Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

шпор Бух

.docx
Скачиваний:
78
Добавлен:
04.02.2016
Размер:
112.42 Кб
Скачать

Компьютерлік өңдеу деректер жүйесімен байланысты ақпараттарды құжаттау. Компьютермен қамтамасыз ету бөлімінде бақылаудың жинақталуы (шоғырлануы).Процедураларды стандарттау және кәсіпорынның компьютерлік ресурстарын пайдалану қажеттілігі бақылаудың компьютермен қам-тамасыз ету бөлімдеріне жинақталуына (шоғырлануына) алып келді, бүл, әрине, потенциалдық кемшіліік болып табылады.Әдетте, компьютерлік ақпараттық жүйе саласында мәліметтерді өңдеумен айналысатын адамдардың саны ақпараттарды қолмен өңцейтін мамандарға қарағанда аздау. Ақпараттарды өңдеуге жауап-ты қызметкерлер мәлімет көздері мен оларды өңцеу және нәтиже-лер алу байланыстары жөнінде егжей-тегжейлі білімді меңгерген бірденбір түлға болуы мүмкін. Мүндай адамдардың бағдарламаны немесе мәліметтерді өзгертуге мүмкіндігі бар.Көптеген компьютер пайдаланушылар бүл қауіпті компьютермен қамтамасыз ету бөлімі қызметкерлері арасында міндеттемелер бөлінетін және басқа бөлімдерге өңцелген мәліметтердің дәлдігін тексеруге мүмкіндік беретін бақылау проце-дураларының өзгеруі арқылы төмендетеді.Бағдарламалар мен мәліметтердің шоғырлануы. Шаруашылық опе-рациялары, негізгі файлдар және бағдарламалар бойынша мәліметтер әдетте бірге сақталады, ал бүл деген бағдарламалар мен мәліметтерге өкілеттілігі жоқ персоналдың кіруіне тікелей мүмкіндік беру қаупі болып табылады. Енгізілетін қүжаттардың жоқ болуы. Кейбір жүйелерде кәдімгі күңделікті бухгалтерлік кітаптар жүргізілмейді. Мысалы, оператор тап-сырманы телефон арқылы алып, тиісті ақпаратты тез арада енгізу үшін терминалды пайдалана алады. Көзге көрінетін іздердің және шаруашылық операциялары нәтижелерінің болмауы (жоқ болуы). Қазіргі жүйелер, әдетте, басыл-ған мәліметтердің көлемін шектеу мақсатында жасалынады. Бақы-лау магниттік тасымалдаушыда сақталынатын мәліметтерге қол жеткізу мүмкін болмайтын есеп беру принципін қабылдау арқылы жүзеге асырылады. Осылайша, аудитор—бастапқы қүжаттардан бас-тап қаржылық қорытынды есепке дейін жүйесі арқылы кәдімгі тәсілмен жекелеген шаруашылық операцияларына бақылау жасай алмайды. Мүндай жағдайда (көзге көрінетін) ауди-торлық із жоғалады деп есептелінеді.Мәліметтерге және компьютерлік бағдарламаларға кіру жеңілдігі. Бүл жерде мәселе алынып қалған терминалдармен бірге өзгеруі мүмкін ақпараттарға сенімсіз (бекітусіз) кіруде балып отыр. Компьютерлік жүйелер мәліметтерге кіру үшін ашығырақ, сондықтан олардың әр-қайсысында ақпараттарға кіру қүқығы мен өкілеттілігі анық шектеледі, сонымен бірге рүқсат етпей кіруден сақтау және бақылау жуйесі енгізілген. Ақпараттарға кіру, енгізу, езгерту және өшіру қүқығын шектеу басқа да бірқатар тәсілдермен толықтырылады. Аудиторға алгоритмді қолданыстағы заңцарға және клиенттің есеп саясатына сөйкестігіне қатысты тексеру және бухгалтерлік есепті, салық есебін жүргізу тәртібівде немесе басқа завдарда өзгеріс бол-ған жағдайда алгоритмді өзгертудің (корректировкалаудың) орында-лу мүмкіндігін анықтау қажет.

