Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АКС лек.doc
Скачиваний:
285
Добавлен:
08.04.2015
Размер:
9.35 Mб
Скачать

III тарау. Компьютердің негізгі құраушыларын жөндеу және ақауларын анықтау

3.1. Қауіпсіздік техникасы

Жабдықты іске қосу және пайдалану үшін төменде келтірілген талаптарды дұрыс орындау қажет:

  1. Дербес компьютерді тек зауыттың орауышында тасымалдау;

  2. Зауыттың орауышын кейінгі мүмкін болатын тасымалдауға сақтап қою;

  3. Компьютерді қорапқа салу алдында жинақтауыштың қабылдау құрылғылары, тоққа қосу кабельдері, декоративтік және шаңнан қорғау тақтасы, есікшелері жабық болу керек, сыртқы құрылғылардың жалғаушы кабельдерін ажырату;

  4. Компьютерді тасымалдау, қоймалау және сақтау тәртібі бұйымның орауышындағы көрсетілген белгілерге сай жасау;

  5. Егер компьютер температурасы төмен суық бөлмеде болса, оны орналастыру алдында үш сағаттан кем емес уақыт аралығында ұстау;

  6. Компьютерді тоққа қосу алдында компьютердің және онымен бірге қосылатын сыртқы құрылғылардың пайдалану сипаттамасымен танысу;

  7. Компьютерді жауынның астында қалдырмау және суға жақын орналастырмау;

  8. Қандай қызмет ету жұмысы болса да электр қоректену сымын розеткадан ажырату. Қажет болса, компьютерді дымқыл матамен сүрту керек. Сұйық тазартқыштарды немесе аэрозольдерді қолданбау;

  9. Компьютерді қатты үстіге орналастыру;

  10. Дербес компьютерді розеткаға қосу алдында қоректендіргіш кернеуі жергілікті электр торабына сай екеніне көз жеткізу;

  11. Компьютер 3-өткізгіштік тұйықтауы бар қоректендіргіш ашамен жабдықталу керек. Тұйықтау ашасын міндетті түрде пайдалану;

  12. Компьютерге арналған қоректену тізбегіне өте қуатты жабдықтар қосылмау керек (тұрмыстық салқындатқыштар және жылу аспаптары, т.б.). Электр торабының импульстік бөгеуілдерінен қорғау үшін желілік сүзгі немесе үздіксіз қоректену көзін пайдалану;

  13. Егер қоректену баусымы зақымдалған болса, компьютерде ешқандай жұмыс жасамау керек. Қоректендіргіш баусымда ешбір заттың жатпауын қадағалау, өтетін жолға кедергі болмайтындай етіп баусымды дұрыс орналастыру;

  14. Өте жоғары температуралар жабдықтың зақымдалуына әкеледі. Компьютерді күн сәулесі әсер ететін жағдайда пайдаланбау. Жылу көзінен аулақ орналастыру;

  15. Компьютер қорабының саңылауларына ешқашан темір зат қыстырмау керек, өйткені тоқ ұруы мүмкін;

  16. Үздіксіз қоректендіру көзін қолдану қоректік желі бойынша тарайтын бөгеуілдерден қосымша қорғау болады, сондай-ақ, тоқтың кенеттен өшуінен, деректердің жоғалуынан сақтайды;

  17. Компьютерді дереу тоқтан ажыратып жөндеу жұмысы мынадай жағдайда жүргізіледі:

А) Баусым немесе аша зақымдалса;

Ә) Егер де ішкері сұйық зат тисе;

Б) Егер құрылғы дұрыс жұмыс жасамаса, жат дыбыстар

немесе бөтен иістер пайда болса;

В) Егер құрылғы құлаған болса.

Есептеуіш техниканы жөндеу жұмыстарын жүргізгенде (инженер-электроншы) төменде келтірілген талаптарды дұрыс орындау қажет:

  1. Антистатикалық қолғап немесе антистатикалық білезік қолдану;

  2. Дәнекерлейтін аспапты мезгілімен өз орнына қойып қажет емес жағдайда тоқтан ажырату;

  3. Дәнекерлегішпен миктросхемаларды дәнекерлеу кезі 3 секундтан аспауы;

  4. Егер антистатикалық құралдар болмаса, екінші қолмен жүйелік блоктың қорабын ұстау;

  5. Құрал-саймандардың ыңғайлы жерде орналасуы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]