Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Tamozhennoe_pravo.doc
Скачиваний:
44
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
524.8 Кб
Скачать

3. Кедендік инфрақұрылымның дамуы.

Кеден органдары өз қызметінде кедендік бақылауды жетілдіруге, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды енгізуге, кедендік рәсімдерді оңайлату мақсатында барлық операцияларды автоматтандыруға, олардың айқындығын қамтамасыз етуге, сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға жағдай жасау және материалдық-техникалық базасын нығайтуға басымдылық береді. Барлық аумақтық бөлімшелерде ресімдеудің барлық сатысында жүк кедендік декларациясының қозғалысын қадағалауға мүмкіндік беретін, визуалды қадағалау мониторларымен жарақтандырылған кедендік ресімдеу орталықтары құрылды,

Шекарада кедендік бақылауды өткізумен байланысты ақпаратты өңдеуге және беруге, үздіксіз қабылдауды қамтамасыз ететін және жедел мониторинг өткізу үшін жедел басқару орталығы шоғырланған Еліміздің кеден органының Ақпараттық орталығы құрылды. Экономикалық қылмыс және әкімшілік құқық бұзушылықпен, тауарлар мен көлік құралдарының, есірткі заттары мен прекурсорлардың контрабандасын тойтару бойынша нысаналы күрес жүргізілуде.

Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастықтың Кеден қызметтері басшыларының кеңесі шеңберінде Комитет кеден ісі саласындағы интеграциялық процестерін кезең-кезеңмен нығайту және белсендіруге, экономикалық реформаларды жүзеге асыруда іс-қимылдарды үйлестіруге бағытталған жұмыстарды жүргізеді. Кеден қызметтері арасында ақпарат алмасу жолға қойылды, ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттердің бірыңғай кедендік аумағы қалыптастырылуда, өзара сауда үшін қолайлы жағдайлар жасалуда, тарифтер мен төлемдер жүйеге келтірілді, кеден заңнамасы үйлестірілуде.

Бұдан басқа, ұлттық кодексті қабылдау салықтық реттеу, жеке кәсіпкерлік, көлік, ветеринария, денсаулық сақтау, қылмыстық және әкімшілік қудалау саласында заңнаманы біртекті қолдану қажеттілігіне негізделеді.

Әкімшілік кедергілерді жою және ҚР кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізуді оңайлату мақсатында Комитет бірқатар шараларды іске асырды.

Біріншіден. Бақылау өткізу пункттеріндегі бақылау функцияларын (көлікті, фитосанитарлық, ветеринарлық және санэпидемиологиялық бақылау) кеден органдарына беруді көздейтін Заң қабылданды.

Осы Заңда сондай-ақ кеден органдарына берілетін құжаттарды 3-тен 1-ге қысқарту көзделген.

Екіншіден. Зияткердік меншік құқығын қорғау және кедендік құнды анықтау кезінде қолданылатын ақпараттық анықтамаларды болдырмау кезіндегі кеден органдарының өкілеттігін кеңейтуді көздейтін За қабылданды.

Үшіншіден. Шекараның қазақстан -ресей, қытай, қырғыз бөлігінде бірлескен бақылау рәсімдері енгізілді.

Қазақстан мен ҚХР арасында «айналы» статистикадағы көрсеткіштерде оң үдеріске қол жеткізілді. Кедендік статистика деректерінің алшақтығы соңғы жылдары 2006 жылы 1 млрд. 294 млн. АҚШ долларынан 76 млн. АҚШ долларына дейін төмендетілді.

Төртіншіден. СЭҚ қатысушылар үшін қолайлы жағдай жасау және «Doing Вusiness» халықаралық рейтингінің көрсеткіштерін жақсарту мақсатында автоматтандырылған тәуекелді басқару жүйесі енгізілді.

Бесіншіден. «Web-декларант» электронды декларациялау кешені жұмыс істейді. СЭҚ қатысушының кедендік ресімдеу үшін құжаттар пакетін алыстан қалыптастыруға мүмкіндігі бар.

Алтыншыдан. «Бірыңғай электронды терезе» құру бойынша жұмыс жүргізілді. Бизнес процестер айқындалды және осы ақпараттық жүйені құру Тұжырымдамасының жобасы дайындалды.

2-тақырып. ҚР кеден органдарындағы басқарудың құқықтық мәселелері

1. Басқарудың түсінігі. Кеден органдарындағы басқару жүйесі. Басқарудың субъектілері мен обьектілері. Кеден opгандарындағы басқару жүйесін жетілдіру механизмі.

