Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Tamozhennoe_pravo.doc
Скачиваний:
44
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
524.8 Кб
Скачать

4. Кеден органдарының мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы

      Кеден органдары өз функцияларын Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен дербес және өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, сондай-ақ бірлескен актілердің негізінде тиісті мемлекеттік органдардың немесе аталған органдардың келісімімен жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, кеден органдарының қызметіне араласуға тыйым салынады.

      Кеден органдары мен салық қызметі органдары өзара іс-қимыл кезінде кедендік және (немесе) салықтық бақылау жүргізу үшін қажетті ақпаратпен алмасады.       Кеден органдары мен салық қызметі органдарының өзара іс-қимыл тәртібін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

      Кедендік бақылауды жүзеге асыру мақсатында кеден органдары ұлттық темір жол компаниясымен, темір жол көлігі саласындағы ұлттық тасымалдаушымен, Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайларымен, теңіз және өзен порттарымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.

Кеден органдары мен аталған заңды тұлғалардың өзара іс-қимыл тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және кеден іс саласындағы уәкілетті орган мен көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның бірлескен актілерінде айқындалады.

      Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеуді жетілдіру және кедендік әкімшілік жасаудың тиімді әдістерін енгізу мақсатында сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар, кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар, сондай-ақ өзге де мүдделі тұлғалар, оның ішінде қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдар кеден ісі мәселелері жөніндегі консультациялық кеңестердің жұмысына қатысады.

Кеден ісін жетілдіру мәселелері жөніндегі консультациялық кеңестер кеден ісі саласындағы уәкілетті органның, кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің және кедендердің жанынан құрылады.

Кедендік реттеуді жетілдіру мәселелері жөніндегі консультациялық кеңестер туралы үлгі ережені кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

Кеден ісін жетілдіру мәселелері жөніндегі консультациялық кеңестің мүшелері осы Кодекстің 32-бабы 3-тармағында айқындалған біліктілік емтихандарын кеден органдары өткізген кезде қатысуға құқылы.

      Кеден органдары өз функцияларын жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес шет мемлекеттердің кеден және өзге де органдарымен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жасайды.

Қазақстан Республикасының кеден заңнамасы туралы ақпараттандыру

      Қазақстан Республикасының кеден заңнамасы туралы ақпараттандыру ресми және өзге де мерзімдік баспасөз басылымдарында Қазақстан Республикасы кеден заңнамасының нормативтік-құқықтық актілерін жариялау жолымен, сондай-ақ ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, олар туралы ақпаратты телевизия және радио арқылы жалпы жұрттың назарына жеткізу жолымен жүзеге асырылады.       Қазақстан Республикасының кеден заңнамасы туралы ақпараттандыру ауызша түсіндірулер мен хабарландырулар, ақпараттық стендтер, табло, буклеттер және өзге де баспа материалдары, сондай-ақ бейне-, дыбыс және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасы туралы ақпарат тарату үшін қолданылатын басқа да техникалық құралдар пайдаланыла отырып, оның ішінде көпшіліктің қолы жетімді және тегін таныстырылатын мынадай жерлерде:

1) кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде;

2) әуежайларда, теміржол және автомобиль станцияларында, су порттарында;

3) халықаралық тасымалдарды орындайтын көлік құралдарында;

4) осы Кодексте айқындалатын кедендік бақылау аймақтарында, сондай-ақ кеден органдары айқындайтын өзге де жерлерде жүзеге асырады.

2. Кеден органдары тұлғалардың ресми интернет-ресурстарында орналастырылған Қазақстан Республикасының кеден заңнамасы туралы ақпаратқа олардың кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

      Кеден органдарының консультация беруі

      1. Кеден органдары мүдделі тұлғаларға Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына қатысты мәселелер және кеден органдарының құзыретіне кіретін өзге де мәселелер бойынша консультация береді.

2. Кеден органдарының консультация беруі ауызша және жазбаша нысандарда тегін жүзеге асырылады. Кеден органы мүдделі тұлғаның жазбаша сауал салуы бойынша ақпаратты мүмкіндігінше қысқа мерзімде жазбаша нысанда, бірақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімнен кешіктірмей беруге міндетті.       3. Консультация беру кезінде кеден органдарының лауазымды адамдары кеден органының атынан кедендік декларацияларды және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден органына ұсынылуға жататын өзге де құжаттарды тексермейді, сондай-ақ мұндай кедендік декларациялар мен құжаттарды жасамайды.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттарды толтыруға байланысты консультациялар, мүдделі тұлға табыс еткен ақпаратты тексермей, ауызша нысанда жүргізіледі.       4. Консультация беру кезінде кеден органының лауазымды адамы:       1) кеден органдарының құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша консультация жүргізуге;       2) мүдделі тұлғалар табыс еткен құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге;       3) мүдделі тұлғалардың құжаттарына өкімдік жазбалар жазуға, кеден органдарына нұсқау беруге немесе қандай да бір өзге де тәсілмен кеден органының кейінгі шешімдеріне немесе кеден органдарына жүктелген функцияларды жүзеге асыру кезінде оның лауазымды адамының іс-әрекетіне ықпал етуге;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жария етуге жатпайтын мәліметтерді хабарлауға құқылы емес.

5. Консультацияларды жүргізу кезінде мүдделі тұлғаларға берілген ақпарат тауарларға қатысты кедендік операцияларды жасау кезінде кеден органының немесе оның лауазымды адамының шешім қабылдауы немесе іс-әрекет (әрекетсіздік) жасауы үшін негіздеме болып табылмайды.

5-тақырып. Кедендік-тарифтік реттеу және кедендік төлемдерді өндіріп алу

Кедендік – тарифтік реттеудің құқықтық негізі, кедендік – тарифтік шараларының түсінігі; кедендік тарифтың мақсаттары. Кедендік баждардың ставкалары және олардың тағайындау тәртібі, баж ставкаларының түрлері. Баж түсінігі, маусымдық және арнайы баждар, демпингке қарсы баждар, өтемдік баждар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]