Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

шпор Бух

.docx
Скачиваний:
78
Добавлен:
04.02.2016
Размер:
112.42 Кб
Скачать

Дәлелдеме алу аудиторлық процедуралары (әдістері) Сенімді дәлелдер алу үшін аудитордан белгілі бір процедураларды қолдану талап етіледі. Аудиторлық процедуралар деп-аудит өткізу кезінде дәлелдеулер жинау әдістерінің жиынтығын айтады. Клиент тарапынан аудитор-дың алдына әртүрлі міндеттер қойылуы мүмкін болғандықган, дә-ледцеулер алу үшін қандай да бір процедураларды қол-данбас бүрын, мақсатты айқындап оны негіздеу кажет. Кеңірек тараған әдістерге жай салыстыру және қорытынды есеп баптарындағы өзгерістерді талдау жатады. Және де олардың шүғыл өзгеруін талдау, аудиторды көбірек көңіл аударуды керек ететін, қоры-тынды есептегі бар ерекше ауытқу фактілеріне (белгілі бір шоггар, шаруашылық операциялары бойынша) итермелеуі мүмкін. Баптар-дың өзгеруін басқа баптардың өзгеруімен салыстыра отырып талдау, ең бастысы, экономикалық мазмүны бойынша бір көрсеткіштің өзгеруі басқа сонымен өзара байланысты көрсеткіштің езгеруімен сәйкес келмеген кезде қолданылады. Талдамалық (аналитикалық) процедураларды қаржылық қорытын-ды есепке тексеру жүргізу процессінде қолдану: жекелеген шоттар немесе шоттар тобының дүрыстығына дәлел болады;өтімділікті (ликвидтілікті), рентабельділікті (жалпы кәсіпорынның қаржылық жағдайын) тексерудің нақгы мерзіміне де (кәсіпорынның көз жетерлік болашақта қызмет атқаратындығы туралы қорытындыға алып келетін-"үздіксіз қызмет ету принципі"), өткен кезевдер үшін де бағалауға мүмкіндік береді;аудитордың назарын маңыздырақ сәттерге немесе тексеру көлемін, мерзімін және аудиторлық гонорарлардың (сый ақылардың) мөлшерін қысқартатын "осал тұстарға" шоғырландыруға көмектеседі.Аудиторлар талдамалық процедураларды орындаудың төмендегі негізгі кезеңцерін ажыратып көрсетеді:процедураның мақсатын анықгау-аудиттің мақсатына бағыныш-ты;процедураның түрін таңдау-көп жағдайда оны жүргізу (өткізу) мақ-сатымен аньщгалады, экономикалық субъект қызметінің түріне, ақпа-раттардың түсініктілігіне және бірдейлігіне байланысты болады;тиісті коэффициенттерді, ауыткуларды, тренділерді есептеуге (мысалы баланс баптарын тігінен және көлденеңінен талдау) әкеліп саятын процедураларды тікелей орындау;процедураларды орындау нәтижелерін талдау, яғни оларды таң-„даудың және жүзеге асырудың дүрыстығына, бүл процедуралардың мақсатқа қол жеткізуге қолайлылығына жалпы баға беру.Жоғарыда атап айтылғандай, талдамалық процедураларды орындау үшін аудитор пайдаланатын ақпараттар-аудитордың өзінің жасаған есептеулері. Сонымен бірге ол ақпараттар жеткілікті түрде сенімді болуға тиісті.Талдамалық процедуралардың сенімділігіне төмендегі факторлар әсерін тигізеді: шоттар бойынша қарастырылған қалдықтардың маңыздылық дәрежесі; тексеру жүргізілетін сол объектіге бағытталған басқа тадцамалық процедуралардың нәтижелері; талдамалық процедураларды орындау кезінде пайдаланылатын көрсеткіштердің ауытку шамалары; тадцамалық процедураларды орындау кезінде бухгалтерлік емес мәліметтерді пайдалану (мысалы, сатып-өткізуден түскен түсімді көрсетудің толықгығьша тексеру жүргізу кезівде енімді сандық өлшем-мен жөнелту жөніндегі мәліметтер пайдаланылуы мүмкін).

