Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

filosofia_shpor

.docx
Скачиваний:
37
Добавлен:
04.02.2016
Размер:
113.36 Кб
Скачать

39.Иммануил Канттың категориялық императив(мораль)ілімі:Адамды  белгілі бір іс әрекетке итеретін тәртіп ережесін И.Кант императив дейді. Оның екі түрі бар.Біріншісі гипотетикалық императивтер. Олардың ережелері өмірді қалыптасатын нақтылы жағдайларға байланысты.Императивтердің екінші түрі ол категорикалық императивтер оның ережелерінің түп тамыры моальдық салаға кетеді. Оның талаптары үзілді кесілді, қажетті түрде әрқашанда орындалуы керек.Оның талаптары өмірден алынған тәжірибеден емес, адамның трансценденттік табиғатынан шығады. Ол ешқандай «егер» деген сөзден басталатын тәртіп тәжірибесін мойындамайды.И.Канттың моральдық салада жасаған категорикалық императиві ол былайша берілген: «әрқашанда жүріс тұрысының ережесі бүкіл адамзаттың талабына сай келсін»,яғни сенің орныңда сол жағдайда басқа адам болса, ол да солай істер еді. Категорикалық императивтің талаптарын орындау жолында адам ешқандай пайдақорлықты іздемеуі керек. Тек басшылыққа басқа адамдар алдындағы парызымызды алуымыз қажет. Категорикалық императивтің екінші ережесі «әрқашанда адамзатқа,- ол өзің, иә болмаса басқа адам болса да,-ешқашанда құрал ретінде қарама,әрқашанда оны мақсат тұт». Адам бұл дүниедегі ең биік құндылық, оны басқа еш нәрсемен салыстыруға болмайды. Бұл ұлы гуманистік принцип қайсыбір діндегі адамды төмендететін қағидаларға қарсы бағытталған.

40. Иммануил Канттың шығармашылығының кезеңдері және таным туралы ілімі.Иммануил Кант(1724-1804) Шығыс Пруссиядағы Кенигсберг қаласында дүниеге келіп, өмір бойы сол жерде өмір сүрген. Жастайынан ілсіз бала болып,өзінің денсаулығына мұқият қарауға мәжбүр болған.Өмірінің аяғында шейін қатаң тәртіптің негізінде өмір сүріп, денсаулығын сақтап қалу үшін тіпті құрудан да бас тартқан.И.Кант 1745 ж жергілікті университетті бітіргеннен кейін жаратылыстану мәселелерімен айналысады.Тек 1770 ж бастап өмірінің соңына дейін фил.мен шұғылданады. Канттың бұл өмір кезеңін «сындық кезең» деп  зерттеушілер атап кеткен. Себебі Канттың бұл уақытта жарыққа шығарған үш негізгі еңбектері «сын» деген сөзбен басталады. «Таза зердені сынау», негізінен, дүниетаным мәселелеріне арналған, «Практикалық зердені сынау» мораль мәселелеріне, ал «Пайымдау қабілетін сынау» табиғат философиясы мен өнер мәселелеріне арналған.И.Канттың  таным теориясындағы жиі кездесетін категориялары ол трансцендентальдық ж\е трансценденттік.Трансцендентальдық деп Кант тәжірибенің алдында ж\е сол тәжірибелік танымның мүмкіндігін жасайтын ұғымдарды айтады. Ал трансценденттік  деп тәжірибелік шеңберден шығып кетуге ұмтылған, оның әр жағында жатқанды айтады.Канттың танымдық теориясы түйсіктер арқылы берілетін әртүрлі құбылыстардан басталады. Оларды белгілі бір ретке келтіретін априорлық сезімдік аңдау формалары бар. Олар кеңістік пен уақыт. Кеңістік пен уақыт белгілі бір сапасыз,біртекті және шексіз созылымдар. Сезімдік  байқаудың таза формалары ретінде олар идеалды, ал материалдық тәжірибемен қосылған кезде шынайы болып келеді.Оның ойынша кеңістік пен уақытты аңдау математика ғылымының қайнар көзін құрайды. Егер геометрияның негізінде кеңістік жатса, арифметика мен алгебраның негізінде уақыт жатыр, өйткені сандарды есептеу, бірінің соңынан екіншісін келтіру уақыт шеңберінде оларды санауды қажет етеді.                  

