Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
07-06-2014_10-48-31 / Адебиет окыт адистеме .docx
Скачиваний:
263
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
163.48 Кб
Скачать
  1. Оқушылар пікірін тыңдаған соң, ән – күй сабағының мұғалімі күй туралы сыр шертеді. Жоғарыдағы сұрақтардан кейін әдебиетші мұғалім екеуі ары қарай әңгімелейді.

  2. Тіл дамыту жұмыстарын сондай – ақ тарих, биология сабақтарымен де байланыстыра жүргізуге болады.

  3. Оқушылардың көркем тілін дамытуда, тіл байлығын жетілдіруде сөздік жұмыстары, сондай – ақ, сөз тіркестері, мақал – мәтелдермен жұмыстың маңызы зор. Тіл ұстарту деген – ең алдымен сөзбен жұмыс, тіл байлығы деген – ең алдымен оқушының сөздік қорының молдығы, екіншіден, сол мол қорды орынды, тиімді, әрі көркем етіп пайдалана білуі. Оқушылардың сөздік қорын дамытуда әртүрлі сөздіктермен жұмыстың пайдасы ерекше зор. Түсіндірме сөздіктер, әсіресе, көркем шығармаларды оқуда, соның ішінде тарихи тақырыпта жазылған шығармаларды оқуда оқушыға бірден бір көмек болып табылады. Сондай – ақ, фразеологиялық сөздіктер, термин сөздер сөздігі де ауадай қажет, 5 – 8 сыныптар оқушыларымен әр сабақ сайын сөздік жұмысы жүріп отыруы керек. Көркем шығарманы әдеби талдау алдында, мәтінмен жұмыс кезінде, міндетті түрде сөздік жұмысы жүргізіледі. Сабақтан тыс уақыттарда да көркем шығармалары бойынша түсінбеген сөздерін белгілеп келуі тапсырылып, сол бойынша сыныптан тыс оқуларда, қосымша сабақтарда әртүрлі жұмыстар атқарылуы тиіс.

  4. Бұл оқушының сөздік қорын дамытады, синоним сөздердің тілдегі мүмкіндігін ашады, оған көздерін жеткізеді, сөздерді өз орнына лайықты пайдалануды үйретеді.Сонымен бірге көркем мәтінді өз мәнінде жете түсінуге жетелейді, жағдай туғызады. Сөздік жұмысы тек төменгі сыныптарда ғана емес, барлық сыныптарда жүйелі жүріп отыруы керек. Ізденгіш мұғалім оны қызықты, тиімді түрде, оқушылардың белсенділігін арттыра отырып, жүргізеді.

  5. Оқушылардың тілін байыту, көркем сөйлеуін қалыптастыруда халық даналығы – халық мақал – мәтелдерін меңгертудің, сондай – ақ тұрақты сөз тіркестерінің маңызы ерекше. Мысалы, 7 сыныпта Ы.Алтынсариннің “ Таза бұлақ ” әңгіме аңызы беріледі. Әңгіме “ Әй, жолаушы, болсаң, осы бұлақтай бол ! ” деген бұлақ басындағы жазуға үш жолаушы үш түрлі пікір айтады. Бұлақ басындағы бұл сөздер – мақал – мәтел емес, бірақ даналық ойларға, ақыл – кеңеске жетелейтін сөздер. Үш жолаушының сөзінде де ақыл – нақыл, даналық пікір жатыр. Оны оқушыларға жаттатып, рөлге бөлгізіп, мәнерлеп оқыту керек. Осы үш пікірдің қайсысы дұрыс, өзіне қайсысы ұнайды, соның айналасында пікірталас ұйымдастыру да тиімді. Сондай – ақ, осы сөздер негізінде, соның үлгісінде “ Әй, жолаушы, болсаң, осы бұлақтай бол ! ” деген ақылдың айналасында өз пікірлеріне де жол ашу керек. Сөйлемдердің оралымды, шешендікке құрылуын, ұйқасты, мәнді болып келуін талап ету дұрыс. Осындай жұмыстар оқушыларды тек көркем сөйлеуге, не көркем тілін дамытуға баулып қоймайды, ойлай білуге, даналықты түсіне білуге, дүниетанымын кеңейтуге де үлкен әсер етеді. 5 – 7 сыныптар оқушыларына осы мақал – мәтел, даналық, шешендік сөздерге арнап сыныптан тыс оқулар, тіл дамыту жұмыстарын жүргізіп отыру керек.