Дебиторлық борыштар аудиті. Дебиторлық борыштар – бұл басқа заңды тұлғалардың немесе жеке азаматтардың шаруашылыққа берешек қарыздары. Дебиторлық борыштар шаруашылықтың ішінде және сыртқа заңды тұлғамармен және жеке азаматтармен де пайда болады. Есептеу әдісін қолданып, қолма-қол емес есеп айырысу операциялары кезінде дебиторлық борыштардың пайда болуы заңды құбылыс болып табылады.Аудитор дебиторлық борыштар тексеруге кіріскен кезде тексеру барысында қаралатын және анықтауды талап ететін материалдарын жеке сұрақтарға бөліп, аудиторлық тексерудің бағдарламасын жасап, тексеру барысында анықталған факторларға байланыста толықтырулар мен түзетулер енгізіліп, басшылыққа алып қадағалап отырады. Дебиторлык борыштарды тексерудің аудиторлық бағдарламасы мынандай мәселелерді қамтуға тиісті:баланстың көрсеткіштерін Бас кітаптағы, есеп регистрларындағы және машинажазбалардағы мәліметтерімен салыстырып тексереді;аналитикалық және синтетикалық есептердің дұрыс жүргізілгендігін тексереді;субъектідегі дебиторлық борыштардың жағдайын олармен есеп айырысуларды түгендеу жүргізу жолымен тексереді;күдікті қарыздар резервтерінің құрылу тәртіртерін және олардың дұрыс қолданылуы тексереді;сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысуларды, вексельмен төлеу операцияларының дұрыс жүзеге асырылғандығын тексеруді;дебиторлық борыштар бойынша алынған материалдары талдап, есеп айырысуды ретке келтіру және дебиторлық борыштарды төмендетуге байланысты ұсыныстар жасауды.

Дебиторлық борыштардың есебі. Дебиторлық берешек – сатып алушылардың немесе тапсырыс берушілердің қандай да бір кәсіпорын алдындағы өткізілген тауар үшін ақша төлеу бойынша міндеттемелері. Бухгалтерлік есепте саудалық және саудалық емес дебиторлық берешекті бөліп көрсетеді.Саудалық дебиторлық берешек – негізгі іс-әрекет нәтижесінде өткізілген тауарлар мен көрсетілген қызмет үшін сатып алушылардың міндеттеме сомасы. Саудалық емес дебиторлық берешек – іс-әрекеттің басқа түрлері нәтижесінде (мыс: қызметтерге аванстар, шығынды жабуға арналған депозиттер алуға арналған дивидендтер және т.б) пайда болады. Кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа заңды немесе жеке тұлағалардан оларға сатқан тауарлары, көрсеткен қызметтері, сондай-ақ аванс ретінде алдын ала төлеген төлемдері үшін алашақ борыштары –1200 дебиторлық борыштар (алынуға тиісті шоттар) деп аталады. Осы кәсіпорындар мен ұйымдарға берешек борышы бар заңды және жеке тұлғалар дебиторлар болып табылады. Өтелетін (алынатын) уақытына қарай алынуға тиісті дебиторлық борыштар ағымдағы алынуға тиісті борыштар және ұзақ ұзақ мерзімді алынуға тиісті борыштар болып екіге бөлінеді. Кәсіпорындардың бухгалтериясы дебиторлық борыштар есебін жүргізу барысында мына төменде аталған құжаттарды қолданады:Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер және басқадай дебиторлармен есеп айырысудың есебі бойынша жоғарыда аталып өткен тіркелімдерден басқа дебиторлық борыштардың есебіне талдамалық есептің карточкалары, ажырату парақшалары (қағаздарын), бухгалтерлік анықтамалары және тағы да басқа тіркелімдер (құжаттар) қолданылады. Жалпы есеп тіркелімдерін толтыру шаруашылық операцияларының мазмұнын сипаттайтын бухгалтерлік жазулардың жиынтығын анықтау үшін керек.

