Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
.doc
Скачиваний:
126
Добавлен:
05.06.2015
Размер:
2.1 Mб
Скачать

5.Орындау критерилері:

Мына іскерлік ойынның мысалға алып қосымша материалды немесе тапсырма нұсқаларымен жағдайлық есептерді қолдана отырып іскерлік ойынның өзіндік түрін ойлап табуға болады.

Іскерлік ойынды өткізу әдістемесі « Үстел ортасындағы қаламсап»

Қажетті нәрселер:

  1. Бөлек қағаздарға басылған сұрақтар.

  2. таза парақтар, қаламсаптар.

  3. Жұмыс дәптері.

Жұмыс барысы:

  1. Топтағы барлық топтар 3 топтамаға бөлінеді.

  1. Әрбір топ бөлек столға отырады да таза парақ пен қаламсап дайындайды.

3. Қағазға қатысушы студенттердің аты жөні, факультеті, топтың нөмірі, іскерлік ойынның атауы және өткізілген күні жазылады.

4. Тапсырмалар: нақты бір сұраққа барлық топ жауап береді.

5. Әр студент параққа өзінің тегін және жауаптың бір нұсқасын жазып көршісіне береді де қаламсабын столдың ортасына жылжытып жібереді.

6. Оқытушы топтардың жұмысын және барлығының қатысуын қадағалайды. Дұрыс жауаптың жалпы бір нұсқасы дәптерге жазылады.

7. Оқытушы студенттердің жауаптарын бағалап, тиісті бал қояды.

8. Жауап жазылған парақтарға оқытушы тиісті ұпай және қолын қояды.

9. Студенттерге ұпай сабақ барысында есептеліп қойылады.

10. Журналдың төменгі бос орнына іскерлік ойынның өткізілгендігі жазылып, топ жетешісі (староста) қолын қояды.

11. Студенттердің жасаған жұмыс жазбаларын оқытушы сақтап қояды.

6.Тапсыру мерзімдері: семестр соңына дейінгі аралықта тапсыру қажет.

7.Бағалау критерилері:

Р\с

Әріп

Сандық

Көрсеткіш

Рейтинг

(пайыздық

көрсеткіш)

Баға

1

А

4.0

95-100

Өте жақсы

2

А-

3.67

90-94

3

В+

3.33

85-89

«жақсы»

4

В

3.0

80-84

5

В-

2.67

75-79

6

С+

2.33

70-74

«қанағаттанарлық»

7

С

2.0

65-69

8

С-

1.67

60-64

9

D+

1.33

55-59

10

D

1.0

50-54

11

F

0

0-49

«қанағаттанарлықсыз»

8.Әдебиет: Негізгі:

1. Баққұлов С. Д. «Құқық негіздері» Оқулық,2-ші басылым. Алматы,2004. -

248 бет. I бөлім. 4-26 беттер.

2. Оспанов Қ.И "Құқық негіздері" 2-бас.,толықтырылған. - Алматы: Жеті

жарғы, 2007.- 304 бет. I бөлім. 5-43 беттер.

3. ҚР Конституциясы. I бөлім Жалпы ережелер. 2008 жылдың 1 қаңтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.

4. Конституцияның түсіндірме сөздігі. Алматы 1996 ж.

Қосымша:

1. Ашитов З.О.,Ашитов Б.З. «ҚР-ның Құқық негіздері». Алматы

«Жеті Жарғы» 2003 ж.

2. Ағарбеков Т. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы 2003 ж.

3. Сәкен Өзбек, Өмірәлі Қопабаев «Мемлекет және құқық теориясы».Алматы

«Жеті Жарғы» 2006 ж.

4. Табанов С.А. «Салыстырмалы құқық негіздері».Алматы

«Жеті Жарғы» 2003 ж.

5. Сапарғалиев Ғ. «Заң терминдерін түсіндірме сөздігі». Алматы «Жеті

Жарғы» 1995 ж.

6. Жамбылова Р. «Заң терминдерінің қазақша – орысша, орысша – қазақша

анықтамалық сөздігі» Алматы 2001 ж.

7. Сапарғалиев Ғ.Ибраева А. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы

«Жеті Жарғы» 1997 ж.

8. Сапарғалиев Ғ. «ҚР Конституциялық құқығы» Алматы 1997 ж.

9. Төлеуғалиев Ғ. «ҚР азаматтық құқығы» Алматы 2001 ж.

10.Баянов Е.«ҚР Мемлекеті мен құқығының негіздері».Алматы 2003 ж.

9.Бақылау: «Қазақстан территориясындағы мемлекет пен құқықтың дамуы» тақырыбы бойынша кроссворд құрастыру.

1.Тақырыбы: Құқықтық тәртіппен заңдылықтың түсінігі және қағидаттары.

2. Мақсаты: заңдылық пен құқықтық тәртіптің түсінігін оқып зерделеп, олардың қоғамдық қатынастардағы, мемлекет пен құқықтың арасындағы маңызын, сондай-ақ құқықтық және демократиялық қоғамдағы ролін анықтау.

3.Тапсырма: «Құқықтық тәртіппен заңдылықтың түсінігі және қағидаттары» тақырыбы бойынша өз беттерінше презентация дайындау.

1. Құқықтық қатынастардағы заңдылықтың ролі.

2. Кұқықтық тәртіптің айрықша белгілері.

3. Заңдылық - құқықтық мемлекеттің жетістіктері мен дамуындағы алғы шарт.

4. Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі мемлекеттік-құқықтық механизмдер.

5. Заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ететін мемлекеттік органдардың құзіреттілігі мен өкілеттілігі.

4. Орындау түрі: презентациялар жасау.

5. Орындау критерилері: Презентацияға тақырып бойынша жоспар құрып қысқаша ақпарат беру қажет. Презентация тақырыпқа сәйкес жазылады.

Презентация келесі талаптарға сәйкес болуы керек.

- презентацияның тақырыбына сәйкес жоспарын құру.

- тақырыптық кестені пайдалану.

- терминдердің шағын түсініктемелері.

- POWER POINT бағдарламасы бойынша жазу.

- презентацияны сабақта қорғау.

6. Тапсыру мерзімдері: Семестр соңына дейінгі аралықта тапсыру қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]