Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тест / АПК / Лабораторная МУ А#U04e8К тех сервис.docx
Скачиваний:
23
Добавлен:
15.02.2015
Размер:
898.91 Кб
Скачать

Зертханалық жұмыс № 11-12

Тақырыбы: Ауаның шаңдану концентрациясын салмақтық әдіспен анықтау.

Жұмыс мақсаты: Ауаның шаңдану нормасымен, шаңдануды бақылаудың әдістерімен және құралдарымен танысу, ОТ-1 имитациялық қондырғыда шаңдануды өлшеу және оның санитарлық нормаларға сәйкестігін бағалау.

Жабдық: аналитикалық таразы, ОТ-1 қондырғысы, секундомер.

Өлшеулерді орындау.

11.1. Сүзгі салмағын аналитикалық таразыда өлшеу, табылған массаны m1 деп белгілейді.

11.2. Сүзгіні құрылғыға қою, барлық шеңбер бойынша біркелкі қысылуын бақылайды. 11.3. Сүзгі қойылған құрылғыны аллонжға орнатады және патронмен қысып қояды.

11.4. Желдеткішті қосады және дозаторды оңға екі қыртылдауға бұрайды. Терезеден камераның шаңдалуына көз жеткізеді.

11.5. Аспираторды қосады, басқару тұтқасымен ауа қозғалысының жылдамдығын 3 л/мин орнатады, тәжірибенің басталу уақытын белгілейді.

11.6. 5 минуттан кейін камерадан ауаны алуды тоқтатады, аспираторды және желдеткішті өшіреді.

11.7. Ықтияттылықпен патронды үңғыдан шығарады және сүзгіде тұнбаның барлығына көз жеткізеді.

11.8. Аллонжды тұнбасымен жоғарыға қаратып, құрылғыны патроннан босатады. Құрылғыны шығарады, сүзгіні ішке екі бүктейді және сол жағдайда тағы салмағын өлшейді (11.1 сәйкес). Табылған салмақты m2. Деп белгілейді.

11.9. Атмосфералық қысымның және ауа температурасын көреді.

Шаңның n массалық концентрациясын есептеу:

мұнда Т – талданатын ауаның температурасы, К (°С+273);

В – атмосфералық қысым, мм. сын. бағ.;

Q – ауа жылдамдығы, л/мин;

t – ауаны алу уақыты, мин.

Салмақтық тәсілді қолданғанда, шаңдалған ауаның белгілі көлемі сүзгіден өткізіледі, сүзгіде тұнған шаңның массасын (таразыда өлшейді) және сүзгіден өткізілген ауаның көлемін біліп, ауадағы шаңның концентрациясын анықтайды (Сурет 11.1).

Сурет 11.1 Салмақтық тәсілмен ауаның шаңдалуын анықтау ОТ-1 қондырғысының схемасы:

1 – шаң камерасы; 2 – аспатық бөлік; 3 – бункер-дозатор; 4 – пробаны алу ұңғысы; 5 – шаңдалуды визуалды бағалау терезесі; 6 – аллонж (сүзгісі бар уөренке); 7, 8 – басқару тұтқалары

Лабораториялық жұмыс № 13-14

Тақырыбы: Бөлменің жарықталуын зерттеу.

Жұмыс мақсаты: табиғи және жасанды жарықта бөлменің жарықталуын зерттеу аспаптарымен және әдістерімен танысу, санитарлық нормаларға сәйкес бөлменің жарықталуын бағалау.

Жабдық: люксметр Ю-116 (Ю-117), екі хронометр немесе екі секунд есептейтін сағат, шамдардың орналасуы көрсетілген бөлменің жоспары, шамдардың саны және түрі.

Өлшеулерді орындау.

11.1. Хронометрлермен (секундомермен) уақытты белгілейді; белгіленген уақыттан кейін студенттердің бір бөлігі бөлменің ішіндегі жарықтандыруды Ев (еденнен 0,8 м) өлшейді, ал басқасы – сыртқы Ен.

11.2. Формула (5) бойынша табиғи жарықтандыру коэффициентін (ТЖК) ефакт есептейді.

11.3. СанЕжәнеН бойынша талап етілетін жарықтандыруды етабл табады (көру жұмысына, айыру көлеміне, жарық беру түріне байланысты).

11.4. Қараңғылауды пайдаланып, жұмыс орында люксметрмен Ефакт, формула (6) бойынша Еврасч , кестеден жалпы жасанды жарықтандырудың Етабл анықтайды.

11.5. Жалпы және жергілікті жарықтандыруларды өшіреді, люксметр көмегімен және кестеден Ефакт, мен Е табл анықтайды.

11.6. Есептердің және өлшеулердің нәтижесі кестеге енгізіледі.

11.7. Бөлмедегі жарықтандырудың санитарлық нормаларының орындалуы туралы қорытынды жасалады.

Нақты Єфакт жарықтандыру коэффициентін есептеу:

евфакт = вн)-100. (5)

мұнда - Ев - бөлменің ішіндегі жарықтандыруды Ен - бөлменің сыртындағы жарықтандыруды

Жасанды жарықтандыруды бағалау үшін аспаппен Евфакт.және есепті формула көмегімен Еврасч анықтайды:

мұнда N – шамдардың саны, n – шамдағы лампалардың саны;

Фi бір лампаның жарық ағымы, лм (кестелерден);

u – қабырғалардың және төбенің бояуын пайдалану коэффициенті (орташа 0,35—0,5);

z – шамның түзету коэффициенті (қабылдайды 0,75—0,90);

S – жарықтандырылатын бөлменің ауданы, м2; k – қор коэффициенті, қабылдайды 1,3.

Сурет 12.1 Объективті люксметр:

1-фотоэлемент; 2-магнитэлектр жүйесін өлшегіш; 3-клавишалар; 4-сүзгілер; 5-қайта есептеу кестесі

Люксметрдің жұмысы фотоэлектрлік эффект құбылысына негізделген. Жабық электр тізбектегі фотоэлементке жарық беріледі, фотоэлементке түскен жарық ағымына пропорционалды ток пайда болады. Аспап 30...100 лк арасында өлшейді, бір шектен екіншісіне өту клавишалармен жүргізіледі. Жарыұтандырудың жоғарғы мәндерін өлшеу үшін фотоэлементке сүзгі орнатылады, ол өлшеу шегін 10, 100 және 1000 есе үлкейтеді. Жоғары мәндерді қайта есептеуге кесте қолданылады.

Табиғи жарықты өлшеуде 0,8, люминесцентті лампалар үшін ЛБ-1,15, ЛО-0,8, ДРЛ-1,2 түзету коэффициенті қолданылады.