Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
.doc
Скачиваний:
126
Добавлен:
05.06.2015
Размер:
2.1 Mб
Скачать

7. Бағалау критерилері

Р\с

Әріп

Сандық

Көрсеткіш

Рейтинг

(пайыздық

көрсеткіш)

Баға

1

А

4.0

95-100

Өте жақсы

2

А-

3.67

90-94

3

В+

3.33

85-89

«жақсы»

4

В

3.0

80-84

5

В-

2.67

75-79

6

С+

2.33

70-74

«қанағаттанарлық»

7

С

2.0

65-69

8

С-

1.67

60-64

9

D+

1.33

55-59

10

D

1.0

50-54

11

F

0

0-49

«қанағаттанарлықсыз»

8. Әдебиет Негізгі:

1. Баққұлов С. Д. «Құқық негіздері».Оқулық,2- ші басылым. Алматы, 2004 -

248 бет. III- бөлімі. 46-53 беттер.

2. Оспанов Қ.И "Құқық негіздері"2 - бас., толықтырылған. - Алматы: Жеті

жарғы, 2007. - 304 бет. III- бөлімі 72-93 беттер.

3. ҚР Конституциясы. II- бөлім адам және азамат, 2008 жылдың 1 қаңтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген

4 Конституцияның түсіндірме сөздігі. Алматы 1996 ж.

Қосымша:

1. Ашитов З.О., Ашитов Б.З. «ҚР-ның Құқық негіздері». Алматы

«Жеті Жарғы» 2003 ж.

2. Ағарбеков Т. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы 2003 ж.

3. Сәкен Өзбек, Өмірәлі Қопабаев «Мемлекет және құқық теориясы».Алматы

«Жеті Жарғы» 2006 ж.

4. Табанов С.А. «Салыстырмалы құқық негіздері».Алматы

«Жеті Жарғы» 2003 ж.

5. Сапарғалиев Ғ. «Заң терминдерін түсіндірме сөздігі». Алматы «Жеті

Жарғы» 1995 ж.

6. Жамбылова Р. «Заң терминдерінің қазақша – орысша, орысша – қазақша

анықтамалық сөздігі» Алматы 2001 ж.

7. Сапарғалиев Ғ.Ибраева А. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы

«Жеті Жарғы» 1997 ж.

8. Сапарғалиев Ғ. «ҚР Конституциялық құқығы» Алматы 1997 ж.

9. Төлеуғалиев Ғ. «ҚР азаматтық құқығы» Алматы 2001 ж.

10.Баянов Е.«ҚР Мемлекеті мен құқығының негіздері».Алматы 2003 ж.

9. Бақылау: «Отбасы мүшелерінің алименттік қатынастары» тақырыбы бойынша жағдайлық есептер.

№ 1 есеп

Шарт: Беловпен некеге тұрған Чернова 2004 жылғы 23 сәуірде қыз туады, қыздың тууы туралы куәлігіне әкесі Белов деп жазылады.

Қызы туылғаннан кейінгі бір жылдан соң Чернова Беловтың апталап үйіне келмейтінін және не қызына не өзіне материалдық көмек көрсетпейтінін нұсқап Беловтан алимент өндіру туралы шағыммен сотқа жүгінеді. Алимент төлеу туралы келісімдері жоқ. Белов қыздың тууы туралы куәлігіндегі әкесінің өзі екендігі туралы жазылған жазу жалған деп қарсы шағым түсіреді. Істі өз өндірісіне алған сот берілген шағым талаптардың шешілуіне дейін, яғни уақытша Беловтың еңбекақысының төрттен бір бөлігін Чернованың пайдасына асырады. Белов өзінің шағымында соттың алиментті өндіру туралы қаулысының күшін жоюын сұрайды, себебі қыз оның қызы емес және еңбекақысының төрттен бір бөлігін төлеу қиынға түсетінін айтады.

Сұрақ. Соттың іс-әрекетіне құқықтық баға беріңіз.

№ 2 есеп

Шарт: Екі баласымен әйелін тастап кеткен Андронов соттың орындау қағазы бойынша еңбекақысының үштен бір бөлігін төлейді. Ал, соттың екінші орындау қағазы бойынша ата-анасына өз еркімен көмектеспегені үшін

24 000 теңге өндіріледі. Осыларға байланысты соттың екі орындау қағазы бойынша Андроновтың еңбекақысының 50%-дан астамы шегерілгені үшін ол анығын білу мақсатында заңдық кеңеске жүгінеді.

