Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АКС лек.doc
Скачиваний:
285
Добавлен:
08.04.2015
Размер:
9.35 Mб
Скачать

5.1-Cурет. Eset nod32 бағдарламасы

Қалыпты сканерлеу көмегімен компьютердегі бүкіл жергілікті дискілерді тексеруге болады. Осы бөлімді таңдаған соң, бүкіл жергілікті дискілер мен құрылғылар тексеріледі.

Сонымен қатар, нақты объектілерді тексеретін және тексеру ережелерін таңдауын қарастыратын, қолданушылық сканерлеу бөлігі бар. Бұл тәсілдің қолдану тиімділігі, бағдарлама компьютер жадында үнемі болғандықтан қатқыл дискідегі бүкіл файлдарды бақылайды.

Қандай да бір вирус немесе вирус коды (“троян”, ”тыңшы бағдарламалар”, ”байланыс (дозвон) бағдарламасы”) табылған кезде, бағдарламада зиянды объект жайлы ақпарат және оған қолданған әрекеті көрсетілген хабарлама пайда болады. Бағдарлама өзінің дұрыс таңдауына сенімсіз болған кезде, терезе пайда болады, онда берілген нұсқалардың біреуін белгілеуге талап қояды.

Сканерленгеннен кейін журналға соңғы жолдар қосылады, олар арқылы тексерілген файл санын, табылған вирус санын, дискіні тексеруге кеткен уақыт мөлшерін білуге болады.

Бағдарламаның жағымды жақтарының бірі - оның автоматты түрде жаңаруы, ол үшін тек Интернетке қосылу қажет. Егер ұзақ уақыт бойы жаңарту мүмкіндігі болмаса, антивирустік базаның жоспарда жоқ жаңартуын қосу үшін, жаңарту бөлімін таңдап, оң жақта пайда болған терезеден Вирусты сигнатураның мәліметтер базасын жаңарту бөлімін таңдау керек. Бағдарлама керек ақпаратты жаңарту үшін, оған қол жетерлік құпия сөз керек, ал оны бағдарламаны заңды түрде сатып алған әр адам қолдана алады. Қолданушы есімі мен құпия сөзді, Қолданушы есімін және құпия сөзді баптау сілтемесін таңдау арқылы енгізуге болады.

Жаңартқаннан кейін аз уақытқа қалқыған терезе пайда болады, онда утилита вирустік мәліметтер базасын сәтті жаңартқаны туралы хабарлайды.

Бұл антивирустік бағдарлама тек үй қолданысында ғана емес, сонымен қатар бірлескен қолданысқа тиімді және ол вирусті шабуылдан бүкіл жергілікті желіні қорғайды. Тек бұл жағдайда, бірлескен қосымшаның нұсқасын пайдалану қажет.

4.2. «Трояндарды» және тыңшы бағдарламаларды жою

Вирустардың өздері жүрмей, әртүрлі “трояндармен” жүретіні көңілді ауларлық. Және де вирустан қарағанда сол “трояндардан” зиян көбірек. “Троянның” вирус алдындағы тағы бір үлкен айырмашылығы - оны табу қиын, себебі ол өте жылдам көбейеді.

Тағы бір жағымсыз кодтардың бірі - тыңшы бағдарламалар, бүкіл әртүрлі ақпараттарды жинай отырып, оларды қиянатшыларына жіберіп отырады. Бұл көбінесе бағдарламалық өнімді нарыққа шығаруды көздейтін маркетингтік зерттеумен айналысатын компаниялар. Осындай әдіспен спамершілер адрестер тізімін спам арқылы жіберуді жиі қолдана алады.

Қандай жағдайда да, осындай мәселелермен күресіп және оған барлық қол жетерлік әдістерін қолдану қажет. Әйтпесе, құнды деректер заңсыз ұрланады, не операциялық жүйені қайта құруға тура келеді.

Бұл мақсаттар үшін, антивирустік бағдарламаларға ұқсас көптеген утилиталар бар. Оларда мәліметтер базасы болғандықтан, олар тыңшы бағдарламалар мен трояндарды тапқан соң, жойып отырады. Соңғы кезде алыстан компьютерді сканерлей алатын веб-сайттарды кездестіруге болады.

Қолданып жүрген антивирустік бағдарлама осындай кодты бақылай алуы мүмкін. Мұндай жағдайда осындай модульді табу үшін, қосымша утилитаның қажеті аз. Егерде антивирустік бағдарлама дұрыс таба алмай не нашар істесе, антивирустік бағдарламаның орнына басқа бағдарламаны қолданған жөн.

Осындай утилиталардың бірі - Ad-Aware SE бағдарламасы. Осы бағдарлама компьютерден құнды ақпараттардың жылыстауына апаратын әртүрлі модулдерді табуға сай келеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]