Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

шпор Бух

.docx
Скачиваний:
78
Добавлен:
04.02.2016
Размер:
112.42 Кб
Скачать

Аяқталмаған өндіріс есебі. Аяқталмаған өндіріс қозғалысының сандық жедел есебін жоспарлау – диспетчерлік қызмет, ал ақша салымын – кәсіпорын бухгалтериясы жүргізеді.Өндіріске жұмсалған жартылай фабрикаттар шығындарын және олардан жасалған өнімді есепке алуда не жартылай фабрикатты, не жартылай фабрикатсыз нұсқасын пайдаланады. Жартылай фабрикатсыз нұсқа негізінен машина жасау кәсіпорындарында қолданылады. Оның ерекшелігі: бір операциядан екінші операцияға, 1 цехтан 2, цехаралық қоймаға берілген жартылай фабрикаттар бухгалтерлік есепте көрсетілмейді, оларды оперативті түрде есепке алады. Бұл нұсқа кезінде дайын өнімнің өзіндік құны дайын өнімге жатқызылған, осы өнімді өндіруге қатысқан барлық цехтар бойынша есепке алынған шығындар сомасынан тұрады. Өндіріске жұмсалған шығындарды есепке алудың жартылай фабрикаттық нұсқасы кезінде дайын өнімнің өзіндік құнын ғана есептеп қоймайды, сонымен бірге өңделудің түрлі сатыларындағы жартылай фабрикаттардың өзіндік құны да есептеледі. Жартылай фабрикаттардың цехтан цехқа немесе қоймаға берілуі бухгалтерлік есепте көрсетіледі. Жартылай фабрикатсыз нұсқадан айырмашылығы сол, мұнда шығындар басы артық заттар мен жартылай фабрикаттар тұрған орын бойынша есепке алынады.

Бақылау құралдар тестері.Ішкі бақылау мен тауарлы-материалдық босалқылардың бухгалтерлік есебі жүйесін бастапқы бағалауды дәлелдеу үшін аудитор алынған ақпарат негізінде алдын-ала даярланған тестерді толтырады. Тест нәтижелері бойынша жүйе сенімділігінің бағасы орнатылады және аудитті жоспарлау кезеңінде алынған алғашқы бағамен салыстырылады. Егер осындай баға алғашқыдан төмен болса, онда басқа аудиторлық процедураларды жүргізу көлемі мен тәртібіне түзету енгізу қажет. Аудитор бақылау процедураларын жоспарлау кезінде ең басты назар аударылатын объектілерді анықтайды және аудиторлық тәуекелді нақтылайды.

Баланстағы өзгерістер.Кез келген кәсіпорын пайда табу үшін кәсіпорында күнделікті жұмыс істеліп, қызмет атқарылып отыратындығы белгілі. Осы орындалатын жұмыстар мен атқарылатын қызметтердің, яғни операциялардың орындалуы кәэсіпорынның бухгалтерлік балансының баптарына тікелей әсер етеді және ұйымдағы әрбір орындалатын операцияға сәйкес баланс өзгеріске ұшырап отырады. Бірақ бухгалтерлік баланстың актив және пассив баптарының теңдігі әрдайым сақталады Жалпы бухгалтерлік есепте шаруашылық операцияларын баланс баптарының сомасына әсер етуіне қарай төрт түрге бөледі.Бірінші түріне жатқызылатын шаруашылық операциялары бухгалтерлік баланстың тек қана актив бөліміне әсер етеді. Бұл жағдайда актив бөліміндегі бір бап кандай да бір сомаға азайса, екінші бір бап тура сол сомаға артып отырады. Ал активтің жалпы сомасы мен баланстың жиынтық сомасы ешқандай өзгермейді. Екінші түріне жатқызылатын шаруашылық операциялары бухгалтерлік баланстың тек қана пассив бөліміне әсер етеді. Актив бөлімінде өзгеріс болмайды. Бұл жағдайда пассив бөліміндегі бір бап қандай да бір сомаға азайып, екінші бап тура сондай сомаға артады. Ал пассивтің жалпы сомасы мен баланстың сомасы ешқандай өзгеріске ұшырамайды. Үшінші түріне жатқызылатын операциялар барысында баланстың активі мен пассиві бірдей сомаға артады. Яғни бұл жағдайда операция әсерінен баланстың актив бөліміндегі бір баптың сомасы қандай да сомаға көбейсе, пассив бөліміндегі баптың да сомасы осындай сомаға артады.Баланс баптарының сомасына әсер ететін шаруашылық операцияларының төртінші түріне жатқызылатын операциялар барысында баланстың акгив және пассив жағындағы баптары бір уақытта бірдей сомаға өзгереді. Бұл жағдайда операциялар әсерінен актив пен пассив бөлімдері, сондай-ақ баланстың жиынтық сомасы қандай да бір сомаға кемиді.

