Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / Тарих / ҚР Ұлы Отан соғысы кезеңінде.doc
Скачиваний:
32
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
104.96 Кб
Скачать

2. Германияның ксро-ға шабуылы Соғыстың бірінші кезеңіндегі сәтсіздіктер Антифашистік одақтың құрылуы (маусым 1941- қазан 1942 ж.Ж)

1941 жылы 22 маусымда Германия Совет Одағына тұтқиылдан шабуыл жасады. Фашистік басқыншыларға қарсы совет халқының Ұлы Отан соғысы басталды. Совет Одағына тұтқиылдан шабуыл жасады. Фашистік басқыншыларға қарсы совет халқының Ұлы Отан соғысы басталды. Совет Одағына қарсы фашистік Германия одақтастарының (Венгрия , Румыния, Финляндия және Италия) армияларымен бірге өздерінің 190 дивизиясын шоғырландырды. Бұлардың қарауында 5,5 млн адам, 4,5мыңға жуық танк, 5 мыңға жуық самолет, 47,2 мың зеңбірекпен миномет болды. Демек, жау адам саны мен соғыс техникасы жағынан анағұрлым басым еді. 1941 жылы 30 маусымда КСРО Мемлекеттік Қорғаныс Комитеті құрылды. Соғыстың алғашқы күндерінде КСРО Жоғарғы Советі Президиумының Указымен 14 әскери округ территориясында мобилизация жарияланды.

Соғыстың бірінші кезеңі (1941 жылы, маусым – 1942 жылы, қараша) коммунистік партия шаруашылықты соғыс жағдайын бейімдеуге , барлық күшпен құралдарды елімізді қорғауға жұмылдыруға басшылық жасап жау тылында партизандық соғыстарды ұйымдастырды. 1941 жылы 30 маусымда Мемлекеттік Қорғаныс Комитеті құрылды. Бұл Төтенше орган Отан тағдырына орасан зор маңызы бар 6671 документ қабылдады.

10 шілдеде құрамында И.В.Сталин, В.М.Молотов, К.Е.Ворошилов, С.К.Тимошенко,Г.К.Жуков, Б.М.Шапошников, С.М.Буденный бар Жоғарғы командование Ставкасы құрылды.

Совет Армиясы жаңа әскери құрамалар және халық жасақтары қатарымен толыға түсті. Тек 1941 жылдың жазы мен күзінде халық жасақтарының жауынгері болу үшін 4 млн – нан астам адам арыз берді. 1941 жылдың маусым-желтоқсанында майданға 1100 мың коммунист , 1941 жылдың екінші жартысында армия мен флоттағы башы жұмысқа 9 партия ұйымы армия қатарына 240 мың , Москва мен Москва облысы 150 мыңға жуық , Ленинград 87 мың, Қазақстан мен Орта Азия республикалары, Урал , Волга өңірі, Сібір мен Қиыр республикалары 110 мыңнан астам комунистерді майданға жіберді. Оның құрамдас бөлігі жау басын алған батыс аудандардың өндіргіш күштерін сақтау, шығыс аудандарға көшіріп, тез арада қалпына келтіру еді. 13500 – ден астам аса ірі кәсіпорын , сонымен бірге материалдық байлықтар және адамдар көшірді. Тек 1941 жылы темір жол бойымен 1,5 млн вагон жүк көшірілді, 1941 жылы 12 шлдеде соғыс қимылдарын бірлесіп жүргізу жөнінде КСРО- Ұлыбритания , тамыздың басында экономикалық көмек туралы КСРО АқШ келісімдерін жасалды. Бірінші кезеңде соғыс солтүстік батыс (Ленинград), батыс (Москва), Оңтүстік батыс(Украина) бағытында жүрді. Басты әскери қимылдар: 1941 жылғы шекарадағы шайқастар . Брест қамалы қорғанысы; немісфашист әскерлерінің Прибалтика , БССР-ді басып алуы. Ленинград блокадасының басталуы: Смоленск шайқасы (1941); Киев, одесса , Севастополь қорғаныстары(1941-1942) Герман әскерлерінің Украина мен Қырымды оккупациялауы және олардың басып алған жерлерде террористік режим орнату. Москва шайқасы; 1941 жылдың қыркүйек-қараша –қорғаныс ұрыстары;5-желтоқсан – 1942 жылдың сәуірінде – фашистік Германияның «қауырт соғыс» идеасын талқан етіп , соғыста түбегейлі соғысты бетбұрыс жасаған Қзыл Армияның қарсы шабуылы, герман әскерлерінің екінші дүние жүзілік соғыстағы алғашқы ірі жеңілісі. Бұл кезеңде совет елінің сыртқы саясаты дүние жүзінің бейбітшілік сүйгіш халықтарының топтастыруға бағытталды. 28 мемлекеттен антигитлерлік скоалиция құрылып , Ұлыбританиямен әскери одақтастық туралы шарт жасады.1942 жылдың маусымында неміс фашист армиясының Волга өңрң мен Кавказды басып алуды көздеген Оңтүстік батыс бағыттағы шабуылы басталды. 17-шілдеде 18 – қарашада қаһарман Сталинград қорғанысы ; 1942 жылдың шілдесінде кавказ үшін шайқас басталды. Ауыр шайқастарда командирлер , саси қызметкерлер, партия және комсомол ұйымдар жауынгерлерді табындылыққа , темірдей тәртіп пен жауға қарсы бітпес өшпенділікке тәрбиелейді.соғыс кезінде едәуір шығындарға қарамастан , партия қатары озат жауынгерлерді қабылдау арқылы барған сайын толыға түсті. (1942 жылдың ортасында Қарулы Күштерде 1,5 млн коммунист, 1942 жылдың аяғында – 1,9 млн коммунист болды). Кескілескен қанды шайқастарда Совет қарулы Күштер шыңдалып , әскери шеңберлігі арта түсті. Бұл кезеңде майдандағы да тылдағы да жағдай ауыр болды, соған қарамастан совет жауынгерлердің қаһармандығы мен ержүректігі арқасында жау шабуылы тоқталып, күштің ара салмағы совет халқы мен оны Қарулы Күштердің пайдасына шешіле бастады.