Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Конституция силлабус.doc
Скачиваний:
90
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
694.27 Кб
Скачать

Тақырып 10. Қазақстан Республикасы Парламентінің конституциялық-құқықтық негіздері.

10.1. Қазақстан Республикасы Парламентінің конституциялық-құқықтық мәртебесі. Қазақстан Республикасы Конституциясының 49-шы бабының 1-ші тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Парламенті заң шығару қызметін жүзеге асыратын ең жоғары өкілдік орган болып табылады. Өкілдік қағидасы Қазақстан Республикасы Парламенті елдің аумақтарын өкілдендіретін депутаттардан құралатын сайланбалы мемлекеттік орган болып табылады. Парламенттің ең басты функциясы болып заңдарды қабылдау табылады.

Парламенттің қызметі Конституциямен және 16 қазан 1995 жылы қабылданған “Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен, 7 мамыр 1997 жылғы “Қазақстан Республикасы Парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы” Қазақстан Республикасының Заңымен, сондай-ақ Парламенттің, Сенат пен Мәжілістің регламенттерімен реттеледі.

Қазақстан Республикасы Парламенті тұрақты негізде жұмыс жасайтын екі Палатадан: Сенат және Мәжілістен тұратын мемлекеттік орган болып табылады.

Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Парламенттің төменгі палатасы, ол жалпыға бірдей, төте сайлау жолымен қалыптасады. Мәжіліс 107 депутаттан тұрады, оның 98 депутаты бара-бар өкілдік жүйесі бойынша және біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша партиялық тізімдер негізінде сайланады, ал тоғыз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауы Парламенттің жұмыс істеп тұрған сайланымы өкілеттігінің мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын өткізіледі.

Сенат депутаттары жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жолымен сайланады. Сенат әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан, тиісінше облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан құралады. Сенаттың он бес депутаты Президентпен Парламенттің өкілеттік мерзіміне сайланады.

Парламент депутаты бір мезгілде екі Палатаға бірдей мүше бола алмайды.

Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі – алты жыл, ал Мәжіліс депутаттарының өкілеттк мерзімі – бес жыл (ҚР-сы Конституциясының 50-ші бабының 5-ші тармағы).

10.2. Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарын сайлау.

Мәжіліс депутаттарының сайлауын тағайындауға негіз болып мыналар табылады:

Мәжіліс депутаттарының конституциялық мерзімінің аяқталуы кезекті сайлауды тағайындауға әкеледі, ол Қазақстан Республикасы Президентімен Парламенттің әрекет етіп отырған шақырылымының өкілеттік мерзімінің аяқталуына бес ай қалғанда тағайындалып, екі айдан кешіктірілмей өткізіледі;

кезектен тыс сайлауы – Парламент өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқан кезден бастап екі ай ішінде өткізіледі;

шығып қалған депутаттардың орнына сайлау өткізу үшін – депутат өкілеттігінің мерзімінен бұрын тоқтатылуы, оны мандатынан айыру немесе оның қайтыс болуы.

Қазақстан Республикасының 25 жасқа толған, белсенді сайлау құқығына ие болатын азаматы - Мәжіліс депутаты бола алады.

Депутаттыққа кандидаттарды ұсыну құқығы республикалық және жергілікті қоғамдық бірлестіктерге, сонымен қатар өзін-өзі ұсыну жолымен азаматтарға беріледі. Біртұтас жалпы ұлттық сайлау округі аумағы бойынша сайлану үшін партиялық тізімге кіру құқығына саяси партиялар ие болады.

Мәжіліс депутаттығына әр кандидат тіркеуге дейін және одан кейін өз қаражатынан Орталық сайлау комиссиясының есеп шотына сайлау жарнасын төлеу талаптарына сәйкес заңмен белгіленген ең төменгі жалақының жиырма бес есе мөлшерін төлейді. Төленген жарна кандидатқа мынадай жағдайда, егер ол сайлау қорытындысы бойынша Парламент Мәжілісінің депутаты болып сайланса немес кандидат дауыс беру қорытындысы бойынша дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың жеті пайыздан кем болмайтын дауыстарына ие болса қайтарылады.