Банктегі және басқа да шоттардағы ақша қаражаттары аудиті. Банктердің шот ашу оны рәсімдеу тәртібі, сондай-ак нақты ақшасыз есеп айырысуға байланысты операцияларды жүзеге асыру Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі анықтаған кұжаттарында белгіленген тәртіптің негізінде реттеледі.Банк операцияларының аудиті мынандай басты мәселелерді қамтиды:есеп айырысу, валюталык. ағымдағы және басқа да шот- қандай банк мекемелерінде ашылғандығын анықтауды; - есеп айырысу, валюталық ағымдағы және басқа да шоттарды ашуға байланысты банк мекемелеріне табыс етілген құжаттарының шоттарды ашуға берілген өтініш; қойылатын қолдар мен мөр таңбалары үлгілерімен карточкалары, шаруашылық салық есебіне тіркеу дерегін растайтын салық қызметі органдарының анықтамасы; мемлекеттік тіркеу туралы куәлік көшірмесі; жарғы көшірмесі; кұрылтайшыларының саны бірден асқан жағдайда құрылтай шартының көшірмесі; көшірмелері тігілген папканың сақталғандығын анықтауды. Ақша қаражаттарының аудитінің мақсаты қолма-қол ақшамен операцияларды сақтау, жүргізу, және есептеу саласында заңдылықты сақтауын тексеру болып келеді.Ақша қаражаттарының аудиті банктік операциялардың тексерісіне үлкен көңіл аударады.Аудиторлық тексерістің бұл сатысы банктегі ақша қаражаттарының шотындағы операциялардың заңдылығын тексереді.Есеп беруге тиісті сомалар аудиті. Есеп беруге тиісті сома деп шаруашылықтың қассасынан ұсақ шарушылық шығындарына (қолма-қол есеп айырысусыз болмайтын әкімшілік шаруашылық және операциялық шығындарына) және іссапар шығындарына субъектінің жұмыскерлеріне берілген ақшалай авансын айтамыз. Есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысудың аналитикалық есебін әрбір берілген аванс бойынша жүргізеді.Аудитор берілген авансы бойынша есепті, оған тіркелген құжаттарымен, несие берушінің аванстық есепті бекіткен мәліметтерімен жинақ ведомостындағы жазуларын салыстырып, жаппай тексеру жүргізеді. Кәсіпорынның шаруашылық қызметі процесінде есебі берілуге тиісті сомалар аз шығыстарды құрайды.Бірақ оларды әрбір аудит жүргізу кезінде жаппай тексеру әдісін пайдаланып тексеріледі.Ондай тексеру көбінесе ұрлық пен ақшаның жұмсалып кетуі мүмкін екендігінен, сонымен бірге клиенттердің өздерінің бұл шотты аудитордың мардымсыз яғни аз сома болса да тексереді деп күтетіндігінен болады.Сондықтан есебі берілуге тиісті сомаларды тексеруді арнайы бағыттар бойынша жүргізген дұрыс.

