Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

filosofia_shpor

.docx
Скачиваний:
37
Добавлен:
04.02.2016
Размер:
113.36 Кб
Скачать

79.Философияның пәні,обь\сі, мәселелер шеңбері:Философия- адамзат біл\ң рухани мәд\ң өте ертеде қалып\н қызықты салаларының бірі.Терминди алғаш қолданған дана грек Пифогор. Философия б.з.б 6-5 ғ.ғ көне Үндістанда,Қытайда, Грецияда пайда болған . Фил\я қалып\н уақыттан бастап дүниетанымдық сұрақтарды алға тартып оларға жауап іздеді. Фил\я термині гр.philio- құштарлық, Sophia даналық деген сөзден шыққан.Даышпандыққа құштарлық деген мағынаны білдіреді.Фил\я ғылымында мынадай Даышпандыққа құштарлық деген мағынаны білдіреді.Фил\я ғылымында мынадай 3  мәселені қарастыру маңызды:1)Бірден бір ғылым әлем туралы, адам туралы жалпы тұтас интегралды білімді зерттей алмайды.2) Ф\я әлемді тек қана танымайды сонымен қатар бағалайды.3)Ол дүниені тану әдістерін меңгертеді. ф\я дүние мен адам туралы тұтас ілім ретінде өзіне мәнді, маңызды мәселелердің жиынтығын қоса қарастырады. ф\я болмыстың заңдары мен жалпы прин\н, адам мен әлем арақат\н ж\е танымды зерт\н ғылым саласы.Ф\я пәнінің нег бөлімдері:Антология әлем, болмыс туралы ілім. Гносео\я таным тур ілім.Әлеу\к ф\я қоғам туралы, оның нег сфералары адам мен таб\ң арақатынасы тур ілім. Аксеол\я құндыл\р тур ілім. Этика адам\к, мораль тур ілім. Эстетика сұлулық заң\н зерт\н ілім. Логика ойлау заң\н зерт\н ілім.

80.Фома Аквинскийдің теологиялық ф-сы.   Ф.Аквинский (1225-1274) – схоластиканың атасы. Католиктік догманы жасаушы. Доминикан монахы. Ф. А. Католизмнің діни ф-лық жүйесін жасағаны үшін әулие деген атақ алған, оның ілімі томизм деп аталады. Ф.А. объективті және ақиқатты толық тануы мүмкін емес, әсіресе христиандықтағы құпиялар( құдайдың үштігі, қайта тірілуге және т.б. ) ф-лық ақылмен танымнан тыс. Сондықтан ф-ның негізгі мәселесі құдайдың болмысын дәлелдеу. Оның ойынша ғылым мен сенімнің арасында қайшылық жоқ,христиандық ақиқат ақылдан жоғары тұрады, бірақ ақылға қайшы емес. Ф.А. сенім мен ақылды үйлестіруге тырысты.Ол діни ақиқатты ақыл категорияларына салып, талдауға болды. Сенімге қарсы шығатын жалған оргументтерді теріске шығарып отыру керек деген. Ф.А. құдайдың бар екндігінің 5 дәлелін ф-лық категориялар арқылы түсіндіреді: 1. Қозғалыс- қозғалып тұрған нәрселерге бастапқыда қозғау берген және әр уақытта  қозғалысқа келтіріп тұратын күш бар. Бұл күш құдай деп есептеген;2. Себеп- себепсіз ешнәрсе пайда болмайды.Демек дүниенің  жаратылуына себеп болған алғашқы себеп және өзіне ешбір себепті қажет етпейтін; 3. Кездейсоқтық пен қажеттілік- кездейсоқтық қажеттіліктен туындайды және оған тәуелді. Дүниенің жаратылуын қажет еткен күш бар, демек бастапқы қажеттілік құдай;4. Сапалық белгілер – әрбір заттың өзіне тән сапасы бар. Осы сапаға қарап жасаған шебердің шеберлігін байқауымыз сияқты дүниедегі  заттар мен нәрселердің шебер жасалуына байланысты;5. Мақсаттылық- жаратылғанның барлығының бір мақсаты бар, ал сол мақсаттың барлығын анықтайтын құдай. Ф.А. қоғам туралы ойларында да католиктік ілім тұрғысынан шешті. Оның ойынша мемлекет пен билікті құдай жаратты, сондықтанда мемлекеттің басқару формасы монархиялыө(шіркеулік) билік болды. Мемлекеттті жоғарыда христос,ал жерде Рим папасы басқару керек деп есептеді.