Компьютерлік өңдеу деректері жағдайында аудит жүргізуге қойылатын талаптар Экономикалық субъектілердің қызметін жүзеге асыру процессінде дербес компьютерлер олардың ішінде есеп ақпараттарын өндеуге және ішкі аудитті жүргізуге арналған компьютерлер кеңінен қолданылады.Сыртқы аудитор өзінің жүмысында компьютерді жене компьютерлік ақпараттық жүйені екі тәсілмен пайдалана алады: клиент ретінде барлық қаржы-есептік ақпараттарды немесе оның белгілі бір бөлігін тіркеу үшін компьютерді пайдаланады;аудит өткізуді жеңілдету үшін, әсіресе клиент компьютерлік жүйені пайдаланатын болса.Тексеруге кірісе отырып, аудитор мәліметтерді өңцеудің үйым-дық нысанымен және басқару міндеттерін, оның ішінде бухгалтерлік есептің міндеттерін автоматтандыру деңгейімен танысады.Компьютерлік ақиаратгық жүйе дегеніміз — бүл, басқарудың барлық деңгейіңце тиімді шешімдер қабылдау, жоспарлау және өзінің жауап беретін салаларына бақылау жасау үшін қажетті ақпараттар дайывдап берудің ресми ережелері мен процедураларының жинағы-нан түратын көптеген кіші жүйелерді біріктіруші жүйе .Клиенттің компьютерлік ақпараттар жүйесі жартылай немесе то-лығымен компьютерлендірілуі мүмкін. Басшыларға ақпараттар қүрамында статистика, талдау, коэффи-циенттер, қорытынды есептер және тағы басқалары бар есеп беру арқылы жетеді. Тиімді есеп берулер төмендегі факторларды есепке алады:басқару деңгейін. Жоғарғы басшылар барлық салалар бойынша ең кең аспектіні қамтитын қорытынды есепті талап етеді; орта деңгейдегі басшылар олардың функционалдық қызметі жөнівде мө-селе қозғалатын қорытыңцы есепті талап етеді; операциялық басшылықтың қорытынды есебі жауапкершіліктің нақты айқындалған салаларымен шекгеледі.жиілік. Белгілі бір кезеңдік есеп берулер автоматты түрде күн сайын, апта сайын, ай сайын немесе жьш сайын жүргізіледі. Бүл, өрине, үйымның ішкі саясатымен анықталуға тиісті. жеделдік. Белгілі бір есеп берулердің кешіктірілуі немесе олар-дың берілмеуі шаруашылық операцияларына қатты әсер етуі мүмкін. Оқиғалар, көрсеткіштер және талап етілетін есеп берулер жеделдік дәрежесі бойынша анықталуға және жіктелуге тиісті. Жіктеу комму-никациялық құралдар арқылы анықталуға тиісті: жедел ақпараттар-ды тасқа басылған түрде емес, ең жақсысы телефон, телефакс неме-се компьютер арқылы беру керек.нақтылық. Басқарудың әртүрлі деңгейі қорытынды есепте берілетін ақпараттардың әртүрлі деңгейін та-лап етеді. Әдетте, деңгей жоғарылаған сайын нақтылық аздау талап етіледі. Артық нақтыланған (егжей-тегжейленген) ақпарат-тар дүрыс емес шешім қабылдауға және шығындардың көбеюіне алып келуі мүмкін. Қоры-тынды есеп оны қүру мақсаты үшін жеткілікті түрде дәл болуға тиісті, және де дәлдік деңгейін барлық уақытта 100 пайызға жеткізу міндетті емес.Жоғарыда айтылып өткендей, аудитор білуге және есепке алуға тиісті компьютерді пайдалануға негізделген жүйенің бірқатар ерек-ше белгілері бар. 1008 "Тәуекелдікті бағалау жөне ішкі бақылау-Ақпа-раттық жүйені басқарудың сипаттамасы мен талдауы" деп аталатын Халықаралық аудит ставдарты төмендегі негізгі сипаттамаларды ай-қындайды:компьютерлік ақпараттық жүйё туралы білімдердің шоғырлануы;бағдарламалар мен мәліметтердің шоғырлануы;енгізілген қүжаттардың жоқ болуы; шаруашылық операцияларының және нәтижелердің көзге көрінетін іздерінің жоқ болуы;мәліметтер және компьютерлік бағдарламаларға кірудің жеңілдігі;бақылаудың бағдарланған жүйесі; жүйемен жасалынған операциялар; бағдарламалардың есінде сақталған мәліметтер мен ақпараттар-дың осадцығы.

