Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
.doc
Скачиваний:
126
Добавлен:
05.06.2015
Размер:
2.1 Mб
Скачать

7.Бағалау критерилері:

Р\с

Әріп

Сандық

Көрсеткіш

Рейтинг

(пайыздық

көрсеткіш)

Баға

1

А

4.0

95-100

Өте жақсы

2

А-

3.67

90-94

3

В+

3.33

85-89

«жақсы»

4

В

3.0

80-84

5

В-

2.67

75-79

6

С+

2.33

70-74

«қанағаттанарлық»

7

С

2.0

65-69

8

С-

1.67

60-64

9

D+

1.33

55-59

10

D

1.0

50-54

11

F

0

0-49

«қанағаттанарлықсыз»

8.Әдебиет: Негізгі:

1. Баққұлов С. Д. «Құқық негіздері» Оқулық,2-ші басылым. Алматы,2004. -

248 бет. I бөлім. 4-26 беттер.

2. Оспанов Қ.И "Құқық негіздері" 2-бас.,толықтырылған. - Алматы: Жеті

жарғы, 2007.- 304 бет. I бөлім. 5-43 беттер.

3. ҚР Конституциясы. I бөлім Жалпы ережелер, 2008 жылдың 1 қаңтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.

4. Конституцияның түсіндірме сөздігі. Алматы 1996 ж.

Қосымша:

1. Ашитов З.О.,Ашитов Б.З. «ҚР-ның Құқық негіздері». Алматы

«Жеті Жарғы» 2003 ж.

2. Ағарбеков Т. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы 2003 ж.

3. Сәкен Өзбек, Өмірәлі Қопабаев «Мемлекет және құқық теориясы».Алматы

«Жеті Жарғы» 2006 ж.

4. Табанов С.А. «Салыстырмалы құқық негіздері».Алматы

«Жеті Жарғы» 2003 ж.

5. Сапарғалиев Ғ. «Заң терминдерін түсіндірме сөздігі». Алматы «Жеті

Жарғы» 1995 ж.

6. Жамбылова Р. «Заң терминдерінің қазақша – орысша, орысша – қазақша

анықтамалық сөздігі» Алматы 2001 ж.

7. Сапарғалиев Ғ.Ибраева А. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы

«Жеті Жарғы» 1997 ж.

8. Сапарғалиев Ғ. «ҚР Конституциялық құқығы» Алматы 1997 ж.

9. Төлеуғалиев Ғ. «ҚР азаматтық құқығы» Алматы 2001 ж.

10.Баянов Е.«ҚР Мемлекеті мен құқығының негіздері».Алматы 2003 ж.

9.Бақылау: " Салық төлеушілердің құқығы мен міндеттері " тақырыбы бойынша кестені толтыру:

Салық төлеушілердің құқықтары

Салық төлеушілердің міндеттері.

1.Тақырыбы: Қоршаған ортаны қорғаудың экологиялық-құқықтық механизмі.

2.Мақсаты: Экологиялық заңнаманың негіздерімен танысу, қоршаған ортаны қорғаудың экологиялық-құқықтық механизмінің субъектілері және объектілерімен танысу. Бұл тақырыптың мақсаты студенттерге қазыргі замандағы қоршаған ортамен адамның қарым-қатынасының ерекшеліктерін зерделеу, сондай-ақ рационалды табиғатты пайдалану саласында негізгі мақсатын түсіндіру болып табылады. Тақырыпты оқу барысында қазырғы кездегі адамның және оның қызметінің қоршаған ортаға келтіретін әсері жайлы түсінік береді, рационалды табиғатты пайдалану бағытындағы негізгі түсініктерді оқу.

3.Тапсырма: келесі сұрақтарды талдап өз бетінше іскерлік ойынның сценариін жазу:

- Қоршаған ортаны қорғау түсінігі.

- Қоршаған ортаны қорғаудың экологиялық-құқықтық механизмінің конституциялық бекітілуі.

- Мемлекеттік экологиялық бақылау.

- Табиғатты пайдаланудағы әкімшілік-құқықтық реттеу.

- Табиғи ресурстарды пайдалану құқығына лицензия.

- Табиғатты пайдалануды лимиттеу. Қоршаған ортаны ластағаны үшін және табиғатты пайдаланғаны үшін төлемдер.

- Экологиялық әсерді бағалау.

- Экологиялық сараптама.

- Экологиялық құқық бұзушылық үшін жауаптылық түрлері.

- Қоршаған ортаны қорғаудың экологиялық-құқықтық механизмін бұзғаны үшін қылмыстық жауаптылық, әкімшілік жауаптылық, тәртіптік және азаматтық-құқықтық жауаптылық.

4.Орындау түрі: іскерлік ойын.

Іскерлік ойын — оқытудың белсенді әдістерінің бірі. Оқытудың белсенді әдісі ретіндегі іскерлік ойынның талабы: ойынға қатысушылардың арасында ролдердің бөлінуі; ойын бойынша бірлесіп шешім қабылдау үшін екі тараптың сөйлесу әрекеті; уақыт өлшемін пайдалану; ойын жарысы барысында кәсіби білім мен ойынның нәтижесін бағалау жүйесін қолдана; ойын барысында шынайы өмірді көрсете білу.

5.Орындау критерилері: «Қоршаған ортаны қорғаудың экологиялық-құқықтық механизмі» тақырыбы бойынша оның жоспары мен әдебиеті бойынша тапсырманы орындау, ҚР Конституциясын иелену. 10 бетте нақты және сауатты жазу.

6. Тапсыру мерзімдері: семестр соңына дейінгі аралықта тапсыру қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]