Екі жақты жазу жүйесі.Бухгалтерлік есептің басты мақсаты- құжаттарда бейнеленген шаруашылық операцияларына бақылау жүргізу. Кәсіпорындарда орындалған әрбір шаруашылық операцияларын шотта бейнелеу үшін бухгалтерлік есептің ерекше тәсілі қолданылады. Ол тәсіл екі жақты жазу әдісі деп аталады. Екі жақты жазу- бұл шаруашылық операциясын әртүрлі шоттардың дебиті мен кредиті бойынша бірдей сомамен бір мезгілде көрсету әдісі. Экономикалық мағынасына қарай әрбір шаруашылық операциясы есептің екі объектісіне, яғни екі шотқа әсерін тигізеді, өйткені екіжақты сипатқа ие болады.Шаруашылық операциясын екі жақты көрсетудің мәні- ол бір шоттың дебеті бойынша және екінші шоттың кредитібойынша бірдей сомамен жазылуы тиіс. Демек, екі жақты жазу әдісін пайдаланып шоттар корреспонденциясын жасаған кезде үш құраушы қатысады: шаруашылық операциясының мазмұны; дебеттелетін шот; кредиттелетін шот.Екі жақты жазудың мәні кәсіпорын балансының құрылысымен түсіндіріледі. Онда оның мүлкі екі тұрғыдан қарастырылады: құрамы мен орналасуы бойынша (баланс активі); осы мүліктің қалыптасу көздері бойынша (баланс пассиві). Сондықтан баланстың активі мен пассивінің жиындары әрқашан тең. Демек екі жақты жазу әдісінің қажеттілігі кәсіпорынның мүлкін баланстық топтау әдісінен туындайды.

Екі жақты жазу жүйесі.Шоттар корреспонденциясы. Бухгалтерлік есептің басты мақсаты- құжаттарда бейнеленген шаруашылық операцияларына бақылау жүргізу. Кәсіпорындарда орындалған әрбір шаруашылық операцияларын шотта бейнелеу үшін бухгалтерлік есептің ерекше тәсілі қолданылады. Ол тәсіл екі жақты жазу әдісі деп аталады. Екі жақты жазу- бұл шаруашылық операциясын әртүрлі шоттардың дебиті мен кредиті бойынша бірдей сомамен бір мезгілде көрсету әдісі. Дебеттелетін және кредиттелетін шоттарды көрсету шоттар корреспонденциясы немесе бухгалтерлік жазу (бухгалтерлік жазба) деп, ал шоттар корреспонденцияланатын деп аталынады.ШОТТАР КОРРЕСПОНДЕНЦИЯСЫ – шаруашылық операцияларды тіркеу кезінде талдамалы шоттар арасында туындайтын ақпараттық байланыс; операцияларды екі қайтара жазу‚ бухгалтерлік шоттарды жүргізу тәсілі. Ол операцияның бір шамада екі шотта жазылуынан көрініс табады: бір шоттың дебетінде және екінші шоттың кредитінде жазылады. Мұндай жазбада екі жақты өзара байланыс пайда болады‚ оны Шоттар корреспонденциясы деп атайды. Шоттар корреспонденциясы бухгалтерлік есеп нысандарының арасындағы ақпараттық байланысты және шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы құқықтық қатынастарды қатар көрсетеді әрі хронологиялық немесе ұдайы жазбалар түсіру арқылы көрініс табады.

Еңбекақы есебі. Жұмыс беруші, еңбек және коллективті келсім шартқа және заңға сәйкес, жұмыстың көлемі мен сапасы, қиындығына ескере отырып, жұмыскерге еңбек ақы төлеуге міндетті. Жекелей еңбек пен коллективті жұмыс нәтижесіне қарай ақы төлеу мүмкіндіктері де қарастырылады. Жеке еңбек келісім шарттында, міндетті түрде еңбек ақы төлеу шарттары қарастырылады. Еңбек ақы көлемін жұмыс беруші тағайындайды және оның мөлшері заңмен бекітілген ең төменгі жалақы мөлшерінен кем болмауға тиіс.Еңбек ақы есептеу, әр мекеменің өзі қабылдаған штатық кестесінің негізінде, еңбек ақы төлеу жүйесі мен формасына сай, жүмыс уақыттының табелін толтыру арқылы жүргізіледі. Кез келген мекемеде қызметкерді жұмысқа алу, босату үшін немесе іс- сапарға жіберу үшін мекеме басшысының бұйрығы керек. Еңбекақы есептеген кезде бекілілген ставка бойынша жеке табыс салығы, сонымен қатар, зейнетақының жинақтау қорына аудару үшін 10% көлемі ұсталып қалынады. Еңбек ақы қорына байланысты әлеуметтік салық пен қамсыздандыру жарнасы есептеліп, оны ұйым төлейді. Еңбек ақы ұсталуға тиісті міндетті төлемдер ұсталып болғасын, төлем ведомосы бойынша еңбеккерге төленеді.