Кредиторлық қарыздар есебі.Қазіргі таңда қаржының жетіспеушілігінен банктер мен басқа да мекемелерден қарыз, несие алып өздерінің жұмысын жаңдандырып жатқан, сондай-ақ кредиторлық қарыздарын шектен тыс көбейтіп алып, оларды қайтаруға мүмкіншілігі болмай жабылып, банкротқа ұшырап жатқан кәсіпорындар көптеп кездеседі. Осыған байланысты кредиторлық қарыздар есебі қаржы есебінің негізгі бөлімдерінің бірі болып табылады. Бюджет – жалпы мемлекеттік тұрғыдан бөлініп пайдалану, жұмсау ушін құрылатын қаржы қоры болып табылады. Бюджеттің қаржысы экономиканы дамытуға, халықтың материалдық әл-ауқатын, мәдени деңгейін көтеруге және басқа да мақсаттарға пайдаланады.Қазақстан Республикасының салық кодексіне сәйкес жеке және заңды тұлғалардан алынатын салықтар, Мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі көзі болып табылады.Еншілес (тәуелді) серіктестіктерге кредиторлық қарыздардың есебі «Еншілес серіктестіктеріндің алашағы» және «Бірлесіп бақыланатын заңдытұлғалардың алашағы» деп аталатын синтетикалық шоттарда жүргізіледі. Ірі кәсіпорындардың талдамалық шоттарында дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысушылардың талдамалық есебінің карточкалары пайдаланады.

Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есептің заңды түрде реттелуі. Бухгалтерлік есепті реттеу принциптері әрқашанда жаңару процесінде болады және өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп отырады. Бухгалтерлік есеппен енгізілетін тапсырмалардың күрделілігі мен жауапкершілігі есеп саясаты принциптерінің айқындылығымен қамтамасыз етіледі. Бұл бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды реттейтін нормативті құжаттарға сүйенетін және шаруашылық шешімдер қабылдайтын субъектілердің көбеюімен байланысты. Егер әкімшілік-жоспарлық экономика аясында инвестициялар туралы шешімдерді жалғыз субъект – мемлекет қабылдаса, ал нарықтық жағдайларда мұндай шешімдер көптеген ұйымдар санымен қабылданады, тек мемлекет қарамағындағы ұйымлар ғана қатыса алмайды. Нарықтық экономикада мемлекеттің рольі айтарлықтай қысқарады және тек салық жинау мен нормативті құқықтық актілердің сақталуын қадағалайды.Қазақстандағы бухгалтерлік есепті реттеуді басқа да мүдделес министірліктер мен ведомостволармен келісе отырып Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі іске асырады. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» Заңмен жетекшілік ете отырып, ол министрлік Қазақстан Республикасындағы есеп беру мен бухгалтерлік есеп туралы жалпы ережелерді, әдістемелік нұсқаулар мен бухгалтерлік есептің жекелеген бағыттары бойынша рекомендацияларды, бухгалтерлік есеп стандарттарын, сонымен қатар, стандарттарды қолдану жөніндегі әдістемелік нұсқауларды, басқа да есепке байланысты мәселелерді бекітеді.