81.Фр Бэконның эмпиризмі және индуктивті әдісі Ағылшын философы Фрэнсис Бэкон (1561 – 1626) – сол кездегі ақсүйектер тобынан шыққан Кембридж университетінде білім алып, соңынан саясатпен, дипломатикалық жұмыспен айналысқан тұлға. Бэконның шығармаларының ерекшеліктері – ол білімнің өмірге деген қажеттіліктен пайда болатындығын асыра көрсетуі. Ол әсіресе табиғатты зерттеудің қажеттігіне көп көңіл бөледі, ал оның негізгі жолы – тәжірибелік зерттеулер.  Тәжірибені талдай келе Бэкон оны екіге бөледі. Олар – жемісті мен сәулелі тәжірибе. Бірінші өмірге пайдалы нәтижелер әкелсе, екінші табиғаттың терең сырларын ашуға көмектеседі. Сәулелі тәжірибелер өмірге деру пайда әкелмегенімен, жемісті тәжірибелерді жүргізуге көмек береді. Басқаша жағдайда олар сарқылып қалар еді Бэкон сезімдік, тәжірибелік білімді арқа тұтып, ғылымдағы негізгі әдістемені индукциядан көреді

82.Фрейдтің бейсаналық мәселесі «Өмір фил\ң XX ғ беделді ағымдарының бірі фредизм б.т негізін қалаушы З.Фрейд австриялық дәрігер, психолог, философ. Нег еңбектері: «Мен ж\е ол» , «Тотем мен Табу» т.с.с  З.Фрейд жүйке ауруларын зерттеу мен емдеу жолында адам психикасында бейсаналықтың зор орын алатынын байқайды. Егер одан бұрын қайсыбір нервоз ауруларының себебін ғалымдар сананың шеңберінен іздеген болса, ол оны бейсаналықтан көріп, жүйке ауруларын емдеудің психоанализ әдістерін жасап, біршама жетістіктерге жетеді. Бұл оған шабыт беріп,ол психоанализдің негізгі қағидаларын бүкіл қоғам мен мәдениетке таратып,фил\я саласында ерекше ағымды тудырды.Сонымен бейсаналықты ашу,оның құрылымын, ад\ң жеке өміріне, қоғамға тигізетін әсерін зер\у Фрейдтің ғылымға енгізген жаңалығы болды.Ад\ң коп ынта тілектері мен құштарлықтары бейсаналық түрде п.б екен. Олар сыртқа адамды гипноздаған кезде, я болмаса ұйқыдағы ад\ң түсінде, байқамай айтылып қалған сөзде,кейбір дене қозғалысында т.с.с көрініп қалады.

83. ХХ ғ фил-ң жалпы сипаты:сцентизм ж/е антисцентизм.ХХ ғ Бтыс Еуропада фил-ң көптеген ағмдары,ілімдері,мектептері қалыптасты.Олардың ортақ байланысы болған жоқ,дегенмен бұл дуірге сцентизм ж/е антисцентизм тән болды.Сцентизм ғылым мен техн-ң жетістіктерін жоғары бағалайтын,ф-ны арнайы ғылымға айналдыруды  көздейтін тенденция.Антисцентизм негзінен ирроционалдық тенденция,адамзат өміріне ғылым мен тех-ң жетістіктері негативті әсер етеді деп  есептейді ілімдер.Оған өмір ф-сы,экзенстенциолизм т.б жатады. 84.XX ғ валюнтаризмі: А Шопенгауер,Ф.Ницще. «Өмір фил\ң шеңберінде неміс фил\фы Ф.Ницщенің еңбектері ерекшк орын алады. Ол ерік категориясына әлеу\к моральдық мағынаға мән беріп, оны «билікке деген ерік» ретінде түсінді. Оның ойынша, өмір билікті неғұрлым  жете түсінгісі келеді.Ницще  фил\сы қайшылықтарға толы, ешқандай біртұтастылық жоқ , өз заманының әртүрлі өзекті мәселелерін көбіне көркем сөзбен көз\с  берген. Бірақ соған қарамастан, Ницщенің өз заманының әлсіз жақтарын сынауы, нағыз тұлғаның әрқашанда қол астындағы болмыстың шеңберін тиістілік негізінде атап өту қажеттігін атап өту т.с.с ойлары болашақ фил.қ ағымдарға үлкен әсерін тигізді.Өмір философиясына жақын идеяларды Артур Шопенгауэр (1788-1860) дамытқан. Ол - иррационалдық бағыттың өкілі. Иррационализм дегеніміз дүниені, әлемді тануда аффектіге, ерікке сүйену қажет, өйткені, жан – кездейсоқ оқиғалар мен құбылыстардың жиынтығы, онда қисын да байланыс та жоқ есептейтін ілім.А.Шопенгауэрдің негізгі ұғымы – ерік. Ерік - барлық болмыстың негізі, идеалды күш, әлем құрылымының бастауы болатын космостық принцип.Ерік сананың негізінде жатыр, барлық заттар мен құбылыстардың жалпы мәні болып табылады.Шопенгауэр ерік мәселесімен қатар, адам тағдыры, еркіндігі, қажеттілігі, мүмкіндігі, бақыт сияқты аса маңызды сұрақтарды да ойластырып, оларға тартымды жауап таба алмады. Оның философиялық идеялары кең тарамады, өйткені замандастарына көптеген идеялары түсініксіз болды.