Қазақстан Республикасында азаматтығында тұратын және оның аумағында соңғы онжылда тұрақты тұрып жатқан, жасы 30-ға толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс стажы бар, тиісті облыста, республикалық маңызы бар қалада не республика астанасының аумағында үш жылдан кем болмайтын мерзім тұрақты тұрған Қазақстан Республикасының азаматы - Сенат депутаты бола алады.

Сенат депутаттығына кандидаттарды ұсыну облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала мен астанасының), аудандық және қалалық мәслихаттардың сессиясында жүргізіледі. Сонымен қатар бірнеше мәслихаттар бір кандидатты ұсына алады. Сондай-ақ заңда азаматтардың өзін-өзі кандидаттыққа ұсыну құқығы қарастырылған. Сенаторлыққа кандидат облыстың, республикалық маңызы бар қала мен астананың барлық мәслихаттарының өкілі болып табылатын таңдаушылардың жалпы санының оннан кем болмайтын пайызынан қолдау табуы қажет. Таңдаушылардың қолдауы қол жинаумен куәлендіріледі.

Егер бірлескен отырысқа тиісінше облыстың барлық мәслихаттарынан, республикалық маңызы бар қаланың және Республиканың астанасының мәслихатынан өкіл болатын депутаттардың жалпы санының елу пайыздан астамы қатысса, ол заңды болып есептеледі. Сенат депутаттарын сайлауды өткізудің дұрыстығы Конституциялық Кеңеспен қаралуы мүмкін. Сенаторлардың жартысы әр үш жыл сайын қайта сайланады.

10.3. Қазақстан Республикасы Парламенті. Қазақстан Республикасының Парламенті қазақ халқын өкілдендіретін ең жоғары мемлекеттік орган болып табылады, мемлекеттің маңызды мәселелері ол арқылы шешіледі. Заң шығарушы Қазақстан Республикасы Парламентіне жоғары мемлекеттік органдарды қалыптастыру бойынша көптеген өкілеттіктер берген; заң шығарушы биліктің жоғары органы ретінде заң шығару процесінде де өкілеттіктерді жүзеге асырады; соғыс және бітім мәселелерін шешеді; республикалық референдумды өткізу туралы бастама жасай алады; халықаралық шарттарды бекітеді және денонсациялайды; атқарушы билікке қатысты бақылаушылық қызметке ие болады және т.с.с.

Қазақстан Республикасы Парламенті екі палаталы болғандықтан, бұл өкілеттіктер екі Палатаның арасында бөлінеді:

мемлекеттік маңызды мәселелерді шешу, сонымен қатар Парламент Палаталарының бірлескен отырысында қабылданады;

кейбір мәселелерді әр Палата олардың жеке отырыстарында жүзеге асырады, ең алдымен Мәжілісте, одан кейін Сенатта;

сонымен қатар Парламент Палаталарының әр қайсы айрықша және жеке өкілеттіктерге ие болады.

Мјжілістіѕ тоќсан сегіз депутатын сайлау жалпыєа бірдей, теѕ жјне тґте сайлау ќўќыєы негізінде жасырын дауыс беру арќылы жїзеге асырылады. Мјжілістіѕ тоєыз депутатын Ќазаќстан халќы Ассамблеясы сайлайды. Мјжіліс депутаттарыныѕ кезекті сайлауы Парламенттіѕ жўмыс істеп тўрєан сайланымы ґкілеттігініѕ мерзімі аяќталардан кемінде екі ай бўрын ґткізіледі. Сенат депутаттары жанама сайлау ќўќыєы негiзiнде жасырын дауыс беру жолымен сайланады. Сайланєан Сенат депутаттарыныѕ жартысы јрбiр їш жыл сайын ќайта сайланып отырады. Бўл орайда олардыѕ кезектi сайлауы бўлардыѕ ґкiлеттiк мерзiмi аяќталєанєа дейiнгi екi айдан кешiктiрiлмей ґткізiледi. Парламент немесе Парламент Мјжілісі депутаттарыныѕ кезектен тыс сайлауы тиісінше Парламент немесе Парламент Мјжілісініѕ ґкілеттігі мерзімінен бўрын тоќтатылєан кїннен бастап екі ай ішінде ґткізіледі. Ќазаќстан Республикасыныѕ азаматтыєында тўратын жјне оныѕ аумаєында соѕєы он жылда тўраќты тўрып жатќан адам Парламент депутаты бола алады. Жасы отызєа толєан, жоєары білімі жјне кемінде бес жыл жўмыс стажы бар, тиісті облыстыѕ, республикалыќ маѕызы бар ќаланыѕ не Республика астанасыныѕ аумаєында кемінде їш жыл тўраќты тўрып жатќан адам Сенат депутаты бола алады. Жасы жиырма беске толєан адам Мјжіліс депутаты бола алады.  Республика Парламенті депутаттарын сайлау конституциялыќ заѕмен реттеледі. Парламенттiѕ депутаты Ќазаќстан халќына ант бередi.