Басқа да кредиторлық қарыздар аудиті.Кредиторлық борыш – бұл, ақшалай төлеу, өзге активтерді (өзара жеткізіп беру) беру, бұл міндеттемелерді өзгелермен алмастыру (өзара есептесу) жолымен кәсіпорынның экономикалық ресурстары өтеуге (орнын жабуға) қатыстырылуы мүмкін өткен оқиғалар мен келісімдердің нәтижесі. Оған мыналар жатады: төлеуге арналған шоттар-келесідей құрылымға ие, тауарлық-материалдық қорларды, құрал-жабдықтарды және қызметтерді несиеге сату, алу бойынша туындайтын міндеттемелер: а) жабдықтаушылар мен мердігерлер алдындағы борыш; б) еншілес (тәуелді) серіктестіктерге борыш; в) алынған аванстар-алдағы тауарлар жеткізу мен жұмыстар үшін қол ақшаның түсуінен пайда болатын міндеттемелер; г) бюджетке түсетін салықтар бойынша борыш-бюджетке кірістің белгілі бір бөлігін аудару бойынша кәсіпорынның өзі есептеген міндеттемелер; д) төлеуге арналған дивиденттер – шаруашылық қызметінен алған кірісті бөлу бойынша құрылтайшы алдындағы міндеттеме; е) алдағы кезеңдер кірістері-сол уақытта алынған, бірақ алдағы уақыттың кірістеріне есептелетін түсім; и) өзге кредиторлық борыш – еңбек ақы төлеу бойынша жалдық ақы бойынша, пайыздар және басқалар бойынша борыштар.Пайда болу (құралу) сипаты бойынша ол қалыпты және қалыпты емес болып бөлінеді.Шарт бойынша төлеу мерзімі келмеген кредиторлық борыш қалыпты болып саналады.Төлеу мерзімі өткен, бірақ талап білдіру мерзімі өтпеген кредиторлық борыш қалыпты емес болып саналады.

Бастапқы тәуекелділік деңгейін бағалауды растау мақсатында бақылау құралдарын тестілеу.Тәуекелдіктің негізгі екі түрі болады: аудиторлық тәуекелдік және бизнес тәуекелділігі. Аудиторлық тәуекелдіктің мағынасын былай түсіндіруге болады: аудитор қаржылық есептілік дұрыс жасалған деген қорытындыға келеді, осының негізінде аудиторлық қорытындыға пікір-ескертпе айтылмайды, яғни пікірдің шынайылығына күмән келтірмейді, ал шындығына келгенде – қаржылық есептіліктің елеулі ақауы болады. Бизнес тәуекелдігінің мағынасы мынаған саяды: клиентке ұсынылған аудиторлық қорытынды әділ жасалса да, аудитор немесе аудиторлық фирма клиентпен арадағы өзара қарым-қатынасында сәтсіздікке ұрынады. Бизнес тәуекелділігін бақылаудағы басты фактор аудиторлық тәуекелділіктің деңгейін мұқият анықтау болып табылады. Аудиторлық тәуекелділікті бағалаудың негізгі екі әдісі бөліп көрсетіледі: а) бағалаушылық (интуициялық, яғни түйсіктік);ә) сандық.

Берілген аванстар есебі. Берілген аванстар(1610) дегеніміз- ұйымның жабдықтаушылар мен қызмет көрсетушілерге олардан алынатын тауарлық-материалдық қорлар, негізгі құралдар, матриалдық емес активтер үшін және олардың көрсететін қандай да бір қызметі үшін алдын ала төленіп қойылған сомалары болып табыладыБерілген аванстардың есебі келесі шоттарда есептелінеді:•«Тауарлық-материалдық қорлрады жеткізіп беру үшін берліген аванстар» шоты;•«Орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер үшін берілген аванстар» шоты. Бұл жоғарыда аталған шоттарға байланысты бухгалтерлік есепте мынадай корреспонденциялар жазылады:«Тауарлық-матриалдық қорларды жеткізіп беру үшін берілген аванстар» шоты немесе «Орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер үшін берілген аванстар» шотының тиістісі;Кт: 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты» шоты.Несие есебінен берілген аванс сомасы:Дт: 1610 «Тауарлық-материалдық қорларды жеткізіп беру үшін берілген аванстар» шоты немесе «Орындалатын жұмыстар мен көрсетліген қызметтер үшін берілген аванстар» шотының тиістісі;Кт: «Банктен тыс мекемелердің несиелері» шоты немесе «Басқадай несиелер» шотының тиістісі.

Босалқылар есебі. Тауарлы -материалдық босалқылар өндіріс процесінде, яғни өнім өндіруде еңбек заттары ретінде қатысады. Олар еңбек заттары ретінде еңбеккерлердің жұмыс күшімен қосыла отырып, өндірістік процестің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Сонымен бірге тауарлы-материалдық босалқылар өндірістік процестің объектісі түрінде және сыртқа сату үшін де танылады. ауарлы-материалдық босалқылардың есебі халықаралық №2 ’’Босалқылар’’ стандартында жүргізіледі.Тауарлы-материалдық босалқылар ағымдағы активтер сапасында үш негізден:босалқылардан, материалдар мен шикізаттардан және аяқталмаған өндірістен құралады.Тауарлы-материалдық босалқылар терминіне экономикалық тұрғыдан сипаттама беретін болсақ онда: тауарлар деп – сату үшін басқадай ұйымдардың өндірілген дайын өнімдерін, бұйымдарын осы кәсіпорынның сатып алуын айтады; материалдар деп – кәсіпорындар меншігіндегі өндірістік және шаруашылықтық әрекеттер мен қызметтерге жұмсалынатын материалдар жиынтығын және қаптаушы заттарды айтады; босалқылар деп – кәсіпорындардың шаруашылық және өндірістік қызметіне жұмсалынатын, сондай-ақ сатуға арналған, сақтауда тұрған құндылықтар жиынтығын айтамыз.

