Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Конституция силлабус.doc
Скачиваний:
90
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
694.27 Кб
Скачать

Ұлттық құқық жоғары

мектебінің (әділ сот, адвокатура

және кәсіпкерлік құқық)

проректор-директоры

з.ғ.д., профессор

______________ Қ. Сейтенов

«___»___________ 2011 ж.

ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

СИЛЛАБУС

ПӘН: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫ

МАМАНДЫҚ: «5В0300100 - құқықтану»

ОҚУ НЫСАНЫ: КҮНДІЗГІ КРЕДИТТІК ОҚУ НЫСАНЫ (1 КУРС)

ПӘНІҢ КОДЫ: KPRK 1205

БАРЛЫҒЫ: 2 кредит

ДӘРІС: 20 сағат

ТӘЖІРИБЕ: 10 сағат

СОӨЖ: 15 сағат

СӨЖ: 45 сағат

ЕМТИХАН: 1 семестр

ЖАЛПЫ КӨЛЕМІ: 90 сағат

АСТАНА – 2011 ж.

Аяфов Айдархан Тұрғанұлы

аға оқытушы

Пән: «Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы»

1 семестр 2011-2012 ж.

Кредит саны 2

Оқытушы туралы мәлімет: Аяфов А.Т. – конституциялық құқық және мемлекеттік басқару кафедрасының аға оқытушысыці, білімі – құқықтық жоғары (Е.А.Букетов атындағы ҚарГУ); «12.00.02» - конституциялық құқық, әкімшілік құқық, қаржы құқығы, муниципалдық құқық мамандығы бойынша ҚазГЗУ-дің ізденушісі.

Тілдерді игеру: мемлекеттік тіл – ана тіл, орыс тілі.

Кафедра туралы мәліметтер: Қазақ гуманитарлық заң университеті, Конституциялық құқық және мемлекеттік басқару кафедрасы, каб. 304., тел.: 70-30-44

Пәннің пререквизиттері: Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы пәнін игеру үшін Мемлекет және құқық теориясы, ҚР әкімшілік құқығы, ҚР қылмыстық құқығы пәндерінен бастапқы білімдер қажет.

Пәннің постреквизиттері: Пәнді қарастыруды аяқтаған соң арнайы: Конституциялық бақылау, Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетігі, Парламенттік құқық, Президенттік институт курстарын қарастыруға мүмкіндік пайда болады.

Пәннің сипаттамасы:

Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы елдiң мемлекеттiк және қоғамдық өмiрiнiң ең негiзгi салаларын реттейтiн болғандықтан ұлттық жүйеде басты басты орынға ие болады. Сондықтан оқу процесiнде конституциялық құқық курсы өзге оқу пәндерiнiң қатарында басты болып қарастырылады.

Курсты оқу мақсаты

Жаңа оқу саласына қатысты жүйелендiрiлген бiлiм алу, конституциялық құқық ғылымының теориялық мәселелерiн терең түсiну, алынған бiлiмдi заңгердiң болашақтағы тәжiрибелiк қызметiне қолдануы.

Пәндi оқу міндеттері

  1. Заң ғылымдарының құрамдас бөлiгi ретiнде конституциялық құқық ғылымының негiзгi түсiнiгi туралы бiлiм алу.

  2. Конституциялық-құқықтық институттардың негiзгi пәнiн, қазақстанның конституциялық құқығының дамуының ерекщелiктерiн тану.

  3. Өмiрдiң барлық өте маңызды қоғамдық қатынастарын реттейтiн конституциялық нормаларын терең бiлу.

  4. Қазақстан Республикасының Конституциясымен бiрге конституциялық құқықтың негiзгi қайнар көздерi болып табылатын, мемлекеттiк-құқықтық қатынастарды реттейтiн конституциялық заңдар мен заңдарды жан-жақты оқып, бiлу.

  5. Пән бойынша ғылыми оқулықтар және оқулықтармен жұмыс жасау арқылы тәжiрмбе алу.

  6. Конституциялық құқық пәнi бойынша алынған бiлiмдi тәжiрибелiк немесе ғылыми қызметте пайдалана бiлуге машықтандыру.

Конституциялық нормаларды оқу кезiнде жүйелiк және диалектикалық әдiстердi, салыстырмалы анализдi, тарихи аспектiлердi, статистикалық әрi социологиялық көрсеткiштердi пайдалана бiлу.

Конституциялық құқық Қазақстан Республикасының ұлттық құқық жүйесiнде ең негiзгi орынға ие болады. Сондықтан ол өзге де құқық салалары үшiн бастама болып табылады, себебi барлық салалар даму және нақтылану барысында бастауды конституциялық нормалардан алады. Барлық құқық салалары үшiн Конституцияның адам және азаматтыі құқықтары мен бостандықтары, мемлекеттiк басқару нысандары мен құрылысы, мемлекеттiк билiк жүйесi ұйымдастыру қағидалары туралы және т.с.с. нормалар негiз болып табылады.