85 XIX ғасырдағы орыс философиясының негізгі бағыттары:славянофилдік және батысшылдық Батысшылдар мен славянофилдер XIX XX ғасырдың басындағы орыс ф –ң бастауы негізіндеАлтын Орда мемлекетінен өз дербестігін алып, Мәскеу княздігінің шығыс жақтағы лап берген кезінде орыс халқының « ұлылығы» ,  «артта қалған» Азия халықтарын православиелік дінге енгізу,орыс тілін, мәдениетін үйрету негізінде дүниежүзілік цивилизацияның шеңберіне тарту идеясына негізделген « Мәскеу – үшінші Рим» деген ф- қ кһзқарас пайда болды. Мұндай идеялар ғасырлар өткен сайын шыңдалып, орыс халқының ерекше өзіндік болмысы мен мәдениеті, фил – қ ой – пікірі бар деген славянофильдік (славяндық сүю) ағымды тудырады. Екінші бағыттағы ойшылдар Ресей монғол – татар бодандығында екі ғасырдан артық болып, басқа  Еуропа елдерінен қалып қойды, сондықтан орыс халқы Батыс өткен тарихи жолды қайталап, олардан тәлім – тәрбие, өнеге алу керек деген ойда болды. Бұл бағыттағы ойшылдарды « Батысшылар» деп атай бастады.осы екі ағым арасындағы күрес өзінің шиеленісіне он тоғызыншы ғасыр ортасында жетті, ақырында, большевиктер бұлшиеленісті « батысшылдардың» пайдасына шешті. Алайда бұл екі ағым арасындағы астыртын күрес әрі қарай жүре берді. Енді әңгімені нақтылай келе «батысшыларға» келер болсақ, бұл ағымның негізін қалаған П.Я.Чаадаев болды. Сонымен қатар батысшылдар өкіліне А. И. Герцен, Н.П. Огарев,Т.Н. Грановский, В.Г.Белинский т.с.с жатқызуға болады. «Батысшылар» Ресейді « Византиялық – православиелік» ноқтадан құтқару керектігін, тұлғалар өз таңдауының негізінде іс – әрекет жасау мүмкіндігін алуы жөнінде біршама терең ойлар айтты. Бірақ олар Батыс Еуропа халықтары цивилизациның бүкіл адамзаттық құндылықтар мен нормаларын іске асырады деген жалған ойда болды. Славянофильдер қаралма –қарсы бағытта болды. Олартдың ойынша, Орыс мәдениеті православиелікдінннің шеңберінде дамуы керек. Олар « Патшанікі –патшаға, Құдайдікі – Құдайға» деген қағиданы ұстанады.яғни мемлекет тек қана қоғамды сырттай өзгерте алады, ал ішкі жаңару – православиелік халықтық мәдениеттің ісі.Тек ішкі рухани жаңарудың негізінде ғана ізгі қоғамды орнатуға болады

