Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1_-_10_d_1241_rister_Konsp_lekts_eutt_kaz (1).doc
Скачиваний:
94
Добавлен:
08.04.2015
Размер:
527.36 Кб
Скачать

Жанармай жүйелері.

Жанармай жүйелері қозғалтқыштың маңызды жүйелерінің бірі болып табылады.

Ол қозғалтқышты әртүрлі жұмыс тәртіптерінде жанармаймен қалыпты қамтамассыз ету үшін арналған және көптеген қондырғылар жиынтығынан тұрады:

- жанармайды тасмалдау және сақтау;

  • жанармайды сиымдылықтардан алып, тазартып қоспа түзу құралдарына немесе жоғары қысымды жанармай сорғысына беру;

  • цилиндрлердің жұмыс тәртібіне және қозғалтқыштың жүктемесіне сәйкес цилиндрлеге, реттеу құралдарына жанармайды немесе ауа‑жанармай қоспасын үлеспен беру, берілісті және жанармй күйін бақылау.

Қозғалтқыштардың жанармай жүйелеріне қойылатын талаптар.

Пайдалану үрдісінде жанармай жүйелерінің жетілдірілген дәрежесіне және оның техникалық күйіне қозғалтқыштың жұмыс үрдісінің көрсеткіштері, сенімділігі, сонымен бірге пайдалану сипаттамалары тәуелді. Сондықтан қозғалтқыштың жанармай жүйелеріне жоғары талаптар қойылады.

Барлық қозғалтқыштардың жанармай жүйелері келесі функцияларды орындауы қажет:

- белгілі уақыт аралығында қозғалтқыштың жұмысына қажетті жанармай қорын сақтауды қамтамассыз ету;

  • жанармаймен толтырудан бастап жану камерасына жанармай беруге дейін жанармайды механикалық қоспалардан тиімді тазарту;

  • барлық пайдалану тәртіптерінде цилиндрлердің жұмыс тәртібіне және жүктемесіне сәйкес жанармайдың берілген шығынын қамтамассыз ету.

Қозғалтқыштардың жанармай жүйелерінің түрлері

Жанармай жүйелерінің құрылымы қозғалтқыштың түріне және онда қабылданған қоспа түзу тәсіліне тәуелді. Нәтижесінде қажетінше классификациялық орныққан жанармай жүйелерінің әртүрлері жасалады. Қозғалтқыштардың жанармай жүйелерінің құрылымына жанармайдың берілу, қоспа түзу және бүрку тәсілдері шешімді әсер етеді. Сырттай қоспа түзу және қоспаны мәжбүрлі тұтатуы бар қозғалтқыштарда карбюраторлық қоспа түзу және жанармайды жану камерасына немесе кіру құбырына тікелей бүрку жүйелері қолданылады. Дизелдік қозғалтқыштарда сығымдау үрдісінің соңында жанармай тікелей цилиндрге жоғары қысыммен бүркіледі. Газ сұйықтық қозғалтқыштарында газ арнайы газ аппаратурасының кіру құбырына беріледі, ал тұтатуға берілетін сұйық жанармай базалық қозғалтқыштың өзіндік сұйық жанармай жүйесінің қабылданған құрылымы арқылы беріледі. Қазіргі уақытта цилиндрлерге ауа‑жанармай қоспасын берудің карбюраторлық жүйесі көп қолданыс таппай жүр, себебі сыртқы қоспа түзуі бар көптеген көліктік құралдары тиімді қоректендіру тәсілі ретінде тікелей бүрку жүйесімен жабдықталады, сондықтан карбюраторлық жүйе құрылымын қарастырмаймыз.

Майлау жүйелері.

Қозғалтқыштың майлау жүйесі қондырғылырдың жиынтығынан тұрады: жағармайды сақтау, оны үйкеліс беттеріне беру, майды ластағыш заттардан тазарту, салқындату, сонымен бірге майлауды және май күйін бақылау қондырғылары. Қозғалтқышты майлау өте жоғары желінудің, қызудың және үйкеліс беттерінің тежелуінің алдын алу үшін, қозғалтқыштың индикаторлық қуатының үйкеліске кететін шығынын азайту, сонымен бірге үйкеліс беттерінен жылуды алу үшін қажет.

Майлау жүйесінің түрлері.

Піспекті қозғалтқыштардың үйкеліс түйіндеріне май берудің тәсілдеріне байланысты майлау жүйесі келесі түрлерге бөлінеді:

1) шашырату арқылы, 2) қысым арқылы және 3) біріккен.