Есеп саясаты. Халықаралық бухгалтерлік стандарттарға көшу кәсіпорынның жаңа есеп саясатын әзірлеуді қажет етті. Есеп саясаты – бұл ұйымның есептік нұсқасын, нұсқалар рұқсат еткен есеп объектлерін бағалаудың, сондай-ақ белгіленген нормалардың талаптарына және кәсіпорын қызметнің ерекшеліктеріне орай бухгалтерлк еепті жүргізу мен ұйымдастырудың техникасының нысандарын таңдау. Кәсіпорынның есеп саясаты жалпылама қабылданған, белгілі бір қағидалар жиынына негізделеді. Мұның өзі нарық экономикасы жағдайында бухгалтерлк еептің рөлі мен мәнін арттыруда аса маңызды болмақ.Нарықтық экономика жағдайнда бухгалтерлік ееп іскер адамдарды біріктіре алатын бизнес пен кәсіпкерліктің тілі болып табылады. Бұған қоса, бухгалтерлік ееп макроэконмоикалық көрсеткіштердің қалыптасуының жалпы мемлееттік жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады. Ал бұның өзіт әрбір кәіпорын мұнда көрсеткіштерді есептеп шығаруға қажетті ақпараттарды әзірлей отырып, бірегей әдістер мен қағидаларға сүйенулері керек. Бұл қағидалар есеп ресімдерін таңдау мен ееп процесн әзірлеуде сақталуға тиіс, кәсіпорынның есеп жүйесндегі бастпқы сәттерді белгілейді. Олар – кәсіпорындағы бухгалтерлік есептің жүйесін құрудың іргетасы. Оның мақсаты салыстырмалы ақпаратқа рұқсатты қамтамасыз ету, қаржы жағдайы мен қызмет нәтижесі туралы шынайы ақпаратты тапсыру болып табылады.

Есеп саясатының мақсаты. Халықаралық бухгалтерлік стандарттарға көшу кәсіпорынның жаңа есеп саясатын әзірлеуді қажет етті. Есеп саясаты – бұл ұйымның есептік нұсқасын, нұсқалар рұқсат еткен есеп объектлерін бағалаудың, сондай-ақ белгіленген нормалардың талаптарына және кәсіпорын қызметнің ерекшеліктеріне орай бухгалтерлк еепті жүргізу мен ұйымдастырудың техникасының нысандарын таңдау.Есеп саясатының мақсаты: бухгалтерлік есеп операцияларын орындау барысында қателер жібермеу, фактілерді бұрмаламау, ұйымдардың қаржы жағдайын бағалау, шаруашылық қызметінің үзіксіздігін қамтамасыз ету, материалды активтерді бағалау мен есептен шығару, таза пайда резервін құру бағытындағы мейлінше жоғары дәрежедегі икемді есеп ақпараттарын қалыптастыру болып табылады.Қаржылық қорытынды есеп ақпараттарын пайдаланушылар тұрғысынан қарағанда есеп саясаты - қандай әдістердің қолданылғандығы, бірнеше есепті жылдар ішінде қорытынды есептің қалай жасалғандығы, қаржылық талдау жұмысының қалай орындалғандығы, сондай-ақ ұйым қызметі өрісінде болған өзгерістер жөніндегі қосымша ақпараттардың қалай алынғандығы, т.б. жағдайларды толығымен көрсетуі керек.Есеп саясатынын ең негізгі атқаратын міндеті ұйымдардың әр жылдар бойы таза пайда алуына әсер ету.Таза пайда алу процесіне ұйымдардың өздері ғана емес, мұның акционерлері мен инвесторлары, сатып алушылар, несиелендірушілер және салық органдары да мүдделі екендігін білген жөн.

Жарғылық капиталдың есебі. Кәсіпорынның жарғылық қызметті бастауды қамтамасыз ету үшін жаңадан құрылған кәсіпорынның жасаған қаражаттарының сомасы болып саналады. Ол акцияларды орналастырудың немесе сатудың, жеке капиталын салудың, мемлекеттің қаражаттарының, материалдық емес активтердің және басқа да мүліктердің немесе мүліктік құқықтарының есебінен құрылады. Сонымен қоса, жарғылық капитал жаңадан құрылған заңды тұлғалар өз қызметін бастау үшін бастапқы материалдық базасы болып та табылады. Шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталына салынатын салымдары, ақша да, бағалы қағаздар да, мүлік те, мүліктік құқық та және басқа да мүліктер болуы мүмкін. Жалпы кез-келген ұйымның жарғысы тиісті мемлекеттік органдарда тіркеуден өткізілуі тиіс. Қандайда болмасын қоғамның акциясын сатып алатын мүшесі ол акцияларды қоғамға немесе үшінші тұлғаға сатуға ұсыныс жасауына құқы бар. Кәсіпорындарда жарғылық капиталдың есебі «Жарғылық қор» бөлімінің:«Жәй акциялар»;«Артықшылығы бар акциялар»;«Салымдар мен жарналар»деп аталатын бөлімше шоттарында есептеледі.

