Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тест / АПК / Лабораторная МУ А#U04e8К тех сервис.docx
Скачиваний:
23
Добавлен:
15.02.2015
Размер:
898.91 Кб
Скачать

Зертханалық жұмыс № 15

Тақырыбы: Өртті алғашқы сөндіру құралдарын зерттеу.

Жұмыс мақсаты: қол өрт сөндіргіштердің конструкцияларымен және оларды қолданумен танысу.

Жабдық: өртсөндіргіштер ОХП-10, ОВП-10, ОУ-2, ОП-5 (немесе макеттері), жабдықталған өрт сөндіру щиті (немесе макеттері), гидропульт.

Өртті алғашқы сөндіру құралы ретінде су, құм, асбест төсемі (киіз, дөрекі мата), түрлі өртсөндіргіштер қолданылады.

Су құйылған резервуардың көлемі 0,2 м3 кем болмау және шелектермен жабдықталуы керек. Сумен тығыздығы төмен тез жанатын сұйықтықтарды (бензин, керосин, минералды майлар) және кернеулі электр қондырғыларындағы өртті өшіруге болмайды.

Құмды электрөткізгіштердегі және жаңғыш сұйықтықтардағы (мазут, бояу, майлар және т.б.) өртті сөндіруге қолданады. Құмды барлық өндіріс бөлмелерінде, қасында күрегі бар, жәшіктерде сақтайды (сыйымдылығы 0,5...3 м3).

Асбест төсемі кемінде 1х1 м өлшемде болу кероек. Тез жанатын сұйықтар сақтау орындарында оның өлшемін 2х2 м үлкейтеді. Асбест төсемі жанып жатқан бетке жабады, сөйтіп оны қоршаған ортадан оқшауландырады. Оны және бағалы жабдықтарды оттан сақтауға, пештерді жабуға қолданады. Асбест төсемін футлярда құрғақ жерде сақтау керек.

Ең сенімді өрт сөндіру құралына өртсөндіргіштер жатады. Өртсөндіргіштерді айына бір рет тексеріп тұру керек; толтырылуы жылына бір рет тексеріледі.

Сурет 15.1. Қол өртсөндіргіштері: а – химиялық көбікті өртсөндіргіш ОХП-10; б – ауа-көбік өртсөндіргіш ОВП-10

Рис. 15.2 Көмірқышқылды өртсөндіргіш ОУ-2

Рис. 15.3 Ішіне қысымның газды көзі орнатылған ұнтақты өртсөндіргіш ОП-5