86.XVIII Француз ағартушылығы:Франсуа Вольтер, Шарл Луи Монтескье, Жан Жак Руссо .Француз ағартушылығының көрнекті өкілдері – Франсуа Вольтер (1694-1778), Жан Жак Руссо (1712-1778), Дени Дидро (1713-1784),  Шарл Луи Монтескье(1689-1755). Вольтердің негізгі еңбектерінің бірі – «Метафизикалық трактат». Ол ағылшын философтары Ф.Бэкон мен Т.Гоббстың шығармашылығын жоғары бағалап, эмпиризмнің ықпалында болады. Көп уақытқа дейін Декарт идеяларына самарқаулық танытады. Вольтер тәжірибенің танымдық маңызын анықтап, оның теорияға қатынасын түсіндіруге тырысады. Ойшылдың философиясында субъектің белсенділігі туралы мәселе кеңінен қойылған Вольтер субъектің іс - әрекетінің динамизмі мен белсенділігін ерекше атап, зерттеді, жаңа дәуір философиясын едәуір байытты.Оның «қоғамдық адамға» деген қызығушылығы сол кездегі әлеуметтік сұраныстан туындаған. Вольтер басқа адамдар мен тығыз байланыста өмір сүретін адамның қоғамдық табиғатынан жақсы түсінген.Вольтер философиялық еңбектерінде адамдардың теңдігі туралы да мәселе қойылған. Ол саяси теңдік, заң мен құқық алдындағы теңдікке ерекше көңіл аударған.Адамдардың саяси, құқықтық теңдігі экономикалық және әлеуметтік теңдігімен анықталатынын түсіне алмаған.Вольтердің замандасы және оған рухани жақын ойшыл Ш.Л.Монтескье (1689-1755). Деизмді жақтады. Тарихты адамдар жасайды деген қорытындыға келді. Қоғамның дамуына климат пен географиялық фактор әсер ететіндігін мойындады.Қоғамда заңның үстемдігі мен билікті болу идеялары Ш.Монтескьенің болашағы мол өскелең ойлары болып табылады.Жан Жак Руссо (1712-1778) – кедей ортаның өкілі, оның әкесі сағат жөндеуші және биді үйретуші болған. Руссоның шығармашылығы жан-жақты, театр шығармашылығынан басқа ол ғылым мен өркениетті сынаумен, экономикалық, әлеуметтік – саяси мәселелермен айналысқан. Оның «Эмиль немесе тәрбие туралы» және «Жаңа Элоиза» шығармалары жетілген, табиғи моральдың жобалары болып табылады.Руссоны қызықтырғанең маңызды мәселе – адамдар арасындағы әлеуметтік теңсіздік мәселесі.Адамдар арасында негізінен теңсіздік бірден пайда болмайды. Оның туындауына себеп болған меншіктік қатынастар. Яғни қоғамда меншіктік жіктелу болып, жеке меншік пайда болғаннан бастап, теңсіздік қатынастар өркендей бастайды.Осы ойларын Ж.Ж.Руссо «адамдар арасындағы теңсіздіктің пайда болуы мен себептері» деген еңбегінде баяндайды.«Қоғамдық келісім туралы» атты еңбегінде Руссо біріккен халық басқаратын «халықтың мемлекет» идеясын ұсынды. Бұл мемлекетте жалпы ерік пен жеке адамдар еркінің арасындағы күрделі өзара қатынастар елді билейді деп ой қорытады.Ж.Ж.Руссо философиясының атақты девизі «Қайтадан табиғатқа оралу». Өйткені табиғатта адамның орны оның қабілеттеріне байланысты, сондықтан табиғи тәртіп әділетті. Ал қоғамда адам меншік байлық арқасында орын алады, бұдан қоғамдық тәртіптің әділетсіздігі туындайды.                     

