Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Конституция силлабус.doc
Скачиваний:
90
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
694.27 Кб
Скачать

1.2. Конституциялық-құқықтық реттеу әдістері.

Конституциялық-құқықтық реттеу анықталған қоғамдық қатынастарға нормативтік-ұйымдастырушылық әсер ету мақсатында оларды реттеу, қорғау және дамыту болып табылады. Ол нақты бағыттық сипатқа ие болады және анықталған құралдардың конституциялық-құқықтық нормалар, құқықтық қатынастар көмегімен, құқықтық реттеу әдістерімен жүзеге асырылады. Құқықтық реттеу әдісі – ол қоғамдық қатынастарды реттеу тәсілдері. Конституциялық-құқықтық реттеудің негізгі әдістері болып рұқсат ету, міндеттеу және тыйым салу әдістері табылады.

Рұқсат ету әдісі – конституциялық-құқықтық қатынастың субъектісінің әрекет ету мүмкіндігі. Рұқсат ету әдісі мемлекеттік органдардың конституциялық өкілеттіктерімен, сонымен қатар Конституцияда кепілдендірілген құқықтар және бостандықтармен анықталады.

Конституциялық-құқықтық реттеу биліктік-императивтік бастама негізінде заңды әсер ету, яғни міндеттеу және тыйым салу әдістерімен жүзеге асырылады.

Міндеттеу әдісі – конституциялық-құқықтық қатынас субъектісінің әрекет ету міндеттілігі. Міндеттеу әдісі мемлекет пен қоғамда тұлғаның бекітілген конституциялық міндеттерін жүзеге асырумен анықталады. Мысалы, ҚР-ның Конституциясының 34-бабының 1-ші тармағында әркім Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдылықтарын сақтауға, өзге де тұлғалардың құқықтары, бостандықтры мен қадір-қасиетін сыйлауға міндетті деп көрсетілген. Сонымен қатар міндеттеу әдісі мемлекеттік органдардың да конституциялық міндеттерін бекітеді.

Тыйым салу әдісі субъектінің қандай да бір әрекет жасауына тыйым салады. Ол тыйым салынады, ешқашан, ешкім және т.б. сөздермен конституциялық негізде бекітіледі.

1.3. Конституциялық құқықтың қайнар көздері. Конституциялық құқық теориясында конституциялық құқықтың қайнар көздерінің түсінігіне конституциялық-құқықтық нормалар заңдық күшке ие болатын құқықтық актілер кіреді. Құқықтың қайнар көздері әрекет етіп отырған нормативтік құқықтық актілердің иерархиялық жүйесі бойынша анықталады, әр акт өзінің заңдық әрекеттеріне ие болады.

Конституциялық құқықтың негізгі қайнар көзі болып Қазақстан Республикасының Конституциясы танылады. Біріншіден, Конституцияның нормалары халық еркімен жүзеге асырылады; екіншіден, олар мемлекет пен қоғамның барлық салаларын реттейді; үшіншіден, Конституцияның нормалары жоғары заң күшіне ие болады және Республиканың барлық аумағына тікелей әрекет етеді; төртіншіден, олар құрылтайшылық сипатта болады және қолданымдағы заңдылықтарға негіз болып табылады; конституциялық құқық саласының өзге де қайнар көздері анықталады яғни, нормативтік құқықтық актілердің аталуы, заңдылық күштері, қабылдану тәртібі, тоқтатылуы және жариялануы.

1-ші тақырып бойынша тест сұрақтары.

1. Конституциялық құқық – ұлттық құқық саласы, ол мынадай құқықтық қатынастарды бекітеді және реттейді:

а) азамат пен мемлеттік органдардың арасындағы мүліктік және мүліктік емес қатынастарды;

б) құқық бұзушылықпен және оған жаза тағайындаумен байланысты пайда болатын құқықтық қатынастарды;

в) конституциялық құрылыстың негіздері мен тұлғаның мемлекет пен қоғамдағы құқықтық жағдайын, мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілеттігі мен қызмет тәртібін және жүйесін қалыптастыратын...

(дұрыс жауабы - в)

2. Негізгі қоғамдық қатынастар түсінігіне не кіреді:

а) адамдардың арасында, олардың мүддесін қорғайтын қатынастар;

б) меншікке, кәсіпкерлікке байланысты қатынастар;

в) мемлекет пен қоғамның аясының негізін қамтитын қатынастар.

(дұрыс жауабы - в)

3. Қазақстан Республикасының ұлттық құқығының ядросы болып қай құқық саласы табылады:

а) азаматтық құқық;

б) қылмыстық құқық;

в) конституциялық құқық.

(дұрыс жауабы - в)

4. Конституциялық-құқықтық реттеу әдісі дегеніміз – бұл:

а) конституциялық құқық нормаларында бекітілген негізі қоғамдық қатынастарға әсер ететін заңды тәсілдердің жиынтығы;

б) құқық бұзушыға мемлекеттің конституциялық құқық нормаларын қолдану нысанымен әрекет ету тәсілі;

в) адамның өзінің конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау тәсілдері.

(дұрыс жауабы - а)

5. Төменде көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің қайсы Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының қайнар көзі болып табылады:

а) соттық прецедент;

б) конституциялық заң;

в) дәстүрлер.

(дұрыс жауабы - б)

Тақырып 2. Конституциялық-құқықтық нормалар және конституциялық-құқықтық қатынастар.