2. Баскару заңдылықтары. Басқару заңдылықтарының түрлері, басқару жүйесінің бірыңғайлылық зандылығы, басқару функцияларының орталықтандырылуынық тиімділік қатынас заңдылығы, кедендік қызмет аясындағы басқарушы және басқарылатын жүйелер қатыстылық заңдылығы.

1. Қазақстан Республикасының егеменді кеден қызметі 1991 жылғы 12 желтоқсанда ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Кеден комитеті құрылды.

Сол 1991 жылы біз дің алдымызда тығыз мерзімде кеден ісі жүйесін құру және дамыту міндеті тұрды. 1991 жылғы 24 желтоқсанда «Кедендік тариф және баж туралы», тарифтік шаралар сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу мен сауда саясатының маңызды құралы деп танылған Заң бекітілді. Қазақстанның егемендік пен тәуелсіздік алуы мемлекеттік басқару саласындағы жаңалық ретінде кедендік саланың құрылуына әкелді. Қазақстан алғашқы рет өзінің ішкі және сыртқы саясатының құрамдас бөлігі ретінде кеден саясатын дербес айқындай бастады. Республиканың кеден жүйесінің қалыптасуы нақты тарихи жағдайларда жүзеге асырылды. Бір жағынан қуатты Кеңес мемлекетінің тоқырауы, екінші жағынан терең саяси және экономикалық дағдарыс, егемендік алу және тәуелсіз мемлекет құру.

1992 жылға дейін Қазақстанның «Қорғас», «Бақты» және «Достық» өткізу пункттері жұмыс істеген ҚХР күзетілетін шекарасы болды.

Шекаралас бұрынғы Кеңес мемлекеттерімен кедендік шекараны енгізу, Қазақстанның кедендік шекарасы арқылы өткізілетін мүліктер мен тауарларды жүз пайыз декларациялауды қамтамасыз ету проблемасы республика аумағы ішінде де, оның шекарасында да кедендік мекемелердің тарамданған желісін құруды талап етті.

Кеден органдары бастапқы жұмысында 1992 жылғы 14 тамыздағы Кеден туралы ережесін, Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің қаулыларын және басқа кеден органының қызметін реттейтін нормативтік құжаттарды басшылыққа алды. 1995 жылға дейін республиканың кеден органдары жұмысында КСРО кедендің заңнамасында басшылыққа алған болатын.

Республиканың кеден органдарының дамуының маңызды тарихи кезеңі «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Заң және ҚР Президентінің 1995 жылғы 20 шілдедегі Жарлығы болды.

1996-1999 жылдар кезеңінде кеден органының қызметі жаңа сапалы деңгейге өтті. Республиканың сыртқы шекарасы бойынша кеден бекеттері мен бақылау өткізу пункттерінің күрделі құрылысы бойынша перспективалы жоспар әзірленіп жасалды. Кеден органының қызметіндегі аталған елеулі өзгерістер кеден ісі саласында жаңа заңнамалық актілерді қабылдауға ықпал етті. 1996 жылғы 16 шілдеде ҚР Президентінің Жарлығымен «ҚР Кеден іс туралы» жаңа Заң бекітілді.

2003 жылғы 5 сәуірде ҚР Президенті 2003 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілген ҚР Кеден кодексіне қол қойды. Кодекстің алдыңғы Заңнан концептуалды өзгешелігі Кодекс тікелей қолданысқа енгізілген, кеден органдарының заңға бағынысты нормативтік актілерін мейлінше қысқартқан нормативтік құқықтық акті болды. Республиканың кеден қызметі ҚР Кеден комитетін құрағаннан бері әртүрлі құрылымдық өзгерістерді басынан кешті. Бұл жылдары қызмет барлық деңгейде дерлік құрылымды реформалаудың және ведомстволық бағыныстылықтың бірнеше сатысын еңсерді, жас тәуелсіз және егеменді Қазақстан сияқты оқиғаларға толы және қарқынды жолдан өтті. Бүгінгі күні, салмақты эволюциядан өткен және уақыттың сынағынан қайсарлықпен өткен кеден органдары қазіргі күннің талабына сай және ҚР әлемдік экономикалық кеңістікке табысты ықпалдасуы және мемлекеттің экономикалық мүддесін қорғау бойынша алдында тұрған міндеттерді шешуге қабілетті.

3-тақырып. ҚР кеден органдары жүйесіндегі басқару құрылымы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]