  6. Жаңалықтың жылы бір лебі – халықтық тәрбие мен тағлымның өрістей бастауы. Ал, сол тағлым да, білім де, тіл байлығы да шешендік сөздерде, жыраулар тілінде. “ Шешендік сөздер, көсемдік сөздер ” айдарымен сыныптан тыс оқулар, үйірме жұмыстарын жүргізу тиімді. Сырымнан, Қазыбек биден, т.б. қасиетті ата – бабалардан қалған шешендік, даналық сөз, ақыл – нақылдармен оқушыларды үнемі таныстырып отыру керек. Кабинетттің бір бұрышына “ Шешендік сөздер, көсемдік сөздер ” айдарымен стенд қоюға болады. Әрине, мұндай даналық сөздерді балалардың жас ерекшелігіне қарай сұрыптап пайдаланған жөн. Сабақ процесінде жоғарғы сыныптарда да көркем туындылардан мақал – мәтелдер, даналық сөздер, шешендік оралымдарды тапқызып, оларды жазушылардың пайдалану тәсілі, әрі маңызына талдау жасатудың маңызы зор. Мысалы, 10 сыныпта осы мақсатта С.Көбеевтің “ Қалың мал ” романы бойынша мынадай зерттеу әдісіне негізделген тапсырмалар орындатуға болады. Мұндай жұмыстар Ғайша, Итбай т.б. бейнелері бойынша да тапсырылады. Бағанды оқушылар толтырады.

  7. Оқушылар бұл топтық тапсырмалар арқылы әртүрлі мақал – мәтел, оның қолданылуы жайында хабардар болады.

  8. Негізгі әдебиеттер

  9. 1. Қоңыратбаев Ә. Әдебиетті оқыту методикасының очерктері. – Алматы, 1962.

  10. 2.Көшімбаев А. Қазақ әдебиетін оқыту методикасы. – Алматы, 1969.

  11. 3.Ақшолақов Т. Көркем шығармаға талдау жасау. – Алматы, 1983.

  12. 4.Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі мен технологиясы. – Алматы, 2003.

  13. 5.Мәшһүр Жүсіп Қуандық. Мектепте қазақ әдебиетін оқыту. – Павлодар, 2003.

  14. Қосымша әдебиеттер

  15. 1.Рез З.Я. Методика преподавания литературы. – Москва, 1985.

  16. 2.Мырзағалиев Қ. Әдебиет сабағында әдеби – теориялық ұғымдарды оқыту. – Алматы, 1973.

  17. 3.Тасболатов Қ. Әдебиет сабағында оқушылардың танымдық белсенділіг арттыру жолдары. – Адматы, 1974.

  18. 4.Голубков В.В. Методика преподавания литературы. – Москва, 1969.

  19. 5.Жөркенов М. Әдебиет пәнін өмірмен байланыстыра оқыту. – Алматы, 1984.

  20. 6.Тілешова С. Әдебиет сабағында оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. – Алматы, 1978.

  21. 9-Дәріс

  22. Әдебиет пәні мұғалімі және пәннің маңызы мен міндеттері

  23. Әдебиет әдістемесінің мазмұнын белгілеудегі басты мәселелердің біріне мұғалімнің әдебиет пәнінде қолданатын әдіс-амалдары тәсілдері жатады.

