Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Tamozhennoe_pravo.doc
Скачиваний:
44
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
524.8 Кб
Скачать

Қр кеден құқығы (дәріс)

1-тақырып. ҚР кеден органдарындағы басқару және ұйымдастыру

1. Кеден органдарының бірынғай жүйесінің түсінігі.

2. ҚР кедендік бақылау Агенттігінің мақсаттары мен функциялары. Кеден органдарының қызметінің негізгі бағыттары. Кеден органдарының қызметін реттейтін зандық актілер. Кеден қызметінің ұйымдастырылу мен даму тұжырымдамасын құрайтын қағидалар. Аймақтық кеден органдары, олардын міндеттері мен мақсаттары.

3. Кедендік инфрақұрылымның дамуы. Шекаралық және ішкі кедендік байланыс инфрақұрылымын ұйымдастыру. Жан-жақты күрделі кедендік инфрақұрылымды жасаудағы халықаралық және ведомствоаралық ынтымақтастықтың тереңдігі.

1. Кеден органдарының бірынғай жүйесінің түсінігі.

           Қазақстан Республикасының кеден органдары (бұдан әрі – кеден органдары) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасында кеден ісін жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайтын мемлекеттік органдар болып табылады.

Қазақстан Республикасының кеден органдары жүйесі:

1) кеден ісі саласындағы уәкілетті органнан;

2) кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық (облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана бойынша) бөлімшелерінен;

3) кедендерден;

4) кеден бекеттерінен;

5) кеден одағының кедендік шекарасындағы бақылау-өткізу пункттерінен;

6) мамандандырылған кеден мекемелерінен тұрады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен кедендік ақпараттық-есептеу орталығы, кедендік зертханалар, кинологиялық, оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және басқа да мамандандырылған кеден мекемелері, жоғары кәсіби және қосымша білім беретін білім мекемелері, сондай-ақ қызметі осы Кодекске сәйкес кеден органдарына жүктелген міндеттерді шешуге жәрдемдесетін мемлекеттік кәсіпорындар құрылады.

Кеден органдарының кеден органдарына тән танымдық туы және танымдық белгісі болады.

Кеден органдарының танымдық туы мен танымдық белгісінің сипаттамасын және қолданылу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді

Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган қылмыстар профилактикасы, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, қоғамның және мемлекеттің мүдделерін қорғау, халық тарапынан сенім мәселелеріне басымдық беріп, өкілді органдар мен жұртшылық беретін сыртқы бағалау тетіктерін айқындай отырып, сыбайлас жемқорлық деңгейінің рейтингтік бағасын енгізіп, есептілік және қызметті бағалау жүйесін жетілдіреді, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастықтың әртүрлі нысандарын белгілейді.

2. Кеден органдарының қызметінің негізгі бағыттары.

Кеден ісі саласында тікелей басшылық жасауды кеден ісі саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:

1) Қазақстан Республикасындағы кеден саясатын жүргізеді;

2) осы Кодексте көзделген нормативтік-құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;

3) кеден органдарына басшылықты жүзеге асырады;

4) өзінің құрамына кіретін ведомствоның өкілеттігін айқындайды;

5) ақпараттық жүйелерді, байланыс жүйелерін және деректер беру, кедендік бақылау техникалық құралдарының, сондай-ақ ақпараттық қорғау құралдарының жүйелерін әзірлейді және құрады;

6) кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған тізілімге енгізу туралы шешім қабылдайды;

7) кедендік әкімшілік жүргізуді жүзеге асырады;

8) тауарлар мен көлік құралдарының кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өтуіне кедендік бақылауды жүзеге асырады;

9) сыртқы экономикалық және кеден ісі саласындағы өзге де қызметке қатысушыларды уақтылы ақпараттандыруды, оның ішінде кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамаларына өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпараттандыруды тұрақты негізде қамтамасыз етеді;

10) кедендік статистиканы жүргізеді;

11) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Кеден органдары қызметінің принциптері:

1) заңдылық;

2) сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың және кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың құқықтарын, бостандығын және заңды мүдделерін қамтамасыз ету;

3) баршаның заң алдындағы теңдігі;

4) жариялылық принциптерінде құрылады.

     

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]