Қазақстанда аудиттің құрылуы мен дамуы XX ғасырда бухгалтерлер мен аудиторлардың аса ірі трансұлттық ұйымдардың құрылуына әкеп соқтырған әлемдік экономика мен бизнестің ғаламдасу тенденциясы біршама тереңдей түсті. Кәсіби аудиттің дамуы үшін Халықаралық есеп стандарттары бойынша Комитет, Жоғары бақылау органдарының халықаралық ұйымы,Халықаралық бухгалтерлер федерациясы БҰҰ-да 1979 жылы құрылған Есеп пен есеп берудің халықаралық стандарттары бойынша үкіметаралық сарапшылардың жұмысшы тобы (ISAR) сияқты халықаралық және аймақтық ұйымдар қызметтің маңызы айрықша. Осы жаңашылдықтардың барлыңғы ендігі жерде аудиттің бухгалтерлік жазбалардың кеңселік нақтылығын тексерумен ғана шектелмей, салалары мен ауқымының біртіндеп кең өріс алуын көрсетеді. АҚШ және Ұлыбритания сияқты дамыған елдерде тәуелсіз аудиттің өзгеше жүйесі қалыптасқан. Оларды жетілдірудің қажеттілігі көптеген кредиторлар, инвесторлар және басқа да мүдделі пайдаланушылар тарапынан шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметі туралы сенімді қаржылық сұраныстың өсуінен туындап отыр.

Қаржылық есеп беру мен жұмыс құжаттарын талдау. Қаржылық есеп беру – бұл кәсіпорынның есепті кезеңдегі қаржы-шаруашылық қызметіне сипаттама беретін белгілі нысандарға топтастырылған көрсеткіштер жүйесі. Қаржылық есеп берудің мақсаттары есеп берудің негізгі қаржылық жағдайы нәтижелер жайында ақпарат ұсыну болып табылады. Қаржылық есеп беруді толтыруға қойылатын талаптар : көрсеткіштердің қарапайымдылығы мен түсініктілігі, деректердің шынайылығы; жинақтамалы және талдамалы есеп деректерінің сәйкестігі, есептік көрсеткіштердің жоспарлы көрсеткіштермен салыстырмалылығы, есепті көрсеткіштердің өткен жылдың осындай мерзімдегі есепті көрсеткіштермен салстырмалылығы. Қаржылық есеп берудің жасалу дұрыстығына кәсіпорынны /мекеменің/ басшысы және бас бухгалтер, сондай – ақ жоспар жасау қызметінің басшысы жауап береді. Қаржылық есеп беру қаржылық есептеменің бір бөлігі болып табылады және бухгалтерлік есептің стандарттарымен анықталады. Қаржылық есептемеге түсіндірме жазу, қосымша кестелер және осы есеп беруге негізделген немесе олардан алынған ақпараттар енеді және онымен бірге оқылатын болады. Жұмыс құжаттарының жалпы мақсаты - аудитордың аудитті нормативтік-қүқықтық актілерге және жалпы көпшілік қабылдаған стандарттарға сәйкес жүргізгендігіне сенімді болуы. Жұмыс құжаттарының маңызы төмендегілерден тұрады:олар аудитті жүргізу және жоспарлау кезеңінде көмектеседі;олар аудиторлық жұмысқа шолу жасауға және аудитке бақылауды ұйымдастыруға жағдай туғызады;оларда аудиторлық қорытындыны растаушы процедуралардың орындалуы нәтижесіңде алынған аудиторлық дәлелдеулер бар. Жұмыс құжаттары әдетте екі типке бөлінеді:Тұрақты құжаттардың картотекалары;Қысқа мерзімді қүжаттардың картотекалары.Барлық жұмыс құжаттарында төмендегілер болуға тиісті:басы, толтырылған мерзімі және оларды дайындаған қызметкердің фамилиясы;пайдаланылған символдардың суреттемесі;ұқыпты және мұқият дайындалуы.Әрбір құжаттың бас жағында төмендегі ақпараттар болуға тиісті:клиенттің аты және папканың номері;кезеңнің басы және аяғы;жұмыс құжатының мазмұны;жұмыс құжатының Қысқа мерзімді немесе негізгі папкаға жататын жатпайтындығы.