Бухгалтерлік баланс жайлы ұғым және оның құрылымы. Бухгалтерлік баланс (французша balanсе-таразы)-шаруашылық жүргізуші заңды тұлғаның белгілі бір күнгі, көбіне күнтізбелік кезеңнің (айдың, тоқсанның, жылдың) басындағы не аяғындағы қаржы-шаруашылық жағдайын ақшалай түрінде жинақтап сипаттайтын бухгалтерлік есеп құжаты.Өзара байланысты екі жақты кесте нысанында әзірленетін бухгалтерлік баланстың сол жағы(актив) шаруашылық құрал-жабдықтарының құрамы мен орналасуын,оң жағы(пассив) солардың құралу көздері мен нысаналы мақсатын көрсетеді.Актив пен пассив қорытындылары бір-бірімен тепе-тең болады. Бухгалтерлік баланс мүліктің, міндеттемелердің нақты түріне, мүліктің құралу көзіне сай келетін баптарға бөлінеді.Баптар экономикалық мазмұнына қарай топтарға не бөлімдерге біріктіріледі. Баланстың әрбір жолының (бабының) реттік нөмірі болады, бұл әр бапты табуға және оған сілтеме жасауға мүмкіндік береді. Баланс кестесінің активі мен пассивіндегі әр баптың тұсында сомаларды көрсететін ашық орындар қарастырылған. Оларға заңды тұлғаның есеп беріп отырған кезеңнің басындағы (әдетте жыл басындағы) және аяғындағы сол бапқа қатысты қаражатының (құрамы мен көздері бойынша) қалдықтары жазылады. Бухгалтерлік баланс-қаржылық жағдайды талдаудың басты құралы. Талдау жасау арқылы сол заңды тұлғаның төлем қабілеттілігі, алған несиелерді қайтару мүмкіндігі анықталады. Бухгалтерлік баланстың кіріспелік, мерзімдік (ағымдағы), жылдық, жиынтық, т.б. түрлері болады.

Бухгалтерлік есеп пәні,әдісі және міндеті.Өндірістік кәсіпорындар мен ұйымдар бухгалтерлік есепті колданудың негізгі учаскелері болып табылады.Ондағы барлық шаруашылық қызметінің үстінен қадағалау және бақылау жасау,шаруашылық құралдарының және оның өндіріс процесіндегі көздерінің қозғалысы,яғни оның қаржы-шаруашылық қызметі туралы ақпараттық мәліметтерді жинақтау бухгалтерлік есептің пәні болып табылады. Бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың әдістемелік негізін әдістер мен тәсілдер жүйесі құрайды. Олар құжаттау, түгендеу, бухгалтерлік балама асау, екіжақты жазу әдісін қолданп жинақтамалы және талдамалы шоттар жүйесін, мүліктер мен міндеттемелерді бағалау, калькуляциялау мен кәсіпорынның есеп беруі арқл жұзеге асырылады. Бухгалтерлік есептің басты міндеті – кәсіпорынның шаруашылық жоспарының орындалуын бақылау.Бұл мақсаттың орындалуы есеп–қисап жұмысының көрсеткіштерімен дәлелденеді. Себебі,ол көрсеткіштер жоспардың орындалуы барысын көрсетеді.Бухгалтерлік есептің міндеттерінің бірі мемлекеттік, қоғамдық және жекеменшіктің түгелдігін қорғау.Есеп-қисап жұмысында,мемлекет меншігі – ол халқымыздың қазынасы.