  24. Нақтылы бір бағдарламалық материалды өтуде көздеген мақсат негізінен бір болғанымен, әрбір оқытушы бұл мақсатқа әр түрлі әдістемелік әдіс амалдарды қолдану арқылы жетеді. Ал осылардың ішінен сыртқы қауызын алып тастап, дәнін ғана сұрыптап, таңдап, талғап ала білу мұғалімнен үлкен творчестволық қабілетті, шеберлікті талап етеді. Өйткені әдеби материалдың ерекшелігіне байланысты әрбір сабақтың өзіне тән тақырыбы, мақсаты, құрал-жабдықтары, әдіс-амалдары, барысы, құрылысы, мазмұны т.б. болады. Демек сабақ өтілетін материалдың өзгешелігіне қарай, оқушыларға берілетін білім-дағдылардың түрлеріне қарай әр алуан құбылып, түрленіп отыратын мүдделі құбылысқа, күрделі оқу тәрбиелік процесі жатады.

  25. Әдіскер В.Голубков бағдарлаушы әңгіменің бірнеше түрін көрсетеді. Олар: 1) қысқаша әңгімемен түсіндіре отырып, шығарманың бас кезін сыныпта оқу; 2) сұрауға жауап, боларлықтай маңызы бар эпизодтарға айрықша көңіл бөлу; 3) шығарма кейіпкерлерін топтау; 4) шығарманың негізгі бөліміне немесе сюжеттік желісіне баса көңіл аудару; 5) шығарманың басты-басты проблемаларын алдын–ала таныту.

  26. Байқап отырғанымыздай, бағдарлаушы әңгіме тұсында бүтін, бірақ нақты, яғни мәтінге енген, байымдаулар жасалады. Мәтінді оқыту мен сұрақ қою. Оның жемісі, жүйелі болуы – басты шарт. Оқушының аналистикалық ойын, дағдыны тудырмай жатып, бірден немесе бірыңғай синтетикалық-дедуктивтік әдіспен оқыту сыңар жақтық. Көркем шығарма алдымен индуктивтік-аналитикалық ізге талданып, содан соң жалпы теориялық бекітуге келеміз.

  27. Кейбір сюжеттік немесе лиро-эпостық, лирикалық шегіністер елеулі орын алады. Бұл – жанр табиғатын да, идеясын да танытуға қажетті нәрсе. Мұны сюжет элементі мен суреттеу тәсілдері тұсында арнаулы объект етеміз. Мұндай формаларға І.Жансүгіровтің «Құлагер», «Дала», Сәкеннің «Көкшетау» поэмалары, Жамбылдың толғаулары, С. Көбеевтің «Қалың мал» романы құрал болады.

  28. Бағдарлаушы әңгіменің тағы бір түріне жанрлар табиғаты мен олардың туу процесін танып алу жатады. Мысалы, драма, проза жанрларын сөз еткенде, олардың даму жолын салыстырамыз. Жамбыл поэзиясын әңгімелегенде бұрынғы ауыз әдебиетін еске түсіреміз. Мұны жинақтау түрінде кейін әгімелеуге де болады.

  29. Қорыта келгенде бағдарлаушы әңгіменің екі жағы бар екен. Бірі -шығарманы түгел, әдеби түрде талдап оқыту мақсатын көздейтін болса, екінші - оның ырғасын, тақырыбы мен идеясын, әдеби-тарихи желіде бағдарлап алу. Мұнда теория элементі бар. Ол - тек алғашқы жинақтау емес, кейінгі талдауға жол салатын, текстологиялық қасиеті мақсаттылық, бүтіндік шықпай қалды.

  30. Басқа сабақтар сияқты, бағдарлаушы әңгіменің сабақ жоспарын уақытпен жасау керек. Оның бастылары - материалдың объектіге құрылып, жүйеленіп әңгімеленуі, үзінді оқу, мысал келтіру, сынып жұмысының методикасының, оқушы жауаптарының формасын ойластыру, әсіресе әңгіме әдісін дұрыстап жүргізу, оған оқушыларды күні бұрын берілген сұрақ-тапсырмалар бойынша жақсы әзірлеу сияқты шарттар.

  31. Талдау мәтінмен жұмыс істеудің басты формасы. Талдау негізінен сыныпта жүргізіледі. Сабақты активтендіру ең алдымен талдау сабақтары үстінде жетіледі. Оның шарты - оқушыларға өздігінше жұмыс істету, баулу, активтендіру.

