-і интеллегенциясының көп ұлтты өкілдері болды. Партизандар жаудың 1,5 млн солдаттары мен офицерлерін , оккупациялық әкімшілік орындарының қызметкерлерін құртты. Совет патриоттары 20 мыңнан астам поезды қиратып , 12 мың көпірді бұзды.

Қазақстандық ұл-қыздар қасиетті Совет жерін жанқиярлықпен қорғады. Ленин қаласын қорғады. Сталинград түбінде ерлікпен шайқасты . Украинаны, Белоруссияны , советтік Прибалтика республикаларын , күн сәулетті Молдавияны жаудан босатуға қатысты. Украина ССР-інің көрнекті қоғам қайраткері Александр Довженко «Ұлы ынтымақтық» деп аталатын очеркіне туысқан украин жеріне ұрыспен кірген қазақтардың жата қалып оны қалай сүйгенін суреттеп жазды. Отанның басқа да ұлдары сияқты, қазақ жауынгерлері де туысқан республикалардың қасиетті жерлерін жаудан босатуға осылайша бір ынта – жігерін жұмсады. Қабанбайдың , Бөгенбайдың , Наурызбайдың, Махамбеттің, Аманкелдінің ұрпақтары Варшаваны , белградты, Будапешті , Праганы азат етуге қатысып ғажайып батырлар мен бірге фашизмнің ұясы Берлинге шабуыл жасады.

Қазақ халқы еліміздің басқа халықтарымен бір сапта жеңіс күнін жақындатуға үлес қосты. Республикадан қару-жарақ киім-кешек , азық – түлік, үздіксіз ағылып жатты.

Майданды қамтамасыз етуге әсіресе Қазақстанның көмір өнеркәсібі орындары зор рөльі атқарды. Лениногордың кеншілері де қомақты үлес қосты.

Сол бір жылдары Өскемен , Текелі қорғасын-мырыш комбинаттары, түсті металл рудаларын шығаратын 25 рудник , шахта, 11байытуфабрикасы, ақтөбе ферро – қорытпа заводы, металлургия заводтары , 4 мұнай кәсіпшілігі, Гурьев мұнай айдау заводы тағы басқалары қатарға қосылды.

1945 жылы 2 қыркүйекте Жапония тізе бүкті. Екінші дүние жүзілік соғыс агрессорларының толық талқандауымен аяқталды.

Ұлы Отан соғысының қаһарлы жылдарында бүкіс совет халқымен бірге Қазақстан еңбекшілері де отанды қорғауға аттанды. Совет армиясы қатарында Қазақстанның 1 млн 200 жуық ұлдары мен қыздары шайқасты. Ұлы Отан соғысының жарқын беттерін Қазақстанда жасақталған И.В.Панфилов атындағы 8-гвардиялық , 72-гвардиялық Красноградтық , 73-Сталинградтық және Дунайлық, 27-гвардиялық Новобугтік, 150-Идрицкілік және Берлиндік, соғысы жылдарында Қазақ ССР-і майданның аса ірі арсеналына айналды. Соғыстың 4 жылы ішінде республикада өнеркәсіп өнімін өндіру 1,5 есе артып , қара металлургия мен машина жасау дамыды. Қазақ ССР-і руда, концентрат және түсті металдың көпшілік бөлігін өндірді. Ұлы Отан соғысында КСРО бүкіл дүние жүзілік тарихи маңызы бар жеңіске жетті, фашистік Германия мен милитаристік Жапонияны талқандауға шешуші роль атқарды, дүние жүзлік цивилизацияны сақтап қалды.

Екінші дүние жүзілік соғыс империализм күтпеген нәтижелермен аяқталды. Еуропа мен Азияның 700-млнан астам халқа бар 11 елі тәуелсіздік алды.