Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Tamozhennoe_pravo.doc
Скачиваний:
44
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
524.8 Кб
Скачать

1. Кеден органдарының жұмыс тәртібі

      Кеден органдарының жұмыс уақытын кеден ісі саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгілейді.

Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттеріндегі кеден органдарының жұмыс уақыты шекарадағы өзге де бақылаушы органдардың жұмыс режимімен, көрсетілген өткізу пункттері орналасқан теңіз және өзен порттарының, әуежайлардың, темір жол станцияларының жұмыс режимімен, сондай-ақ шет мемлекеттің шектес өткізу пункттеріндегі кеден органдары мен өзге де бақылаушы органдардың жұмыс уақытымен үйлестіріледі.

      Кеден органдарының және олардың лауазымды адамдарының талаптары Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес осы талаптар өздеріне қатысты қойылатын барлық тұлғалардың орындауы үшін міндетті.

Кеден органдарының және олардың лауазымды адамдарының талаптарын орындамау, сондай-ақ кеден органдарының лауазымды адамдарына жүктелген міндеттерді орындауға кедергі келтіретін басқа да іс-әрекеттер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

     

2. Кеден органдарының құқық қорғау қызметі

      Кеден органдары контрабанда туралы, кедендік төлемдерді, салықтарды төлеуден жалтару туралы істер бойынша анықтау органдары болып табылады, олар бойынша іс жүргізу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеден органдарының қарауына жатады.       Кеден органдары Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексімен қылмыс деп танылған, олар бойынша іс жүргізу кеден органдарының қарауына жататын құқыққа қарсы әрекетті дайындайтын, жасайтын немесе жасаған тұлғаларды анықтау, халықаралық шарттарға сәйкес халықаралық кеден ұйымдарының, шет мемлекеттердің кеден және өзге де құзыретті органдарының сауал салуларын орындау мақсатында жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырады.

Кеден органдары жедел-іздестіру қызметін «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жүзеге асырады.

Кеден органдары Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша әкімшілік процесті жүргізеді (іс жүргізуді жүзеге асырады) және тұлғаларды әкімшілік жауаптылыққа тартады.

     

3. Кеден органдары алған ақпаратқа көзқарас

      Кеден одағының кеден заңнамасына немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеден органдары алған кез келген ақпаратты олар тек кеден мақсаттары үшін, оның ішінде қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу үшін ғана пайдаланады.

2. Кеден органдарының, олардың лауазымды адамдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпаратқа қол жетімділік алған өзге де тұлғалардың мемлекеттік, коммерциялық, банктік, салықтық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия (жасырым) болып табылатын ақпаратты және басқа да жабық ақпаратты жария етуге, жеке мақсатта пайдалануға не үшінші тұлғаларға, оның ішінде мемлекеттік органдарға беруге құқығы жоқ.

Кеден органдары өздеріне берілген ақпаратты, егер мұндай ақпарат мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген міндеттерді шешу үшін қажет болса, Қазақстан Республикасының мемлекеттік, коммерциялық, банктік, салықтық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны (жасырымды) және басқа да жабық ақпаратты қорғау жөніндегі заңнамасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының тәртібімен және талаптарын сақтай отырып, осы органдарға береді.       Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеден органдары өздеріне берілген ақпаратты өтініштер бойынша:

1) Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына – тіркелген тергеуге дейінгі тексеру материалдары, сондай-ақ іс жүргізуіндегі қылмыстық істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша прокурордың тексеру жүргізу туралы қаулысының негізінде;

2) соттарға – олардың талап етуі бойынша;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда бірлескен актілерде айқындалатын тәртіппен Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарына;       4) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға – «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес береді.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да мемлекеттік органға ақпаратты беру жағдайларын қоспағанда, алынған кез келген ақпарат жария етуге және таратуға жатпайды.

      Кез келген тұлға кеден органдарының шешімдеріне, кеден органдарының немесе олардың лауазымды адамдарының іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде және тәртіппен шағымдануға құқылы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]