41.Карл Ясперстің экзистенциализмі:адам өмірінің мәні, шекаралық жағдай мәселелері.Ясперс (1883-1969)-«дүниетанымдар психологияс» еңбегінде адам  өмірі ешбір мәнсіз түрде өтеді д.  Тек шекаралық жағдайда өмір мен өлім арасында адам өз өзін танып, өзімен байланысқа түседі дегенді айтады. Өлім қиналу,үрей, айыптылық уайым, күрес, рухани ауру ад\ң өмірі мен өлім аралығындағы шекараға жатады. Тек осы минуттарда ғана бір адаи өзінің нағыз өмір сүру мәнін ұғынады.Экзистен.м фил.ң өмірге келу мәнісі де осында.Ал кәдімгі күнделікті уақытта олар болмыстың тікелей сапырылыстық көлеңкесінде жасырынып жатады делінген. Экзис.ді дүниеге келтірген де осы қауіп қатерлі жағдайлар.Бұл фил\ң XX ғ  20жылдарында д. Келуі кездейсоқ емес. Ол  д.ж бірінші импералистік соғыстың зардабын шеккен мүгедек, жетім жесірлердің уайым, қайғысынан туындаған.

42.Конфуций ілімі. Қытайдың моралдық философмясы.Конфуций(551-479)-Қытай халқының ұлы ойшысы,саяси қайраткері, тәрбиешісі, осы уақытқа дейн өзінің ықпалын тигізіп келе жатқан фил-қ ағымның негізін қалаушы.Негізгі еңбегі-‘’Лунь- уй’’(әңгімелер мен пікірлер).Кофуций фил-а қойылған онтологиялық(болмыс)мәселелерге келер болсақ,ойшыл өзінің болмысқа, дүниеге деген жалпы көзқарасында сол кездегі қалыптасқан ой-өрістің шеңберінде болған. Аспндағы дао заңдылықтарына табынып,  тағдырға сенген.Мысалы,(Лун-уй) кітабында: «Аспан жөнінде не айтуға болады? Жылдың 4 маусымының ауысуы,болмыстың дүниеге келуі,Басқа не айтуға болады?егер кім де кім тағдырды мойындамаса оны нағыз ерге жатқызуға болмайды»,-дейді ойшыл.Моралдық мәселелер.Кофуций адамзат тарихында ұлы ойшыл ретінде .Осы күнге дейн сақталуы-оның моральдық –этикық көзқарастарында.Оның әлеуметтік – саяси көзқарастарының өзі осы моральдың тиістілік шеңберінде қаралады.Конфуций еңбектерінен біз «5 тұрақтылықты» (У –Чан) табамыз.Олар:Адамгершілік,адамдысүю(Жень),әділеттілік(И),әдептілік(Ли),даналық,ақыл-оймен тоқулық(Чжи),сенімділік(Сань).Осы 5 тұрақтылық арқылы адам дао жолына шыға алады.Конфуций моральдың «Алтын ережесін» алғаш көрсеткен деген пікір әдебиетте бар. Оқушы бұл кісіге:«бір сөйлеммен сіздің моральдық іліміңізді бізге жеткізе аласызба?»-деген сұрақ қойыпты.Оған ол «өзіңе тілемейтінді басқаға да жасама»-деген екен.Әлеуметтік саяси көзқарастар.Конфуций өзінің әлеуметтік көзқарастарында әрбір топтың тарихи қалыптасуында өз орны болуы керектігі және олардың арасындағы қарым-қатнастары әдет-ғұрыптың негізінде ретке келіп отыруы керектігін көрсетті. «Ел басы әр қашан ел басы орнында.қызметші- қызметші орнында,әке-әке орнында,ұл –ұлдың орнында болуы керек»,-дейді қлы ойшыл.Таным мәселелері.Конфуцийдің айтуынша, өздерінің табиғатына қарағанда адамдар бір біріне өте ұқсас, бірақ өмірден алған дағды мен тәлім-тәрбие адамдарды әр түрлі қылады. Тек қана ең биік даналық пен ең шегіне жеткен ақымақтық тұрақты. Конфуций білімді әр түрлі дәрежеге бөледі. «Ең биік білім,ол туа біткен білім.Одан төмен білім –игерілген,келесі- қиындықтарды бастан кешіп алған білім. Бірақ оңбаған адам  басынан өткізген қиындықтардың өзінен сабақ алмайды»,-деп өкінеді Конфуций.                    

43Қожа Ахмет Иассауи шығармашылығы мен дүниетанымы.  Ол (1104-1167)-ақын,ойшыл, сопылық бағыт ұстанған. Туған жері-сайрам,өмір сүрген жері-Яссы,қазіргі Түркістан қаласы. Негізгі еңбегі-Диуани Хикмет. Ол озін Арыстан бабтың шәкіртімін деп есептеген.Дүние жинамаған.Құдайдың құлымын.Мұхаммедтің үмбетімін деп санаған,басқаларды соған шақырған.Оның филос-ң негізгі мәселесі- ол адам болмысы,ал оның 2 жағы бар.Біріншіден адам-дене,екіншіден адам-рух,ол оның басқа тіршіліктермен салыстырғандағы негізгі ерекшелігі,аса баға жетпейтін қасиеті. Бұл арада ол үзілді кесілді адамның терең мәнін оның рухани тұңғиығынан іздейді. Қ.А Яссауйдің қойған пендншілікті шектеу,нәпсіні тыю,руханиятты жоғары ұстау қанағатқа келу мәселелері бүгінгі жер бетіндегі өмір сүріп жатқан адамзат қауымына өзінің өзектілігімен танылуда.Оның қойған пендешілікті шектеу, нәпсіні тыю, руханиятты жоғары  ұстау, қанағаттыққа келу мәселелері бүгінгі жер бетінде өмір сүріп жатқан адамзат қауымына өзінің өзектілігімен танылуда.Бабамыздың даналығы қоғамдағы күйзелістен шығу жолдарын қайсыбір зорлық зомбылықтан, қан төгістен, төңкерістен іздемеуі. Ол Сократтың «өзіңді тани біл», Будданың «ең ұлы жеңіс адамның өзін өзі жеңе білуі» деген қағидаларына жақын жолды ұстайды.Қ.Яссауи бабамыздан қалған идеяларды бүгінгі адамзаттың рухани адамгершілік күйзелістен шығу жолында іске жаратуға болады.

