Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Конституция силлабус.doc
Скачиваний:
90
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
694.27 Кб
Скачать

2.2. Конституциялық-құқықтық қатынастар, оларды ерекшеліктері және түрлері.

Заң әдебиеттерінде құқықтық қатынас түсінігіне құқық нормасы негізінде пайда болатын, қатысушылары мемлекетпен қамтамасыз етілген субъективтік құқықтар мен заңды міндеттерге ие болатын қоғамдық байланыс жатады. Яғни, құқықпен реттелетін кез-келген қоғамдық қатынас – құқықтық қатынас болып табылады. Сонымен қатар сәйкестелген субъектілердің арасында заңдылық байланыс қалыптасады, яғни бір субъект анықталған құқықтарға ие болса, ал екінші субъект – міндеттерге ие болады, немесе екі субъект те өзара байланысты құқықтар мен міндеттерге ие болады. Осы құқықтық қатынастар арқылы құқық нормалары іске асырылады.

Конституциялық-құқықтық қатынастардың түрлері. Конституциялық-құқықтық қатынастар келесі түрлерге бөлінеді:

1. Нақты конституциялық-құқықтық қатынастар – онда субъектілер, олардың өзара құқықтары мен міндеттері анықталған.

Нақты құқықтық қатынастар норма-ережелерді іске асыру нәтижесінде пайда болады.

2. Жалпы сипаттағы конституциялық-құқықтық қатынастар – онда қатынастың субъектілері нақты анықталмаған және олардың құқықтары мен міндеттері нақты бекітілмеген. Олар норма-қағидаларды, норма-мақсаттарды, норма-декларацияларды іске асыру кезінде пайда болады.

3. Тұрақты және уақытша конституциялық-құқықтық қатынастар.

Тұрақты конституциялық-құқықтық қатынастардың әрекет мерзімі анықталмаған. Бірақ, қандай да бір жағдайларда олар тоқтатылуы мүмкін. Мысалы, азаматтың өлімі оның азаматтаққа қатысын тоқтатады.

Уақытша конституциялық-құқықтық қатынастар нақты құқықтық қатынастарды іске асыру кезінде пайда болады. Құқықтық қатынаста көрсетілген құқықтық міндетін атқаруымен байланысты олар тоқтатылады. Мысалы, сайлаушы мен учаскелік сайлау комиссиясының арасындағы байланыс ақырғысының сайлау бюллетенін беру және дауыс беру жағдайларын қамтамасыз ету міндетін атқарғаннан кейін тоқталады.

4. Материалдық және процессуалдық конституциялық-құқықтық қатынастар. Материалдық конституциялық-құқықтық қатынастар құқықтар мен міндеттердің жалпы мазмұнын іске асырса, ал процессуалдық құқықтық әрекетінің тәртібін іске асырады.

5. Мақсатына қарай конституциялық-құқықтық қатынастарды құқықбекітуші және құқыққорғаушы деп бөліп қарастырады.

Құқықбекітуші құқықтық қатынастарда оның қатысушыларының құқықтары мен міндеттерін іске асыруды жүзеге асырады.

Ресей конституционалистері Е.И.Козлова мен О.Е.Кутафин конституциялық-құқықтық қатынастардың тағы бір түрін бөліп қарастырады, ол құқықтық жағдай деп аталады. Онда құқықтық қатынастың субъектілері нақты анықталғанмен, бірақ олардың өзара құқықтары мен міндеттері толық ашалмаған. Мысалы, ондай конституциялық-құқықтық қатынастарға азаматтықта болу жағдайын жатқызуға болады.

Құқықтық қатынас пайда болуы үшін, өзгеруі немесе тоқатылуы үшін заңды деректің болуы қажет.

Заңды дерек - құқықтық қатынас пайда болуы, өзгеруі немесе тоқатылуы кезінде әрекет немесе оқиға туындайды.

Оқиға субъектінің еркінен тыс пайда болады. Ал әрекет субъектінің өз еркімен байланысты туындайды.

Әрекетті - заңды акт және заңды әрекет деп саралайды. Мысалы:

1) азаматтыққа қатысты құқықтық қатынас баланың өмірге келуімен пайда болады;

2) азаматтың сайлау құқығын іске асыру көптеген заңдылық деректерді туындатады: сайлауды тағайындау туралы, сайлау округтерін және учаскелерін, крмиссияларын құру туралы актілерді қабылдау, сайлаушылардың тізімдерін құру және т.с.с.

2 тақырыпқа тест сұрақтары

Конституциялық-құқықтық норма-қағидалар дегеніміз – бұл:

а) құқықтық қатынас субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін анықтайды;

б) қоғамдық қатынастарды конституциялық-құқықтық реттеу кезінде қалыптасатын негізгі бастамалар мен идеялар;

в) қандай да бір әрекеттерді жасауға тыйым салуды бекітеді.

(дұрыс жауабы - б)

2. Конституциялық-құқықтық нормалар – бұл:

а) адамдардың іс-қимылдарын реттеу мақсатында бекітілген жалпыға міндетті әрекет ету ережесі;

б) біртектес қоғамдық қатынастарды реттейтін конституциялық құқықтың нормаларының анықталған жүйесі;

в) құқық саласының негізіне жататын, бастама.

(дұрыс жауабы - б)

3. Мазмұндық сипатына қарай конституциялық-құқықтық нормалар бөліп қарастырылады:

а) қорғаушы;

б) тұрақты, уақытша және айрықша;

в) құқықберуші, міндеттеуші және тыйым салушы.

(дұрыс жауабы - в)

4. Көрсетілу нысанына қарай конституциялық-құқықтық нормалар бөлінеді:

а) тұрақты және уақытша;

б) императивті және диспозитивті;

в) материалдық және процессуалдық.

(дұрыс жауабы - б)

5. Бағытына қарай конституциялық-құқықтық нормалар бөлінеді:

а) құқықберуші, міндеттеуші және тыйым салушы;

б) материалдық және процессуалдық;

в) императивті және диспозитивті.

(дұрыс жауабы - б)

6. Заңды дерек – бұл:

а) құқықтық қатынас пайда болуы, өзгеруі немесе тоқатылуы кезінде әрекет немесе оқиғаның туындауы;

б) субъектінің құқықтық қатынас пайда болуы, өзгеруі немесе тоқатылуымен байланысты әрекеті;

в) азаматтыққа қатысты құқықтық қатынастың пайда болуына әсер ететін оқиға.

(дұрыс жауабы - а)