Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1_-_10_d_1241_rister_Konsp_lekts_eutt_kaz (1).doc
Скачиваний:
94
Добавлен:
08.04.2015
Размер:
527.36 Кб
Скачать

Индикаторлық қуат

Индикаторлық қуат - Ni деп, τ цикл уақытында дизель цилиндрінде жүретін газдардың индикаторлық жұмысна сәйкес қуатты атайды.

.

Индикаторлық қуаттың есептік шамасын анықтау теңдеуі:

мұнда: n – иінді біліктің айналым саны; Vh – жұмыстық көлем; z– цилиндрлер саны;

 - ырғақтылық; Рid – шынайы циклдің орташа индикаторлық қысымы.

Дизельдердегі механикалық шығындар.

Дизель цилиндрінен газдар энергиясын иінді білікке беру дизельдердің индикаторлық қуатының бір бөлігін жоғалтумен бірге жүреді, бұл қуаттар жалғасқан қозғалыстағы үйкеліс түйіндеріндегі үйкелістерге - Nmр, газ алмасудың жүруіне - Nгаз және көмекші механизмдердің тартымына - NВс.м жұмсалады. Жұмсалған қуаттар қосындысы механикалық шығындар қуаты деп аталады-Nм

Nм = Nmр + Nгаз + NВс.м

Шамамен Nм бөлінуі келесідей:

Nmр = (90-94)% қуаттың піспек тобының (50 – 52)% және қозғалыс тетіктерінің мойынтіректер үйкелісіне (40 – 42)%; Nгаз= (1,5-3)%; NВс.м =(1,5-3)%.

Дизельдің тиімді көрсеткіштерін есептеуде механикалық шығындар шамасы механикалық ПӘК көрсетіледі.

Қазіргі заманғы газ шығырлы үрлеуі (ГШҮ) бар дизельдердің механикалық ПӘК мәндері келесі аралықта жатады:

m = 0,860,92

Тиімді көрсеткіштер

Қозғалтқыштың иінді білігінен алуға және машина тартымында қолдануға болатын қуат, тиімді қуат- Nе, деп аталады.

Индикаторлық қуат және механикалық шығындар қуатының айырмашылығы тиімді қуатқа тең.

Nе = Ni -N

Механикалық ПӘК белгілі мәндерінде дизельдің тиімді көрсеткіштерін анықтау:

Орташа тиімді қысым

Ре = Рid m , МПа

Орташа тиімді ПӘК

е = i m;

Жанармайдың орташа меншікті шығыны

gе = gi m, г/кВтч

Тиімді қуат

Nе = Ni m,

мұнда: m – механикалық ПӘК

Қазіргі заманғы газ шығырлы үрлеуі (ГШҮ) бар дизельдердің номинальдық тәртібі және айналым жиілігі үшін, тиімді ПӘК және жанармайдың меншікті тиімді шығынының мәндері:

Дизель түрі

ηе

qе, г/кВт сағ.

төрт ырғақты

36  41

190 210

екі ырғақты

38  42

200  220

Дизельдің сағаттық жанармай шығыны

Gч = geNe, кг/сағ.

Цикл бойына цилиндрге берілетін жанармай мөлшері (жанармайдың циклдік берілісі)

gц= , кг /цикл.

Дизельдің сағаттық ауа шығынын анықтау:

Gb = GчLoпр, кг/сағ.

Өңделген газдар мөлшері:

Gог = (1- пр Lo)Gг, кг/сағ.

мұнда: пр – тазарту коэффициенті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]