44. Қазақ философиясының ерекшелігі. Қазақ фил- ның ерекшеліктерін айта кетер болсақ:Біріншіден, қазақ фил- да онтологиялық (болмыс) және гносеологиялық (дүниетаным мәселелерден гөрі, адам мәселесіне көбірек көңіл бөлінеді.Екіншіден, адам мәселесі, қазіргі тілмен айтқанда, көбіне экзистенциалдық тұрғыдан қаралды және ол көшпенділік өмір салтын еске түсірсек, түсінікті де болар.Үшіншіден,  Отандық фил – да абстрактілі – теориялық жүйелер жасау өте сирек кездесетін құбылыс –фил – ық ізденіс адамның нақтылы өмірдегі жүріс – тұрысын сараптауға, яғни практикалық мәселелерге көбірек көңіл бөлінеді.Төртіншіден,адам болмысының этикалық жақтарына, жақсылық пен жамандық,ізгілік пен зұлымдық, ар  -намыс, абырой, т.с .с категорияларға терең талдаулар жасалады. Бесіншіден, қоғам өмірінің негізгі мәселесі ретінде әрқашашда әлеуметтік әділеттілікке көбірек назар аударылады.Алтыншыдан, Отандық фил- ны аксиологиялық философия десек те болғаны. Өйткені онда құндылық әлеміне зор көңіл бөлінеді.  Қазақ халқының дүниесезімі мен дүниетанымының ерекшеліктері, әрине, ол өмір сүрген табиғаттың, соған бейімделіп қалыптасқаншаруашылық формалары, өмір салтының жүйелерімен тығыз байланысты болса керек Оған уақытындаШ.Уалиханов та көңіл аударған болатын. Расында да, қазақ елі Бразилия, я болмаса Франция емес. Негізінен алғанда, жаңа дәуірге – машиналық индустрия пайда болғанға дейін – қазақ жеріндегі ең тиімді шаруашылық формасы – көшпенді мал шаруашылығы болды. Сондықтан біздің арғы бабаларымыз мыңдаған жылдардың шеңберінде осы іспен айналысты. Ол, біріншіден, табиғатқа бас июді, оған табынуды талап етті, қазақ халқы басқа да шығыс халқы сияқты,ешқшан да табиғаттың патшасы болу,оны өз еркіне сай етіп қайта өзгерту мақсатын өз алдына қойған жоқ.сондықтан ежелден қазақ халқының, қазіргітілмен айтқанда, экологиялық санасы биік деңгейде болған . Екіншіден, біздің бабаларымыз тұрақты бір жерге байланбағандықтан ерікті болып, бас бостандығын қатты сыйлаған. Қазақ жерінде ешқашан да құлдық болмаған. Үшіншіден, байлыққа жетуден гөрі, ар- намысты жоғары ұстау– бұл да халықтың қанына терең сінген құндылық болып табылады. Онымен тығыз байланысты бар нәрсеге қанағат ету де – қазаққа тән нәрсе

45.Қазіргі заманның ғаламдық мәселелері.Бұрыннан келе жатқан ядролық қаруы бар бес мемлекетке бүгінгі таңда Үндістан,Пәкістан,Оңт.Африка,Израиль сияқты елдер қосылады.Біршама елдер ядролық технологияны меңгеру үстінде(Иран,Солт.Корея).Бұл елдің қиындығы халықаралық шиеліністер аймағында орналасқан.2001ж.Үндістан мен Пәкістан арсындағы қақтығыстар сол елдердің мемлекет қайраткерлерінің»ядролық қаруды қолдануымыз мүмкін»деген жан түршігілерік қорқытумен аяқталған.Бұл проблеманы шешудің негізгі жолы барлық ядролық елдерді(соның ішінде ешкімгеде артықшылық жасамай)халықаралық бақылау негізінде жаппай қарусыздандыру жолға қойылу керек. Соңғы кезде ғалымдар жаһандану үрдісінің негізгі проблемалары ретінде денсаулықты сақтау мәселесін атауда.Өйткені бүгінгі таңда адамзаттың қоршаған ортаны түбегейлі өзгертуімен адамдардың денсаулығы төмендеуінің арасындағы байланысты анықтап отыр.Оның куәсі ретінде жүрек,бүйрек,бауыр,мұрыннан қан кету,СПИД, қатерлі ісік т.с.с. цивилизация ауруларын келтіруге болады.Егерде, дамыған елдердегі аурулардың көбі тамақты көп ішу,аз қозғалыста болу, шылым шегу,тәндік сезімдік