10 тақырып бойынша тест сұрақтары.

1. Неше жастан бастап Қазақстан Республикасының азаматы Праламент Мәжілісіне сайлана алады:

а) 20 жастан;

б) 25 жастан;

в) 30 жастан

(дұрыс жауабы - б)

2. Заңдардың қаралуының басымдылығын кім анықтайды:

а) ҚР-ның Президенті;

б) ҚР-ның Парламенті;

в) ҚР-ның Үкіметі.

(дұрыс жауабы - а)

3. Егер Президент Парламенттің қарауына Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы жобасын ұсынса, онда ол қандай көпшілік дауыспен енгізіледі:

а) Парламент депутаттарының жалпы санының үштен екісінің даусымен;

б) Парламент әр Палатасының депутаттарының жалпы санының төрттен үшінің даусымен;

в) Парламент депутаттарының жалпы санының бестен төртінің даусымен.

(дұрыс жауабы - )

4. Республикалық бюджет қалай бекітіледі:

а) Мәжіліс отырысында;

б) Сенат отырысында;

в) Парламент Палаталарының бірлескен отырысында.

(дұрыс жауабы - в)

5. Заң шығару бастамашылығы құқығы қалай іске асырылады:

а) Мәжілісте;

б) Сенатта;

в) Сенатта да және Мәжілісте де.

(дұрыс жауабы - а)

6. Парламенттік тыңдаулар құрылады:

а) Парламент Палаталарының тұрақты және уақытша комитеттерінде;

б) Палаталардың Бюросында;

в) Парламент Палаталарының Төрағаларымен.

(дұрыс жауабы - а)

7. Парламенттің үйлестіруші органдары болып мыналар табылады:

а) Парламент Палаталарының аппараттары;

б) тұрақты комитеттер;

в) Палаталардың Бюролары.

(дұрыс жауабы - в)

8. Мемлекеттік кірісті қысқартуды немесе мемлекеттік шығысты көбейтуді көздейтін заңдардың жобалары қарауға қалай енгізіледі:

а) ҚР-сы Президентінің қорытындысы болғанда;

б) ҚР-сы Үкіметінің оң қорытындысы болғанда;

в) Парламент Палаталары Төраңаларының қорытындысы болғанда.

(дұрыс жауабы - б)

9. Депутаттық фракцияға неше депутат біріге алады:

а) кемінде 10 депутат;

б) кемінде 20 депутат;

в) кемінде 7 депутат.

(дұрыс жауабы - а)

10. Депутаттық топтың құрамында неше депутат болуға тиіс:

а) кемінде 15 депутат;

б) кемінде 20 депутат;

в) кемінде 10 депутат.

(дұрыс жауабы - а)

Тақырып 11. Қазақстан Республикасы Үкіметінің конституциялық-құқықтық негіздері.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің конституциялық-құқықтық мәртебесі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің конституциялық-құқықтық мәртебесі Конституцияның 64-ші бабына сәйкес анықталады, яғни Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды.

Үкіметтің қызметі 18 желтоқсан 1995 жылы қабылданған “Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы” Конституциялық заңмен және өзге де заңдармен, нормативтік құқықтық актілермен реттеледі.

“Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы” Конституциялық заң оның құрылу тәртібін; құрылымын, құрамын, өкілеттік мерзімін және құзыретін, Үкіметтің өзге мемлекеттік органдармен өзара қатынасын анықтайды.

Үкімет Қазақстан Республикасы Президентімен қалыптасатын жоғары атқарушы билік органы болып табылады. Бұл алқалы мемлекеттік орган, ол өзінің қызметі үшін жеке және алқалы жауаптылықта болады.