Қаржылық есеп беруге элементтері аудитінің мақсаты Аудиттің ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптар. Қаржылық есеп элементтер аудитінің мақсаты. Қаржылық есептіліктің бөлшектеу кезеңдері. Аудит жүргізудегі объект бойынша және циклдік амалдар.Құрылтай және есептік-қаржы құжаттарын тексерудің мақсаты – қолданыстағы заңнамаға тексерістегі объекттің құрылтай және есептік-қаржылық құжаттардың сәйкестігіне қатысты ой қалыптастыру, оның жарғылық капиталдың қалыптасуының дұрыстығы. Тексеріс үшін ақпарат көздері: кәсіпорынның жарғысы, құрылтай құжаттар, мемлекеттік тіркеу және статистика органдарындағы, салық органдарындағы тіркеу жөніндегі куәліктер, құрылтайшылар жиналысының хаттамалары, эмиссия проспектері, акционерлер реестрі, бұйрықтар, өкімдер, ішкі ережелер, лицензиялар, акцияларды қабылдау-беру акттері, акцияның төлем шотына енгізілген мүлікті бағалау акттері, есеп регистрлері, материалды емес активтер, жер учаскелеріне, жылжымайтын мүлік объектітеріне құқықтарын растайтын құжаттар, Бас кітап, бухгалтерлік есеп беру және т.б.Құрылтай құжаттар аудитінің мақсатына жету мен кәсіпорынның жарғылық капиталының қалыптасуы үшін келесі міндеттер шешілуі тиіс:Кәсіпорынның заңды статусын, әрекет ету сферасын және қызмет ету құқығын анықтау;Лицензиялауға жататын әрекет түрлері бойынша лицензияның бар-жоғын анықтау;Жарғылық капиталдың қалыптасуы мен өзгеруінің тәртібін тексеру және оның құрылымын зерттеу.Ревизорлар құрылтай құжаттармен таныса келе, оның құрылтайшылар құрамын және жарғылық капиталдағы олардың үлесін анықтайды. Сонымен қатар ревизор-аудиторлар кәсіпорынның ұйымдық құрылымы, филиалдары мен өкілеттіліктерінің бар-жоғы; басқару шешімдерін қабылдау кезінде барлық деңгейдегі жетекшілердің өкілеттіктері; құрылуы жарғыда қарастырылған қор түрлері; пайданы бөлу тәртібі жөнінде; кәсіпорынды жою мен қайта ұйымдастыру туралы; мүлікпен келісім сомасы бойынша орындаушы дирекция үшін шектеуледің бар-жоғы жөнінде және т.б. түсінік алады.

Қаржылық есеп берудің нысандары. Қаржылық есеп беру дегеніміз кәсіпорынның өткен кезеңдегі қаржылық шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтамыз. Қаржылық есеп берудің мақсаты өз пайдаланушыларына заңды тұлғаның қаржылық жағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы ақпараттарды беру болып табылады. Қаржылық есеп берудің пайдаланушыларының қатарына потенциалды инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, еңбеккерлер, сондай-ақ мемелекеттік органдар кіреді.Қаржылық есеп беру басқарушы органдардың жұмысын және субъектінің ресурстарын, міндеттемелерін және ақша қаражаттарының болашақтағы ағындарын бағалауға, несие беру бойынша шешімдерге және инвестициялық қызметтерді қабылдауға пайдалы ақпараттарды береді.Есеп беруге қойылатын негізгі талаптар: кәсіпорын қызметінің нәтижесін анық және объективті көрсету, барлық көрсеткіштерді бір-бірімен қатаң түрде үйлестіру, бухгалтерлік пен жедел-статистикалық есеп берудің сабақтастығын сақтау, әдістемелік және басқа да ережелерді сақтау болып табылады.Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі қаржылық есеп беру болып табылады.ҚР Президентінің 1995 жылғы «Бухгалтерлік есеп туралы» заң күші бар Жарлығына сәйкес, 1998 жылдан бастап қаржылық есеп беруге мыналар жатады:1)бухгалтерлік баланс; 2)қаржы – шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп; 3)ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп.