Бухгалтерлік есеп шоттары, құрылымы мен мазмұны және жіктелуі. Бухгалтерлік есептің теориясы мен әдістемесінде бухгалтерлк есеп шоттарының жүйесіне ерекше рөл беріледі, өйткені оларды пайдаланумен қатар ақпараттарды қосарлап көрсету, оларды жинақтау және жалпылау проблемалары шешіледі. Шоттарда жазбалар екі жақты жазу әдісін қолдану арқылы жүргізіледі. Бухгалтерлік есептің шоттары дегеніміз- шаруашылық қорлары мен олардың көздерін ақшалай бағамен топтастырудың, ағымдағы есепке алудың, бақылаудың және көрсетудің әдісі. Шот- бұл ақпарат жинақтаушы. Кейіннен ол жинақталады және әртүрлі жинақ көрсеткіштер мен есептемелерді жасау үшін пайдаланылады. Шоттар шаруашылық қорлардың әрбір түріне, олардың көздеріне және шаруашылық процестеріне бухгалтерлік есеп объектілерінің белгіленген жіктемесі арқылы ашылады. Бухгалтерлік шоттарға барлық жазулар құжаттардың негізінде жазылады. Операцияларды шоттарда тіркеу ақшалай түрде жүргізіледі. Бұл орайда алғашқы құжаттардағы натуралды көрсеткіштер ақшалай көрсеткіштерге ауыстырылады.Сыртқы түрі бойынша шот екі бөлікті кестеден тұрады. Шоттардың сол жақ бөлігі- дебет, ал оң жақ бөлігі кредит деп аталады. Әрбір шотқа айдың басындағы және соңындағы қалдықтың (сальдоның) және дебеті мен кредиті бойынша ай үшін айналымның болуы тән. Шоттардың активтік және пассивтік деген түрлері болады. Олар өз атауын баланс жақтарының атауынан алған және олардың мазмұнын көрсетеді. Активтік шоттар шаруашылық қорларын олардың құрамымен орналасуы бойынша есепке алуға арналған. Активтік шоттағы қалдықтар (сальдо) тек дебеттік болады.Пассивтік шоттар шаруашылық қорларының көздерін олардың мақсаттық бағыты бойынша есепке алуға арналған.

Бухгалтерлік есепті жүргізу формалары.Бухгалтерлік есептің жүргізілуі түрлі жүйеліктегі есептік регистрлердің барлық түрлерін және оларға жазудың әралуан әдістерін пайдалануды талап етеді.Бухгалтерлік есеп формасы–бұл есептік регистрлердің жалпы құрлымдық қалпы, оларға түсірілетін жазулардың техникасы мен жүйелелігі бойынша біріктірілген әралуан түрлерінің жиынтығы.Регистрлердің құрылымы, олардың арасындағы өзара байланыс, орындалу техникасы–бухгалтерлік есеп формасының ерекшеліктерін білдіретін белгілер міне осылар. Бухгалтерлік есептің ең бірнші формасы барынша қарапайым болған. Жасалынған операциялар туралы бүкіл деректерді кәсіпорын иесі ең әуелі қойын кітапшасына жазып отырған, осыдан олар хронологиялық регистр–журналға түсірілген, онда сондай–ақ есеп шоттар қатынас қағаздары да көрсетіліп отырылған. Журналдағы мәліметтер жүйелі регистр–Бас кітапқа көшіріледі, онда әрбір құралдардың (активтердің) нақты түрімен көздеріне жеке есепшоттар ашылады (мысалы, ұнның, қанттың есеп шоты, өнім тапсырушының есеп шоты және т.б.). Бас кітап негізінде қажеттілігіне қарай баланс құрылған. Қазіргі уақытта мемориальдық–ордерлік журнал неғұрлым кең таралған. Бухгалтерлік есептің мемориальдық–ордерлік формасының мәнісі мынада: бастапқы немесе құрамалы (жинақтаушы) құжаттар негізінде мемориальдық ордерлер құрылып, оларда жазудың қысқаша мазмұны, операция санасы және есеп шоттардың қатынас қағаздары келтіріледі.