46Қайта өрлеу дәуірінің гуманизмі..Қайта өрлеу дәуірі ортағасырлық кезеңнен жаңа заманға қарай өтетін өтпелі уақыт. ҚӨД де алғашқы капиталистік қатынастар п.б, ұлттық мем\р қалып\ты, абсолютті монрхияға қарсы әлеу\к конфликтілердің өршіген кезеңі болатын. ҚӨД XIV ғ Итлияда п.б  гүлденуі XVI ғ болды. ҚӨД мәдениетінің жарқын көрінісі  Флоренцияда XVғ аяғы  мен  XVIғ басында көрінді.ҚӨД мәдениеті мен фил.сы жаратылыстану ж\е геог\қ жаңалықтармен байл\ты болды. ҚӨД дүниеге көз\ң негізгі ерекшеліктері:1)Өнерге көп көңіл бөлінуі. ҚӨД көркемдік эстетикалық сипатта болды.2)Егер Антика дәуірі табиғат космос, ал орта ғасырларда Құдайға қатысты орталық мәселе болса, ҚӨД  адамды орталық орынға қойды. Фил\қ ойлауының негізгі ерекшелігі антропоцентризм, гуманиз болды.ҚӨД де адамды шығармашылық тұлға ретінде қарады.3)Дүниені пантеистік түрғыдан түсіну ҚӨД натурафил\ң өзіндік ерек\гі болды. Пантеистік көз\с  құдайды табиғатпен теңестірді табиғатты адамды құдайлық дәрежеге көтерді. 4)Натурфил\мен қатарласа жаңа жаратылыстану ғылымы дамыды.ҚӨД нің фил\ры кәсіби гуманистер болған жоқ, олар жаңа  әлеуметтік топ өкілдері саяси қайраткерлер, дипломанттар, филологтар поэттер болды. Гуманизмдегі негізгі сипат антиклерикализм католиктік шіркеу қызметкерлерін сынау,әсіресе монархтардың әрекетін қатты сынады.