87. Ш. Уалихановтың әлеуметтік-саяси көзқарастары.Ш. Уалихановтың әлеуметтік – саяси, құқтық көзқарастарына келер болсақ, ойшыл жан – тәнімен халықтың қамын ойлап, «әділетті басқару» жүйесі арқылы  «парасатты реформалардың» негізінде халықтың хал – ахуалын өзгертуге болатынына сенді және оны жақындату үшін барлық күш – жігерін салды. Ол 1862 Атбасар аймағының сұлтан – басқарушы лауазымын жеңір алу үшін сайлауға түсіп женгенмен, патша үкіметі оны бұл орынға бекітпей қойды. Одан кейін Шоқан « Сот реформалары жөніндегі жазбалар» атты өзінің ғылыми еңбектерін жазады.Осы кездегі Ресей мемлекетінде буржуазиялық – демократиялық реформалар қомақты орын алып жүріп жатқанмен, «азиаттық диспотия», пара алу, заңды бұзу, қарапайым адамның ар- намысын аяққа басу т.с.с кертартпалықтар бұрынғыдай болып жатты.Сондықтан Шоқан Ресей мемлекеттің құқтығына зор күмән келтіреді. «Құқтық мемлекетте заңдардың үстемдігі әрқашанда сақталуы қажет, оны ешкімнің де аттап өтуіне құқы жоқ. Заңдар бұзылған жағдайда жаза әділ сот арқылы берілуі керек.», - деп қорытады ойшыл. Шоқан патша үкіметінің Рейсей сот институтын өзгертпеген, бейімделмеген түрде қазақ қоғамының өміріне енгізуіне үзілді – кесілді қарсы шығып, оның негізсіздігін көрсетеді. Ресей заңдары қазақ қоғамындағы әлеуметтік қатынастардың, ерекшеліктерін, халықтың тарихи қалыптасқан құқтық көзқарастарын ескермейді. Шоққанның ойынша, таяу болашақта қазақ даласында үйреншікті, халық алдында абыройы бар билер сотын қалдыра тұру қажет.  Ойшыл жан-тәнімен халықтың қамын,ойлап "әділетті басқару"жүйесі арқылы "парасатты реформалардың" негізінде халықтың хал-ахуалын өзгертуіне болатынына сенді және оны жақындату үшін барлық күш жігерн салды.Ол 1862ж Атбасар аумағының сұлтан-басқарушы лауазымын жеңіп алу үшін сайлауға түсіп жеңгенімен,патша үкіметі оны бұл орынға бекітпей қойды.Одан кейін Шоқан "Сот реформалары жөніндегі жазбалар"атты өзінің ғылыми еңбегін жазды. Шоқан патша өкіметінің Ресей сот институтын өзгертпеген,беймделген түрде қазақ қоғамының өміріне енгізуне үзілді- кесілді қарсы шығып,оның негіздігін көрсетеді. Ресей заңдары қазақ қоғамындағы әлеум.қатынастардың ерекшел-рін,халықтың тарихи қалыптасқан құқықтық көзқарастарын ескермейді. Оның ойынша таяу болашақта қазақ даласында үйреншікті халық алдында абыройы бар билер сотын қалдыра тұру қажет.Ш.Уалиханов қазақ хал-ң рухани өмірін зерттеуге де қомақты үлес қосты. Оның даналығы- болашақтағы халықтың рухани жаңаруындағы тарихи қалыптасып,ұрпақтан-ұрпаққа жеткен жыр дастандардың,аңыздардың,маңыздылығын ұғып олардың әр түрлі түпнұсқаларын қағазға түсіріп болашақ ұрпақтарға қалдыру болды. Солардың ішінде "Қозы Көрпеш-Баян Сұлу","Едіге","Ер Қосай" сияқты жырлар бар.

89.Шәкәрім дүниетанымының басты сұрақтары:үш анық.  (1858-1931)  ХХғ басында өзінің терең де жан-жақты рухани еңбектерімен тарихта қалған,қазақ руханиятында ерекше орны бар ұлы ойшыл философ,тарихшы,ағартушы,ақын. Оның фило-қ көзқарастарының қалыптасуына ағасы- абайдың ықпалы зор болды. Оның онтологиялық козқарастарына келер болсақ,оны рационалдық діни фило-ға,нақтылай келе деизм бағытына жатқызуға болатын сияқты. Ал гнесологиялық танымдық мәселелерге келсек Шәкәрім озінің  Анық пен Танық, Мұсылмандық шарты т.б еңбектерінде ол адамдарға қоршаған табиғи ортаның жұмбақсырын ұқ,танып-біл,оның ашылған сырларын мақсат мұратыңа жарат деген ой тастайды. Оның ойынша,тану,білу,нану,ұғыну-бәрі ақыл ісі,ал оның іргесі мида жатыр. Ойшылдың басты еңбегі- Үш анықты – басынан аяғына шейн самғап өтетін негізгі идея. Алғашқыда ақын екі анықты сөз қылды. Бірінші ол-ғылымдағы ақиқаттар,оған адамзаты мыңдаған жылдар бойы ізденіп,зерттеп жетті. Екінші- дінің берген аяндары. Осы екі аныққа ойшыл үшінші- ар ожданды қосып оның іргелігін басып айтты. Яғни Шәкәрім Абайдың жүрек,нұрлы ақыл категорияларын әрі қарай тереңдетті. Оның ойынша ар-ұжданға ынсап,әділет,мейірім кіреді.           