  32. Талдауға объект болатын шығарманың ішкі-сыртқы ерекшеліктері: а) тақырыбы мен идеясы: ә) басты образдары, характер композициясы, олардың типтілігі; б) шығармадағы ұсақ образдар табиғаты, олардың бас кейіпкерлермен қарым-қатынасы; в) ұнамсыз образдар, солар арқылы көрінетін қайшылықтары; г) композициялық құрылыс, олардың формалары, қызметі (пролог, эпилог, баяндау, шегініс, пейзаж, диалог, портрет, монолог т. б.); ғ) шығарманың сюжеті; д) шығарма тілі (баяндау, пролог, эпилог, афоризм, мақал-мәтелдер) ондағы кейіпкер тілі (монолог, диолог); е) шығарманың жанрлары, олардың табиғаты мен анықтамалары, эпос, поэзия, драма бөлімдері, бұл жанрлардың тарихи процесте көрінетін орны; з) жазушының өзіндік стилі, әдісі, көзқарасы; ж) дәстүр мен новаторлық тұрғысынан автордың ашқан жаңалығы, оригиналдығы және т.б.

  33. Кейде оқушыларды топ-топқа бөліп, мәтінді оқытып алып, бірінші тобына кейіпкерлер мінездемесін, екінші тобына композициялық жоспарын жасап, үшінші тобына кейіпкер тілін, төртінші топқа суреттеу тәсілдерін (пейзаж, портрет, сипаттау, мінездеу, эпилог, пролог, монолог т.б.) анықтап, талдау жүргізу тапсырылады. Бұған әуелі шағын әңгіме, поэма, повесть алынады. Оны, сынып оқушыларын қатыстыра отырып, талдап шығамыз. Бұл - жеке компонеттерді талдап, дағды алған соң жүргізіліді. Талдау сабақтарының басқа да, оқушылардың баяндамалары, пікір-талас сабақтар сияқты түрлері бар.

  34. Оқушылардың логикалық ойлануына және өз беттерінне зерттеу жұмыстарын жүргізуге көмегін тигізетін басқа да сабақтар түрлері бар.

  35. Театрланған пікірталас. Театрланған пікірталас сабақғының мақсаты: 1. Сабақ баланы тұйықталудан құтқарады, еркін ойлауға жетелеп, шәкірт ойын дамытады. 2. Тақырыптың тың саласына зерттеуші ретінде тұжырым пікірлерін айтады. 3. Сахналық көріністің кейбір кезеңдерімен танысып, өздерінше жүзеге асыруға үйренеді.

  36. Сот-сабақ. Сот сабағының мақсаты: 1. Шәкірттер сот процесіне қатысушылар ретінде өз пікірлерін қорғап, дәлелдейді. 2. Оқушының тақырыпты терең меңгеруіне, өз беттерінше шешім қабылдауына жағдай жасады. Соның нәтижесінде сабақ қызықты, тартымды болып өтіп, оқушылардың белсенділігі артады.

  37. Қандай сабақ болса да, сабақтардың кезеңдері қатып қалған схема емес, оны өзгертіп, түрлендіру кез келген ұстаздың қабілетіне, білім деңгейіне, ұйымдастыра білу жолына байланысты болады. Әр сабақта, шығарманың тақрыбын меңгерту барысында ұстаз алдына қойған мақсаты мен шеберлігін ұштастыра отырып түрлендіріп отыруға тиіс.

  38. Әлемдегі педагогика мен әдістеме саласындағы жаңалықтар бізге де жат болмауы керек. Оның ең тиімдісін үйреніп, практикадан қолдану біліктігімізді арттыра түспек. Дамыта оқыту, пәнаралық байланыс, ой қозғау мұғалімге бірнеше міндеттердің ойлау қабілетін арттыруға, өзіндік дербес пікірін қалыптастыруға түрткі болу.