Жиынтық табыс (зиян). Жиынтық табыс елдің ұлттық табысының бөлінбейтін элементі ретінде үлкен маңызды орын алады.Бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян) бұл –кәсіпорынның таза табысы, ол кәсіпорынның табысынан шығысын және заңды тұлғалардан ұсталынатын корпоративтік табыс салығын шегергеннен кейінгі қалатын сома.Бөлінбеген табыс немесе жабылмаған зиян категориясы мазмұнын экономикалық тұрғыда сипатталған жағдайда, бұл категория кәсіпорын меншігіндегі таза активтердің өсуін және кәсіпорын қызметінің тиімділігін, салынатын салық базасын, сондай-ақ осы кәсіпорынға салынатын инвестициялық қаражаттар өрісін түйіндеу үшін қажет.Жабылмаған зиян сомасы бөлінбеген табыс сомасынан шегеріледі. Халықаралық бухгалтерлік есеп принциптері тұрғысынан қарағанда: жыл ішінде алынатын табыс жоғары дәрежедегі ықтималдықта; сатудан түскен түсім жоғары дәрежедегі сенімділікте; жұмсалынатын шығындар жоғары ықтималдық дәрежеде есепке алынуы керек. Бөлінбеген табыс немесе жабылмаған зиян бухгалтерлік есеп тұрғысынан қарағанда есепке алынатын қорытындылар сапасында бухгалтердің бағалайтын нәтижесі мәнінде қаралады. Бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян) кәсіпорынның бухгалтерлік балансының ең басты элементі түрінде қаралады. Есепті жылда алынған табыс көлемі кәсіпорынның меншікті қаражаттар көзін көбейтіп отыратын дәреже, ал жабылмаған зиян көлемі меншікті қаражаттар көзін азайтып отыратын дәреже сапасында танылады.

Жолдағы ақшалардың есебі.Жолдагы ақша қаражаттарының есебі шотында кәсіпорындар кассасынан немесе есеп айырысу шоттарының басқа ұйымдарға жіберілген, әлі де болса олардың есеп айырысу шотына немесе кассасына түсе қоймаған ақша қаражаттарынын. есебі жүргізіледі. Жол үстіндегі ақша қаражаттарына мыналар жатады: банктегі шотқа есепке алынғанға дейін ақша тасымалдаушы инкассаторларға берілген ақшалай түсімдер; тиісті банкке аудару үшін байланыс мекемесіне өткізілген түсімдер; тұп нұсқадағы ақша қозғалысына тән құжаттарды банктерге тапсырғанға дейін ақша алушылар шотына аударылған ақша қаражаттары; сатуға арналған шетелдік валюта сатып алу үшін аударылған отандық ақша; тауарлар құнын, жұмыстар мен қызметтер құнын төлеу үшін несиелік карточкалардағы ақшалар. Жолдағы ақша қаражаттары шотына ақша аудару үшін банктік және кассалық құжаттар: ақша тасымалдаушы инкассаторларға берілген ведомостар; байланыс мекемесіне немесе телеграфқа аударылған соманың пошта квитанциясы; шетелдік валюталарды сатып алу және сату жөніндегі құжаттарды растайтын жеделхат немесе электронды хабарлау т.б. қосымша кұжаттар тіркелген банк көшірмесі, несиелік карточка мен төленген ақшаны растайтын электронды чектер қолданылады. Жолдағы ақша қаражаттарының бухгалтерлік есебі 1020 - «Жол үстіндегі ақша қаражаттары» активті шотында жүргізіледі. Бұл шоттың. дебеті, «Кассадағы ақша қаражаттары» шотымен корреспонденцияланады.