90.Эллиндік дәуір философиясы:скептицизм, стойцизм,эпикуризм, киниктер. Антик философиясы б.з.б. 6-7 ғасырлар арасында дүниеге келді. Оған мынадай түсініктер кіреді: эпикуризм (жеке бақытты негіздеу), стоицизм (бақытқа жету фил-сы), киниктер (өмірдің табиғи салтын іздеу).Эпикур-ол эпикуризмнің негізін қалаушы. Эпикур ләззаттын 3 түрін көрсетті: 1 табиғи , өмірге қажетті ләззат 2 табиғи, өмірге қажет емес 3 табиғи да емес өмірге де қажетті емес. Осы 3 түрлі ләззаттың біріншісін қолдайды. Эпикур ләззатқа сұлулықтың түрін көзбен көріп, рахаттануды , тәттінің дәмін татып білгенді , тартымды, жақсы дыбысты құлақпен естігенді , сүйіспеншілік құштарлықты , жарасымды әңгімені жатқызған. Стоицизм- негізін қалаған Зенон. Негізгі мақсаты құмарлықтан құтылу.еркіндікте болу идесы. Зенон элея топырағында б.ғ.д 6 ғасырда туған. Зенонның фил-қ көзқарастары-дүние болмысын мойындаған кеңістікті жоқ деп есептейді. Дүние болмысының табиғаты жылы мен суық дымқыл мен құрғақтықтың қосындыларынан тұрады. Зенонның еңбектері парменидтің көзқарасын жақтау жолында. Зенонның кеңістікті теріске шығаратын дәлелдемелері қызықты. Көпшілік көп бірліктерден тұрады бірақ ол мүмкін емес. «Егер дүние көп болса, онда қажетті түрде олардың саны өзгеріске тең. Бірақ олар шексіздікке кетеді. Өйткені екі дүниенің ортасына тағы бір дүниені , олардың екі ортасына тағы да екі дүниені орналастыруға болады, яғни бұл да шексіздікке кетеді. Олай болса, тек біреу ғана бар, ал көптік жоқ». Киниктер-грециядағы сократ мектебінің өкілдері. Осы мектептің бірінің негізін қалаған Антисфен. «Адам ит сияқты өмір сүру керек» деген екен. Киниктердің тарихта аты қалған екінші тұлғасы Диоген синоптық. Киниктердің ілімі бойынша адамдарды ең соңғы талғамы-ізгілік. Ал оның өзі бақыт. Ізгілік дегеніміз-аз нәрсеге қанағат ету, залымдықтан аулақ жүру. Ізгілік адамның сөзінен емес .Скептизм (көне грекше: σκεπτικός — қарастыратын, зерттейтін) —объективті шындықты дұрыс тану мүмкіндігіне күдікпен қарайтын философиялық бағыт; бұл жағынан скептицизм агностицизмге — дүниені танып білу мүмкіндігін жоққа шығаратын философиялық бағытқа жақын, соның бастапқы сатысы болып табылады;бір нәрсеге сыни тұрғыдан, күдікпен қарау, мүмкіндігіне, шындығына күмәндану;күдікшілдік, сенбеушілік. жүріс-тұрысынан байқалады. Философия тарихында скептицизмнің туындауында дүниедегі құбылыстардың, ұғымдардың шарттылығы ой-пікірі адамның көңіл-күйіне және қалыптасқан жағдайларға байланысты өзгеріп отыратындығы себеп болды. Ертедегі скептиктердің ішінен (софистер, Пиррон, Энисидем, т.б.) бізге еңбектері жеткені Секст Эмприк (200 — 250). Скептицизмнің мәнісін ол былай түсіндіреді: “мына жағдайды көз алдыңызға келтіріңіз: көптеген асыл заттары бар үйден түнде адамдар алтын іздеп жатыр; әркім алтын таптым деп ойлайды, бірақ шынында да алтын тапса да, тапқаны алтын екенін білмейді. Қайта өрлеу дәуірінде скептицизм принципі ортағасырлық догматтық ойлау, схоластиканы жоққа шығару бағытында болды. Француз философы Рене Декарт (1596 — 1650) скептицизмді жаңа заман философиясының және ғылымының негізін қалау ісінде шығарм. тәсіл ретінде пайдаланып, дүниені ойлау арқылы танып білуге болатынын паш еткен әйгілі қағидасын ұсынды: “Ойлаймын, демек өмір сүремін”. Скептицизм құбылыстарға, болып жатқан процестерге, оқиғаларға сын көзімен, күдіктене қарауды ұсынады .

   

                                             

                                                   

    

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]