Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
.doc
Скачиваний:
126
Добавлен:
05.06.2015
Размер:
2.1 Mб
Скачать

7.Бағалау критерилері:

Р\с

Әріп

Сандық

Көрсеткіш

Рейтинг

(пайыздық

көрсеткіш)

Баға

1

А

4.0

95-100

Өте жақсы

2

А-

3.67

90-94

3

В+

3.33

85-89

«жақсы»

4

В

3.0

80-84

5

В-

2.67

75-79

6

С+

2.33

70-74

«қанағаттанарлық»

7

С

2.0

65-69

8

С-

1.67

60-64

9

D+

1.33

55-59

10

D

1.0

50-54

11

F

0

0-49

«қанағаттанарлықсыз»

8.Әдебиет: Негізгі:

1. Баққұлов С. Д. «Құқық негіздері» Оқулық,2-ші басылым. Алматы,2004. -

248 бет. I бөлім. 4-26 беттер.

2. Оспанов Қ.И "Құқық негіздері" 2-бас.,толықтырылған. - Алматы: Жеті

жарғы, 2007.- 304 бет. I бөлім. 5-43 беттер.

3. ҚР Конституциясы. I бөлім Жалпы ережелер, 2008 жылдың 1 қаңтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.

4. Конституцияның түсіндірме сөздігі. Алматы 1996 ж.

Қосымша:

1. Ашитов З.О.,Ашитов Б.З. «ҚР-ның Құқық негіздері». Алматы

«Жеті Жарғы» 2003 ж.

2. Ағарбеков Т. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы 2003 ж.

3. Сәкен Өзбек, Өмірәлі Қопабаев «Мемлекет және құқық теориясы».Алматы

«Жеті Жарғы» 2006 ж.

4. Табанов С.А. «Салыстырмалы құқық негіздері».Алматы

«Жеті Жарғы» 2003 ж.

5. Сапарғалиев Ғ. «Заң терминдерін түсіндірме сөздігі». Алматы «Жеті

Жарғы» 1995 ж.

6. Жамбылова Р. «Заң терминдерінің қазақша – орысша, орысша – қазақша

анықтамалық сөздігі» Алматы 2001 ж.

7. Сапарғалиев Ғ.Ибраева А. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы

«Жеті Жарғы» 1997 ж.

8. Сапарғалиев Ғ. «ҚР Конституциялық құқығы» Алматы 1997 ж.

9. Төлеуғалиев Ғ. «ҚР азаматтық құқығы» Алматы 2001 ж.

10.Баянов Е.«ҚР Мемлекеті мен құқығының негіздері».Алматы 2003 ж.

9.Бақылау: келесі кестені толтыру.

Шағын кәсіпкерлік қызметтегі құқықбұзушылық үшін заңды жауаптылық

Орта кәсіпкерлік қызметтегі құқықбұзушылық үшін заңды жауаптылық

Ірі кәсіпкерлік қызметтегі құқықбұзушылық үшін заңды жауаптылық

1.Тақырыбы: «Отбасы мүшелерінің алименттік қатынастары»

2.Мақсаты: бұл тақырыпты оқып зерделеу алименттік міндеттердің конституциялық бекітілімдерін, алименттік қатынастардың туындау қайнар көздерін, алиментті анықтау тәртібі, алименттік қатынастарға қатысушы тұлғалардың айналасын және алименттік міндеттер талабының бұзылғаны үшін жауап беру түрлерін түсінуге мүмкіндік береді. Жағдайлық есептер құру арқылы тақырып мазмұнын ашу отбасылық құқықтық қатынас құқығы негізіне, басқа да отбасы мүшелерінің алименттік міндеттеріне бағдар жасай алады.

Отбасының басқа да мүшелерін қажетті қаражатпен қамти алатын жұмысқа қабілетті туыстардың міндетін ажырата алады.

  1. Тапсырма: жағдайлық есептерді шешу.

