Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

filosofia_shpor

.docx
Скачиваний:
37
Добавлен:
04.02.2016
Размер:
113.36 Кб
Скачать

58. Николай Кузанский пантеизмі. Николай Кузанский(1401-1464)жас кезінде Падуя унив.де оқып соңынан діни қызметпен айналысады. Николай Кузанский өзінің ой- өрісінде ортағасырлық философия мен қайта өрлеу заманындағы гуманистік ой –пікірді ұштастырды. Ұлы ойшылдың діни еңбектерінен басқа философиялық туындылары да біршама. Солардың ең таңдаулысы « Ғылыми білімсіздік» деп аталады. Енді сол « Ғылыми білімсіздік» деген қайшылықты ұғымның мән – мағынасына тоқталайық. Белгілі бір нәрселер жөніндегі ақиқатты іздеу жолында біз анықталмағанды анықталмаған, белгісізді белгілімен т.с.с салыстырамыз. Сондықтан бұл өмірдегі шектелген заттар жөніндебелгілі бір пікірлер айту онша қиын емес.Ал енді шексіздікті  зерттеген кезде, біз басқаша жағдай,а кез боламыз. Шексіздікті біз көз алдымызға елестете алмаймыз, оның көлемі бізге белгісіз, біз оны еш нірсемен салыстыра алмаймыз. Бқл адамның (әрқашанда шектелген) ақыл –ойы мен шексіздіктің арасындағы қайшылық Н. Кузанскийдің ойынша, ғылыми білімсіздікті тудырады.Н. Кузанский Сенім мен Зердені салыстыра келе сенімді жоғары тұтады. Бірақ ол соқыр сенім емес, өйткені  «зерде сеніммен бағытталады, ал сенім зерде арқылы анықталады». Тек зерде арқылы ғанабіз шексіз Құдайға жақындай аламыз. Қорыта келгенде, Н. Кузанский философиялық көзұарастарының болашақ, Жаға Дәуірдегі ой –пікірген өзінің зор әсерін тигізгенін атап өтуіміз керек

59. Н.Маккиавеллидің саяси фил.сы.Қайта өрлеу заманындағы әлеуметтік – саяси өзгерістер, алғашқы капиталистік, сауда –саттық, экономикалық қатынастардың дамуы, адамдардың бас бостандығы мәннің өсуі,ұлттық сана сезімінің қалыптаса бастауы т.с.с көп ойшылдардың қоғамға, үкімет билігіне, мәдениет, дінге деген жаңа ойларын туғызды. Сол ғалымдардың ішіндегі ең ірісі осы уақытқа дейін аты кеңінен айтылып жүрген тұлға Н. Маккиавилли. Николло М өз уақытындағы гуманистер сияқты классикалық білім алмағанымен, өзінің табиғи дарындылығының арқасында өз бетімен тарихи, философиялық көне еңбектерді оқып, әсіресе өзі өмір сүріп жатқан Флоренцияның сол кездегі күрделі   әлеуметтік – саяси өміріне тәнті болды.Көп ұзамай, ол мемлекеттік жұмысқа шақырылып, әртүрлі саяси және дипломаттық істерді атқарады. Ол оның ұйымдастыру қабілетін дамытып қоймай, сонымен бірге сол кездегі қоғам жөніндегі көп деректерді жинап сараптауға мүмкіндік берді.. Алайда саяси қызметте ешқашанда тұрақтылық болмайды. Сондықтан Флоренциядағы республика құлап, оның орнына Медичилер келген кезде, ол жұмысынан қуылып, өзінің жекеиелігіне кетеді.осы кезде рухани кемеліне келген Н.Маккиавели өзінің негізгі еібектерін жазады. Олар « Патша», «Флоренция тарихы», « Тит Ливийдің бірінші декадасы жөнінде» т.б.Н.Макиавелли көбіне өзінің саясат жөніндегі толғаныстарымен тарихта қалған. Н.Макиавеллидің көрегендігі саясаттың дербес құбылыс ретінде үлкен қоғамды өзгертуші құрал екенін анықтау, оның моральдық құндылықтардан бөлек табиғаттан ашу, саяи билік үшін күресін, содан кейін оны ұстап тұру әрекетін жасау болды.Енді бұл арада біз макиавеллизм деген ұғымға тоқталамыз. Макиавеллизм ұғымы бүгінгі таңда саясаттың арсыз,барып тұрған опасыздық түрін көрсетеді.Саясат құбылысында кездесетін екіжүзділік, алдап арбау, қорқыту, күш жұмсау, айдап салу,сатып кету т.с.с бәрін макиавеллизм дейді.Яғни саясаттың толық моральдық шеңберден шығып кетуін, оның талаптарын аяққа басуды біз Н.Макиавеллидің атымен атаймыз.Оның ойынша, мем.т пен саясаттың қоғамдағы негізгі қызметі әртүрлі таптардың, әлеу.к топтардың басын біріктіріп,бүкіл ұлттық келісімнің шеңберінен шығармау, қоғамды ыдыратып жібермеу, орталық билікті мықты қолда ұстау болды.              