Қаржылық есепте сатып алу кезеңі шоттарының дұрыстығы критериі және аудит жүргізу барысында тексеруге жататын негізгі ұсынымдар.Өніммен жабдықтау үшін тұтынушылардың берген тапсырыстарына бақылау жасау процедураларын зерттеу кезінде аудитор төмендегілерге көз жеткізуге тиісті:келіп түскен тапсырыстардың оларды тіркеу журналына жазылғандығына. Сатып-өткізу бөлімінің тиісті лауазымды қызметкері тапсырыс алған кезде бақылаудың төмендегі сәттерінің нақты бары тексеріледі:- тапсырысты құрушының қолы және оның лауазымының көрсетілуі;- тапсырыс берушінің заңды мекен жайы және банктік реквизиттерінің көрсетілуі;- тапсырыс берушінің нақты шарттары бар ниеті (келісім заты, ассортимент, саны, сапасы, бағасы, мерзімі және т.б.);-тапсырысты орындаушының толық аты-жөнінің көрсетілуі;Көрсетілген параметрлерден ауытқулар тапсырысты орындау мүмкіндігін алдын-ала бағалау кезінде есепке алынады.Тапсырыстың барлық түсініксіз жақтарын тапсырыс беруші телефон немесе факс байланысы арқылы анықтап алады.Тапсырыс ары қарай қарастыруға тек жоғарыда көрсетілген параметрлерден ауытқулар жоқ болған кезде ғана жіберіледі;барлық тапсырыстар тіркемелерімен бірге оларды топтау тәртібімен номерленеді, тіркеу кітабына жазылады және түскен тапсырыстарды есепке алу журналына тігіледі. Тапсырыстардың көшірмелері тіркемелерімен бірге коммерциялық несие бере отырып, тапсырыстарды орындау мүмкіндігі жөнінде шешім қабылдаушы лауазымды тұлғаларға беріледі.Жоғарыда көрсетілген бақылау процедураларын аудитор тапсырыстар көрсетілген құжаттарды іріктей (тандай) отырып тексереді.Аудитор осы кезеңге келіп түскен тапсырыстарды тіркеудің толықтығын растау үшін белгілі бір кезеңді (мысалы, өткен айды) таңдайды; жетпейтін номерлерді анықтау үшін таңдап алынған кезеңде келіп түскен тапсырыстарды сканерлейді; осы тапсырыстардың номерлерін тапсырыстарды тіркеу кітабында көрсетілген тиісті номерлермен салыстырады.Аудит барысында тексеруді талап ететін негізгі бекітулер:Толықтық категориясына сәйкес келетін мәліметтерді анықтау,Дәлдік категориясына сәйкес келетін мәліметтерді анықтау,Нақты бар болу категориясына сәйкес келетін мәліметтерді анықтау,Бағалау категориясына сәйкес келетін мәліметтерді анықтау,Құқық және міндеттемелер категориясына сәйкес келетін мәліметтерді анықтау, Ашып көрсету категориясына сәйкес келетін мәліметтерді анықтау.

Қаржылық есепті ұйымдастыру.Есеп беру деп кәсіпорынның өткен кезеңдегі қаржылық-шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық кеөрсеткіштер жүйесін айтамыз. Есеп беру прцесін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады.Қаржылық есеп берудің мақсаты өз пайдаланушыларына заңды тұлғаның қаржылық ждағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы ақпараттарды ьеру болып табылады. Қаржылық есеп берудің пайдаланушыларының қатарына потенциалды инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, еңбеккерлер, сондай-ақ мемлекеттік органдар , т.б. кіреді. Қаржылық есеп беру басқарушы органдардың жұмысын және субъектінің ресурстарын, міндеттемелерін және ақша қарадаттарының болашақтағы ағындарын бағалауға, несие беру бойынша шешімдерге және инвестициялық шешімдерді қабылдауға пайдалы ақпараттарды береді. Осымен қоса, есеп беру кәсіпорнының шаруашылық қызметін жедел басқару үшін қажет және ол болашақ кезеңдерді жоспарлау мен болжау үшін басты база болып табылады.Есеп беруге қойылатын негізгі талаптар: кәсіпорын қызметінің нәтижесін анық және объективті көрсету, барлық көрсеткіштерді бір-бірімен қатаң түрде үйлестіру, бухгалтерлік пен жедел статистикалиқ есеп берудің сабақтастығын сақтау, әдістемелік және басқа да ережелерді сақтау болып табылады.