Үкіметтің құрамы мен құрылымы туралы өтініш Премьер-Министрмен, ол лауазымына тағайындалғаннан кейін он күндік мерзім ішінде Президентке ұсынылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына – Премьер-Министр, оның орынбасарлары, министрлер және өзге де лауазымды тұлғалар кіреді.

Республика Үкіметі Президенттің өкілеттік мерзімі шегінде әрекет етеді және жаңадан сайланған Президенттің алдында өзінің өкілеттігін тоқтатады. Ол өзінің барлық қызметі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің алдында жауап береді және Конституцияның 53-ші бабының 6-шы тармақшасында көзделген ретте Республика Парламентіне есеп береді.

Үкiмет Қазақстан Республикасының атқарушы билiгiн жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесiн басқарады және олардың қызметiне басшылық жасайды. Үкімет алқалы орган болып табылады және өзінің бүкіл қызметінде Республика Президентінің алдында жауапты, ал Конституцияда көзделген жағдайларда Парламент Мәжілісінің және Парламенттің алдында жауапты. Конституцияның 57-бабының 6)-тармақшасында көзделген ретте Үкiмет мүшелерi Парламент палаталарына есеп бередi. Үкiметтiң құзыретi, ұйымдастырылуы мен қызмет тәртiбi конституциялық заңмен белгiленедi.    

Қазақстан Республикасының Президентi Үкiметтi Конституцияда көзделген тәртiппен құрады. Республика Премьер-Министрi таєайындалєаннан кейiнгi он кїн мерзiм iшiнде Премьер-Министр Үкiметтiѕ құрылымы мен құрамы туралы Республика Президентiне ұсыныс енгiзедi. Үкiмет мүшелерi Қазақстан халқы мен Президентiне ант бередi.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнің конституциялық-құқықтық өкілеттіктері

1) мемлекеттiѕ јлеуметтiк-экономикалыќ саясатыныѕ, оныѕ ќорєаныс ќабiлетiнiѕ, ќауiпсiздiгiнiѕ, ќоєамдыќ тјртiптi ќамтамасыз етудiѕ негiзгi баєыттарын јзiрлейдi жјне олардыѕ жїзеге асырылуын ўйымдастырады; 

2) Парламентке республикалыќ бюджеттi жјне оныѕ атќарылуы туралы есептi ўсынады, бюджеттiѕ атќарылуын ќамтамасыз етедi; 

3) Мјжiлiске заѕ жобаларын енгiзедi жјне заѕдардыѕ орындалуын ќамтамасыз етедi; 

4) мемлекеттiк меншiктi басќаруды ўйымдастырады; 

5)Республиканыѕ сыртќы саясатын жїргiзу жґнiнде шаралар јзiрлейдi; 

6) министрлiктердiѕ, мемлекеттiк комитеттердiѕ, ґзге де орталыќ жјне жергiлiктi атќарушы органдардыѕ ќызметiне басшылыќ жасайды; 

7) Республиканыѕ министрлiктерi, мемлекеттiк комитеттерi, ґзге де орталыќ жјне жергiлiктi атќарушы органдары актiлерiнiѕ кїшiн толыќ немесе ќолданылу бґлiгiнде жояды немесе тоќтата тўрады;  8)Їкiмет ќўрамына кiрмейтiн орталыќ атќарушы органдардыѕ басшыларын ќызметке таєайындайды жјне ќызметтен босатады;  9) ґзiне Конституциямен, заѕдармен жјне Президент актiлерiмен жїктелген ґзге де ќызметтердi орындайды.

Ќазаќстан Республикасыныѕ Премьер-Министрi:

  • Їкiмет ќызметiн ўйымдастырып, оєан басшылыќ жасайды жјне оныѕ жўмысы їшiн дербес жауапбередi; 

  • Їкiмет ќаулыларына ќол ќояды; 

  • Їкiмет ќызметiнiѕ негiзгi баєыттары жґнiнде жјне оныѕ аса маѕызды барлыќ шешiмдерi жґнiнде Президентке баяндап отырады; 

Їкiмет ќызметiн ўйымдастыруєа жјне басшылыќ жасауєа байланысты басќа да ќызметтердi атќарады.       

Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілері

1. Ќазаќстан Республикасыныѕ Їкiметi ґз ќўзыретiнiѕ мјселелерi бойынша Республиканыѕ бїкiл аумаєында мiндеттi кїшi бар ќаулылар шыєарады. 

2. Республиканыѕ Премьер-Министрi Республиканыѕ бїкiл аумаєында мiндеттi кїшi бар ґкiмдер шыєарады. 

3. Їкiметтiѕ ќаулылары жјне Премьер-Министрдiѕ ґкiмдерi Конституцияєа, заѕ актiлерiне, Республика Президентiнiѕ жарлыќтары мен ґкiмдерiне ќайшы келмеуге тиiс.

жергілікті атқарушы органдардың актілерінің күшін толығымен не бір бөлігін жояды немесе тоқтата тұрады және осы мәселе туралы Республика Президентінің қарауына ұсыныстар енгізіді. Жергілікті атқарушы органдардың әкімдері Президент пен Үкіметтің өкілдері болып табылады.

11 тақырып бойынша тест сұрақтары.

1.Төменде аталған субъектілердің қайсы Үкіметтің мүшелерін лауазымына тағайындайды және босатады:

а) ҚР-сы Премьер-Министрінің ұсынысы бойынша ҚР-сы Президенті;

б) ҚР-ның Үкіметі;

в) ҚР-ның Премьер-Министр,

(дұрыс жауабы - а)

ҚР-сы Үкіметінің құрамына мыналар кіреді:

а) ҚР-ның Премьер-Министрі, оның орынбасарлары, министрлер және өзге де лауазымды тұлғалар;

б) Премьер-Министр, министрлер, агенттіктердің төрағалары және өзге де ведомстволардың төрағалары;

в) Премьер-Министр, министрлер, агенттіктер төрағалары және облыстық әкімдер.

(дұрыс жауабы - а)

Төменде көрсетілген өкілеттіктердің қайсы Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретіне жатпайды:

а) құрылымдық және инвестициялық саясатты жүзеге асырады;

б) аймақтық мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және іске асырады;

в) мемлекеттік бағдарламаны бекітеді.

(дұрыс жауабы - в)

Төменде көрсетілген субъектілердің қайсы ҚР-сы Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың басшыларын лауазымына тағайындайды және босатады:

а) Қазақстан Республикасы Үкіметі;

б) ҚР-сы Премьер-Министрі;

в) ҚР-сы Премьер-Министрінің ұсынысы бойынша ҚР-сы Президенті

(дұрыс жауабы - а)

ҚР-сы Үкіметімен төменде көрсетілген актінің қайсы қабылданады:

а) қаулы;

б) жарлық;

в) шешім.

(дұрыс жауабы - а)

ҚР-сы Премьер-Министрін қоспағанда төменде көрсетілген лауазымды тұлғалардың қайсы ҚР-сы Үкіметінің отырысына төрағалық ете алады:

а) Мемлекеттік хатшы;

б) ҚР-ның Президенті;

в) ҚР-сы Парламент Сенатының Төрағасы.

(дұрыс жауабы - б)

9. ҚР-ның Премьер-Министрі қандай акт қабылдайды:

а) өкім;

б) қаулы;

в) шешім.

(дұрыс жауабы - а)

10. “Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы қашан қабылданды:

а) 18 желтоқсан 1995 жылы;

б) 29 желтоқсан 1995 жылы;

в) 30 тамыз 1995 жылы.

(дұрыс жауабы - а)

Тақырып 12. Қазақстан Республикасындағы конституциялық бақылаудың негіздері.

12.1. Конституциялық бақылау институтының түсінігі. Құқықтық демократиялық мемлекетте конституцияны ерекше қорғау мен сақтау конституцияның заңдылық қасиетінің ажырамас бөлігі болып табылады. Бұл конституцияда бекітілген және реттелетін қоғамдық қатынастардың маңыздылығымен сипатталады. Конституцияны құқықтық қорғау мемлекет пен қоғамның қызметінің негізгі институттары: мемлекеттің конституциялық құрылысының негіздерін, осы мемлекеттегі тұлғаның құқықтық жағдайының негіздерін, мемлекеттік билік органдарының жүйесін ұйымдаструды қалыптастыратын конституцияның тұрақтылығына әсер етеді.