  39. Әдебиетті оқытудың өзіндік сипаты, өзіндік ерекшелігі бар. Сол сипаты мен ерекшелігі ескеріп, мектепке тәжірибеден өткізіп, шәкірттерге білім бергізудің негізгі түрлерін, (формаларды) сабақтың жаңа типтерін мектеп тәжірибесіне батыл енгізуді күн тәртібі талап етіп отыр. Психология мен педагогиканың әдебиет пәндерін оқыту әдістерінің қазіргі кезде қол жеткен табыстарын, негізгі принциптерін басшылыққа алып, оқушыларды әдебиет шығармаларын оқыту мақсатында әдеби-тарихи өлкетану дерек-мағлұматтардың сабақта пайдалануы арқылы ғылым негіздері мен тарихи мәліметтермен қаруландыруды тиянақты шешу бүгінгі күннің талабы болып отыр. Дамытпалы оқыту барысында әдеби-тарихи өлкетану деректерін сабақта пайдалану арқылы оқушылардың дүниетаным қабілетін өрістетіп, дерек-мағлұматтарын іздеуде ізденімпаздық әрекетін дамыту. Сол әдеби–тарихи өлкетану дерек-материалдарына байланысты зертеу материалдарын оқып, сабақта пайдалану қабілетін дамыту. Дерек мағлұматтарына байланысты тапқан деректерді салыстыра зерттеу қабілеттерін дамыту. Оқылуға тиісті дерек мағлұматтарын шығармашылық жолмен меңгерту жолдарын қалыптастыру. Оқушылардың әдеби-тарихи өлкетану дерек-мағлұматтарынан меңгерген білімі олардың санасы мен ақыл-ойын дамытып жан-жақты тереңдете түсуіне материалдық негіз болды. Ал, негізгі мақсаты –оқушының ақыл-ой өрісін дамыту. Шәкірттердің әдеби-тарихи өлкетану дерек-мағлұматтарын меңгеруі мен тәжірибеден өткізу жолында тиімді әдіс деп саналатын әдістің бірі - оқытудың сатылы принципі. Тәжірибе эксперимент барысында оқытудың сатылы принципінің мақсатын белгілеген мына мәселе ескерілді.

  40. 1.Әдеби-тарихи өлкетану дерек-мағлұматтарының әдебиет пәнінде оқушыға меңгерту жүйесі жасалынбай, мектепте осы күнге дейін оқыту практикасына ендірілмей келуі. Осы кемшіліктің орнын толтыру мақсатында мектепте әдеби-тарихи өлкетану дерек-мағлұматтарын меңгерту үшін мынадай жұмыстар жүргізу а) оқу бағдарламасында берілген шығармалар бойынша әдеби-тарихи өлкетану дерек-мағлұматтарын іздеу, оны сабақта жүйелі пайдалану; ә) бағдарлама мен оқу құралдары жасаған негіз әр шығармадағы өлкетану дерек-мағлұматтарының өзіндік ерекшеліктерін ескеріп сол шығарманың соңынан не қосымша оқу құралына тарихи мәліметтерін толық беріп отыр.

  41. 2. Сабақта дәстүрлі оқу әдістерін оқыту кеңінен қолдану. Әдеби-тарихи өлкетану деректі – мағлұматтарын шығарманың жолымен меңгергіп отыруға баулу. Дәстүрлі оқу әдістері дегеніміз мектеп лекциясы, баяндау, әңгімелеу. Осы әдістерді пайдалану арқылы олардың ақыл-ойын өрістету.

  42. 3. Оқушылардың әдеби–тарихи өлкетану: а) әдеби өкілдер ғұлама; б) әдеби-тарихи ескерткіштер мен жер, су, тау атауларына байланысты дерек мәліметтері.

  43. 4. Әдеби-тарихи өлкетану дерек-мағлұматтарын оқытуда тек әдебиетті оқыту талап-тілектерімен шектелмей, әрбір сабақта оқушылардың қабылдау қабілеттерімен санасып, шәкірттердің психологиялық даму заңдылықтарымен байланыстыру. Осы мақсатта оқушылардың қабылдау қаситеттерін ескеріп, топтарға бөліп, тапсырмаларды екшеп, сұрыптап беру.