60.Орта ғасырлық Батыс философиясының ерекшелігі ,кезеңдері:Орта ғасырдағы рухани ахуалға келек болсақ, ондағы ғажап өзгеріс адам өзінің ішкі жан дүниесінде рухты тауып,өзінің  Құдаймен байланысты пенде екенін аңғарады.Еуропа тарихында бұл заманда дүниеге келген фил.я, негізінен ,діни көзқарасқа жақын, екінші жағынан, адам тағдыры, ел қандай болуы тиіс т.с.с мәселелерді қамтыды.Бұл жаңа рухани ахуалдың бірінші ерекшелігі-монтеистік (бірқұдайлық ) көз.ң негізін жасау.Ертедегі гректер Құдай біреу ме әлде көп пе? Деген ой шеңберінде болды. Аристотель аспандағы жұлдыздарды құдайлықпен теңеп , ал Плотин  Ғарышты «Көрінген Құдай» деп есептесе, енді бірде Құдайдан басқа еш нәрсе жоқтығы айтылды.Екінші ерекшелігі-креационизм,(creatura-лат. сөзі жасау, жарату.) Бұл дүниені жоқтан бар қылып жасаған Құдайды мойындау. Үшінші ерекшелік  Антропоцентризм (antropos-адам,centrum- орталық)Төртінші ерекшелік  Құдайдың еркіне көну мәселесі. Бесінші ерекшелік Құдайдың құдіретті көрегендігі. Алтыншы ерекшелік алғашқы тектік күнә, оның салдары ж\е одан құтылу. Жетінші ерекшелік Рухани сенімнің дүниеге келуі. Сегізінші ерекшелік Құдайдың сүйіспеншілігі.Адамзат Тарихының жаңа мән мағынасы соңғы ерекшеліктерінің бірі.            61.Өмір философиясы:В.Дильтей, А.Бергсон,С.Кьеркегор . Өмір ф-ң өкілі В.Дильтей(1833-1911).Дильтей қоршаған ортаның көп түрлілігі адам өмірінің бірегейлігі идеясын ұсынған.Гегельдің ф-н сынап,ойлау деген ұғымның орнына,өмір ұғымын қарастырған.Өмір адамның дүниедегіболмысының тәсілі.Өмірдің белгілері:1)біртұтастық 2)көп түрлі рухани бастамаларға ие болу 3)жоғарғы дүниемен ажырамас бірлікте болу.Дильтейдің пікірінше ф-ң мақсаты адам өмірін оның барлық көріністерін айрықша құбылыс ретінде қарастыру. ХХ ғ-ң бас кезінде «Өмір фил-н» жақтағандардың бірі-француз фил-ы А.Бергсон (1859-1941).Ол шала саналылықты, тіпті санасыздыққа жақын рухты жақтады.Интеллект,-дейді ол,-өмірді кинотаспа сияқты санасыз қабылдайды.Өмір дегеніміз, Бергсонның пікірінше,өмір тұтас,үздіксіз, қайталанбайтын,өздігінен,шығармашлықпен пайда бола беретін жаңаша түрлер. Крекегордың өмір ф-сы  Крекегор адамды  рухтың басшылығымен өмір сүріп жатқан жан мен тәннің бірлігі деп анықтаған.Ол рухты Гегель сияқты  ойлаумен теңестірмеген ж/е логиканы заңдарымен тәуелді емес деп есептеген.Оның ойынша ф-ң негізгі мәселесі адам өмірі, оның өзіндік саласы ж/е ішкі рухани  өмірі.Крекегордың анықтауынша өмір сүру – тебірену ,зардап шегу соның шеңберінен  шығуға бағытталған адам еркі.Крекегор адамның өмірін 3 сатыға бөлді.1)Эстетикалық-адамның жас кезінде тек сезімге бағындырған өмірі. 2)Этикалық- адам өмірінің ізгілік сатысы. 3) Діни саты-мұнд адамдар өз күнәларын мойындап,құдаймен сұхбатқа түседі.                  