Шашырату арқылы майлау жүйелерінде жылдам айналатын бөлшектермен май өте майда тамшыларға майдаланады (мысалға, иінді білікпен). Осының себебінен картердің бос кеңістігі майдың майда тамшыларымен толады және де олар үйкеліс беттерінің аралығындағы саңылауларға кіреді. Бұл майлаудың түрі қозғалтқыштардың ескі құрылымдарында қолданылған. Қазіргі уақытта ол, едәуір кемшіліктері (май шығынының жоғарылығы, оның жылдам тотығуы, қозғалтқыштың жауапты түйіндерін майлаудың жеткіліксіз сенімділігі) болғандықтан аз қолданылады.

Майлау жүйесінде май картерден үйкеліс беттеріне арналармен сорғы арқылы қысыммен беріліп, одан қайтадан картерге ағып келеді. Сонымен бірге үйкеліс беттеріне майдың қажетті мөлшері беріледі және оның жылдам айналымы қамтамассыз етіледі.

Қазіргі заманғы піспекті қозғалтқыштарда біріккен майлау жүйесі қолданылады: өте жүктемелі беттер (иінді біліктің шатундық және тамырлы мойынтіректері, бөлу білігінің мойынтіректері және т.б.) майды қысыммен беру арқылы майланады, ал басқалары – майдың шашырауымен.

Майға арналған негізгі сиымдылықтың орналасу орнына байланысты:

  • ылғал картерлі майлау жүйесі (картер майға толтырылған);

  • құрғақ картерлі (майсыз картер) болып бөлінеді.

Көптеген қазіргі заманғы піспекті қозғалтқыштарда ылғал картерлі майлау жүйесі қолданылады.

Жоғары жүрісті қозғалтқыштардың картерінде көбіктенудің күштілігі себебінен құрғақ картерлі жүйе қолданады, себебі май сорғысының көбікті соруы майлауды мүлдем тоқтатады. Құрғақ картерлі майлау жүйесі үлкен биіктіктерден өтуге есептелген көлік құралдарында орналасқан қозғалтқыштарда да қолданады. Қозғалтқыштардың еңкейуінде картерді құрғату үшін картердің алдыңғы және артқы жағына екі сорғыш сорғы қондырылады. Қозғалтқыштың биіктігін азайту және майдың аз шығыны құрғақ картерлі майлау жүйесінің артықшылығы болып табылады, себебі майды шайқаудың керексіздігі және цилиндр қабырғаларына оның артық шамада берілмеуі.

Салқындату жүйесі.

Салқындату жүйесі ыстық газдармен жанасудан немесе үйкеліс әсерінен қызатын цилиндр қабырғаларынан және басқа бөлшектерден жылуды алу үшін, оларда жану камерасының жұмыс жағдайымен, сондайақ майдың қасиетімен және материалдардың ыстыққа төзімділігімен шектелетін температураны берілген шамада сақтау үшін мақсатталған. Салқындатуда цилиндрлерден мәжбүрлі түрде алынатын жылу қозғалтқышты қоршаған ауаға беріледі. Жылуды алу тәсілдеріне сәйкес салқындату жүйесі келесідей бөлінеді:

1) сұйықтықты — салқындатқыш дене ретінде жоғары температурада қайнайтын су немесе басқа сұйықтар қолданылады;

2) ауалық — бөлшектерді салқындату ауа ағынымен жүргізіледі;

3) буландырғыш — салқындату қызған бөлшектерді жуатын сұйықтардың булануы нәтижесінде жүреді.

Көлік құралдарының қозғалтқыштарында бірінші екі салқындату жүйелері қолданыс тапқан. Осыған байланысты буландырғыш салқындату жүйесі қарастырылмайды. Егер сұйықпен салқындатуда қозғалтқыштың жылулық күйі салқындатқыш сұйық және майдың температурасымен бағаланса, ал ауамен салқындатуда – май температурасымен бағаланады.

Алынған жылудың үлкен бөлігі салқындату жүйесі арқылы қоршаған ортаға түседі, ал аз бөлігі майға және қозғалтқыш бөлшектерінің сыртқы беттерінен қоршаған ортаға тікелей беріледі.

Салқындату жүйесі қозғалтқыштың тұрақты жылулық тәртібін қамтамассыз етеді. Қозғалтқыштың қызып кетуі үйкеліс беттерін майлаудың нашарлауына және майдың күйуіне алып келеді, ал бұл беттесетін тетіктердегі саңылаулардың бұзылуына және қозғалтқыштың істен шығуына алып келеді. Қозғалтқыштың аз ғана қызып кетуі оның тиімділігін төмендетеді (толтырудың төмендеуі, ұшқынмен тұтанатын қозғалтқыштарда детонацияның пайда болуы және дизелдерде жұмыстық қоспаның өздігінен тұтануы). Қозғалтқышты өте салқындатып жіберу жанармай бөлшектерінің дымқылдануына, қоспа түзудің және жұмыстық қоспаның тұтануының нашарлауына, оның жану жылдамдығының төмендеуіне және осының салдарынан қозғалтқыштың тиімділігі мен қуатының азаюына алып келеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]