Жоспарлау қағидаттары мен мақсаты, этаптары .Жоспарлау принциптеріАудит жоспарын күру аудитгі жүргізудің жалпы принциптері, соны-мен бірге келесідей принциптерге сәйкес іске асырылады: Жоспарлаудың кешенділігі; Жоспарлаудың үздіксіздігі; Жоспарлаудың оптималдылығы. Аудитті жоспарлаудың кешенділігінің принципі, жоспарлаудың алдын ала аудиттің жалпы жоспары мен бағдарламасын қүруға дейінгі барлық кезеңцеріндегі өзара байланыспен келісімділікті кдмтамасыз етуді кездейді.Аудитті жоспарлаудың үздіксіздігі принципі аудиторлар тобына өзара байланысты тапсырмаларды орнату мен жоспарлау кезеңцерін, мерзімдері мен қүрылымдық бөлімшелері бойынша байланыстыру-ды көздейді.Аудитті жоспарлау оптимадцылығы принципі аудиторлық ұйым-ның өзі анықгаған критерийлер негізівде аудиттің жалпы жоспары мен бағдарламасының оптималды вариантын тандау мүмкіндігі үшін жоспарлау варианттылығын қамтамасыз етуді көздейді.Аудитті жоспарлау кезеңдеріЖоспарлау — бүл аудитті тиімді орындауға және бір мезгілде елеулі кезеңцердің байқалмай қалу қаупін төмендетуге мүмкіндік беретін процесс. Жоспарлау — бұл кез келген тексеруді жүргізу процесінде қайталанылатын аудиторлық шаралар тізімдерін жай механикалық күру емес. Әр клиент жеке тұлға және бүны жоспарлау кезінде есте үстау қажет Аудиторлар өз жүмысын тексерілетін үйым-мен танысудан бастауы керек. Бүл үшін қүрылтайшылар қүжатта-рын, қызмет түрлерін және олардың лицензияларын, есеп саясатын жөне т.б. зерттеу қажет. Үйым басшылығы мен мамандармен әңгімелесіп, қаржылық есеп берумен, оның негізгі көрсеткіштерімен танысу қажет. Бүл клиент қызметінің масштабын анықгау үшін ке-рек. Үйымды алдын ала зерттеу нәтижесінде ғана алдағы жүмыс көлемінің шамасын және еңбек сыйымдылығын, сонымен қатар аудит үзақгылығын анықгауға болады. Жүмыс көлемі, оның қиындылығы мен үзақгығына байланысты аудит қүны анықгалады.Жоспарлау процесін келесідей кезевдерге бөлуге болады.Аддын-ала жоспарлауАлдын ала жоспарлау кезеңі аудитор жұмысының төмендегі кезеңцерін қамтңды:Клиентті таңцау жене аудитті орывдау туралы шешім қабылдау;Аудитті орындау үшін персонал таңцау; Жұмыс жағдайларын келісу; Аудитті жүргізу жөнінде клиентпен шартқа отыру. Клиентті таңдау жөнв аудитті орындау туралы шешім қабылдау. Аудиторлық фирмалар жағымсыз клиенттермен ынтымақтастықжасауға және қарым-қатынас қажет емес клиештерге қызмет көрсетуді жалғастыруға міндетті емес. Жаңа клиенттерді тавдау жөніндегі фирма саясаты келесідей элементтерді қамтиды: Көзделген клиент беделін, оның каржылық жағдайының нақгы-лығын және оның алдыңғы аудиторлық фирмамен өзара қатынаста-рын бағалау; Аудиторлық фирманың мүмкін болатын клиентке қатынасының тәуелсіздігін бағалау.Жұмыс істеп отырған клиенттермен қатынастарды жалғастыру туралы мәселелер кезең сайын не ерекше жағ-дайлар пайда болған кезде қарастырылуы мүмкін. Тексеруді бастау туралы шешім қабыдцанғаннан кейін оны жүргізу мақсаттары мен масштабтары анықгалады. Кептеген аудиторлық фирмалар клиенттің салалық ерекшелігіне бейімділген тексеру жоспарының өзіндік ішкі стандарттарын даярлайды. Аудиторлық фирманың фирмаішілік стандарттары негінде клиен-тпен алдын ала танысу сәйкес белімдерден тұратын аддын ала жос-парлау банкісінде көрсетілуі керек.Бірақ аудиторға кажет білім деңгейі әдетте субъект басшьшығы ие білім деңгейінен әрқашан төмең, болады. Клиент бизнесі туралы білімге ие болу ақпаратты жинау мен бағалаудың және алынған білімді аудиторлық дәлелмен салыстырудың үздіксіз және кумулятивты процессі болып табылады. Мысалы, жоспарлау кезеңінде жиналға-нына қарамастан ақпарат әдетте аудитор клиент бизнесі туралы то-лығырақ түсінік алатын кейінірек кезендерде нақгыланады және то-лықтырылады.Аудитор сала мен субъект туралы мәліметтерді келесідей көздер-ден ала алады:Клиенттің өндірістік және әкімшілік бөлмелерін қарау, оныңбизнесі мен операцияларын дұрыс түсінуге көмектеседі. Себебі ауди-тор персонал қызметін бақылау және түрлі деңгейдегі басшылармен жеке әңгімелесу мүмкіндігіне ие болады.Тәуекелдікке негізделетін аудит кезінде клиент бизнесін зерттеу мен жоспарлауға аудиторлық процедураның жартысына жуығы жүмсалады. Аудиттің жалпы жоспарыАлдын ала жоспарау процессінде алынған мәліметтер негізінде аудитор жалпы жоспарды дайывдауға, оның негізінде тексеру бағ-дармаларын дайындауға кіріседі.Аудитордың басқа жұмыс кағазына қарағанда жалпы жоспар дай-ындау процессінде ұйым басшылығымен талқыланады. Бүл аудиторлар мен клиент мамандары жұмысын үйлестіру арқылы аудитор-лық тексеру тиімділігіне көмектесуі мүмкін.

