Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тест / АПК / Лабораторная МУ А#U04e8К тех сервис.docx
Скачиваний:
23
Добавлен:
15.02.2015
Размер:
898.91 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті

«Су ресурстары, жерді пайдалану және агротехника» кафедрасы

Нурманов Б.Д.

5В080600 «Аграрлық техника және технология» мамандығы бойынша оқитын

студенттер үшін арналған

«Агроөнеркәсіп кешеніндегі техникалық сервис» пәнінен

зертханалық жұмыстарды орындауға арналған

Әдістемелік нұсқаулар

Оқыту түрі: күндізгі

Шымкент, 2014ж

ӘОЖ 631.256

Құрастырған: Нурманов Б.Д.

«Агроөнеркәсіп кешеніндегі техникалық сервис» пәні зертханалық сабақтары бойынша әдістемелік нұсқаулар.

Шымкент: М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2013ж бет.

Әдістемелік нұсқаулар «Агроөнеркәсіп кешеніндегі техникалық сервис» пәні оқу жоспарының және бағдарламасының талаптарына сай құрастырылған және курстың зертханалық сабақтары тақырыптарын орындауға қажет барлық мәліметтерді қамтиды

Әдістемелік нұсқауларда агроөнеркәсіп кешеніндегі техникалық сервис туралы түсініктемелер, түрлі жөндеу әдістері және тәсілдері, студенттердің ойлау қабілеттерін дамытуға және творчестволық белсенділігін арттыруға арналған тапсырмалар берілген

Әдістемелік нұсқаулар 5В080600 «Аграрлық техника және технология» мамандығы студенттеріне арналған

.

Пікір берушілер:

_________________________________________________________________________________________________________________________________

«Су ресурстары, жерді пайдалану және агротехника» кафедрасының мәжілісінде, хаттама № , « » 20 ж.

Агроөнеркәсіп факультеті әдістемелік комиссиясымен,

хаттама № « » 20 ж. талқыланды және баспаға ұсынылды

МӘуезов атындағы ОҚМУ Оқу-әдістемелік Кеңесімен баспаға ұсынылды

хаттама № « » 20 ж.

© М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, 20 ж

Шығаруға жауапты : Нурманов Б.Д.

Зертханалық жұмыс № 1

Тақырыбы: Қалдық газдарды талдау бойынша бензхинді қозғалтқыштардың жұмысын бағалау

1.1. Жұмыс мақсаты:

Бензинді қозғалтқыштардың қалдық газдарын 121 ФА-01 талдағыштың жұмыс ұстанымдарымен танысу және осы аспаппен жұмыс істеуге алғашқы дағды алу.

1.2. Бензинді ІЖҚ техникалық жағдайын оптикалық-абсорбциялық талдау негізінде анықтау әдісі.

Қозғалтқыштың ақауы болған жағдайда қалдық газдарда жанылғының толық жанбай қалған өнімдері көбейеді, ол СО және CH1NO. Қалдық газдардың мөлшерлік құрамы кесте 1.1 келтірілген.

Кесте 1.1

Қалдық газдардың құрамы

Компоненттер

% көлем бойынша

Азот

7477

Оттегі

0,30,8

Судың буы

35,5

СО2

512

СО

510

Басқа компоненттер

03

Әдіс газ қосындысындағы талданатын компонеттің сәулендірілетін инфрақызыл энергияны жұтуды өлшеуге негізделген. Әрбір газға өзіне тән жұту толқын аймағы бар. Егер, интерфернциялық сүзгіден өту есбінен алынған, монохроматикалық инфрақызыл сәулендірудің ағынын кезекпен талданатын газ бар және жоқ кюветасынан өткізсек, онда қабылдағышта ауыспалы сигнал тіркеледі, ал ол өз кезегінде талдайтын газ жұтқан энергия мөлшері, яғни талданатын газдың концентрациясы туралы ақпарат береді. 

1.3. 121 ФА-01 газ талдағышы

Газ автомбильдің шығару құбырынан құбырөткізгішке сорылады, ол жерде ол алдымен суытылады және сүзгіге жіберіледі. Газды суыту нәтижесінде конденсат пайда болады, ол сүзгіден өтіп тұндырғышқа жиналады және оқтын оқтын төгіледі.

Құрғатылған және сүзгіден өткен газ газ талдағыштың өлшеуіш түрлендіргішіне барады. Обтюраьордың бір жағдайында сәуле кюветаных өлшегіш каналынан өтсе, екінші жағдайында салыстырғыш каналынан өтеді. Обтюратордың жағдайы оптоэлектронды жұппен белгіленеді. Қалдық газдар талдағыштан электр насос көмегімен өткізіледі. 

Аспап шкаласы 101,5 кРа (760 ммHg) атмосфералық қысымға сызылған. Қысымның 0,7 кРа (5 мм Hg) ауытқуы жағдайында түзету енгізу қажет:

A = k N1,

мұнда A – концентрацияның нақты мәні; N – жебелі аспатың көрсетпесі; k – көрсетпелердің атмосфералық қысымға байланысының коэффициентің (Сурет 1.2).

Сурет 1.1. Газ талдағыштың блок-схемасы:

1-сәулендіргіш; 2-кювета; 3-өлшегіш және салыстырғыш каналдары бар обтюратор; 4-интерференционды сүзгі; 5-фланец; 6-сәулендіруді қабылдағыш; 7-алғашқы күшейткіш; 8-көрсету аспабы; 9-ақпаратты екінші рет өңдегіш; 10-кернеуді түрлендіргіші бар қоректендіру блогы; 11-оптоэлектронды жұп; 12-электрқозғалтқыш;

Сурет 1.2. Газ талдағыш көрсетпелерінің атмосфералық қысымға байланысының графигі