ҚР-да аудитті реттеу нормативтік жүйесі.Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2012 жылғы «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының қаулысымен бекітілген Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2013 жылға арналған жоспарының «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» заң жобасын әзірлеу көзделген. Заң жобасы мемлекетік аудит жүйесін енгізудің құқықтық тетіктерін құру және басқару тиімділігін арттыру үшін ұсынымдарды ұсыну, мемлекет қаржысы мен мемлекет активтерін пайдалану мақсатында әзірленген. Заң жобасында халықаралық аудит қағидаттарын және Лима декларациясының талаптарын және халықаралық аудит стандарттарын қолдану көзделген. Жүргізілетін мемлекеттік аудит нәтижелерін өзара тану үшін ішкі аудит жөніндегі уәкілетті орган әзірлейтін ішкі аудит жөніндегі стандарттар мен рәсімдерді Есеп комитетімен келіскеннен кейін бекіту ұсынылады. Субъектіге байланысты мемлекеттік аудит сыртқы және ішкі болып бөлінеді. Заң жобасында мемлекеттік аудиттің мынадай түрлері көзделеді: сәйкестік аудиті; тиімділік аудиті.

Қызметкерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысу аудиті.Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысудың аудиторлық тексеруінің негізгі мақсаты - еңбекақы есебін жүргізудегі құқықтық-нормативтік актілердің әрекеттілігін тексеру, бухгалтерлік есеп жағдайы мен оны ұйымдастыру және еңбекке ақы төлеу бойынша жүргізіліп жатқан есеп айырысудың дұрыстығын тексеру.Еңбекке ақы төлеу өндіріс циклінің бір бөлігі болып табылады және кәсіпорын ресурстарының маңызды бөлігін құрайды. Сол үшін еңбек ресурстары мен еңбекақы қорының тиімділігін тексеріп тұру кәсіпорын үшін өте маңызды.Қызметкерлермен есептесуді тексеру үшін қажет ақпарат көздері ретінде штаттық кесте, жарғы, бұйрықтар, жарғылықтар, келісім-шарттар, азаматтық құқықтық сипаттағы келісімдер, жеке қамсыздандыру бойынша келісім–шарттар, ссуданы беру бойынша, тауарды несиеге сату, жұмыс уақытын қолдану, есептеу табелі, наряд, жолдама қағаздары, уақытша еңбекке жарамсыздық қағаздары, атқару қағаздары, есептеу және төлеу карточкалары, авнстық есеп берулер және соған қосыла берілетін алдыңғы құжаттар, мүлікті инвенторлар, мүлік актілері құжаттарын пайдалануға болады.Еңбекақының қандай түрлері кәсіпорында қолданылатынын біліп алу керек. Қызметкерлерге еңбекақыны төлеудің ішкі ережесі бар ма және ұжымдық келісім шарты бар, әлде жоқ екенін анықтау, қызметкерлердің тізімдік және орта тізімдік құрамын, еңбекақыны төлеу бойынша есептеулерді есепке алу қалай ұйымдастырылғаны т.б. осындай және осы сияқты сұрақтарға жауап алу үшін ішкі бақылау жүйесі мен оны бөлім бойынша есептесуді тексеру үшін қосымша есептеулерді жүргізу дұрыс. Тексеруден соң аудитор тексеру бағдарламасын дайындауды соған сәйкес қызметкерлермен есептесудің әртүрлері бойынша операцияларды, бөлшек тексеруді іске асырады. Аудитор 3350 «Еңбекақы бойынша қызметкерлермен есеп айырысу» шотын тексере отырып, қызметкерлерге тиісті демалыс ақысын және көп жылғы сіңірген еңбекақысының бекітілген тәртіп бойынша құрылған қор есебінен төленетін еңбекақысы сомасының, әлеуметтік сақтандыруға және зейнет ақысымен қамтамасыз етуге жіберілген қаржы есебінен шығарылған жәрдемақы сомасының, кәсіпорын табысы сомасының, ал дебет бойынша еңбекақының, сыйлық ақшаның, уақытша еңбекке жарамсызға арналған жәрдемақының төленген сомаларының, сонымен қатар кәсіпорындардың өз қызметкерлеріне еңбекақысы жөніндегі қарызын сальдо шоты көрсететін орындаушы құжаттар бойынша есептелген салықтар мен төлемдердің сомасының, еңбекақысы сомаларының қамтып көрсетілетінін білуге тиіс.Қызметкерлерге еңбекақы төлеу өндірістік программасының орындалуымен тікелей байланысты. Еңбекақы айнымалы шығындар сияқты өндірістің және өткізу көлеміне байланысты жоғарылап не төмендеп отырады. Сол үшін аудитор бұлардың қатынасын әр түрлі кезеңдерде, кәсіпорынның әртүрлі бөлімдері бойынша, және шығарылып жатқан өнім түрлері бойынша талдау жасауы керек. Өндірістің есепке алынбаған көлемінің шығарылуымен байланысты бухгалтерлер еңбекақының көлемін дұрыс талдап есептеуі керек. Еңбекақы қаншалықты дұрыс есептелгенін, еңбекақының есептелуі қай көздерден жасалғанын, өнімнің өзіндік құнының қай дәрежеде қымбат болғанын, осы және осы сияқты жағдайлардың барлығын аудитор тексеріп отыру керек.