62.Платонның объективті идеализмі.Платон (б.з.д 427-347) объективтік идеализмнің көрнекті өкілі,Сократтың шәкірті. Платон өзінің осы атын кең иықтылығының арқасында Сократтан алды деген аңыз бар. Негізгі еңбектері «Сократты жақтау», «Критон», «Мемлекет», «Федон», «Парменид», «Софист», «Заңдар» т.с.с Платон өзінің ойларын Сократ арқылы жеткізеді. Мемлекет туралы идеясында ізгілік пен ақиқат, білімді жоғары қойып, идеалды мемлекет моделін жасады. Ол жаннын 3 жағдайын қарастырды: 1.ақыл;2. Эффект(эмоция); 3.сезім. 3 әлеуметтік топты жіктеді:1.мемлекет басшылары- философтар мемлекет басшысы болуы керек; 2. Страрек(әскерилер); 3. Өндірушілер. 3негізгі ізгілікті атап көрсетті: 1. Ақылдылық; 2. Батырлық; 3. Өлшемділік. Платон мемлекеттің 2 түрлі формасын атап көрсетті: 1. Жетілген идеалды формалар – а) Плотонның идеалды форма мемлекеті; б) Аристократия; 2. Жетілмеген құлдыраушы форма- а) темократия (бақ құмарлардың мемлекеті),ә) олигархия қолында байлығы бар ашшылықтың топтары, б)демократия;г) терамия. Идея деген ұғымды алғаш фил.ға енгізген.Табиғатта идея тек түр ретінде өмір сүреді.Идея ол, біріншіден мәңгі, ол тумайды да, өлмейді де, өспейді де, кемімейді де; екіншіден, ол біртектес, әр түрлілік тек заттарға ғана тән, олар өнеді, өшеді,-дейді Платон.               

63.Рене Декарт дуализмі  Декарт философияны ағаш сияқты жүйе деп есептеді. Бұл ағаштың тамыры философия, діңі – физика, ал сабақтары – басқа ғылымдар: медицина (адамдардың денінің сау болуына жол ашады), механика (тұрмысты оңтайлы ұйымдастыруға бағытталған білімді береді), этика (ізгілікті өмір сүрудің жолдарын анықтайды).Ағаштың діңі мен сабақтары тамырынсыз өсіп – өне алмайтыны сияқты философиясыз ешбір ғылым дами алмайды.Ғылымдар жүйесі үшін философия өте маңызды, сондықтан оның алғашқы бастаулары мен түп неігздерін әруақытта біліп отыру қажет.Осы мақсатты орындау үшін Декарт арнайы тәсіл ойлап тауып, оны картезиандық күмәндану деп атады. «Күмән келтіру» принципін Декарт былай деп суреттеді. «Егер мен күмәнданатын болсам, онда менің ойлағаным. Егер мен ойланатым болсам, онда менің өмір сүргенім». Декарт осы принципі арқылы әлем мен философияның ескі көзқарастарынан арылып, жаңалыққа бой ұруына жол ашты.Ғасырлар бойы өзгермейді деп келген қисынсыз қағидаларды талқандай отырып, рационалдық методтың тууына себепкер болды. Декарт ақыл – парасатты аса жоғары бағалап, оны білімнің қайнар көзі деп есептеді.Р.Декарт дуалистік ілімнің өкілі болды. Өйткені ол әлемнің, дүниенің түп негізі ретінде екі бастаманы, яғни материалдық және рухани бастамаларды мойындады.Р.Декарттың іліміндегі материалдық субстанцияның негізгі сипаттары созылмалық және бөлінгіштік. Ал рухани субстанцияларға ойлау қабілеті тән, сондықтан олар бөлінбейді.  Декарт туа біткен идеялар туралы ілім ұсынған, көптеген білімдер таным мен дедукция арқылы пайда болады. Бірақ ешқандай дәлелдеуді қажет етпейтін білімдер де бар. Олар бірден тікелей белгілі, ұрпақтан ұрпаққа берліп отырады. Бұл идеялар екі түрде болады: ұғымдар және пікірлер. Туа біткен ұғымның мысалы: Құдай (бар), сан (бар), «ерік», «тән», «жан».Туа біткен пікірдің мысалы: «Бүтін өзінің бөлшегінен үлкен», «ештеңеден ештеңе туындамайды».

64. Рене Декарт рационализмі және танымның дедуктивті әдісі  Рене Декарт (1596-1650) – көрнекті француз философы және математигі, жаңа европалық рационализмнің негізін қалаушы. Жастайынан ақиқат білімді өтірік білімнен ажыратуға күш салды. Өзінің алдына қойған мақсатын орындауға бағытталған ережелерді ойлап тапты. Оның өзінің сөзі бойынша, философияның жарты бөлігі мынадай ойларға сүйенді:1.Ақиқатты іздестіру барысында тек ақылды басшылыққа алу керек. Еш қандай беделге, дәстүрге, кітапқа, сезімге сенуге болмайды.2.Сондықтан бұрынғы барлық білімдер мен икемділіктерді ығыстырып, олардың орнына жаңадан табылған немесе бұрынғы, бірақ ақылмен ойластырылған, тексерілген білімдерді қою қажет.3.Ақиқатқа тек қана ақылдың күшімен, оның дұрыс пайдаланумен ғана жетуге болады.Осы қағидалардан – ақ Декарттың таным туралы ілімінің Ф.Бэкон ілімінен түбегейлі айырмашылығын көруге болады. Өйткені, білімнің негізі, ақиқаттың қайнар көзі - адам ақылы деп Декарт рационализмді жақтады.Декарт білім алуға оңтайлы әдіс ұсынған. Оның төрт маңызды ережесі бар:1)күмәндануға жол бермейтін анық нәрсені ақиқат ретінде қабылдау;2)күрделі мәселелерді қарапайым, ұсақ бөлшектерге жіктеу;3)қарапайым, ұсақ бөлшектерден тұратын бірінен бірі туындайтын тізбек құру;4)осы бөлшектердің ешқайсысын қалдырмай толық есепке алу.Білімнің ақиқаттығының өлшемі – ақыл.                