Бухгалтерлік есептің ақпаратын пайдаланушылар.Бухгалтерлік есеп ақпараттарын қолданушылар қызметін талдау арқылы оларды 2 топқа бөлуге болады: 1)Ішкі қолданушылар, яғни, ұйымның өз ішіндегі пайдаланушылар; 2)Сыртқы қолданушылар, яғни, аталған ұйымның құрамына кірмейтін пайдаланушылар. Бухгалтерлік есеп өрісіндегі көрсеткіштер жүйесін қалыптастырылып, бұл үрдісті дұрыс ұйымдастырудың басты мақсаты - сыртқы пайдаланушылар мен кәсіпорын басшыларын ақпараттармен қамтамасыз ету. Ақпараттармен қамтамасыз ету басқару жүйесінің элементіне жатады. Басқару дегеніміз – шешім қабылдау, ал тиімді басқару үшін ақпараттар жүйесін жинақтау арқылы көптеген берекесіздіктерді, түсінбеушілік пен орын алған қарама-қайшылықтарды дұрыс шешуге болады. Яғни ақпараттар өз бетінше қалыптаспайды, мұның үшін мәліметтер қажет, ал мәліметтер ақпараттар жүйесін құрайды. Ақпараттар деп шаруашылық өміріндегі фактілердің орын алғандығын хабарлау дейміз. Ақпараттар жүйесі түсінікті әрі қарапайым жолдармен аса бір сапалы және жоғарғы деңгейде орындалуы крек. Сонымен бухгалтерлік есеп аса көп ақпараттардан тұрады. Көптеген ақпараттарды жинақтап жүйеге түсіру кәсіби мамандардың ғана қолынан келеді. Ақпараттарды жинақтап, бухгалтерлік есеп жүйесіне түсіру үшін көптеген талаптар мен арнайы ережелер қажет. Бұларға: шындық, өз уақытында, қажетті дәлділік т.б. талаптар қойылады. Ақпараттар жүйесіне қойылатын талаптардың ең маңыздысы өз уақытындағы дер кезіндегі орындалатын талап.

Бухгалтерлік құжаттар, олардың атқаратын қызметі мен жіктелінуі.(2)Бухгалтерлік құжат –шаруашылық операцияларын жүзеге асыруға арналған жазбаша өнім немесе осы операцияны іс жүзінде атқаруды растау. Құжаттардағы мәліметтер бухгалтерлік есепте ағымдағы шаруашылық операцияларын көрсетуге негіз болады. Құжаттар негізінде-материалдық және ақшалай құжаттардың қозғалысына, дебиторлар және кредиторлармен есеп айырысу жағдайларына және т.б. тұрақты бақылау жүргізеді. Құжаттарды кәсіпорындар арасында дау туындаған жағдайда дәлел ретінде пайдаланады, өйткені олар атқарылған шаруашылық операцияларының жазбаша куәлігі болып табылады."Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы"Заңнына сәйкес құжаттарға мынандай талаптар қойылады:-уақтылы жасау;- позицияның сенімділігі;-дұрыс рәсімдеу.Құжатта жазылған және операцияны сипаттайтын мәліметтер деректемелер (реквизиттер)деп аталады.Жалпы кәсіпорындағы атқарылып жатқан жұмыстың, орындалған тапсырманың үздіксіз,белгілі бір тәртіппен,арнайы үлгідегі қағаздарға жазылып және оған тиісті адамдардың қолдарының қойылуы (қажет болған жағдайда кәсіпорые мен ұйым мөр таңбасының басылуы)құжаттау деп аталады. Сондықтан да құжаттау бухгалтерлік есептің негізі болып табылады. Себебі осы құжаттар арқылы ғана кез келген уақытта кәсіпорын бойынша орындалған жұмыстың, атқарылған қызметтің қай мерзімде жасалғанын және оған қандай мөлшерде шығын жұмсалғанын дәлелдеуге болады.Сонымен,бухгалтерлік құжат-кәсіпорындағы шаруашылық операциялардың орындалғанын растайтын немесе оны орындауға заңды түрде құқық беретін жазбаша куәлік. Қаржылық есеп берудің элементтері және бухгалтерлік есеп объектілері. Қаржылық есеп беру өткен операциялар мен басқадай оқиғалар туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді, ол ақшалай қаражат алынған немесе төленген кезде емес, экономикалық шешім қабылдау кезінде пайдаланушылар үшін өте маңызды.Элементтер – қаржылық есептерге кіруге тиісті баптар тобы. Қаржылық есеп берудің тұжырымдамасы жеті элемент белгілейді. Олар: активтер, міндеттемелер, капитал, кірістері, шығыстар, пайда, шығындар. Олар қаржылық есеп берудің пайдаланушыларға пайдалы ақпарат беретін бөлінбес қасиеттері болып табылады. «Объект» латын сөзінен аударғанда «пән» деген мағынаны білдіреді. Бухгалтерлік есепті меншік түріне тәуелсіз барлық кәсіпорындар жүргізеді.Кәсіпорындар қызметкерлерді, өндіріс құрылыс - жабдықтарын пайдалану арқылы өнімдер өндіреді, жұмыстар орындайды, қызметтер көрсетеді. Әрбір кәсіпорынның өзінің қарамағында меншік құрайтын шаруашылық құрал-жабдықтар болады. Бұл құрал - жабдықтар әртүрлі құралу көздерінен құралады. Сондықтан, бухгалтерлік есептің объектілеріне мыналар жатады:-Шаруашылық құрал-жабдықтар (активтер);-Олардың құралу көздері(міндеттемелер мен меншікті капитал);-Шаруашылық процестер мен шаруашылық операциялар.