Инвестициялар есебі.Инвестициялар деп өнерксіптің,құрылыстың,ауыл шаруашылығының және экономиканың басқа да салаларының кәсіпорындарына капитал түрінде салынып, жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтамыз.Инвестициялық қызметтің мақсаты-түпкі нәтижесінде кәсіпкерліктен табыс немесе процент алу болып табылады.Инвестицияның көзі болып жаңадан қалыптасқан құн немесе таза табыстың жинақталған бөлігі саналады.Бағалы қағаздардың көп түрлілігі инвестицияны жіктеудің көптеген критерийлерін алдын ала айқындайды.Қаржылық инвестиция өзінің пайдалану мерзіміне қарай қысқа және ұзақ мерзімді болып бөлінеді.Инвестиция өзінің арналымы немесе алынған мақсаты бойынша:қаржылық және нақты болып бөлінеді.Нақты инвестициялар- бұл кәсіпорынның негізгі капиталын және материалдық - өндірістік қорын өсіруге салынатын салымдар.Қаржылық инвестициялар- бұл субъектінің табыс алу мақсатында пайдаланатын активі, инвестицияланған капиталдың өсімі немесе алынатын басқа да олжалар. Сондай-ақ қаржылық инвестицияға пайдаланбай тұрған жылжымайтын мүліктер де жатады. Қаржылық иевестицияның бір түрі болып бағалы қағаздар да саналады. Барлық бағалы қағаздар екі топқа бөлінеді- ақшалай және күрделі болып. Ақшалай бағалы қағаздарды алған кезде ақшалай қарыздарды алғандағыдай етіп рәсімделеді. Бұл борыштық бағалы қағаздар. Оларға: вексельдер, депозиттер және жинақ сертификаттар және т.б. жатады

Касса операцияларының есебі. Кассалык операциялар есебін жүргізудің тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің ережелерімен шектелген. Қолма-қол накты ақшамен есеп айырысу және ақшаға тән құжаттарды сактау үшін әрбір кәсіпорынның кассасы болуы керек. Акшаның дұрыс сақталуына кәсіпорын басшысы тікелей жауапты.Нақты ақша кәсіпорын кассасында сақталады. Касса-деп қолма-қол нақты ақша айналысы бойынша барлық операцияларды орындаушы және рәсімдеуші кәсіпорынның жеке бөлімшесін айтады. Кассалық операцияларды екі жақты келісім-шарт жасау арқылы жұмысқа алынған кезде өз міндетін жауапты түрде атқарамын және кассалық операциялармен таныспын деп колхат беруші кассир жүргізеді. Ақшаға тән құжаттар кәсіпорынның кассасында сақталады. Бұларға: акциялар, нарықтық құнды қағаздар, қазыналық вексельдер, займдар, құны төленген ұшақ билеттері, сатылып алынған жолдамалар (демалыс үйіне, сауықтыру орындарын), лотерея билеттері жатады. Ақша құжаттарының бухгалтерлік есебі кассалық есептегі ақшалар есебімен бірдей жүргізіледі. Кассадағы ақшалар есебі 1010-«Кассадағы ақша қаражаттары» деген активті шотта жүргізіледі. Бұл шоттың дебетінде ақша қаражаттарының кассаға келіп түсуі, ал кредитінен ақша қаражаттарының кассадан шығуы көрсетіледі.