65. Сократ философиясы. Сократ (б.з.б 469-399) Афина қаласының қарапайым адамдарының отбасында д.келген.Сократ жазба деректер қалдырмаған адам. Сократ софистерден бастап,бірақ аяқталмай кеткен мәселеге көңіл бөлді.Оның ойынша таным мен фил-ң тақырыбы адам болуы керек. Сократ адам мәселесін этикалық тұрғыда қарастырады. Адамның  мәнін оның жаны құрайды.жандағы ұждан ерекше маңызды.Ол адам ішіндегі ішкі дауыс,даймонион деп аталады. Сократ фил-ы грек жеріндегі этикалық мектептердің дамуына ықпал етті.Сократ грек ойшылдарының бақыт жөніндегі түсініктерін тереңдете түсті. «Менің ойымша, тек ізгі адам бақытты, шындығы жоқ, арам пиғылды әрқашанда бақытсыз.Сократ адамның жан дүниесінің терең мәнін ашып қана қоймай, сонымен бірге оны жетілдірудің жолын көрсетті. Оның жолы ирония мен маевтика. Ирония д\з сұхбат барысында білмеген сияқты болып талқыланып жатқан мәселе жөніндегі қарсыда отырған адамның  тұжырымдарының  неше түрлі сұрақтар арқылы ішкі қайшылығына ашып, оны ең ақырында «менім білетінім- тек қана еш нәрсе білмейтінім» деген ойға әкелу. Бірақ мұнымен сұхбат бітпейді. Егер осы сатыда әңгіме бітсе, адам толығынан күмәнға батып, дүниеде не істерін, қалай өзін ұстайтынын білмес еді. Сұхбаттың екінші сатысында маевтика басталады. Дүниеге Ақиқат келеді.Ол үшін жоғарыдағы талданған мәселе жөніндегі пікірлер салыстырылып, олардың ішіндегі ақиқатқа әкелетіндері алынады.       

66. Сократқа дейнгі философия. Сократқа дейнгі-милет, элейн,пифогор,атулистер мектебі жатады.Милет мектебі.Палесь Анаксимандр, Анаксимен.Бұл Грек фил-ң алғашқы мектебі.Олар барлығының бастауы не? деп,дүниенің негізі ретінде белгілі бір материалдарды,объектілерді ұсынды.Пались үшін дүниенің негізі-су.Анасимандор үшін-апирон(шексіз заттар).Анасимен үшін- ауа.Бұлар дүниені интуитивті түрде материалды деп түсініп стихиялым материализмнің негізін салған,олардың ойынша:Дүниені түсініп білу үшін табиғаттан тыс күштердің жаратқандығына сенімнен тыс оны ұғыну керек деп есептеген. Милет мектебінің өкілдері гилозолистер болды. Гилозолизм-кез-келген материялың жаны бар деген ойды білдіреді.Элей мектебінің өкілдері.Ксенофан,Парменид,Зенон.Бұл мектеп болмыс және болмысыздық мәселесін қарастырады.Болмыс ұғымын алғаш рет Парменид ұсынды. «Болмыс бар, бейболмыс жоқ».Олар дүниені 2 бөлді.1.Сезімдік заттар дүниесі 2.Сезімнен тыс дүние. Элей мектебінің өкілдері рационализмнің негізін салушылар болды.Олардың ойынша болмысты ойлау ақыл арқылы тануға болады.Пифогор мектебі.Б.з.б 580-500 ж. Өмір сүрген. Бұл мектеп идиолизмнің із ашары.Олар дүниенің негізі сан деп есептеген.Сан табиғатты бейнелеуде оның формасын айқындайды.Аталистік мектеп өкілдері.Эмпедоки,Анаксагор, Демокрит, Ливкиап.Олар әмбебап қоспалар принципин ұсынды.Әлем ұсақ бөлінбейтін бөлшектерден тұрады.Олар біртұтас атомдар.Олардың арасындағы байланыс  ғарыштағы қозғалысты айқындайды.олардың қозғаушы күші Нус(ақыл).Софистер.Б.з.б 5 ғ.Грецияда пайда болған ақылды ұстаздар.Олар халықты фило-а,шешендік өнерге(риторикаға),пікір талас(эристикаға) үйретті.Олар бір мектепті құрған жоқ.Керісінше бақталас болды.Олардың қарастырған негізгі сұрақтары дүниенің біліммен арақатнасы.Софистердің ойынша объективті ақиқат жоқ, ақиқат- субъективті,ақиқат адамға,орынға тәуелді.Софистерді 2 топқа бөлеміз:1.Аға буын софистер,Протогор,Горгий, Продикт.2.Кіші буын софистер,Алкадам, Празмах, Критий.                  