Конституциялық бақылау – осы мемлекеттің заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің сәйкестігін тексеретін, мемлекеттің құқық қорғаушы қызметінің ерекше түрі.

Көптеген жағдайда конституциялық бақылаудың объектісі болып заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілер, сонымен қатар халықаралық шарттар да табылады. Кейбір мемлекеттерде конституциялық бақылаудың объектісі болып мемлекеттің президентін мерзімінен бұрын орнынан босату немесе лауазымынан кетіру, сайлау мен референдумның және т.с.с. өткізілуі кезінде конституциялық процедураның сақталуы табылады.

Конституциялық құқықта заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің конституцияға сәйкестігін тексерудің екі әдісі: алдын-ала және кейінгі конституциялық бақылау қолданылады.

Алдын-ала конституциялық бақылау заңды күшіне енбеген заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің конституцияға сәйкестігін алдын-ала қарау тәртібімен жүзеге асырылады.

Кейінгі конституциялық бақылау әрекет етіп отырған, қолданыстағы заңдар мен нормативтік құқықтық актілердің пәнінің конституцияға сәйкестілігіне қатысты жүзеге асырылады.

Конституциялық бақылау мазмұны бойынша формальды және материалды болуы мүмкін. Формальды конституциялық бақылауда заңдар мен өзге де нормативтік құықтық актілерді қабылдау үшін конституциялық тәртіптің сақталуы тексерілетін болса, ал материалдық конституциялық бақылауда осы заңдардың немесе нормативтік құқықтық актілердің конституциялығы, яғни, конституцияға сәйкестілігі тексеріледі.

Конституциялық бақылау көптеген мемлекеттік органдармен жүзеге асырылады. Конституциялық бақылаудың мамандандырылған және мамандандырылмаған органдары әрекет етеді. Конституциялық бақылаудың мамандандырылмаған органдарының бірі болып мемлекет басшысы табылады. Мысалы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 40-шы бабына сәйкес Республика Президенті Конституцияның мызғымастығының, адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілі болып табылады. Ол Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне өтініш жасайтын субъектілердің бірі болып табылады. Американың құрама штаттарында конституциялық бақылау құқығына Жоғары және жалпы соттар ие болады. Мамандандырылған органдарға Конституцияның жоғарылығын қамтамасыз ететін Конституциялық соттар және конституциялық кеңестер жатады.

12.2. Қазақстан Республикасында конституциялық бақылау институтының қалыптасуы. Қазақстан конституцияны қорғаудың мамандандырылған мемлекеттік органын құрылтайландыру жолын таңдады. Алғашқы арнайы конституциялық бақылау органы болып Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты табылды, оның қызметі 5 шілде 1992 жылы қабылданған “Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы” және “Қазақстан Республикасындағы конституциялық сот өндірісі туралы” Қазақстан Республикасының Заңдарымен реттелді. 16 желтоқсан 1991 жылғы “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында алғаш рет Конституциялық соттың құқықтық мәртебесі анықталған, онда Қазақстан Республикасының Конституциялық соты Конституцияны соттық қорғаудың жоғары органы болып табылады делінген. 1993 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясында Конституциялық Сот Қазақстан Республикасының сот билігінің жүйесіне енгізілген.

Конституциялық соттың құрамында төраға және тоғыз судьялар болған. Заңдардың және өзге де нормативтік құқықтық актілердің, сонымен қатар халықаралық шарттардың және Қазақстан Республикасының міндеттіліктерінің Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігі туралы талап арыздарды қарады. Конституциялық Сотқа жүгіне алатын субъектілердің көлемі өте кең болды. Конституциялық сотқа Қазақстан Республикасының азаматтары да өздерінің конституциялық құқықтары мен бостандықтарының бұзылғандығы туралы талап арызбен жүгіне алатын болған. Конституциялық соттың 6 наурыз 1995 жылғы Қаулысы Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңесін тарату мен Қазақстанның мемлекеттік механизмінің түп-тамырымен қайта реформалануына әкелді (8-ші тақырыпты қараңыз).

1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясында соттан тыс жаңа конституциялық бақылау органы – сот органдарының жүйесіне енбейтін, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі құрылтайланды.

№12 тақырып бойынша тест сұрақтары.