Қысқа мерзімді активтер есебі. Активтер ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді болып бөлінеді.Қысқа мерзімді активтерге тауарлы материалдық босалқылар ,яғни дайын өнім және ақша қаражаттары жатады. Тауарлы-материалдық босалқылар өндіріс процесінде, яғни өнім (қызмет, жұмыс) өндіруде еңбек заттары ретінде қатысады. Олар еңбек заттары ретінде еңбеккерлердің жұмыс күшімен қосыла отырып, өндірістік процестің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Сонымен бірге тауарлы-материалдық босалқылар өндірістік процестің объектісі түрінде және сыртқа сату үшін де танылады. Шикізаттар, материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар, отындар, қосалқы бөлшектер және басқа материалдар бухгалтерлік баланста, ағымдағы синтетикалық есепте нақты өзіндік құны бойынша көрсетіледі. Аналитикалық есепте – тұрақты есептік бағасымен (келісімді) немесе жоспарланған – есептік бағасымен көрсетіледі. Дайын өнімдер есебін жүргізу үшін бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарында «Дайын өнімдер» шоты белгіленген. Бүл шотта дайын өнімдердің қолда бары және бұлардың қозғалысы жөніндегі операциялар есебі жүргізіледі.

Маңыздылық түсінігі. Заңсыз әрекеттер мен қателіктер. Маңыздылық деңгейін анықгау кезінде екі шама пайдаланылады: қатенің абсолютті шамасы мен қатенің салыстырмалы шамасы. Абсолюттік шама — бүл көлеміне, мысалы 500 теңге немесе 1000 теңге болғанына қарамастан қате басқа жағдайларға тәуелсіз сома-ның елеулігіне карай маңызды деп танылатындығы жөніндегі аудитордың субъективті пікірі.Салыстырмалы шама қабылданған базалық шама сәйкес пайыздық қатынаста анықгалады. Маңыздылық деңгейін анықгау кезінде аудиторға екі факторды ескеру қажет:— қаржылық есеп беруді құру жағдайы;—пайдаланушылар үшін қаржылық мақсаты, яғни бір клиент маңыздылығы басқа клиент маңыздылығына сәйкес келмейді. Әдетте қатені анықгау ықтималдылығы алаяқтың фактісін анықтау ықтималдылығына қарағанда жоғары болады. Алаяқтық — басшылық құрамның бір немесе бірнеше адамда-ры, қызметкерлер немесе үшінші жақтардың есеп және қаржылық есеп беру мәліметтерін әдейі дүрыс емес көрсетуі және ұсынуы. Қате есеп жазулары мен топтауларындағы арифметикалық немесе логикалық кателіктер, есеп толықгығында байқалмай калу және қаржы шаруашылық қызметі фактілерінің, мүліктік есептесуі болуы және оның жағдайын дүрыс түсінбеу нәтижесінде қаржылық есептемені әдейі емес бүрмалау.Қателердің негізгі түрлеріне жатады:• Кездейсоқ қателер. Қаржы-шаруашылық қызметтің кдндай да бір факгісін есепке алудың дүрыс әдісін қолдана отырып бухгалтер ешқан-дай негізсіз немесе кездейсоқ "Стандартты емес" жазбаны жасаған жағдайда туындайтын кездейсоқ дүрыс емес жазбалар. Бухгалтерлік есеп стандартгарын білмеуге байланысты қателер.