67.Т.Гобстың қоғамдық келісім теориясы. Т.Гоббс (1588 – 1679) – ағылшын философы, Оксфорд университетінде оқып, білім алған. Негізгі еңбектері: « Азамат жөнінде»,  « Лефиафан, я материя, шіркеу мен азаматтық мемлекеттің билігі мен бітімі» т.с. с . Жаңа дәуірдегі алғашқы философтармен салыстырғанда, Т.Гоббс ф –я пәнін ақыл –ой арқылы дүниетанумен теңеп, оның шеңберінен үзілді – кесілді теологияны шығарып тастады. Сонымен қатар ол дінді, Құдайға сенуді қарапайым халыққа керек нәрсе деп есептеді, әсіресе оныі моральдық жетілуінің тірегін құрайды. Т. Гоббстың онтологиялық көзқарастарына келер болсақ, ол дүниені бүкіл өмірде  болып жатқан барлық денелердің жиынтыңы ретінде қарайды. Олардан басқа еш нәрсе жоқ. Т .Гоббстың ойынша, нақтылы өмір сүріп жатқан дененің өзі – сол субстанция. Гоббстың ойынша қайсібір субстанция нақтылы болғаннан кейін, абстрактілік субстанцияны мойындауға болмайды, ол нәтижесіз. Материя деген қғым –ол тек қана бүкіл дүниедегі заттарға қойылған ат қана. Гоббс дене жоқ жерде кеңістік те жоқ деген пікірге келеді. Кеңістік – әрқашан да нақтылы затттың, дененің көлемі

68. Таным құрылымы:таным субъектісі мен объектісі.Таным- өте күрделі үрдіс,оған адамның бүкіл жан дүниесі: түйсіктері,ақыл-ойы,ырқы,сезім тебіреністері,ішкі көкей көзі(интуиция)-бәрі де өзара бір –бірімен байланысты түрде қатысады.Танымның құрлымы екіге бөлінеді: субъекті ж/е объекті.Танымның субъектісі дегеніміз белгілі бір құбылысты зерттеуде заттың практикалық мақсатпен бағыттарын танымды белсенді түрде ұстанушы индевид ж/е әлеуметтік топ.Танымның объектісі дегеніміз субъектінің таным әрекетін бағыттайтын құбылыс.

69. Танымның жалпы логикалық тәсілдері: анализ және синтез, индукция және дедукция. Танымның жалпы логикалық тәсілдер: 1)Анализ дегеніміз зерттейтін объктіні құрамдас бөліктерге жақтарға бөліп оның түрлі қасиеттерін анықтау.2) Синтез заттың зеттелген құрамдас бөліктерін ой арқылы қайта біріктіріп, олардың бір бірімен байланысын анықтау.3)Индукция белгілі бір текке жататын заттардың қасиеттерін зерттеу арқылы жекеліктен жалпылыққа өрлеу. Дүние шексіз болғаннан кейін, индукция әрқашанда толық емес.4) Дедукция әдісі индукцияға керісінше жалпыдан жекеге өту әдісі.Кеңінен математика, юриспруденция , өисында колданылады.

70.Танымның сезімдік және рационалдық формалары Таным процесі екі сатыдан тұрады:сезімдік ж\е рационалдық. Бұл екі саты бірінен кейін бірі болатын жекелеген деңгейлер емес олар біртұтас таным проц.ң екі қарама қарсы бірақ бір бірімен өте тығыз бай.н жақтары бар :сез.к таным тікелей бейнелеу, сыртқыны бейн,жекені бейн; рац таным жанаманы бейн, ішкіні бейн, жалпыны бейн. Бұдан сез.к танымды сип.н әрбір ережеге  қарама қарсы рац.қ танымға тән ерекшелік көр.н. Мұның мәні танымда бір біріне қарама қарсы екі процес өзара әрекеттеседі.Сезімдік таным мен  рац.қ тан.ң бейнелеу түрлері: Сез.к:түйсік, ұабылдау, елес. Рац: ұғым, пікір, ой тұжырым.Түйсік материалды зат.ң сезім орг\на тікелей өзара әрекет ететін қарапайым элементарлы көрінісі. Қабылдау сез.к таным фор.сы, онда обь.т тікелей сезім орг.на әсер етіп санада тұтастай көрініс беру. Елестету зат.ң жанама сез.к бейнесі ол қабылдау нег  п.б. Ұғым жай ғана жалпылау емес ол зат.ң н\е құб\ң дүниеде бар болу жолын, болу тәсілін анықтайтын категория. Пікір зат\р мен құб\р туралы айтылатын кез келген сауал. Ой тұжырым бұл ойлау фор\сы, ой тұжырым арқылы бір н\е бірнеше пайымдаудан жаңа пайымдау шығару.

