Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Bukh_uchet_referat

.docx
Скачиваний:
37
Добавлен:
04.02.2016
Размер:
67.75 Кб
Скачать

Синтетикалық жинақтау шоттары жасалынған ведомостың ерекшелігі шығарылған үш егіз жинақтың бірдей сомада болуында. Бірінші егіз жинақ баланстық теңдік принципінің дұрыстығын және жекеленген шоттар бойынша дебеттік және кредиттік бастапқы қалдықтардың бірдей сомада жинақталғандығын көрсетеді. Екінші егіз жинақ жекелеген шоттар бойынша ай ішіндегі айналым сомаларының дебеті мен кредитіндегі мәліметтердің дұрыстығын көрсетсе, үшінші егіз жинақ соңғы қалдықтың дебеттік және кредиттік шоттары бойынша дұрыс шығарылғандығын көрсетеді. Сонымен, айналым ведомостысын жасау арқылы ағымдағы шаруашылық фактілерінң бухгалтерлік есеп шоттарына дұрыс жазылғандығымен қатар екі жақты жазу принципінің бұрмаланбағандағын және жекеленген шоттар қорытындысын шығаруға болатындығы дәлелденді.

Егер айналым ведомостысын жасаған кезде жоғарыдағы көрсетілген егіз жинақтар бірдей боламаған жағдайда шоттарға жазылған жазулар бойынша кеткен қатені көрсетеді. Айналым ведомостысын жасаудың түпкі мақсаты жіберілген қатені түзету болып табылады. Мысалға, шаруашылық фактілерінің мәліметтері шоттардың дебетіне жазылып, кредитіне жазылмай қалған немесе бір шоттың кредитіне артық жазылып, дебетіне кем жазылған жағдайда айналым ведомостысын жасау арқылы түзетуге болады.

Экономикалық құбылыстар ауыспалы үрдістен қалыптасып, экономикалық заңдылықтан туындайтындығын білеміз. Мұның өзі табиғи жағдай. Экономикалық құбылыс бір дәрежеден басқа дәрежеге немесе бір шамадан екінші шамаға ауысып отырады.

Өз міндетін атқарушы бухгалтердің ең алғашқы әрекеті шаруашлық фактілерін бағалаудан және бағаланған объектіні өз уақыты мен экономикалық маңызына қарай қандай шоттарды қолдану керектігі анықталады. Шаруашылық фактілерінің дұрыс бағалануы және есептеу тәсілдері мен амалдардың қолдануы (басқа да құжаттардың ауыстырылып жазылған мәліметтер, нормативтік базалар, т.с.с.) мұқият ескеріледі. Құны көрсетілмеген бағалауға жатпайтын объектілер бухгалтерлік есеп жүйесіне жазылмайды. Бағалау арқылы шарушалық фактілерінің объективтілігін, шындық пен дәлдікке сай келетіндігін, нормативтік талапқа сәйкестігін анықтауға болады.

Бағалаудан кейінгі бухгалтердің әрекеті – есеп объектілері арасындағы ұштастық пен сабақтастық байланысты анықтап, шаруашылық фактілері мәліметтерін арнайы шоттарға жазу.

Бағалау мен тексеруден өткен шаруашылық фактілері мазмұнын жинақтап, жүйеге келтіріп, хабарлаушы ақпараттарды шоттық жазу деп атаймыз. Шоттық жазудың мақсаты- сыртқы және ішікі қорытынды есеп жасауға арналған ақпараттарды жүйелеу мен ойлы – арифметикалық санаға салып жалғастыру болып табылады.

Осылайша дүркіндеп тіркелген шаруашылық операцияларының сомасы тиісті шоттарды қолдану арқылы «бас кітапқа» жазылып отырады. Мұндай процедураны – тасымалдау депте атайды.

Сонымен әрбір шаруашылық операциясы бухгалтерлік есеп шоттарына екі өзгеріс енгізіп отырады. Жорналдық жазулар компьютерлік әдіспен оңай және жеңіл орындалады. Ағымдағы жылдың шаруашылық операциялары, бұлардың пайда болуына қарай жинақталып жазылады. Егер экономикалық маңызы жағынан біртектес операциялары көп болған жағдайда, онда мұндай көп санды операцияларды бастапқы құжаттар негізінде жинақтаушы немесе топтастырушы ведомостыларға жазу керек. Жинақтау ведомостысын жасау шоттарға жазылатын жазулар санын қысқартады.

