Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АКС лек.doc
Скачиваний:
285
Добавлен:
08.04.2015
Размер:
9.35 Mб
Скачать

3.4. Жүйелік тақшаны таңдау

Жүйелік тақша (system board) компьютердің маңызды құраушыларының бірі, кейде аналық (motherboard), негізгі немесе бас тақша (main board) деп те аталады. Бұл компьютердің ішкі байланысын және басқа да бөліктерін басқарады. Оның сапасына, функционалдығына және жылдам әрекетіне тікелей барлық жүйенің тұрақтылығы мен жылдамдығы тәуелді.

Онда келесі құрылғылар орналасады:

  • процессор;

  • шина;

  • жедел жады;

  • тұрақты жады;

  • слоттар (қосымша құрылғыларды қосуға арналған ағытпалар).

Процессор компьютердің басқа құрылғыларымен, соның ішінде ең алдымен жедел жадымен шина деп аталатын өткізгіштер тобы арқылы байланысқан. Шиналардың негізгі үш түрі бар: мәліметтер, адрестік және командалық шинасы.

Жүйелік тақшаларды өңдеу кезінде есепке алынатын бірқатар көп таралған форм-факторлар бар. Форм-фактор (form factor) тақшаның физикалық параметрімен орнатуға келетін қораптың түрін білдіреді.

Ең танымал жүйелік тақшалардың форм-факторлары:

  • ATX – mini-tower және full-tower қораптарға келетін стандартты қазіргі заманға лайық компьютерлер;

  • mini-ATX – ATX-тің кішірейтілген нұсқауы;

  • micro-ATX – desktop немесе mini-tower қораптарға келетін орта деңгейдегі компьютерлер;

  • flex-ATX – қымбат емес немесе өнімділігі төмен desktop немесе mini-tower қораптарға келетін компьютерлер;

  • NLX - desktop немесе mini-tower қораптарға келетін бірлескен жүйелер.

3.3-Сурет. Жүйелік тақшаның артқы тақтасы

Жүйелік логика.

Жүйелік логика (чипсет) – тақшаның негізгі құраушысы, ол оның жұмыс жасауына, сонымен қатар барлық компьютердің жұмыс жасауына жауап береді. Ол кішкене мөлшерге ие және әдетте бірнеше микросхемалардан тұрады.

Ережеге сай, чипсет «көпірлік» архитектурасын ұсынады, яғни екі көпірден тұрады - солтүстік және оңтүстік, олардың әрбіреуі үшін өзінің бөлек микросхемасы жауап береді (немесе бірнеше микросхемалар).

Ағытпалар

Олар шлейфтерді және қоректену баусымдарын қосу үшін қажет, мысалы, желдеткіштерді. Түрлеріне және қолдануларына байланысты олардың әртүрлі формалары болады. Жүйелік тақшада желдеткіштерге, IDE немесе SCSI және т.б. құрылғыларға, сонымен қатар жүйелік тақшаның қоректенуіне арналған ағытпалар болады (3.4-сурет).

Процессорлық ұя.

Процессорлық ұя немесе слот (сокет), орталық процессорды жүйелік тақшаға орналастыруға және өткізгіш топтың механикалық қосылуы үшін қызмет етеді.

Процессор сокетінің үлгісінің тәуелділігіне әр түрі интерфейстер бола алады.

Жүйелік тақшаны жаңғыртуға келіп тірелгенде, барлығынан бұрын оның келесі «тағдырын» ойластыру қажет. Бұрын мұндай сұрақтар туындамаған еді, себебі процессорлардың көбі дерлі жүйелік тақшаға орналасқандығына орай компьютер жеткілікті түрде жеңіл жаңғыртылады.

Қазіргі уақытта жаңа процессор шыққан кезде әрбір сериясы өзінен соң жаңа интерфейс процессорлық слотымен тарап жатқандықтан, жүйелік тақшаның сәтсіз таңдалуы процессордың жаңғыруы кей кезде жүйелік тақшаның да жаңғыруын талап етуге әкеліп соқтыруы мүмкін. Міне, сондықтан ескі жүйелік тақшаны жаңартпас және жаңасына иелік етпес бұрын, осы немесе басқа процессорды ұяшығына орналастыра алатындығы жөнінде алдын-ала процессормен танысып алған жөн.

PCI–слотқа кез келген құрылғы қондырылады (3.4–сурет), ескі модельдегі бейнекарталарды да қосуға болады, бірақ мұндай құрылғыларды саттықтан табу мүмкін емес.

Слоттың санының көбеюі әр түрлі болуы мүмкін, біріншіден ол жүйелік тақшаның форм-факторынан және оның қажеттілігіне байланысты.

Егер жүйелік тақшаны жаңғырту жағынан қарайтын болсақ, онда ең алдымен слотардың бірнеше түрі бар тақшаны табу қажет. Слоттың қызметтік функциясының соңғы болуын міндетті түрде қадағалап отырған жөн, себебі оларды қолдану кезінде оған орналасқан тақшаның ең жоғарғы жұмыс жылдамдығына жетуге мүмкіндік беру керек.

Сонымен қатар, SATA, желі кабельдерін қосу, дыбыстық карталары үшін, индикация құрылғылары порттарына арналған ағытпалар бар. Жүйелік тақша және оны қолдануына байланысты ағытпалардың мөлшерлері әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы, серверлік жүйелік тақшалар, офистік компьютерлеріне қарағанда IDE-, SATA-, SCSI- немесе USB-ағытпаларының көп мөлшерінен тұрады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]