Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
.doc
Скачиваний:
126
Добавлен:
05.06.2015
Размер:
2.1 Mб
Скачать

9. Бақылау:

"Міндетті әлеуметтік сақтандырудың құқықтық негізі" тақырыбы бойынша мны терминдермен кроссворд құру: сақтандырушы, сақтандырылған тұлға, сақтандырылған жағдай, өмірді сақтандыру, мүлікті сақтандыру.

1.Тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы бюджет жүйесі.

2.Мақсаты: Қазақстан Республикасындағы мемлекеттің және жергілікті өзін-өзі басқарудың қаржылық қызметі процесіндегі туындаған бюджеттік қатынастарды мемлекеттік реттеудегі құқықтық механизм туралы білімнің кешенді жүйесін қалыптастыру. Бюджетті мемлекеттің мәнінің жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін мемлекеттің атрибуты ретінде түсіндіру. Бюджет жүйесінің қағидаларын ашу барысында оларды жіктеу қажет. Бюджеттен кіріс құрастыру және шығыстарды жүзеге асыру мәселелерін бюджеттің жіктелу әрекеті бойынша қарастыру қажет.

3.Тапсырма: жағдайлық есептерді шешу.

№ 1 есеп

Шарт: Келесі жылға арналған Республикалық бюджет туралы Республикалық заң уақытында қабылданбаған. Осыған байланысты заң келесі жылдың 1 ақпанында күшіне енеді. Ағымдағы Республикалық бюджет туралы Республикалық заңда мына шығындар қарастырылған:

- қорғанысқа - 500 млрд. теңге.;

- білім беруге - 100 млрд. теңге.;

- денсаулықсақтауға - 100 млрд. теңге.

Бұдан басқа, ҚР бюджет субъектілеріне жалпы көлемі 200 млрд. теңге қаржылық көмек беру қарастырылған.

Сұрақ. Осы аталған жағдайда республикалық бюджеттен қаржыландыру шығын тәртібі қандай?

№ 2 есеп.

Шарт: Қарулы күштерді қамтамасыз етуге бағытталған қаржыны бөлу ағымдағы жылға арналған Республикалық бюджет туралы Республикалық заңда былай бекітілген:

- әскери қызметкерлердің төлемақысы - 100 млрд. теңге.;

- азаматтық персоналдардың жалақысы - 10 млрд. теңге.;

- көлік шығындары - 10 млрд. теңге.;

- байланыс қызметінің төлемақысы - 8 млрд. теңге.;

- коммуналдық қызметтер - 2 млрд. теңге.;

- ғимараттардағы ағымдық жөндеу жұмыстары- 9 млрд. теңге.

Сұрақ: Осы жағдайда, бюджеттік классификацияның қандай түрлері орын алып тұр?

№3 есеп

Шарт: Бюджет құқығы сабағында студент Қазақстан Республикасы жеке және заңды тұлғалардың алдында өзінің борыштық міндеттерін орындамаған жағдайда ҚР Үкіметі жауап береді дейді.

Сұрақ. Бұл дұрыс па?

№4 есеп

Шарт: Жағдайдың дұрыстығына баға беріңіз.

1. ҚР субъектілерінің бюджетті атқару жұмыстарына ҚР Есеп палатасы жүргізген тексеріс барысында келесідей бұзушылықтар анықталған:

- жоғарғы бюджеттен бөлінген ақшалай қаражаттың толық қолданылмауы;

- аударымдарды уақытында жібермеу, кейбір жағдайларда жоғарыдағы бюджетке міндетті төлемдердің толық жіберілмеуі;

- бюджеттің орындалуы туралы есеп беру кестесінің бұзылуы;

- коммерциялық банктердегі депозиттік есептерге бюджет қаражатын салу;

Сұрақ: Есеп палатасы қандай шара қолдануға міндетті? ҚР Бюджет туралы заңы бойынша аталған бұзушылықтардың түрлерін және жазаға тарту шараларын анықтаңыз.

№5 есеп.

Шарт: ҚР субъектісінің бюджетін атқару барысында кіріс көлемі азая түседі, нәтижесінде жалпы қаржыландырудың көлемі жыл бойынша 15% төмендейді. Осыған байланысты ҚР Қазынашылығының аймақтық бөлімі ҚР субъектісінің бөлек шығыс бюджетін жабу туралы құжат береді.

Үнемделген қаржы есебінен әлеуметтік маңызы бар аймақтық бағдарламаларды толық қаржыландыру жоспарланған.

Сұрақ: ҚР Қазынашылығының аймақтық бөлімінің іс-әрекетінің дұрыстығын анықтаңыз. Туындаған жағдайды шешу үшін өз ойыңызды ұсыныңыз.

4.Орындау түрі: жағдайлық есептер құру

5.Орындау критерилері: «Қазақстан Республикасындағы бюджет жүйесі» тақырыбы бойынша жауабы бар екі жағдайлық есеп құру.

Студенттер есептерді шешу барысында бірыңғай талаптарды ескерулері қажет. Есептерді шешу үшін ҚР Конституциясы негізінде нақты тақырып бойынша теориялық материалдарды білулері керек, сондай-ақ басқа да материалдарды талдап зерделеулері қажет. Жағдайлық есепті шешу барысында негізделген толық жауап болуы қажет.

6. Тапсыру мерзімдері: Семестр соңына дейінгі аралықта тапсыру қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]