71. Танымның эмпирикалық әдістері:бақылау,эксперимент.Әдіс д\з белгілі бір мәселенә шешу үшін таңдап алынған жол, қолданылатын айла мен әрекеттер жиынтығы.Эмпир.қ деңгейде таным об.ң  қасиеттері мен қырлары сезімдік қабілет тұрғысынан  қабылданады.Ғылыми танымның эмпирикалық деңгейде кең қолданылатын ең қарапайым әдіс бақылау д.а Оның мәні зерттеу объ.н  белгілі бір мерзім аралығында нысаналы ұйымдасқан түрде жүйелі бақылай отырып, ондағы өзгерістерді жіті қадағалау. Келесі әдіс эксперимент ғылыми тәжірибе деп аталады. Оның ерекшелігі зерттеліп жатқан объектіге адамның, зерттеушінің тікелей әсер етіп, ондағы процестерге араласуы. Зерттеуші объ.ні әр түрлі кездейсоқ жағдайлардан оқшаулап алып, бөліп қарауы мүмкін. Қажет болған жағдайда экспериментті әлденеше рет қайталауға да болады.                 

72. Фейербахтың антропологиялық философиясы Фейербах адамды, негізінен психо –физиологиялық пенде ретінде қарайды. Фейербахты неміс философтарының адамды тек рух ретінде түсінуі қанағаттандырмайды. Оның ойынша, адам, бір жағынан, материалдық дене болатын болса, екінші жағынан, - ойлайтын рух. Фейербах көбіне адамның табиғи – биологиялық жақтарын қайта орнына келтіруге тырысады.  « Мен» дегеніміз – ол ойлайтын рух қана емес, ол денесі мен ойлай алатын басы бар, нақтылы кеіңстік пен уақыттың шеңберінде өмір сүріп жатқан тірі адамның өзі. Фейербах адамның негізгі мінездемесі ретінде теңдігіне  Фейербах болмыс пен сезімдіктің теңдігін қарсы қояды. Оның ойынша, тек қана « Сезінетін пенде ғана- шынайы ақиқатты пенде». Сезімдік болмыс деп Фейербах біздің санамыздан тәуелсіз өмір сүріп жатқан материалдық дүниені айтады. Олай айтқан себебі, дүниедегі материалдық затар мен құбылыстардың өзіндік өміріне Фейербах онша көп мән берген жоқ, ол олардың бәрін тек қана адамға деген байланыс арқыжлы қарады,  соңғының өзі сезімдік деректер арқылы адамға берілетіні сөзсіз. Екіншіден, адамның өзінің материалдығын, денелігін ойшыл сезімдік арқылы түсінеді.адам түйсіктері мен сезімдерінің өзі – оның материалдық дене екендігін көрсететін бірде – бір дәлелдеме. Сонымен «мен»  сезімтал пенде, олай болса, дене адамның мәніне толық түрде кіреді.Егер табиғатты Фейербах өз болмысынан өзін айыра алмайды деп түсінсе, адам, өзінің мәнін болмыстан айыра алатын пенде.

73. Философ-ы адам мәселесі.Адамзаттың дүниені,айнала ортаны танып білуінің түп қазығы адам екенін бүкіл тарих дәлелдеп келеді.Көне Қытай философ Лао Цзы:»басқаларды білетін адам – ақылды, өзін танып – білген адам- данышпан»,- депті.Ертедегі грек ойшылы Протогордың:»барлың заттың өлшемі -адам» деген қанатты сөзі кең тараған.Адам проблемасы философиялық іліммен құрдас деседе болады.Яғни философияның өзі сонау көне замандардағы ойшылдардың адам жөніндегі,оның дүниеде атқаратын қызметі мен алаты орны жөніндегі ой-толғауларынан туғаны белгілі.Философияның мәселесі –бұл сананың,рухтың табиғатқа,материяға,субъективтің(адамның)ішкі дүниесінің объктивтікке»сыртқы дүниеге »қатынасы.Бұдан шығатын қортынды: адамның сана-сезімі мен ақыл ойының,тілі мен дүниетанымның ж/е оны өзгерту қабілетінің өзін қоршаған ортаға қатысы қандай,табиғат пен қоғамның адамға оның ішкі рухани дүниесіне тигізетін әсері қадай-осының бәрі философияның ең түбірлі ж/е түбегейлі мәселелері болып болып табылады.Адам прблемарына Аристотельде ерекше көңіл бөлген.Әсіресе ол философияның «этика»бөлімінде түгелдей сол проблемаларды қарастырып оларға тиісті талдау жасады.Аристотельдің айтуынша мемлекет басындағы заң шығарушының міндеті-азаматтарды жақсы қылықтарға,ізгі ниеттілікке үйретіп оларды тек игілікті істерден ғана ләззат алатындай дәрежеге жеткізу