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің ғұмыр бойғы мүшесі:

а) ҚР-ның Президенті;

б) Сенат Төрағасы, Мәжіліс Төрағасы және ҚР-ның Президенті;

в) Премьер-министр.

(дұрыс жауабы - а)

ҚР-ның Конституциялық Кеңесінің сандық құрамы:

а) 7 мүше;

б) 9 мүше;

в) 15 мүше.

(дұрыс жауабы – а)

ҚР-сы Конституциялық Кеңесінің мүшелерін кім тағайындайды:

а) ҚР-сы Президенті, ҚР-сы Парламентінің әр Палатасының дербес отырысында;

б) ҚР-сы Президентінің ұсынысы бойынша ҚР-ның Парламенті;

в) ҚР-ның Премьер-Министрі. (дұрыс жауабы - а)

ҚР-сы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы кіммен тағайындалады:

а) Сенат Төрағасымен;

б) Мәжіліс Төрағасымен;

в) ҚР-сы Президентімен.

(дұрыс жауабы - в)

ҚР-ның Конституциялық Кеңесі қандай актілер шығарады:

а) қаулы;

б) жарлық;

в) өкімдер.

(дұрыс жауабы - а)

Конституциялық Кеңестің отырысы қандай жағдайда құқылы болып саналады:

а) оның 2/3-нен кем болмайтын;

б) оның 3/4-нен кем болмайтын;

в) оның 1/3-нен кем болмайтын мүшелері қатысса.

(дұрыс жауабы - а)

“Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар Жарлығы қашан қабылданды:

а) 29 желтоқсан 1995 жылы;

б) 30 тамыз 1995 жылы;

в) 15 желтоқсан 1997 жылы.

(дұрыс жауабы - а)

Конституциялық бақылау – бұл:

а) нормативтәк құқықтық актілер мен мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың әрекетінің Конституцияға сәйкестігін тексеру;

б) соттар мен құқық қорғаушы органдарда азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының бұзылуымен байланысты істерді қарау кезінде бақылау;

(дұрыс жауабы - а)

Қазақстан Республикасының Президенті неше күннің ішінде Конституциялық Кеңестің Қаулысына қарсылық білдіре алады:

а) 10 күн;

б) 15 күн;

в) 7 күн.

(дұрыс жауабы - а)

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі мемлекеттік билік тармағының қайсына жатады:

а) заң шығарушы;

б) атқарушы немесе сот;

в) мемлекеттік биліктің ешқандай тармағына жатпайды, мемлекеттің жеке әрі тәуелсіз органы болып табыладды

(дұрыс жауабы - в)

Тақырып 13. Қазақстан Республикасындағы сот жүйесінің конституциялық-құқықтық негіздері.

13.1. Сот билігі: түсінігі, мәні мен билікті бөлу жүйесіндегі орны. Сот билігі мемлекеттік биліктің жеке және тәуелсіз тармағы болып табылады. Ол барлық деңгейдегі заң шығарушы және атқарушы билік тармақтарының деңгейінен дараланған.

Сот билігі заңның жоғарылығын қамтамасыз етеді, сонымен қатар адам және азаматтың, ұйымдардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғау және бұзылған құқықтар мен бостандықтарды қалпына келтіруді жүзеге асырады. Сот билігіне Конституцияның, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық аутілер, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде пайда болатын даулар мен істерді қарау жатады.

Сот билігінің басты функциясын сот әділдігі азаматтық, қылмыстық және өзге де заңда белгітенген нысандағы сот өндірісі нысандарымен жүзеге асырады. Қазақстан Республикасындағы сот әділдігі тек қана сотпен жүзеге асырылады. Конституцияға сәйкес қылмыстық сот өндірісінде присяжный заседательдердің қатысу мүмкіндігіне жол беріледі. Бұл жаңа институт. Қазақстан Республикасында сот өндірісінде присяжный заседательдердің қатысу институты әлі енгізілген жоқ.

Билікті бөлу қағидасы Қазақстан Республикасының Конституциясында жарияланған соттың тәуелсіздігін бекітеді. Осы бағытта 2000 жылы соттық-құқықтық реформа өткізілді. Мемлекет басшысы сот жүйесінің тәуелсіздігін нығайту үшін көптеген жарлықтар шығарды.

Тақырып 14. Жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқарудың конституциялық негіздері.