Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5 к. билеттер ішкі аурулар.docx
Скачиваний:
72
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
266.41 Кб
Скачать

2.Туберкулезді ем санаттарына қарай тіркеу

I (бірінші) санат – өкпе туберкулезіне алғаш рет шалдыққан бактерия бөлуші науқастар және өкпеден тыс туберкулезбен алғаш рет ауырған науқастар; сонымен қатар өкпе туберкулезіне алғаш рет шалдыққан 1 сегменттен аса зақымдануы бар бактерия бөлмейтін науқастар; туберкулездің алғаш рет шалдыққан өкпелік және өкпеден тыс туберкулездің асқынған және жанасқан түрлері бар бактерия бөлмейтін науқастар.

II (екінші) санат – туберкулез аурулары қайталанған, емі сәтсіз аяқталған, үзілістен кейін емін жалғасты және басқалар.

III (үшінші) санат – алғаш рет ауырған бактерия бөлмейтін шектелген (бір сегменттің көлемінде) асқынбаған өкпе туберкулезі және өкпеден тыс туберкулез түрлеріне шалдыққан науқастар.

IV (төртінші) санат – зертханалық дәлелденген көптегендәрілерге төзімді және кең көлемді дәріге төзімді туберкулезі бар, I, II, III және IV санат бойынша ем нәтижесі «сәтсіз ем» болған полирезистенттік туберкулезі бар науқастарй.

Туберкулез науқастарының мынадай типтерін ажыратады:

  1. жаңа жағдай – бұрын ешқашан ТҚД қабылдамаған немесе оларды бір айдан кем уақыт қабылдаған науқас;

  2. қайталап ауыру – бұрын бірінші қатардағы ТҚД емнің толық курсын қабылдап, «сауықты» немесе «ем аяқталды» деген нәтижесі болған науқаста кейіннен бактерия бөлу байқалса;

  3. сәтсіз ем – алғашқы ем курсы сәтсіз болуына байланысты туберкулезге қарсы ем курсы қайта тағайындалған науқас;

  4. үзілістен кейінгі ем – емін 2 ай және одан да астам уақытқа үзгеннен кейін қайта бастаған, қақырық микроскопиясының нәтижесі оң науқас;

  5. ауыстырылды – басқа емдеу мекемесінде туберкулезге шалдыққан науқас деп тіркелген, ем тағайындау не жалғастыру үшін осы мекемеге ауысып келген науқас. Ем курсы аяқталғаннан кейін осы науқастың ем нәтижесі туралы ақпарат ол алғаш рет тіркелген ТҚКҰ жіберіледі;

  6. басқалар – жоғарыдағы аталған анықтамаларға сәйкес келмейтін барлық жағдайларды қамтиды. Бұл қайталанған бактерия бөлусіз өкпе туберкулезі мен өкпеден тыс туберкулез жағдайлары. Әрбір жағдайда диагноз патоморфологиялық не бактериологиялық әдістермен дәлелденуі керек.

3.Тиреотоксикоз – тиреоидты гормондардың тұрақты түрде мөлшерінің көбеюімен сипатталатын жағдай. Кей жағдайда оны сипаттау үшін гипертиреоз ("гипер" – көп, жоғары) термині қолданылады, яғни қалқанша безі қызметінің жоғарылауы дегенді білдіреді.

Науқастардың көпшілігі тұрақты ыстықтау мен терлеуге, тіптен салқын күндері терезе ашық тұрса да ыстықтайтындарына соның салдарынан тері жамылғысы ыстық әрі ылғалды болып тұратындығын сипаттайды. Көпшілік жағдайда денелерінің жоғары бөлігіне әсіресе мойын, бет аймағына қан құйылуын айтады. Науқастардың шаштары жұқа, сынғыш және көптеп түсуі мүмкін. Жүйке жүйесі жағынан өзгеріс барлық науқастарда кездеседі және олар психиатрға жіберіледі. Науқастар мазасыз, қозған күйде және жиі агрессивті болады. Олардың көңіл—күйінде тез жылап қалу және эйфориядан депрессиялық жағдайға дейін тез өзгереді.

Тиреотоксикоз (гипертиреоз) жоғары белсенділікпен өтеді. Науқастар көп тамақ ішкен күннің өзінде семірмей қайта салмақ жоғалтады. Ондай науқастар көп шөлдеуге, көп зәр шығаруға, диареяға шағымдану салдарынан гастроэнтерология бөліміне жатқызылады. Жүрек жағынан зақымданулар барлық науқастарда кездеседі және бұл негізгі проблема болып келеді. Жиі жүрек бұлшықеті қызметінің күшеюінен жиілеген жүрек соғысы, жүрек жұмысындағы ауытқулар симптомдары болады. Сонымен қатар ентігу симптомы кездеседі соның нәтижесінде науқастарға астма диагнозы қойылады.