  44. 5. Әдеби-тарихи өлкетану дерек-мағлұматтарын оқытуда дамыта оқыту әдісі кеңінен қолданып, оқу әдебиеттерінде көрсетілген теориялық мәселелерден туатын жаңа пікірлерді, болмаса, дерек-мағлұматтарын не ерекше мәні бар ұғымдарды оқушыларға өз беттерімен іздестіру мақсатын қою. Мұндай әдісті оқушылардың толық меңгеруі үшін сабақта жиі пайдалану керек.

  45. Қазіргі кезде әдістердің көптігі әдебиет сабақтарын альтернативті, яғни көп вариантты етуге мүмкіндік береді. Соңғы уақыттарда оқыту мәселесіне үлкен талап қойылуда. Мектептегі қазақ әдебиетін оқыту білім, тәрбие оқыту әдісі оқытудың белгілі бір түрі. Мағлұматтар мен оқушы арасындағы қарым қатынастарды жетілдіру, оқушылардың өздігінен білім алып, дүниетанымын қалыптастыруға жетекші рөл атқаратын оқыту деп есептеледі. Педагогика ғылымының көрнекті өкілі М.И.Махмутов біз етіп отырған дамыта оқыту жөнінде мынадай пікір ұсынады: «проблемное обучение это новая система правил применения ранее известных приемов учения и преподавания построенная с учетом логики мыслительных операции (анализа, общение и т.п.) и закономерностей поисковой деятельностей учащихся» (проблемной ситуации, познавательного интереса, потребностей и.т.п.)

  46. Әдебиетті оқытудың терең тамырлы байланыстары мектеп оқушыларына уақыт, заман талабына лайық жан-жақты тәрбие беруде пәнаралық байланыстың әлеуметтік-педагогикалық маңызы ерекше. Пәнаралық байланыс олардың ғылыми-теориялық деңгейін көтереді, блімін жетілдіріп, білім алуға қажетті дағдысын қалыптастыруда бірнеше дидактикалық тапсырмалар, практикалық жұмыс формаларында атқаруға мәжбүр етіп, соларды жүзеге асыру процесінде танымдық қабілеті жетіліп, нығаяды.

  47. Пәнаралық байланысты сабақта жүйелі түрде қолдану үшін мынандай басты-басты дидактикалық варианттарға сүйенген тиімді. Олар: тақырыптық, тақырыптық-проблемалық, ауқымды проблемалық тәсілдер. Аттарынан-ақ айқындалып тұрғандай, қай-қайсысында да сабақтың логикалық жүйесі сақтала отырып, тақырыпты әр деңгей, әр түрлі мақсатта пәнаралық мақсатқа сүйеніп жан-жақты меңгерту көзделген.

  48. Қазіргі уақытта шәкірттердің уақыт талабына лайық білім алуын қамтамасыз ету үшін комплексті тәсілмен оқытып, комплексті жұмыс түрлерін орындатып, комплексті тапсырма беру пайдаланылып жүр: мұғалім әзірлеп әкелген текст, ғылыми еңбек, ғылыми мақалалардан үзіндідлер оқып, ондағы пәнаралық байланысты ажыраттыру, жалпы ғылыми идея, түсініктермен білімдерін тексеру мақсатында оқытылып отырған тақырып материалдарынан мысалдар тергізу, ара жігі кірігіп кеткен пәндерден ғылыми фактілерді өзара салыстырып, қорытынды жасаттыру; пәнаралық мәселелерді оқып-үйренуге жоспар құрғызу. Әрине, шәкірттерді іздену соқпағына саларда оларды белгісізге аттандырғандай болмай, осы тапсырмаларға ұқсас бұрын орындалған үлгілерді көрсетіп, пысықтау сабақтарын өткізіп, қабілеттерін ұштап, қызығушылық сезімдерін оятып, дифференциялық қарым-қатынас жасаған тиімді.