74. Философиядағы сана мәні.  дүниені бейнелеудің ең жоғарғы және адамға тән ғана қасиет.Сана белгісіз ғайыптан пайда болған және дайын күйде біздің миымызға еңген құбылыс емес,іштен де туылады.атадан балаға нәсәлдәк бейімдік қабілет ретінде де берілген жоқ.ал кей жағдайда бейімділік қабілет нәсілдік тұрғыдан беріледі.Сана бұл адам миына байланысты пайда болады,сана адам миының қызметінің жемісі.Адам туа сала саналы болмайды адам саналы болу үшін ол қоғамда өмір сүріп білім мен тәжірибе және тәрбие жинақтау керек.Алайда біз жан-жануарларға қоғамда тәрбиелеу арқылы сананы кіргізе алмаймыз.Дүниеде ең ғажап,керемет құбылыс – адамның рухани дүниесі сана,ақыл,ой.Ендігі мәселе сана деген не,ол қалай пайда болады мәні не деген сұраулар.Ғылыми мәліметтерге сүйене отырып ғалымдар сана барлық материяның жемісі емес,тек ерекше ұйымдасқан материя – адам миының функциясы екенін дәлелдеді.Адам миы аса күрделі әрі өте нәзік миллардтаған жүйке клеткалардан тұратын аппарат.Адам миымен ойлайды.Сана ойлау процесі арқылы пайда болады.Мисыз санада психикалық қызметте жоқ.Сананы тудыратын – объективті ақиқат.Ол оның бейнеі.Сана қалай пайда болды деген сұраққа жауап беру:ол түйсік мүшелері арқылы объективті ақиқатты бейнелендіріп,оларды қорыту арқылы пайда болады,ал бұл үшін көп нәрседен хабардар болу қажет дейміз.Біздің санамыз сыртқы дүниенін бейнелену мәселесі.Сананың негізінде не жатыр деген сұраққа тоқталатын болсақ,сананың негізінде білім,білу жатыр.Сананың шығуы қалыптасуы мен дамуының түпкі негізі практикалық іс-әрекет,еңбек,қызмет.

75. Философиядағы субстанция мәселесінің талдануы:монизм,дуализм,плюрализм ілімдер: Болмыстың бастамасы туралы сұрақ философияның негізгі мәселесі саналады. Оны ашық түрде алғашқы анықтаған марксизм, ол монизм, дуализм, плюрализм ұғымдарымен тығыз байланыста болды. Монизм (гр mones - біреу, жалғыз) - дүниенің негізінде бір ғана бастама бар деп танитын философиялық бағыт, идеалистік ілімдерде - рух, материалистік ұғымда - материя. Монистер  деп барлық дәйекті материалистерді (Демокрит, Фалес, Анаксимен, Анаксимандр, Гераклит, Дидро, Гольбах, Маркс, Ленин) және барлық дәйекті идеалистерді (Августин, Фома  Аквинский, Кант, Гегель, Юм) санайды. Дуализм (лат. Duo - екеу)(Кант И, Декарт Р) - дүниенің негізі бір біріне бағынбайтын, тепе-тең екі нәрседен - рухтан және материядан - басталады деп, материализм мен идеализмді үйлестіруге тырысатын ағым. Плюрализм (лат. Plurais - көптік) - дүниенің негізі бір-бірімен байланыссыз, белгілі бір бастамасы жоқ мәндерден тұрады дейтін ілім. Болмыстың негізінде көптеген (жер, су, рух, т.б.) нәрселер бар деп санайды.