Сүйек—бұлшықет жүйесінің зақымдануы да тиреотоксикоз (гипертиреоз)

науқастарының белгісі. Барлық науқаста дерлік саусақтарының әсіресе ұзын саусақ ұштарының дірілдеуі —тиреотоксикалық тремор байқалады. Тиреоидты гормондардың көбеюі кальций қорының азаюына соның салдарынан остеопороз яғни сүйектердің сынғыштығына қауіп төндіреді. Көпшілік науқастарда тиреотоксикалық зоб анықталады. Қалқанша безінің қызметінің жоғарылауының ең жиі симптомдарының бірі көз симптомдары:

көздің шығып тұруы (экзофтальм) нұрлы қабақ пен көздің ақ қабатының арасында сызықтың пайда болуы (жоғарғы немесе төменгі)

көз айналасының ісінуі, көз астында қапшық тәрізді немесе қабақтың жоғарғы жағының ісіну пайда болады

затқа ұзақ қарап тұра алмаушылық, көзге заттың екі еселеніп көріну.

Дәрігер сізді объективті зерттеу барысында сіздің түріңізге, дене салмағына, тері жамылғысы түсіне, шашқа, тырнаққа, сөйлеу мәнеріңізге және өз—өзіңізді ұстауыңызға назар аударуы тиіс. Мысалы, шағымдарын асығып және жылдам жеткізу тиреотоксикоз болуы мүмкін екендігін ойлауы керек. Ары қарай дәрігер бүкіл организмнің зерттеуін жүргізуі керек. Міндетті түрде қалқанша безі жағдайын, пульс жиілігін, артериалды қан қысымын өлшеуі керек.

Ары қарай жүргізілетін зерттеулер . Дәрігер қалқанша безі патологиясына күдіктенген жағдайда толық тексерістен өтуге жолдама береді. Тиреотоксикозды (гипертиреоз) анықтаудағы негізгі диагностика әдісі қан құрамындағы ТТГ және тиреоидты гормон (Т3 және Т4) көлемін анықтау маңызды. Тиреотоксикоз (гипертиреоз) кезінде ТТГ көлемі азаяды, ал Т3 және Т4 немесе Т4-ң мөлшерінің көбеюі болады. Гормоналды анализдердің қорытындысына байланысты дәрігер сізді қосымша зерттеулерге жолдауы мүмкін: УЗИ.

Тиреотоксикоз (гипертиреоз) емі

Тиреотоксикозбен ауыратын (гипертиреоз) науқастарды гипотиреозбен ауыратын науқастарды емдеумен салыстырғанда әлдеқайда қиынырақ. Емдеудің негізгі үш әдісі бар: аурудың бірінші сатысында дәрігер тиреостатикалық препараттардың бірін тағайындайды. Бұл көптеген науқастар үшін аурудың симптоматикасын жоғалтуда тиімді. Алайда тиреостатикалық препараттарды тоқтатқан жағдайда ұзақ емнен кейін аурудың қайталануы 50%--ға жетеді. Мұндай жағдайда науқастарға оперативті немесе радиойодтытерапия қолданады.

Гипертиреозды медикаментозды емдеу

Қалқанша без белсенділігін төмендету мақсатында алғаш анықталған және үлкен емес мөлшердегі диффузды-токсикалық зобты емдеу үшін тиреостатикалық препараттарды қолдану біздің елімізде және көптеген Европа мемлекеттерінде қолданылады. Тиреостатикалық препараттармен ем кезінде препаратты уақытында қабылдап және қайталап тексерістен өтіп тұру маңызды.

Тиамазол

Тиамазол ("Тирозол") таблетка күйінде 5 мг-нан) ең жиі қолданатын тиреостатикалық препарат. Ол қалқанша безі жасушаларының йодты қармап алу қасиетін тежеп қалқанша безінің гормон синтездеу қасиетін және тиреоидты гормон синтезінің басқа сатыларын төмендетеді. Сонымен қатар тимазол қалқанша безіндегі аутоиммунды процесті төмендететіні көрсетілген. Бастапқыда тимазол салыстырмалы түрде жоғары күніне 30 - 40 мг мөлшерде тағайындалады. Препарат тиреоидты гормон синтезін төмендеткеннен кейін оның мөлшерін ұстап тұрушы дозаға дейін азайтады (шамамен күніне 10 мг). Тиамазолмен емдеудің ең ауыр асқынуы - агранулоцитоз, шамамен 1000 адамның ішінде 1кездесуі мүмкін, агранулоцитоз – инфекцияларға қарсы негізгі иммунды күш болатын лейкоциттердің санының күрт төмендеуі. Асқынудың белгілері: жоғары дене температурасы, тамақтағы қырыл, созылмалы инфекциялардың өршуі, пневмония.