80-шы жылдың екінші жартысынан бастап елімізде компьютерлік технологияны кеңінен қолдану дәуірі басталды. Бұл күндері компьютерлік жүйені қолдану негізінде есеп жүйесіндегі жазуларды автоматтандырған түрде өңделетін болды. Аты-жөні белгіленіп, байқалған бір объект дәл осындай шамада екінші объектіні өзгертеді.

Бухгалтерлік есеп тәжірибесінде қателерді тауып түзетудің бірнеше әдістері қалыптасқан. Көп тараған әдістер қатарына жататын әдістің бірі болып, есеп жазуларын жаппай тексеру әдісі қолданылады. Жаппай тексеру әдісінің мәні, есеп регистрлеріне жазылған жазулар құжаттардағы мәліметтермен салыстырылады. Есеп регистрлеріндегі жазулар тек қана құжаттар негізінде жазылатын болғандықтан жаппай тексеру әдісі арқылы қате түзеу бірден бір дұрыс әдіс.

Түзету жолдары мен әдістері кеткен қателердің түбірі мен анықталған уақытына байланысты. Мысалға, корректуралық әдіс арқылы есепті ай ішіндегі мәліметтер жинағы әлі шығарыла қоймаған, айналым сомаларының айналысына түсіріле қоймаған есеп регистрлеріндегі жіберілген қателер түзетіледі.

Бұл әдісті қолдану арқылы жазылған қате сома немесе қате сызылып, бұлардың үстіне дұрыс жазулар жазылып, түзетудің қысқаша мазмұнының тектісі айтылады да, түзетушінің қолы қойылады.

Егер де есеп регистрлерінің жинағы шығарылып, бұлардың мәліметтері «бас кітапқа» түсіп кеткен жағдайда есеп регистрлерін түзетуге болмайды. Мұндай жағдайда анықталған қате тек қана бухгалтерлік анықтама қағаз жазу арқылы «бас кітапқа» дұрысы жазылып түзетіледі.

Бухгалтерлік есеп жорналдары мен кітаптарға жазылып кеткен қате жазуларды түзету үшін бұрынғы жазуды өшіріп, мұның орнына дұрыс санды жазуға болмайды. Мұндай жағдайда тексерушілер тарапынан күдік тууы мүмкін.

Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп стандарттарында және субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының Бас есеп жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылады және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді. Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілердің күрделі экономикалық тетігін нақты, жақсы жолға қоймайынша, сондай-ақ толық, сенімді ақпаратсыз басқару жүйесін іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес.

Экономиканың барлық саласындағы кәсіпорындардың иелері мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнімдерді өндіруге, оның сапасын көтеруге, өзіндік құнын төмендетуге, кәсіпорынның материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын және басқа да ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға және тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін айрықша бағаламауға болмайды.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Қ.К.Кеулімжаев, Н.А. Құдайбергенов «Бухгалтерлік есеп»

Алматы 2006ж

  1. 2. “Қазақ Энциклопедиясы”, ||-том 

  2. http://ustaz.kz/sait-bolimderi/file/7439-

mygalim-bukhgaltyerlik-yesyep-onyn

  1. Әбдіғали Әбдіманапов «Бухгалтерлік және қаржылық есеп

принциптері» Алматы 2006ж

  1. ҚР-ның “Бухгалтерлік есеп және қаржы есебі” туралы заңы. 2002ж

  2. ҚР-ның Қаржы министрлігінің 18. 09. 2002 жылғы №438 бұйрығымен (ҚР Қаржы министрлігінің өзгертулер енгізілген 21.10.2003 жылғы № 372 бұйрығымен) бекітілген Бухгалтерлік есеп типтік шот жоспары.

  3. Ержанов М.С., Ержанова А.М. Основы бухгалтерского учета и новая корреспонденция счетов (с 1 января 2003г.). – А. : Ержанов и К, 2003.

  4. Радостовец В.К., Радостовец В.В., Шмидт О.И. Бухгалтерский учет на предприятии.- А. : Центраудит- Казахстан 2002.

  5. Международные стандарты финансовой отчетности КМСФО/Пер. В.И. Тарусина/Ред. коллегия: А.С. Бакаев, Л.В. Горбатова, Т.Б. Крылов и др. – М., 1998.

  6. Баймұханова С. Б., Балапанова Ә. Ж. Бухгалтерлік есеп.- А. Қазақ

университеті, 2002.

10. Баймұханова С.Б. Бухгалтерский учет хозяйствующих

субьектов. – А. : Ценные бумаги, 2002.

20

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]