Бұрмалаушылық анықталған жағдайдағы аудитордың әрекеті. Аудиттің халықаралық стандарттарының терминдері глоссариясында қаржылық есептемедегі бұрмалауға анықгама берілген. "Бұрмалау — қателер немесе алаяқгық салдарынан пайда болуы мүмкін қаржылық ақпараттағы дәл болмаушылық".. Бұрмалау екі түрлі болуы мүмкін: әдейі және әдейі емес. Қаржылық есеп беруді әдейі бұрмалау клиент персоналының әдейі жасаған әрекетінің нөтижесі болып табылады. Олар пайдаланушыны шатастыру үшін бас пайдасының мақсатын ойлаумен іске асырылады Қаржылық есеп беруді әдейі емес бұрмалау персоналдың әдейі әрекетінің нәтижесі болып табылады. Ол есептеулердегі қате, шаруашылық операциялар есебінде мұқият көрсету салдарынан болуы мүмкін. Аудиторлық фирма тексеру жүргізу жөнілде қаржылық есеп беруде бұрмалау болуын ескеруі қажет.Бұрмалау анықгалған жағдайда аудитор тексерілген есеп берудің нақгылығын барлық бар әрекет ететін аспектілерде бағалауы керек. Алаяқтық фактісі анықталған кезде аудиторға оған субъектінің жоғары басшылығы өкімдерінің қатысу ықгималдылығын анықтау қажет. Алаяқгыққа қатысы бар деп сезік тудырған қызметкерлерге жауапты адамнан гөрі жоғарырақ лауазымды адамдарды хабардар еткен дұрыс болады. Егер жоғары басшылық алаяқтыққа қатысты деп есептелсе аудиторға заңцық кеңеске жүгінуге тура келеді. Егер субъект аудитордың қаржылық есеп беруге елеулі әсер етуі мүмкін алаяқгық немесе қателер фактілерінің нақгы немесе ықтимал анық-талуын бағалауына қажетті дәлелдерді жеткілікті алуына кедергі жа-саса, онда аудитор тексеру масштабын шектеу туралы ескертпемен пікірін білдіреді және пікірді біддіруден бас тартады.Аудит процесінде анықталған қаржылық есеп беруді бүрмалау фактісін аудиторға өзінің жүмыс құжаттарында және аудиторлық қорытындыда толық көрсету керек.

Бюджетпен есеп айырысу аудиті.Салықтар, жиындар және басқа да міндетті төлемдердің төлеушілері заңды және жеке тұлғалар.Салықтар мен жиындарды және басқа да бюджетке төленетін төлеушілерді есептеу тәртібі ҚР-ның «Салықтар мен басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдер» заңдымен белгіленген.Бюджеттің кірістер бөлімін толықтыратын негізгі салықтардың бірі – корпоративтік табыс салығы. Бұл салықтың төлеушілері болып заңды тұлғалар табылады, мемлекеттік кәсіпорындар, шаруашылық серіктестер коорперативтер, коммерциялық емес ұйымдар.Корпоративтік табыс салығы заңды тұлғалармен олардың тапқан табыстың салық салынатын үлесінен бюджетке төленеді. Салық салынатын табыс болып есепті кезеңнің табыс сомасынанн Салық заңдылығына сәйкесті табылған сома есептеледі.Жоғарыда айтылғаннан басқа да салықтар түрлері бар, оларға:Қосылған құн салығы,Жеке табыс салығы,Әлеуметтік салық,Жер салығы,Мүлікке салынатын салық және т.б.жатады.Бюджетке салықтарды төлеген кезде 1030 «Ағымдағы банктік шоттағы ақша қаражаты шоты» кредиттеліп, салықтар түрлері бойынша шоттар дебеттелінеді.