Пропилтиоурацил (ПТУ) қалқанша безінде тироксин түзілуін тежейтін препарат. Сонымен қатар ол Т3 және Т4 –ң перифериялық тіндерде түзілуін тежейді. Тиамазол сияқты ПТУ таблетка күйінде шығарылады. Әдетте ПТУ-ды тиамазолдың жанама әсері пайда болған кезде және жүкті әйелдерге тағайындайды. Пропилтиоурацилмен емдеу барысында мынандай жанама әсерлер пайда болуы мүмкін: жүрек айну, бас ауруы, қызару, сарғаю. ом могут возникнуть аналогичные побочные эффекты - тошнота, головная боль, сыпь, желтуха. Бірақ тиамазолмен салыстырғанда ПТУды қабылдаған кезде агранулоцитоз сирек кездеседі.

Бета-адреноблокаторлар

Бұл топ препараттарын тиреотоксикозбен (гипертиреоз) ауыратын науқастарда жүрек жиілігін сирету мақсатында, сонымен қатар басқада симптомдарға (мысалы, тремор және қозғыштық) қарсы пайдаланады. Оларды тиреотоксикалық препараттармен бірге қолданады. Бета-аденоблокаторларға к атенолол, пропранолол, бисопролол (Конкор) және басқа да препараттар жатады.

Хирургиялық ем

Хирургиялық емге көрсеткіштер:

  • қалқанша безінің салыстырмалы ұлғаюы кезінде (45 мл-ден көп);

  • тиреостатикалық терапиякурсынан кейінгі рецидив;

  • тиреостатикалық терапиядан кейінгі ауыр асқынулар нәтижесінде;

  • кеуде артқы зоб кезінде;

  • диффузды-токсикалық зобтың қалқанша безіндегі неопластикалық процесстермен бірлесіп жүргенде;

Операцияға дейін тиреотоксикозды (гипертиреоз) тоқтату үшін тиреостатиктер мен b-адреноблокаторларды тағайындайды. Операция жалпы жансыздандырумен жүргізіледі.

Радиоактивті йодпен емдеу

Радиоактивті йодпен емдеу аса тиімді әрі қауіпсіз әдіс. Емдеу әдісі йоды бар капсуланы немесе сұйықтықты қабылдаудан тұрады. Организмге түскен йод қалқанша безінде жиналып жасушалардың өлуіне және өлген жасушалардың дәнекер тініне айналуын қамтамасыз етеді.

Гипотиреоз симптомы, диагностикасы және емі.

Қалқанша безі гормонының ұзақ жеткіліксіздігі шығару жағдайы гипотиреозды шақырады. Бұл жағдай 1000 әйелдің 19-ын және 1000 еркектің 1-ін гипотиреозға ұшыратады. Гипотиреоздың ең басты симптомы-әлсіздік пен жиі шаршағыштық. Науқастар таңертенгі әлсіздікке, жиі бас ауруға, буын мен бұлшықеттегі ауруға шағымданады.Шаштары мен тырнақтары сынуға бейімді, терісі құрғақ болады.Тіндегі ісіктер сезім мүшелерінің зақымдануын шақыртады, яғни көру мен есту нашарлайды, жиі құлақта шу естеді. Дауыс сіңірінің ісігі дауыстың тембрін төмендетуге алып келеді, ал тіл мен көмейдің ісігі қорылды туындатады. Сонымен қатар асқорыту процессі жиілейді, іштің жиі қатуы болады. Гипотиреозбен ауыратын науқастардың ең ауыр симптомы – жүрек-қантамыр ауруларының туындауы. Жүрек соғу жылдамдығы нашарлайды, ритмі минутына 60 лақтырыстан төмен болады.Холестерин мөлшері жоғарылап, жүректің ишемиялық ауруларына және жүрек атересклерозының туындауына жағдай жасайды.

Гипертиреоз анемиямен бірге жүруі мен қатар бүйрек бетта-каротинді нашар өңдеу салдарынан науқастың тері түсі бозғылт-сары болып келеді.

Гипотиреоз және оның себептері.

Гипотиреоздың абсолютті ең жиі себептері болып – қалқанша безінің зақымдалуы(біріншілікті гипотиреоз) деп аталады, тек 1 % жағдайда ғана гипотиреоз гипоталамустың немесе гипофиздың (екіншілікті гипотиреоз )зақымдалуын туғызады. Біріншілікті гипотиреоз қалқанша безінің аутоиммунды ауруларын туғызады – аутоиммунды тиреодит (сонымен қатар Хошимото тиреодиті деп те аталады). Сонымен аутоиммунды ауру дегеніміз не? Аутоиммунды ауру деп адамның ағзасының иммунды жүйесі өз тіндерінің бөгде агенттерден ажырата алмауы. Иммунды жүйенің негізгі қызметі болып иммунды жүйенің басқа бөгде бактериялар мен вирустарға антидененің өндірілуі. Аутоиммунды ауру кезінде иммунды жүйе антиденелері өз тіндеріне қарсы шығарады.