  49. Көркем әдебиеттің басқа оқу пәндеріне ұқсамайтын, өзіндік дара ерекшелігі бар. Өйткені Абай айтқан «адам болудың» негізгі тамырын сезіну және тану осы пәнді сезіну мен тануда жатыр. Осы пән арқылы адам өмірдегі жақсылық пен жамандықтың, арамдық пен адалдықтың, әділеттілікпен әділетсіздіктің, ізгілікпен қаталдықтың тағы басқа да қоғамдағы жағымды - жағымсыз қылықтардың арасындағы күресті айыра алатын қабілетке жетеді, өмірдегі түрлі құбылыстарға сыни көз қараспен қарайды, өзінше баға береді.

  50. Әдебиеттегі көркем сөздің қуаты қоғамды, қоршаған ортаны, адам жанының небір нәзік сырлары мен әлеуметтік өмірдің терең қатпарларын ақтара білуге жеткізеді. Өмір көріністерін түрлі образдар арқылы оқушы санасына бейнелеп, көз алдына жандандырап елестетеді. Сөйтіп, оқырман көз алдынан талай тағдырлар өтіп жатады. Олардың әр қайсысы өзіндік тіршілігімен, қайталанбас мінезімен, өкініш - опығымен, қуаныш-қызығымен, түрлі тартысымен көрінеді. Жазушы олардың әр қайсысың өзіне тән ерекшеклігімен, ерлігімен, еңбегімен, ойымен, ақылымен, қулығымен, әзілімен өрнектейді. Оның бәрі жазушының ішкі және дүниесінің толғанысымен, сезім шынайылығымен бейнеленеді. Сондықтан өнер туындысында адамды баурап әкетер, ләззәтқа бөлер, жүрек толғар, қуат берер, сұлулыққа іңкәрландырар ерен күш бар. Міне, өнер туындысының танымдық, тәрбиелік мәнін ерекше бағалайтынымыз содан. Мектепте оқылатын көптеген пәндердін ішінде әдебиеттін орнының ерекшкленуі де сондықтан. Ендеше, орыстың атақты педагогы К.Д. Ушинскийдің: «адамгершілік сезіміне тікелей әдеби шығарманың өзі әсер етуге тиіс. Бұл әсердің мәні аса зор. Егер шығарма өзінің ішінде суреттелген адамгершілік істі, адамгершілік сезімді, адамгершілік пікірді, ойды сүюге адамды лажсыз мәжбүр етсе, сол әдеби шығарма ғана адамгершілікке баули алады», - деуі тегін емес.

  51. Әдебиет пәнін халықтың өткендегі және қазіргі өмірімен оқушыларды өмірге дайындау, қоғамға пайдалы еңбекті сүюге тәрбиелеу - қазіргі таңдағы ең басты міндет.

  52. Мектепте оқушылар әдебиетті оқу арқылы халықтың ауыз әдебиеті мен өткендегі прогрессшіл әдебиетінің, тарихи-әдеби және идеялық-көркемдік ерекшеліктерін, өзіндік сипаттарын нақты танып, өтілген әрбір көркем шығарманы меңгеруге тиіс. Бұл міндет сөз өнері арқылы болмысты эстетикалық қабылдауға негізделген әдебиеттің өзіне тән өзгешелігіне сәйкес оқып үйрену, шығарманың идеялық мазмұны мен көркемдік түрін, сөз өрнегін органикалық бірлікте, ажырамас тұтастықта талдай білуге үйрету негізінде орындалады.

  53. Сондықтан мектепте әдебиет пәнін оқу өте тиімді. Әдебиет сабағындағы негізгі көрнекті құрал-мұғалімнің көркем сөзі. Әдебиетші мұғалім сөз құдіретінің күшімен, қуатымен өмірдегі толып жатқан жаңалықтарды жанды құбылыс ретінде елестете отырып, сезімді де селт өткізеді. Ендеше көркем сөзді түрлі әдістермен ашу арқылы негізгі мақсатқа жетуге болады.

  54. V-VIIІ сыныптардағы әдебиет сабағынын мақсаты – оқушыларды кітап оқуға, көркем әдебиетті сүйе білуге тәрбиелеу, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру, шығарманың идеялық мазмұнын, көркемдік ерекшелігін таныту үшін оны талдай білу дағдыларын қалыптастыру, тілдерін дамыту, ойын ауызша және жазбаша түрде дұрыс баяндай білуге үйрету, оқушы талғамын қалыптастыру, адамгершілік тәрбие беру.

