Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тест / АПК / Лабораторная МУ А#U04e8К тех сервис.docx
Скачиваний:
23
Добавлен:
15.02.2015
Размер:
898.91 Кб
Скачать

Зертханалық жұмыс № 8

Тақырыбы: Гидравликалық жүйелері жұмыс сұйықтықтарының тазалығын бақылау

8.1. Жұмыс мақсаты: Жұмыс сұйықтықтары ластануының гидравликалық жүйелер сенімділігіне әсерімен танысу және тазалығын тәжірибеде ПКЖ-904В аспабымен анықтау.

8.2. Жұмыс сұйықтығы орындаушы органдарға қысымды берумен қатар майлау және салқындату функцияларын атқарады. Сұйықтықтарды пайдалану барысында өзгермейтін бастапқы физикалық және химиялық қасиеттердің маңызы үлкен.

Гидроагрегаттардың сенімділігін жоғатудың және қарқынды тозуының негізгі себебіне жұмыс сұйықтықтардың ластануы жатады.

Механикалық қоспаларды көзбен көрсе болады. Ол үшін таза стаканға басында 100 мл тексерілетін жұмыс сұйықтығын құяды, содан кейін 200 мл сүзгіленген бензинді құяды және стакандағы сұйықтықты араластырады. Содан соң қоспа 5...10 минут уақытында тұндырылады және стакан түбінен қарайды. Стаканның ішінде айландыру кезінде ортаға шоғырланған қоспалар көзге көрінеді.

Жұмыс сұйықтығының ластануын центрофугирования әдісін пайдаланып анықталуы мүмкін, бұл кезде сұсйықтық арнаулы ыдысқа құйылады және біркелкі айналдырылады. Ортадан тебу күштерінің әсерінен ластықтар ыдыс түбіне жиналады, шкала көрсетпесінен ластықтардың көлемін анықтайды. Бірақ бұл әдіс ластықтардың жалпы көлемін көрсеткенмен, олардың түрлерін білдірмейді. Сондықтан толық ақпарат алу үшін ластықтардың гранулометриялық құрамын білу керек.

МЕСТ 17216-2001 бойынша сұйықтық тазалығының 19 классы орнатылған, әр класқа 100 см3 көлемдегі сұйықтықта түрлі өлшемдердегі бөлшектердің белгілі саны сәйкес келеді (кесте 8.1).

Кесте 8.1

Жұмыс сұйықтықтарының тазалығының кластары (МЕСТ 17216-71)

Тазалық классы

100±0,5 см3 көлемдегі сұйықтықтағы мкм көп емес өлшемдегі ластықтардың саны

Ластықтар массасы % көп емес

0,5...1

1...2

2...5

5...10

10...25

25...50

50...100

100...200

Талшықтар

00

800

400

32

8

4

1

жоқ

Мүлдем жоқ

Мүлдем жоқ

Жоспарланбаған

0

1600

800

63

16

8

2

Жоқ

1

Норма-ланбайды

1600

125

32

16

3

Жоқ

2

Норма-ланбайды

250

63

32

4

1

3

Норма-ланбайды

125

63

8

2

4

250

125

12

3

5

500

250

25

4

1

6

1000

500

50

6

2

1

0,0002

7

2000

1000

100

12

4

2

0,0002

8

4000

2000

200

25

6

3

0,0004

9

8000

4000

400

50

12

4

0,0006

10

16000

8000

800

100

25

5

0,0008

11

3150

16000

1600

200

50

10

0,0016

12

6300

3150

3150

400

100

20

0,032

13

Норма-ланбайды

6300

6300

800

200

40

0,005

14

125000

12500

1600

400

80

0,008

15

Норма-ланбайды

25000

3150

800

160

0,016

16

50000

6300

1600

315

0,032

17

12500

3150

630

0,063

8.3. ПКЖ- 904В аспабының қызметі және жұмыс ұстанымы.

ПКЖ аспабы өлшемі 5...300 мкм ластықтарды өлшеп, сұйықтықтың тазалығын анықтауға қолданылады және сұйықтықта пайдаланылатын суды, спиртті, индустриалды және турбиндік, гидравликалық жүйелерде жұмыс сұйықтығы ретінде қолданылатын майларды бақылауды қамтамасыз етеді.

Аспап датчиктен және басқару кнопкалары мен цифрлық таблосы бар ақпарат блогынан тұрады, онда алты өлшем диапазонында өлшеу нәтижелері көрсетіледі.

Аспап жұмысы жарыққа сезімтал элементпен (фотодиодпен), бақыланатын жұмыс сұйықтық ағымымен жүретін, бөлек бөлшектің жарық ағымының бөлігін бөгегеннен, жарық көзінен келетін жарық ағымының өзгеруін тіркеуге негізделген.

Жарық көзінен жарық ағымы сұйықтық ағынына перпендикуляр бағытталады және оны толық қамтиды. Фотодиодтың электрлік сигнал (ток) өзгерісі ластықтар бөлшектерінің өлшемдеріне тікелей пропорционалды, ал ол өзгерістердің ұзақтығы бөлшектің датчиктің сезімтал көлемінен өту уақытына тең. Фотодиодтар сигналдары күшейтіледі, амплитудары бойынша талданады және таблода көрсетілген сәйкес өлшем диапазондары бойынша таратылады.

Сурет 8.1 ПКЖ-904В аспабы