2.1. Конституциялық-құқықтық нормалардың түсінігі, ерекшеліктері және түрлері. Конституциялық-құқықтық норма кез-келген құқықтық нормаға сәйкес белгілерге ие болады. Бірақ конституциялық құқықтың пәні оның конституциялық-құқықтық нормаларының спецификалық қасиеттерімен ерекшеленеді. Конституциялық-құқықтық нормалардың басымдылығы барлық құқық жүйесінде жоғары заң күшіне ие болатын ерекше акт – Қазақстан Республикасының Конституциясында, сонымен қатар конституциялық сипаттағы нормативтік-құқықтық актілерде мазмұндалады. Конституциялық-құқықтық нормалардың келесі айрықша белгілері – жалпы реттеуші және құрылтайшылық сипат.

Конституциялық-құқықтық нормалардың жалпы реттеуші сипаты - оның көпшілігі барлық құқыққолданушы субъектілерге бағытталған. Конституциялық құқық субъектілерінің шеңбері кең әрі ол осы құқық саласына ғана тән. Конституциялық-құқықтық қатынастардың субъектілері болып халық, мемлекет, ұлттар, адам және азамат, жоғары мемлекеттік органдар және қоғамдық бірлестіктер табылады.

Конституциялық-құқықтық нормалардың құрылтайшылық сипаты ретінде қоғамдық қатынастардың құқықтық ресімделуінің құқықтық бастамасы болып табылады. Сондықтан оларды – норма-қағидалар, норма-мақсаттар деп те атайды. Конституциялық-құқықтық нормалардың құрылтайшылық сипаты ретінде оларды Қазақстан Республикасының ұлттық құқық салаларының нормаларын құру үшін міндетті тәртіп бекітіледі. Онда құқықтық актілердің нысаны, оларды қабылдау және жариялау тәртібі, қабылданатын құқықтық актілердің аталуы анықталады. Мысалы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 69-шы бабының 1 тармағында Қазақстан Республикасының Үкіметі өз құзыреті шегіндегі мәселелер бойынша Республиканың барлық аумағына міндетті күшке ие болтын қаулылар шығарады деп көрсетілген.

Конституциялық-құқықтық нормалар өзге құқық салаларының нормаларынан құрылымдылық өзгешеліктерімен ерекшеленеді. Конституциялық-құқықтық нормалар көптеген жағдайда екі сатылы құрылымға ие болады: гипотеза және диспозиция. Тек кейбір жағдайда ғана санкцияға ие болады.

Конституциялық-құқықтық нормаларды саралау көптеген негіздерге қатысты қарастырылады. Біріншіден, реттелетін қоғамдық қатынастардың шеңберіне қарай:

а) конституциялық құрылыс негіздерін бекітетін нормалар;

б) адам мен азаматтың құқықтық мәртебесін бекітетін нормалар;

в) басқару органдарының жүйесін бекітетін нормалар.

Екіншіден, заңды күші бойынша: Республиканың Конституциясында бекітілген нормалар, олар жоғары заңдылық күшке ие болады және ешқандай құқық нормасы қайшы келмеуге тиіс.

Үшіншіден, конституциялық-құқықтық нормаларында мазмұндалатын көрсетілу сипатына қарай:

а) құқық беруші, яғни субъектілердің онда бекітілген құқықтарды жүзеге асыру әрекеттері. Мысалы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 2-ші бөлімінде бекітілген адам мен азаматтың мемлекетпен кепілдендірілген құқықтары мен бостандықтары; мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін бекітетін конституциялық-құқықтық нормалар;

б) міндеттеуші нормалар – субъектілерге анықталған нақты нормаларға сәйкес жағымды әрекеттерді жасауға міндеттейді. Мысалы, азаматтардың конституциялық міндеттерін бекітетін, сонымен қатар өзге әрекет жасау жағдайын қарастырмайтын нормалар;

в) тыйым салатын нормалар – анықталған қандай да бір әрекеттерді жасау мүмкіндігін болдырмайтын нормалар. Мысалы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 5-ші бабының 3-ші тармағында мақсаты бойынша конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге бағытталған қоғамдық бірлестіктердің құрылуы мен қызмет етуіне тыйым салынады делінген;

г) көрсетілу нысанына қарай императивті және диспозитивті нормалар.

Императивті нормалар – олар биліктік сипатқа ие болады және субъектілердің өз қалауы бойынша өзге ережелерді қолдануына мүмкіндік берілмейді. Бұндай нормаларды заң әдебиеттерінде категориальды деп атайды, яғни нормадағы талаптан ауытқымау.

Диспозитивті норма – субъектіге нормада көрсетілген шарттар мен мән-жайларды өз қалауы бойынша таңдауға мүмкіндік беріледі.

Конституциялық-құқықтық нормалар мақсатына қарай материалдық және процессуалдық болып бөлінеді.

Материалдық нормалар қоғамдық қатынастардың құқықтық реттелуі бойынша әрекеттерді қарастырады, яғни құқықтық қатынасқа қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін анықтайды. Мысалы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 2-ші “Адам және азамат” бөлімінде ол жан-жақты анықталған.

Процессуалдық нормалар өкілді органдардың жұмысын ұйымдастыру, заңдар мен өзге де актілерді қабылдаау кезінде материалдық нормаларды іске асырумен анықталады. Мысалы, Мәжіліс, Сенат, Парламенттің Регламенттері. Көптеген процедуралық нормалар депутаттарды сайлау, референдум өткізу туралы заңдылық актілерде анықталады.