Валюталық шоттардағы ақша қаражаттарының есебі. Ақша қаражаттарының атқаратын қызметі көп, ол ең алдымен төлем құралы болып табылады. Бухгалтерлік есептің «Ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі қорытынды есеп» деп аталатын халықаралық стандартына сәйкес ақша қаражаттарына, оның эквиваленттеріне нақты ақшалар және талап етілгенге дейінгі салымдар жатады. Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады. Банк шоттары-бұл банк пен клиенттер арасындағы келісім шарттың қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі. Шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есептеу үшін субъектіге арнап ағымдағы (есеп айырысу) шоттар ашылуы мүмкін. Ол сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыратын және өнімін валютаға сататын субъект үшін ашылады. Аккредитивтер, чек (аванс) кітапшаларының шоттарын және басқаларын субъектілер ақша қаражаттарын оқшаулап сақтау үшін және тиісті операцияларын жүргізу үшін ашады. Халықаралық есеп стандарттары бойынша валюталық шоттардағы ақшалар қозғалысының есебі жүргізуге арнайы шотттар белгіленбеген. Кәсіпорындар ақша қаражаттары шотының ішіннен валютаның түрлеріне байланысты аналитикалық шоттар ашады.

Ғылым ретіндегі бухгалтерлік есептің пайда болуының және қалыптасуы тарихи аспектісі.Ғылым ретіндегі бухгалтерлік есеп-баршамызға белгілі кез-келген саладағы бизнес табысы көбінесе бухгалтерлік есептің дұрыс жүргізілуіне тікелей байланысты болып табылады.Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып, қоғамның экономикалық-әлеуметтік жағдайларына сай өзгерістерге ұшырап келе жатқан, сондай-ақ өмірде өзінің ерекшелігімен оқшауланатын ғылым болып табылады.Бухгалтерлік есеп деп кәсіпорындарды ақпараттар және мәлімттермен қамтамасыз ететін мәні мен пәні бар жүйені айтамыз.Барлық кәсіпорындар,әсіресе коммерциялық бағыттағы және меншікті кәсіпорындар табыс табуды мақсат тұтады.Шаруашылық қызметтерін ұйымдастыруды қалыптастыру мақсатында ресурстар қолданылады, яғни материалдық және еңбек ресурстары, ғимараттар мен құра-жабдықтар, сондай-ақ әр түрлі қызмет көрсетулер.Ресурстар тек өздігінше қалыптаспайды, оларды әрдайым қаржыландыру қажет. Ресурстар ақша қаражаттарына алмасады. Нарықтық экономика жағдайларына байланысты ақша қаражаттары немесе ақша қаражаттарына алмасқан экономикалық ресурстардың белгілі бір қалыптасу көздері болуы қажет.Сонымен, бухгалтерлік есеп – бұл ресурстардың қолдану тиімділігін және шаруашылықтағы басқару процесін сипаттайтын ғылым болып табылады.

Дайын өнімдер есебі.Дайын өнімдер деп-өндірістің барлық кезеңдерінен (стадиялардан және технологиялық өңдеуден өткен) арнайы қойылған стандарттар немесе техникалык жағдайлар талабына жауап беретін, қоймаға өткізілген немесе тапсырыс берушілерге тікелей жөнелтілген өнімдерді айтады. Дайын өнімдер өндірістік процестің соңғы нәтижесі және өңдеуден өткен активтер түрінде танылады. Дайын өнімдердің нақтылы өзіндік құнын есепті кезең аяғында ғана шығаруға болады. Дайын өнімдер өндірістік процесте өндіріліп, уақытша ұйым қоймасына кіріске алынып, сатып алушыларға жөнелтілуі керек. Қойылған осы талаптарға сай дайын өнімдер есебінің өрісінде өнімдер шығару, өнімдерді жөнелту және өнімдерді өткізуге байланысты операцияларынан құралады. Дайын өнімдер есебін жүргізу үшін бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарында «Дайын өнімдер» шоты белгіленген. Бүл шотта дайын өнімдердің қолда бары және бұлардың қозғалысы жөніндегі операциялар есебі жүргізіледі.