47. Қайта өрлеу дәуірінің философиясының натурфилософиясы:Леонардо да Винчи,Николай Коперник,Дж.Бруно,Галилео Галилей. Қайта өрлеу заманындағы жаңа келе жатқан капиталистік катынастар жаратылыстану ғылымдарына карай бет бурысты туғызды.негізінен ғылым орта ғасырдағы ашылған университеттермен суретші, мусінші, саулетші, т.с.өнер қайраткерлерінің өнерханаларында дамыды. Ғылыммен өнер саласындағы қайта өрлеу заманының ең жан-жақты дамыған тұлғасы, тарихта өз ізін қалдырған Леонардо да винчи  болды. Ұлы суретші, мүсінші, инженер, ойлап тапқыш –ол өз заманы емес , бүкіл адамзат тарихында болған шығармашылық мүмкіншілігі ғажап адам еді. Өз заманындағы схоластикалық ғылымға қарсы шығып, Леонардо да Винчи империзмнің алғашқы нышандарын жасады.Ол өзінің әйгілі «джакондасымен»(Мона Лиза) я болмаса «Құпия кешкі отырыс» суреттерімен  ғана емес, сонымен қатар ғылыми анатомиялық, физиологиялық зерт.мен, неше түрлі  техникалық жобаларымен тарихта мәңгі қалды.Ол өз заманында механика, геология, ботаника,анатомия және физиология мәселелерімен айналысты. Өзінің фил.қ көзқарастарында Л.да Винчи адам мен табиғатты салыстырып, адамның дүниедегі барлық тіршіліктен жоғары екенін, ал ол жасаған мәдениет туындылары табиғаттың «жасаған» заттарынан анағұрлым биік екенін көрсетті.Н. Коперник(1743-1543)поляк ғалымы, астрономия ғылымына өзінің түбегейлі өзгерістерін енгізді. Негізгі еңбегі «Аспан аймақтарының айналуы жөнінде». Бұл еңбектегі негізгі идея Жер ғарышты ң ортасы емес, ол біріншіден,өзінің діңгегінен айналады, екіншіден, Күнді айналады; Күн дүниенің ортасында тұрған шамшырақ. Бұл жаңа болжам мен түннің ауысуын, планеталардың отбиталарын жете түсінуге мүмкіндік берді. Н.Коперник айдың жерді айналатыны жөнінде де алғаш болжам жасады. Сон.н қатар ол аристотельдік птоломейлік жүйенің кейбір қағидаларын қалдырды. Ол алыстағы қозғалмайтын жұлдыздарды бұл дүниенің шеті деп түсіну ж\е жер мен басқа планеталардың орбиталарының бәрі де дөңгелек, ал қозғалыстары біртекті деген пікірлер.Джордано Бруно(1548-1600) Қа йта өрлеу заманының ұлы тұлғасы,ғылыми ақиқатты батыл қорғап, сол кездегі инквизицияға қарсы шықты.Ол дүниеге деген пантеистік көзқараста болды. «Құдай дегеніміз шексіздіктегі шексіздік, ол барлығында: барлық жерде , олардан бөлек, я болмаса жоғары емес....» «Табиғат д\з ол зат.ң ішіндегі Құдай» деген пікір таратқан. «Барлық заттар Ғарыштың ішінде, Ғарыш барлық заттарда, біз оның ішінде, ол бізде», деген Д.Бруно ойы ертедегі фил.ғы микро ж\е макрокосмның теңдігін корсетеді. Құдайдың өзі сол табиғат болғаннан кейін, Д.Бруно бүкіл дүниенің жаны бар деп түсінді.д.ж жан заттарды қалыптастыратын, олардың ішкі күш қуаты. Олай болса, бәрі де мақсатқа сай өмір сүреді.Ал оны білу ғылымның негізгі ісі-деп түсінді Д.Бруно. Галилео Галилей (1546-1642) эксперимент әдісімен біраз жаңалық ашады. Телескоптың көмегімен Айдың, Күннің беті тегіс емес екендігін, Юпитердің төрт серігін анықтайды.Галилей философ емес, бірақ оның ғылыми көзқарастарының ықпалы зор болды. Оның негізгі идеясы мынада: табиғат біз үшін жабық, оны оқуымыз үшін математика керек, өйткені табиғаттың тілі – математика. Галилей математика мен экспериментке негізделген жаңа методологияны дамытады. Егер бұрын заттар мен құбылыстардың сапалық қасиеттеріне көңіл бөлінсе, Галилейдің негізгі идеясы сандық қатынастарға сүйенеді. Табиғи заттардың өлшемі бар, оларды дәл есептей отырып, заңдарын игеруге жол ашамыз.Галилей әлемнің үйлесімін, қозғалыс динамикасын геометриялық, алгебралық әдістермен көрсетуге болатынын дәлелдеді, индукция мен дедукцияны біріктіре отырып механиканы негіздеген.

48.Қоғам ұғымы, дамуы. Қоғам- адамдар арсында қалыптасқан сан алуан байланыстар мен қарым – қатынастар жиынтығы.Қоғамдық қатынастар материалдық ж/е идеологиялық қатынастар болып екіге бөлінеді.Материалдық қатынастар адам санасынан тыс ой елегінен өтпей ақ қалыптаса береді.Оның негізінде өндіргіш күштер: құрал саймандар, оны қолданатын адамдар қалыптасады.Оған жататындарды ең алдымен табиғатты адам арқылы өңдеу деп атайды.Идеологиялық қатынастар.Оларға адамды адам арқылы өңдеу жатады.Олар саяси, құқылық,марольдық,діни,эстетикалық,философиялық қатынастар болып бөлінеді.Қоғамдық дамуды талдайтын философиялық категория- қоғамдық болмыс ж/е қоғамдық сана.Қоғамдық болмыс дегеніміз адамдардың біріккен болмысы,яғни қоғамдық қатынасқа ерікпен ж/е еріксіз түрде қатынас жасауындағы саналарымен еріктен тыс қатынастар жиынтығы:өндіруші,таптық,ұлттық,жанұялық,саяси ж/е т.б.Қоғамық сана қоғамдық болмыстан көрінетін адамдардың көңіл күйінің,тілегінің идеалдары мен принцептерінің,теориялары мен көзқарастарының жиынтығы. 49. Қоғамдық сана түсінігі және түрлері. Қоғамық сана қоғамдық болмыстан көрінетін адамдардың көңіл күйінің,тілегінің идеалдары мен принцептерінің,теориялары мен көзқарастарының жиынтығы. Қоғамдық сананың жеке түрлері мынадай:* Саяси сана- әлеуметтік топ, саяси партия, мемлекет арасындағы билік мәселесіне байланысты саяси қатынастағы адамдар көзқарастары* Құқықтық сана- қарапайым,күнделікті көзқарастардың,психологиялық формалардың социумда құқықты қатынаста болуы мен құқықтың рольі мен орнын түсіндіретін идеялар жүйесі.*Морльдық сана – қоғамда қалыптасқан баға, идеал,теория,жақсылық пен зұлымдық,әділеттілік сияқты теорияларды береді.*Діни сана- Құдаймен негізделген, сенімге бағытталған адамдардың сезімі мен догмалық теориялар.

