Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тест / АПК / Лабораторная МУ А#U04e8К тех сервис.docx
Скачиваний:
23
Добавлен:
15.02.2015
Размер:
898.91 Кб
Скачать

Зертханалық жұмыс № 3

Тақырыбы: Картер майындағы тозу өнімдерінің құрамына қарай қозғалтқыштардың техникалық диагностикасы

3.1. Жұмыс мақсаты: Картер майындағы тозу өнімдерін анықтаудың негізгі тәсілдерімен танысу және спектралды талдау әдісімен анықтайтын МФС-3 квантометрмен жұмыс істеуді үйрену.

3.2. Май жағдайын бағалаудың әдістері: сапалық және сандық.

Сапалық талдау, пайдалану кезінде жоғары температурада қарқынды түрде тозу өнімдерімен және шаңмен, сондай ақ майдың өзінің таралу өнімдерімен, қақпен, сумен және т.б. ластанатын майдың жағдайын жуықталған түрде көрсетеді.

Май жағдайын бағалаудың қарапайым құралдары: мөлдір ыдыстағы майды визуалды көру (май мөлдір болу керек); бір сағат ағымында мөлдір ыдысқа құйылған, сүзгіленген бензинмен араластырылған, майдың пробасын тұндыру (тұнбаның мөлшері майдың ластану дәрежесін көрсетеді); бензин араласқан май пробасын жағу (сақиналар пайда болуына қарай май сапасын анықтайды); май пробасы құйылған сүзгі қағазын қызған қозғалтқыштың үстінде қыздыру (10 мин) және концентрацияланған сақиналардың формасына және өлшемдеріне қарай майдағы қоспаларды анықтау; бензин араласқан майды қағаздан сүзгілеу.

Сондай ақ, дизель майының талдаудың, келесі тәсілі де қолданылады: 60.....800С температураға қыздырылған дизель майдың 3...4 тамшысы ақ қағазға құйылады және 10 минуттан кейін пайда болған сақиналардың диаметрлерін өлшейді және орта мәндерін есептейді. Майдың жарамдылығын коэффициентке қарай анықтайды

К = Dcp / d1cp ,

мұнда Dcp – сыртқы сақинаның диаметрі; d1cp, d2cp – екінші және үшінші сақиналардың диаметрлері.

Коэффициент К1 = d1cp/d2cp – майдың механикалық қоспалармен ластануын көрсетеді. Коэффициенттер мәндері кесте. 3.1. келтірілген.

Кесте 3.1

Дизель м айының сапасын бағалау

Май жағдайы

К

Дақ ядросының түсі

К1

Пайдалануға жарамды

1,3

Ашық сары, ашық қоңыр, қара қоңыр

Шектеулі жарамдылық

1,3

Күлгін, қара күлгін, қара

1,4

Жарамсыз, қоспаны қажет етеді

1,3

Қароа, жылтылдаған тұнбамен

1,4

Кесте 3.2

Качественный анализ картерного масла

Майдағы элементтер және майдың параметрлерінің өзгеруі

Қозғалтқыштың ақаулы түйіндері және бөлшектері

Болуы мүмкін дефектің сипаты

Төмен тұтқырлық

Тығыздықтар

Дизельдің қоректендіру жүйесі

Қирау, трансмиссиядан майдың келуі

Жанылғының ағып кетуі, жанылғының дұрыс шашылмауы, жанылғы насосының тозуы

Төмен тұтқырлық

Карбюраторлы қозғалтқыштың қоректендіру жүйесі

Оталдыру жүйесі

Карбюратордың ақауы, жанылғы насосының ақауы

Реттеулердің бұзылуы

Қозғалтқыштың төмен температурасы

Жоғары тұтқырлық

-

Майдың сорты дұрыс емес

Су

Салқындату жүйесі

Картерді оқшаулау

Төмен температура, картердің нашар вентиляциясы

Май құятын мойынның қақпағы тығыз жабылмаған

Антифриз

Салқындату жүйесі

Ағып кетуі

Қышқылдану өнімдері

Оталдыру жүйесі

Май радиаторы

Термостат, су насосы

Реттеулердің бұзылуы

Ластану, температуралық режим бұзылған

Корпустың және крыльчатканың тозуы

3.3. Майдағы тозу өнімдерін бағалаудың сапалық әдістері:

калориметриялық, полярографиялық, магниттік-индукционды, радиоактивті, спектрографиялық.

3.4. Картер майын спектралды талдауға арналған 12 каналды фотоэлектрлік МФС-3 қондырғысы спектралды сызықтардың белсенділігін тіркеу ұстанымы бойынша жұмыс істейді және майдағы бірнеше химиялық элементті анықтауға мүмкіндік береді.

Диск 3 (сурет 3.1) айланған кезде, ішінде тозу өнімдері бар май электр разряд аймағына беріледі, ол жерде буланады және химиялық атомдарының жарқылдауы қоздырылады. Сәуле конденсатор 5 арқылы кіргізу қуысына, ал одан кейін дифракциялық торға 7 жіберіледі.

Сурет 3.1. МФС-3 фотоэлектрлік қондырғының құрылымдық схемасы:

1-генератор; 2,3-электродтар; 4-ванна; 5-конденсатор; 6-кіргізу қуысы; 7-дифракциялық тор; 8-шығару қуысы; 9-фотоэлктронды көбейткіш; 10-жинағыш конденсаторлар; 11-вольтметр.

Спектр майдың ішіндегі тозу өнімдерінің химиялық құрамын сипаттайды. Әрбір өнімге өзіндік спектралды сызықтардың қосындысы сәйкес келеді, олардың белсенділігі олардың сандық құрамына байланысты.