Кассадағы ақша қаражаттар аудиті.Ақша қаражаттарын аудиторлық тексеру кассалық операцияларды тексеруден басталады. Шаруашылық субъектiнiң кассасында нақты ақшаны қабылдау, сақтау және өткiзу бойынша операцияларды жүзеге асыру тәртiбiн реттейтiн негiзгi нормативтiк құжат 1993 ж 23 шiлде айында Қазақстан Республикасының Ұлттық банк Басқармасы мәжiлiсінде бекiтiлген Қазақстанның Ұлттық валютасында кассалық операцияларды жүргiзудiң Уақытша тәртiбi болып табылады.Бұл құжат нақты ақшаны сақтаудың, оны қабылдаудың, кассалық құжаттарды рәсiмдеудiң бiртұтас тәртiбiн белгiлейдi.Кассаны түгендеу аудитордың тексеру орнына келген сәттен жүргiзiледi. Оны жүргiзуден бұрын аудитор шаруашылық субъектiде кассадағы нақты ақша қаражаттарды тексерудi жүйелi жүргiзу үшiн тұрақты әрекеттегi комиссияны тағайындау жөнiндегi басшының бұйрығының болуын, бұл бұйрықтың орындалуын, кассаны кенеттен тексеру актiлерiнiң болуын және олардың мазмұнын тексередi, кассир тек қана тексерiлетiн субъектiде жұмыс iстеуiн әлде өзiнiң мiндетiн басқа мекемелерге де көрсетуiн, кассирдi тағайындау туралы бұйрықтың және жеке материалдық жауапкершiлiк туралы келiсiм-шарттың болуын, кассирдiң кассалық операцияларды жүргiзу ережелерiмен таныс болуын тексередi.Ақша қаражаттарының операциялары, әсiресе нақты ақша операциялары мiндеттi жалпылама тексерудi талап етедi. Сондықтан кассалық құжаттар бүкiл тексерiлетiн кезеңге жалпылама тексерiледi. Кассалық опреацияларды, құжаттарды жалпылама тексерудiң алдын бұл тексерудi жоспарлау керек. Кассадағы түгендеу жүргiзудiң тәртiбi келесiдей:1кассаны тексеру мүмкiндiгi болмаған жағдайда немесе бiрнеше кассасы бар болған жағдайда барлық кассалар аудитормен мөрленедi, кiлт кассирде, ал мөрi аудиторда қалады. Бұл бiр кассада-аудиторда қалады. Бұл бiр кассадағы ақшаның басқа кассирдың нақты ақшаның есебiнен жетiспеушiлiктi жабу мұмкiндiгiн болдырмау мақсатында жасалады. 2Кассир түгендеу комиссия мүшелерiнiң қатысуымен соңғы күнге кассалық операциялары туралы есеп бередi, кассалық кiтап бойынша ақшаның қалдығын шығарады және касалық есеп беруде барлық кiрiс және шығыс құжаттарының бар екенi туралы қолхат бередi. Бұл қолхат кассаны түгендеу актiсi формасының бас бөлiгiне кiргiзiледi.3Кассалық отчетқа тексерiлетiн субъектiнiң бас бухгалтерi қол қояды.4Ақшаны толық қайта есептеу жүргiзiледi. Мұндай мiндеттi процедура касссада сақталатын басқа да құндылықтар мен ақшалай құжаттарына (пошта маркiлерi, мемлекеттiк баж маркiлерi, вексель маракалары, жол билеттерi, төленген авиабилеттер, төленген бiрақ демалыс үйлерiне, санаторийлерге берiлмеген жолдамалар және т.б.) жүргiзiледi. Ақша мен құндылықтар екi рет қайта саналады – бiрiншi кассир, кейiн басқа мүшесi. Аудитор осы аудиторлық процедураның дұрыс жүргiзiлуiне бақылауды жүзеге асыру қажет.