№ 1 есеп

Шарт: Азамат Бобков 20 жыл неке тұрғаннан кейін ауыр жарақаттан 2 топтағы мүгедек болып, қосымша күтімді қажет етіп, жұмыс істей алмайтындай болып қалғаннан кейін әйелі некені бұзғысы келетінін айтып, заңды консультацияға жүгінді. Бобков 1 жылдан астам мерзім әйелінің қаражатына тұратынын, үй шаруасына көмектесе алмайтынын, тамақ пісіре алмайды және кейде алкоголь ішетінін мойындады. Бірақта әйелін сүйеді және некені бұзғысы келмейді. Сондай-ақ мүгедектік бойынша алатын зейнетақысы өте аз.

Сұрақ: Бобковқа қандай анықтамалар беруге болады?

№ 2 есеп

Шарт: Муртазиндар жұбайлары некеде 10 ай тұрды. АХАЖ органдарында некелері бұзылғаннан кейін, балалары болмағандықтан, Муртазина күйеуі материалдық қамтамасыз етуін талап етіп сотқа шағымданады. Муртазина өзінің талабын некеге тұрғанан жарты жылдан кейін аллергиялық ауруға шалдығын мүгедек болдым деп түсіндіреді. Муртазина емдеу курсын қабылдау үшін қосымша қаражат қажет дейді, мүгедектік бойынша алатын зейнетақысы аз. Оның қарт анасы ғана бар, басқа туысқандары жоқ екен және бұрынғы күйеуінен басқа көмек сұрайтын ешкім жоқ.

Сұрақ: Сот қандай шешім қабылдайды? Әйелдің науқас болғаны некені бұзуға себеп болды деп сот қарастырады ма?

№ 3 есеп

Шарт: Ларин 2 баласын асырауға жалақысының 1/3 бөлігін алимент ретінде төлеп отырды. Шетелге маман ретінде жұмыс істеуге бағытталып, соған байланысты қандай мөлшерде және қайсы валютада алимент алынатынын сұрап, сот орындаушыларына жүгінді.

Сұрақ: Сот орындаушысы Ларинге не деп жауап берулері тиіс?

№ 4 есеп

Шарт: Прокопьев 2001 жылдың 23 мамырындағы соттың шешімімен баласы Сергейге алимент төлеуге міндетті болады. Бір жылдан кейін жауапкер қашып кетіп, алимент төленбейді. 2005 жылы Прокопьевтың тұрғылықты жері полиция органының қызметкерлерімен табылып, жауапкерге алиментті өндіріп алуға атқарушы парағы берілді. Прокопьев қарызынан босатуын сұрап сот орындаушыларына жүгінді, себебі Сергей кәмелеттік жасқа толған және бұрында материалдық көмекті қажет етпеді; қазіргі кезде ол екінші некеден қызына алимент төлеп жүр; Прокопьевтың денсаулығы нашар, сондықтан ол үнемі жұмыс істей алмайды.

Сұрақ: Прокопьев алимент төлемегендіктен қарыздарын өтеу бойынша алимент төлеуден босатылады ма?

№5 есеп

Шарт: Воронцов екінші әйелі Воронцоваға алимент мөлшерін төмендету туралы шағымданды, себебі одан 2 соттың шешімі бойынша Отбасы Кодексінде 2 балаға бекітілген мөлшерден артық алынады. Воронцова шағымды мойындамады, бірақ та соттың шешімі бойынша оның қызы Марияға еңбекақысының төрттен бір бөлігі алынатынын, және бірінші некеден Ирина атты қызынада еңбекақысының төрттен бір бөлігі алынатынын растады.

Сұрақ: Воронцовтың алимент мөлшерін төмендетуіне талабы заңды ма?

4.Орындау түрі: жағдайлық есептер құру

5.Орындау критерилері: «Отбасы мүшелерінің алименттік қатынастары»

тақырыбы бойынша жауабы бар екі жағдайлық есеп құру.

Студенттер есептерді шешу барысында бірыңғай талаптарды ескерулері қажет. Есептерді шешу үшін ҚР Конституциясы негізінде нақты тақырып бойынша теориялық материалдарды білулері керек, сондай-ақ басқа да материалдарды талдап зерделеулері қажет. Жағдайлық есептерді шешу студенттердің теориялық оқу материалдарын сапалы меңгеруге мүмкіндік береді. Жағдайлық есепті шешу барысында негізделген толық жауап болуы қажет.

6. Тапсыру мерзімдері Семестр соңына дейінгі аралықта тапсыру қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]