50. Қорқыт атаның философиялық ой толғамдары.      Тарихи деректермен халық шежіресі бойынша, Қорқыт –ѴІІғ Сыр бойында өмір сүрген атақты ақын,асқан күйші,қобызшы, аңыз кейіпкері.Өзінің фил-қ толғамдарында өмір мен өлім мәселелерін көтерді. Мәңгі өлмеудің жолын қиялмен іздестіреді.Аңыз бой-ша ол ақ түйеге мініп,дүниенің 4 бұрышын кезеді.Бірақ қайда барса да,алдынан қазылып жатқан көр кездеседі. Кімге қазып жатсыңдар?деген сұрауына Қорқыттың көрі деген жауап алады. Содан өлімнен қашып құтылуға  болмайды екен қортындыға келеді. Ол пікірді оған түрлі жан-жануарларда,өсімдіктер де бүкіл әлем ұқтырған көрінеді.Қорқыт ата поэма,күйлер шығарып оны қобызбен орындайтын болды. Сол себепті де ҚорқытАта  ХХғ дүниеге келген экзистенциялизм фил-ң орта ғас-ғы бастауы  деуге болады.Өйткені ол өз шығармашылығы арқылы мәңгі өмір сүруге болатынын түйіндейді. Қ А шығармалары Қорқыт Ата кітабы деп атайды. Себебі Қ А дүние салған соң оның ұрпақтары  Қ А айтқан жырларды,дастандарды жинақтап солай атап шығарған көрінеді.12 тараудан тұратын кітапта батырлық,ерлік,адамгершілік туралы оқиғалар жырланады. Ол кітап Ватикан мұражайында сақталған.                

51.М.Дулатовтың дүниетанымдық көзқарастарыМіржақып Дулатов - ағартушы, ұлт мүддесі, тәуелсіздік жолындағы жалынды күрескер, Алаш қозғалысының қайраткері болған азамат. Осы жолда ақындық, жазушылық аудармашылық, журналшылық қабілеттерін барынша пайдаланған.Туған жері — Сарықопа уезінің, Торғай облысының үшінші ауылы (қaзipri Қостанай облысының Жанкелдин ауданына қарасты "Қызбел" ауылы). Әкесі — Дулат аймағына аты шыққан шебер кісі болған, ер тұрман жасап, етік, мәсі тіккен. Шешесі — Дәмеш ойын тойдың базары, әнші кісі болған. Әкесі балаларын жастайынан оқуға береді. Міржақып Дулатов — әдебиеттің әр түрлі жанрына қалам тартқан қаламгер. Алғашқы кітабы — "Оян, қазақ!" деген атпен Петербург қаласындағы жарық көрген өлең жинағы. Одан кейін 1913 жылы Орьнборда "Азамат", ал 1915 жылы "Терме" атты өлеңдер кітаптары басылып шығады. Ақын өлеңдерінің басты такырыбы—ел тағдыры болды. Алғашқы кітабы "Оян, қазақ!" жұртшылық арасында ауыздан-ауызға, қолдан-қолға тез тарап кетеді. Қайта басылады. Кітаптың нeriзгi мазмұньн халықты оятуға, әділетсіздікпен күресуге шақырған өлеңдер құрады. Сол себепті де кітап тұтқындалып, авторы қуғынға ұшырайды