76.Философиялық білімнің ерекшеліктері:Философияның басты ерекшелігі - әлемді, бүкіл дүниені тұтас қарастырады, оның ішкі байланысын, жалпы даму заңдылықтарын зерттейді. Яғни, ол – дүниетанымдық ғылыми жүйе болып табылады.Белгілі бір адамдардың дербес қызметі ретінде философия ежелгі шығыс елдерінде – Қытайда, Индияда, т.б. елдерде, кейінірек антика дәуірінде ежелгі Греция топырағында қалыптаса бастаған. Бірақ, оның түпкі туындайтын түбірі адамдардың әлемдегі айрықша болмысында, дүниеге өзіндік қатынасында жатуы тиіс. Ол қатынас жануарлардың өзін қоршаған табиғи ортаға қатынасынан мүлдем өзгеше. Жануарлар табиғи дамудың төл туындысы, белгілі бір географиялық ортамен тікелей үйлескен, олар өздерін табиғаттан бөліп, оған бір бөгде күштей сырт қатынас жасай алмайды. Сондықтан олар үшін табиғатты игеру, оны түсіну, ішкі сырына қанығу мәселесі тұрған жоқ. Адамдар болса, ортаға тікелей бейімделудің нәтижесінде емес, сол ортаны игеру қызметі нәтижесінде, оған дәнекерлі, құрал-саймандар арқылы, өзара қоғамдасу арқылы қатынасады. Бұл процесс өзі атқаратын іс-әрекеттерді де, оның өзгеретін объектісін де және ақырында өзінің кім екенін де белгілі дәрежеде көре білуді, түсіне білуді де қажет етеді. 77.Философияның әлеуметтік функциялары: Қоғамды әл\к ұйымдасқан материя ретінде әл\к фил\я зерт\ді. Әл\к фил\я жалпы фил\қ білім жүйесінің бір бөлігі б.т .Әлеу\к фил\ң атқаратын қызметтері: 1)Дүниетанымдық әл\к фил\я әлемнің тек картинасы, бейнесі ғана емес, ол сонымен қатар, әл.к идеалдар мен құндылықтарды нақты шындықпен салыстыра отырып, оның нақты өмірмен бай\н анықтай отырып, осы әлемді жаратады да. 2)Методологиялық әлеуметтік фил\я пәндік ж\е теор\қ форма ретінде қызмет ете отырып ж\е әл\к құб\ды тануда метод\қ бағдарлар мен жалпы физ\қ принциптерді пайд\ң үлгісі бола отырып жүзеге асырады.3)Танымдық ол тан\қ мәден\ң элементі ретінде шындықты тек бейнелеп қана қоймай, қоғ\қ  өмірдің заңдылықтары мен принциптерін қалыптастыра отырып бір нәрсені ашуға қабілеті бар, белгілі бір эвристикалық ерек\мен айрықшаланады.4)Аксиология әлеу\к фил\я әлеу\к болмыстың құндылық негіздерін пайымдай отырып , оның ішінде белгілі дәрежеде тәрбиелеуші фун\н да атқарады.

78. Философияның негізгі сұрағы 19 ғ. неміс философы Фредрех Энгельс айқындаған. Негізгі сұрағы’’ Ойдың болмысқа, болмыстың ойға қатнасы’’.Негізгі сұрағы екі жақта айқындалады;1)Антологиялық-яғни ненің алғашқы екендігі материя алде сана ма? Осының жауабын таңдауға байланысты философияның негізгі бағыттары айқындалады;1.Материализм 2.Идиолизм 3. Дуализм. Материализм- материяны алғашқы сананы екінші  деп санайтын философиялық бағыт. Материализм бойынша  материя- нақты санадан тыс өмір сүреді,өз бетінде субстанция бола алады. Материя өз өмірлік заңдарымен дамиды және сана жоғары ұйымдасқан материяның қасиеті болып есептеледі.Идиолизм-с ананы бірінші материяны екінші деп  есептейтін бағыт.Идиолизм өз ішінен 2 бөлінеді.1.Субъективті идиолизм –әлемді адам санасы ретінде түсіндіретін бағыт.2.Оъективті идиолизм-әлемдегі адам санасынан тыс идея, рух бар деп есептейтін бағыт(Плотон,Гегель ).Дуализм-компромистік бағыт.Материяны да,сананы да екі тәуелсіз субстанция деп есептеді.(Аристотель, Декарт).Философияның негізгі сұрағын шешушінің екінші жағы гносеология. Дүниені танып білуге бола ма? Негізгі қасиеттері;1.Дүниетанымдық 2.Методологиялық 3.Гнесеологиялық 4.Теоретикалық 5.Аксиологиялық 6.Тәрбиелік, сыни және болжамдық.Негізгі әдістері;1.Диалектикалық-Заттар мен құбылыстардың ішкі қайшылықтарын ,олардың өзгеруі мен дамуының ерекшеліктерінің себеп-салдарлық байланыстарын ескере отырып даму тұрғысынан қолданылатын әдіс 2.Метафизикалық-диалектикаға қарама-қарсы 3.Догматизм-дүниені қатып қалған қағидалар негізінде түсіндіреді.Дәлелдеуді қажет етпейтін ,мызғымас қатып қалған қағидаларға сүйенетін әдіс.4.Эклектика-түрлі фактілер мен ұғымдарды, консепцияларды  біріктіру негізінде пайда болған тұжырымдау әдісі 5.Софистика-ке-келген ойды логикалық тұрғыдан  дұрыс тұжырымдау жасай білу әдісі.6.Герменевтика – мәтіндердің мағнасын дұрыс оқу,түсіндіру әдісі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]