Сұрақ: Андроновқа қандай жауап берулері мүмкін?

№ 3 есеп

Шарт: Бірінші некесінен туған баласы Николайға соттың шешімі бойынша алимент төлеп жатқан Андрей Смолин өзін алимент төлеуден босату туралы шағыммен сотқа жүгінеді. Оның себебі: бала 17 жаста, бірінші курста институтта оқиды және шәкіртақы алады, ал Смолин болса екінші топтағы мүгедек, жұмыс істемейді және зейнетақысы 20 000 теңге, сонымен қатар оның қарауында әйелі бар.

Сұрақ: Сот Смолинді алимент төлеуден босата алады ма?

№ 4 есеп

Шарт: Семенова бұрынғы күйеуі Семеновтан 12 жасқа толған қызы Иринаға алимент төлеуі туралы сотқа жүгініп талап етеді. Семенов өз еркімен материалдық көмек көрсетпейді, алимент төлеу туралы келісімдері жоқ.

Сот талапты қанағаттандырып, Семеновтан ай сайын еңбекақысының төрттен бір бөлігін алиментке өндіреді.

Семенов ОК 81 б. 2 т.-на cәйкес алименттің өндірілу мөлшерін азайтуын жазып соттың шешіміне кассациялық шағым түсіреді. Себебі оның қарауында қарт ата-анасы және мүгедек інісі бар.

Сұрақ: Соттың шешімі өзгереді ме және неге?

№ 5 есеп

Шарт: Балалық шағынан мүгедек болған жиырма жастағы Ирина Седова әжесінің тәрбиесінде өседі. Ал оның әке-шешесі он жылдан бұрын ата-ана құқығынан айырылған. Иринаның зейнеткер әжесі көптеген жылдар бойы өзін және ауру немересін бағып асырау үшін жұмыс істейді. Әжесі 80 жасқа келгенде жұмыстан кетуге мәжбүр болады. Ақшадан таршылық көре бастаған кезде, әжесі Иринаға бизнесі бар үлкен ағасынан көмек талап етуі туралы кеңес береді. Ал ағасы бұрында қарындасына өз еркімен көмектескісі келмеген.

Сұрақ: Әжесі мен немересіне қандай кеңес беруге болады? Иринаның ағасына талап қоюы дұрыс па? Өйткені, ағасының өз отбасы үш кішкентай баласы бар.

1.Тақырыбы: Еңбекке орналастыру және жұмыспен қамту мәселесін мемлекеттік-құқықтық реттеу.

2.Мақсаты: Еңбек құқықтық қатынастарында азаматтардың құқықтары мен міндеттерімен, жұмысқа орналасу ережелерімен, жұмысшылар құқығының бұзылу механизмімен танысып, зерделеу.

3.Тапсырма: - реферат жазу.

4. Орындау түрі: реферат

Тақырыпты ашу үшін берілетін сұрақтар:

1. Мемлекеттік саясаттың еңбекке орналастыру және жұмыспен қамту мәселелері бойынша негізгі бағыттары

2. Еңбекке орналастыру және жұмыспен қамту мәселелері бойынша Конституциялық бекітулер.

3. Мемлекеттік органдардың еңбекке орналастыру және жұмыспен қамту мәселелері бойынша өкілеттіліктері.

4. Жастардың жұмысқа орналасу барысындағы конституциялық құқықтарының жүзеге асырылуы.

5. Жастардың жұмысқа орналасуы және еңбекке орналастыру аясында мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуына жұмыс берушілердің қатысуы және міндеттері.

5. Орындау критерилері: «Еңбекке орналастыру және жұмыспен қамту мәселесін мемлекеттік-құқықтық реттеу» тақырыбы бойынша тиісті әдебиеттерді қолдану арқылы жоспар құрып өз беттерінше реферат жазу.

Рефераттың көлемі 10 бет және нақты жазылуы керек. Рефератты қорғау кезінде тәртіп сақтап, топ арасынан және оқытушының қойған сұрақтарына жауап беріп, соңында қысқаша қорытынды жасалынады.

6. Тапсыру мерзімдері: Семестр соңына дейінгі аралықта тапсыру қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]