52.М.Шоқай саяси әлеуметтік ұстанымдары Мұстафа Шоқай (25 желтоқсан, 1890 жыл, Сырдария губерниясы, Ақмешіт уезі, Наршоқы — 27 желтоқсан, 1941 жыл, Берлин) - көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Түркістан Автономиясының жетекшісі. 1917 жылы қарашаның 28-інде өткен Түркістан өлкесі мұсылмандарының төтенше 4-ші съезінің төралқасына басшылық етті. Осы съезд шешімімен құрылған Түркістан (Қоқан) автономиясының 54 адамнан тұратын Уақытша Халық Кеңесі құрамына сайланды және жаңа Уақытша үкіметтің Сыртқы істер министрі болды. Уақытша үкіметінің төрағасы М.Тынышбаев қызметінен кеткеннен кейін оның орнына Мұстафа Шоқай сайланды.Ол сондай-ақ 1917 жылы желтоқсанда Екінші жалпықазақ съезіне қатысып, Алашорда құрамына сайланды. Съезд аяқталғаннан кейін Мұстафа Шоқай біртұтас автономия құру мәселесін қарау үшін Сырдария қазақтарының құрылтайын шақыру туралы тиісті қайраткерлерге жеделхат жолдады. Онда: «Сырдария халқына өз тарапымнан айтарым, тегінде Алаш баласының басы қосылатын кезі осы бүгін. Айрылсақ, мұнан соң жұрттың басын қосуымыз қиын. Алаш ұранына шаппайтын қазақ баласы болмас. Сырдария қазағы кешікпей Алаш туының астына жиналар деген үміттеміз» - делінген еді. 53.Марсизм ілімінің мәні:диалектикалық материализм,тарихи материализм.Диалектикалық материализм революцияшыл пролетариаттың дүниеге көз\сы, ілімнің бір саласы, оның ғылыми фил.қ негізі марксизм фил.сы диалек.қ матер.м дүниенің жалғыз ғана негізі бар ол материя, ал сана дейтініміз осы материяның ерекше жоғары құрылымының туындысы.Диалек\қ материализмді жасаған К.Маркс, Ф.Энгельс болды.  Диалектикалық мат.ң  жасалуы нағыс рев.қ төңкеріс болды. Оның себебі бұған дейінгі болған фил\қ ілімдердің барлығынан мүлдем басқа шын мәнінде ғылыми жаңа фил.я  туды.Дүниедегі барлық бұйымдар мен құб\ң бір бірімен һзара шексіз қарым қатынаста бай\та болатын табиғат пен қоғамның ж\е ойдың үнемі қоз\та дамуда болуды олардың өздеріне тән қайшыл\ң себебінен ди\қ мат\м мызғымас ақиқат деп есептейді. 54.Мартен Хайдеггердің болмыс пен уақыт талдамасы. 1927 ж Хайдеггер «Болмыс пен уақыт» атты кітабын басып шығарды. М.Хайдеггердің ойынша «болмыстың үйі тіл» Олай болса , герменевтика ілімін тілді талдау, тарихи ұмыт қалған сөздердің сырын ашу, оны қайта өмірге енгізу сол арқылы өткен ғасырлардағы адамзат болмысын зер\ге теңейді.Хайдеггердің нег шығармасы «Болмыс пен уақыт» Платоннан басталып, Гегельмен аяқталған рац.к бағытқа қарама қарсы мәнді анықтап, оның негізін ашудан бас тартты. Осыдан келіп ол сонау Аристотельден басталып , клас\қ неміс фил.ры ілгері дамытқан «катего\ң» орнына экзистенция, яғни тіршілік етуге, өмір сүруге бай.ты адам болмысын ашып беретін ұғымдарды пайдаланады. Адам болмысының құрылымдағы біртұтастықты «қамқорлық» деп білгілеп, «дүниедегі болмыс», «алда болатын болмыс», «дүниенің ішіндегі болмыстардың»  бірлігін көрсетіп, осылар арқылы уақыттылықтың да негізін қамтып өтті. 55. Материя ұғымы ,материя өмірі сүруінің атрибуттары. Материя-бұл объективті шындықты білдіретін адам санасынан тәуелсіз тіршілік ететін универсалды категория.Материяның толық анықтамасын В.Ленин 1909 жылы жазған»Материализим және эмпиокритицизм» деген еңбегінде көрсетті.Материя дегеніміз адамға түйсігі арқылы мәлім болатын немесе түйсігіміз арқылы көшірмей сурет түсетін объективті шындық.Материя мәңгі жасайтын және шексіз жойылмайтын әр уақытта қозғалыста болатын шындық.Материя ол өз-өзіне себеп бола алады.Мұндай қасиет материяның атрибуттары бола алады. Материяның атрибуттары яғни оларға тән қасиеттер: қозғалыс,кеңістік,уақытҚозғалыс бұл материяның тіршілік етуінің тәсілі.Материяның мәңгі қайталанбайтын жоғалмайтындығын бір формадан басқа формаға өтуін білдіретін жалпы қасиетті объективті тәсілі.Қозғалысқа карама қарсы күй ол тыныштық.Энгельс пен тыныштықтың қатынасын былай түсіндірді.Қозғалыс ол абсолютті мәңгі омір сүреді.Материя сияқты пайда болмайды және жоқ болып кетпейді.Тыныштық салыстырмалы.Қозғалыстың формасы бұл өзгермелік және тұрақтылық. Энгельс қозғалыстың 5 түрін анықтады:1)механикалық қозғалыс2)физикалық3)биологиялық4)химиялық5)әлеуметтік Кеңістік материя тіршілік етуінің жалпы және объективті формасы.