Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Tamozhennoe_pravo.doc
Скачиваний:
44
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
524.8 Кб
Скачать

3. Комитеттiң мүлкі

Комитеттiң жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкi болады.

Комитетке бекiтiлген мүлiк республикалық меншікке жатады, оған мемлекет берген мүліктiң есебінен қалыптасады және негізгі қор мен  айналым қаражатынан, сондай-ақ құны Комитеттiң теңгерiмiнде көрiнiс табатын өзге де мүлiктен тұрады.

Комитеттің, өзiне бекiтiлген мүлікті өз бетімен иелiктен айыруға немесе өзге де тәсiлмен билік етуге құқығы жоқ.

Комитетке заңнамамен белгіленген жағдайда және шегінде мүлікке билік ету құқығы берілуі мүмкін.

4. Комитеттің қызметiн ұйымдастыру

Комитет аумақтық кеден органдарына басшылықты жүзеге асырады.

Комитетті Қазақстан Республикасының Қаржы министрі лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын төраға басқарады.

Комитет төрағасының Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысымен келісілген Комитет төрағасының ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрі лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын төрт орынбасары болады.

20. Комитеттің аумақтық кеден органдарының басшыларын Комитет төрағасының ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрі лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.

21. Төраға Комитеттiң жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды және Комитетке жүктелген функциялардың орындалуы үшін жеке жауаптылықта болады.

22. Төраға:

1) өзінің орынбасарларының, Комитеттің аумақтық кеден органдары мен құрылымдық бөлімшелері басшыларының өкілдіктерін айқындайды;

2) заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы бекіткен лауазымдар номенклатурасына сәйкес Комитеттiң және аумақтық кеден органдарының қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

3) заңнамада белгiленген тәртiппен Комитет қызметкерлеріне және Комитеттің аумақтық кеден органдары басшыларының орынбасарларына тәртiптiк жаза қолданады;

Қазақстан Республикасы Қаржы  министрінің 2010 жылғы 9 сәуірдегі № 162 бұйрығымен  толықтырылды:

3-1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша дербес жауапкершілікте болады;

4) Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi және оның аумақтық кеден органдары туралы ережелердi бекiтедi;

5) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі штат санының лимиті шегінде штат кестесін бекітеді;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Комитеттің қызметкерлерін іссапарға жіберу, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу және сыйақы беру  мәселелерiн шешедi;

7) Комитеттің бұйрықтарына қол қояды;

8) заңнамаға сәйкес барлық мемлекеттiк органдарда және өзге де ұйымдарда Комитеттi бiлдiредi;

9) басшы құрамын қоса алғанда Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдарына бастапқы және кейiнгi арнайы кіші, орта және аға атақтар бередi;

10) Қазақстан Республикасы Президентiнің кеден органдары лауазымды адамдарының жоғары басшы құрамына арнайы атақтар беруi және кеден органдарының лауазымды адамдарын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларымен марапаттауға ұсыну туралы Қаржы министріне ұсыныстар енгiзедi;

11) белгiленген тәртiппен кеден органдарының ресми өкiлдерiн Қазақстан Республикасының тиiстi халықаралық шарттары негiзiнде шет мемлекеттерге жiберу туралы Министрге ұсыныстар енгізедi;

12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

23. Төраға болмаған уақытта оның міндеттерін Комитет төрағасы айқындайтын орынбасарларының бірі атқарады.

24. Комитеттің консультативтік-кеңес органы болып табылатын алқасы болуы мүмкін. Алқаның сандық және жеке құрамын төраға орынбасарлары мен Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының санынан төраға бекітеді.  

25. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

4-тақырып. ҚР органдары жүйесіндегі басқару тәртібі

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]