Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тест / АПК / Лабораторная МУ А#U04e8К тех сервис.docx
Скачиваний:
23
Добавлен:
15.02.2015
Размер:
898.91 Кб
Скачать

Зертханалық жұмыс № 2

Тақырыбы: Дизельді қозғалтқыштар қалдық газдарының түтіндеуін өлшеу

2.1. Жұмыс мақсаты:

Дизельді қозғалтқыштардың қалдық газдарындағы жанылғының толық жанбаған өнімдерінің мөлшерін анықтаудың тәсілдерімен танысу .

2.2. Қозғалтқыштың және оның ішінде қоректендіру жүйесінің жағдайын бағалау қалдық газдардағы қақ түріндегі еркін көміртегінің мөлшерін анықтауға негізделген.

Қалдық газдардың мөлшерлік құрамы кесте 2.1 келтірілген.

Кесте 2.1

Қалдық газдардың құрамы

Компоненттер

% көлем бойынша

Азот

76–78

Оттегі

2–18

Судың буы

0,5–4

СО2

1–10

СО

0,01–0,5

Басқа компоненттер

0–1

Қалдық газдардағы қақтың мөлшеріне қарай дизель қозғалтқышының жағдайын анықтау екі жолмен жүргізілуі мүмкін. Қарапайым – сапалық және күрделі, аспатық базаны талап ететін – сандық.

Бірінші тәсілмен жұмыс істеуге қозғалтқыштың түтіндеуін өлшейтін Комацу (Жапон) фирмасының аспабы қолданса болады.

Аспап қалдық газдың пробасын алуға арналған насостан, сүзгі қағазынан, қақтың концентрациясын анықтайтын шкала-эталоннан тұрады. Шкала-эталоны бар түтінделген сүзгі қағаздан қозғалтқыштың түтінделу дәрежесін анықтайды. Бұл тәсілмен жуықталған мән алынады және тек қана қозғалтқыштың зая жүрісінде.

2.3. МЕТА –01МП аспабы (сурет 2.1)

Өлшеу нәтижесі жұту өлшем бірлігінде беріледі (босаңсудың натуралды көрсеткіші)  м-1 және босаңсу коэффициентінің бірлігінде МЕСТ 21393-75 және ережелер №24 ЕЭК 00Н бойынша.

Линза 2 лампа 1 сәлендіру ағымын қалыптастырады, жарық сүзгісі оптикалық жұптың спектральды қасиеттерін қамтамасыз етеді, ол көздің сезімталдығына сай келеді. Диафрагмалар оптикалық элементтерді ластанудан сақтайды.

Температура датчиктер және фотоқабылдағыш сигналдары микропроцессорға барады, онда олар бағдарламаға сәйкес түрлендіріледі және өңделеді. Ақпарат дисплейге шығарылады және принтерден жазылып шығуы мүмкін. Қоректендіру аккумулятор батареясынан жүргізіледі.

Сурет 2.1. Қалдық газдардың түтінделуін МЕТА-01МП өлшегіштің функциялды схемасы измерителя дымности отработавших газов

1-қыздыру шамы; 2-линза; 3-фотоқабылдағыш; 4-жарық сүзгісі; 5-өлшегіш камера; 6-диафрагма; 7-термодатчик; 8-микропроцессор; 9-дисплей; 10-принтер; 11-аккумулятор батареясы

Түтінделудің К және N бірлітерімен, сондай ақ қалдық газдардағы қақтың массалық концентрациясы арасындағы байланыс кесте 2.2

Кесте 2.2

Түтінделуді өлшеу бірліктерінің қатнастары: босаңсу коэффициенті  % ,

жұту коэффициенті  м-1 және қақтың массалық концентрациясы  г/м3

Кесте 2.3

Қалдық газдардың түтінделуінің рұқсат берілген шекті нормалары

Автомобиль моделі

Режимдер үшін түтінделу, К(N)

Еркін үдеу

Максималды жиілік

КАМАЗ, БЕЛАЗ, КРАЗ және басқа

1,2 м-1 (40%)

0,4 м-1 (15%)

МАЗ, КРАЗ, БЕЛАЗ

және үрлеумен

1,6 м-1 (50%)

0,4 м-1 (15%)