Ол мезетте тіршілік ететін объектілердің орналасу тәртібін білдіреді.Кеңістік үш өлшемді:ұзындық,ен,биіктік.Кеңістік ұғымын ең алғаш зертеген Демокрит.Ол дүниесінің негізін атомдар және бос кеңістік деп атап өткен.Атомдар бос кеңістікте бір-бірін соғу арқылы затарды түзейді деп есептеген. 56.Мәдениет ұғымы және оның мәні. Мәдениет  фил.қ ой толғамның аса маңызды, терең теор.қ мәнді ұғымдарының бірі. Мәдениет ұғымы қоғам өмірінің түрлі салаларына байланысты жиі пайдаланылады. Мәдениет өмір шындығын өзгертуге, адамзат тар.ң матер.ды ж\е рухани жетістіктерін жеке ад.ң ішкі байлығына айналдырып ад.ң ммәндік жағын айқындайды. Мәдениет мәнін анықтауда төмендегідей фил.қ анықтамаларды келтіруге болады: - мәдениет қоғам қалып.н құн.ң жиынтығы. – мәд.т жасанды әлем. –мәд.т адам.ң шығармашылық жетістіктерінің синтезі. –тұтастанған асылданған табиғат. – мәд.т мәд.т адам.т қоғаммен адамдағы адам.ң өлшемі. Әр халықтың  төл мәдениетінің негізінде оның тудырған тілі жатыр. Оның қазақ «ана тілі» дейді, өйткені ол ананың ақ сүтімен бірге беріледі.Тіл арқылы біз дүниені түйсіну, сезінуге мүмкіндік аламыз. Тілде хал.ң мыңдаған жылдар бойы жинаған тәжірибесі, даналық қағидалары берілген. Кең түрде алғанда мәд.ті екі салаға бөлуге болады. Олар мат.қ ж\е рухани мәд.т. Оларды бір бірінен айыру анықтамасы адамға керек қажеттіліктерді өтеуде. Егерде белгілі бір зат адамның физиол.қ, мат.қ мұқтаждықтарын қанағаттандырса, онв матер.қ, ал рухани сұраныстарын өтесе рухани мәдениет құнды.на жатқызамыз.Күнделікті өмірдегі түсінікке келер болсақ, мәд.ке ғылым, әдет ғұрып,саяси құқтық, моральдық эстетикалық т.с.с құн.ды жатқызуға болады. Мәд.ң түрлері: нег екі түрі бар: Әлеуметтік ж\е тұлға мәд.ті. Мәд.ң басқа да түрлері: этник.қ, діни, саяси, эконом.қ, экол.қ эстет.қ.         57. Н. А. Бердяевтің  діни экзистенциализмі. Орыстың діни фил.на қомақты үлес қосқан Николай Александрович БердяевН.А(1874 – 1848 ). Негізгі еңбектері: «Еріктік фил.сы Шығармашылық мағынасы», «Тарих мағынасы»«Өзіндік сану»т.с.с Оның ойынша фил – я рухты зерттейтін ілім, яғни адамның өмір сүруіне, сол арқылы болмыстың мән – мағынасын ашуға бағытталған пән. Бердяевтің ойынша экзистенциалдық ф – я адамның өмір сүру диалектикасынан, сол арқылы жалпы дүниенің өзін таниды. « Таным дегеніміз субъектінің болмысты бейнелеуінде емес. Таным әрқашанда шығармашылық  жолмен жүріп мән – мағынаға жетуге тырысады. Адамның құпиясын танып білу – болмыстың құпиясын танып білумен тең». Адам абсолюттік болмыстың алдында тұрып, оны танып – білгісі келеді. Бұл мақсатқа жеткізетін екі – ақ жол бар. Ол өзін дүниенің бір  бөлігі ретінде сезініп, оған терең шомылуы мүмкін. Бірақ ол жол нәтиже бермейді, өйткені бөлшек бір тұтастыққа жете алмайды. Екінші жол – өзінің дүниеге деген маңыздылығыңды сезініп, өз болмысынды бүкіл дүниенің өзегі ретінде қарасан, онда өз тереңдігіне үңілу, оны танып – білу – бүкіл болмытсты танып – білумен тең болады. Адам мен дүние Құдайдың өмірін байытады, өйткені адам – рухани пенде, ол ізгілік пен әсемдікті сүйеді. Екінші жағынан, ол – еңжоғарғы материалдық құрылым, бүкіл дүниенің барлық элементтері оның бойында бар, сондықтан Ғарыш оның шығармашылық іс – әрекетін қабылдайды.Сонымен адам – қайшылықты пенде, ол « табиғаттық дүниедегі үзіліс», оны түсіну үшін одан да жоғары – Құдайға деген оның қарым – қатынасын білу қажет. Оның ойынша, осы уақытқа дейін адам өзін Құдайға тәуелді пенде ретінде түсініп келеді. Ал тәуелділік бар жерде шынайы махаббат жоқ. Сондықтан Құдай мен адамның арақатынасы нағыз еріктікте негізделген, махаббаттың құпиясы міне,осында. Адам Құдайды қажет етсе, Құдай да адамды қажет етеді, өйткені оның өзінің негізі жоқ.ол адамсыз өзінің жалғыздығын сезінеді... сонымен біз адамның Құдайлығын, Құдайдың адамдығын көрсетуіміз керек.Құдай – рух,сонымен қатар адам да – рух.Олай болса,екеуінің шығармашылық жолда кездесуі ғана объективацияланған дүниеден адамды құтқарады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]