  55. Әдебиет – көркем өнердің негізгі бір саласы. Оның басты құралы-бейнелі көркем сөз.

  56. Көркем әдебиетті әйтеуір оқуға ғана баулымай, 5 сыныптан бастап оны өнердің бір түрі – сөз өнері ретінде сезініп оқуға үйрету керектігін айта келіп, Т.Ф. Курдюмова әдебиетте оқыту процесінің жүйесін былайша құрады.

  57. Бірінші кезең. 1 – 4 сыныптар: көркем шығарма.

  58. Екінші кезең. 5 – 8 сыныптар: көркем шығарма + автор.

  59. Үшінші кезең. 9 – 11 сыныптар: көркем шығарма + автор + тарихи әдеби процесс. Әдебиеттің оқыту жүйесі осылай бірте-бірте күрделеніп кеңейтіледі. Әрбір сыныпта әдебиеттің теориясы мен тарихи материалдары күрделеніп, кеңейтіліп отырылады.

  60. 9 – 11 сыныптарда оқытушы оқушыларға әдебиеттің таптық сипаты, әдеби құбылыстардың әлеуметтік-тарихи жағдайларға байланыстылығы туралы, халықтың азаттық қозғалысының әрбір кезеңдерінде әдебиеттің қоғамдық- саяси рөлі туралы түсінік берілді. Бұл сыныптарда өткен оқу жылдарында алған әдеби –теориялық білім дағдылары әрі қарай дамытылып, жүйелі білім алады.

  61. Әдебиет сабағы оқушылардың көркемдік талғамын баулып, олардың әдебиетке деген ынтасын дамытып, кітапті сүю, оны өздігінен пайдалана білу, бағалай, талдай білу дағдыларын қалыптастырады. Осы мақсатқа жетуде мектепте поэзияны оқытудың, танытудың алар орны ерекше.

  62. «Туғанда дүние есігін ашады өлең»,- деп Абай өлең сөздің - поэзияның мәнін ескерткен.

  63. «Поэзия-үміт сенімі, жүрек дірілі, жан тынысы, ашынған құмарлық сезімнің бораны мен толқыны, шексіз толы махаббат, тәтті қамығу, ләззәт таба егілу, көз жасына көмілу, әлде қайда, шегі жоққа тарықса да ынтық ата ұмтылу, өмір - бақи айнымас, еш мезгілде тояттамас құмарлық, барлығын да құшағыма алсам деу, барлығымен біріксем, біте қайнассам деу; ол-жүрегімізді бүкіл әлем ырғағымен бір соқтырар құдіретті пафос; үмітке толы жанарлы көздің алдынан болмыстын ең ғажайып көріністері бүркеусіз ұшып өтеді, ал сиқырлы құлақ әлем мен сфераның гармониясын, жер мен аспанның, аспан мен жердің қауышқан, бірін-бірі нұрландырған, бар табиғаттың ауқымына оранып, келісім тапқан құдіретті пафосын есітеді...

  64. Бүкіл әлем, гүл, бояулар, дыбыстар, бар жаратылыс, барлық өмір – поэзия дүниесі, осы құбылыстардағы құпия қуат, оларға тіршілік, ойнақы өмір беретін сырлар поэзияның тетігі мен жаны. Поэзия - әлемдік өмірдің қан-тамырының соғуы, сол өмірдің қанымен оты, жарығы мен күні.

  65. Классика мен қазіргі шығармаларды мектепте оқыту қиын да күрделі проблема. Өйткені олардын өзіндік беретін жемісі әр түрлі.

  66. Классикалық шығармаларды оқу, оқыту - өмірді тану, өзінен бұрынғы өткен халықтың батырлығын, адамшылығын тану, жүрекпен ұғу. Озық

  67. шығарманың берер тәрбиесі шексіз, туындай береді. Оның берер жемісі жыл өткен сайын жас ұрпақтар үшін өзектене бермек!

  68. Негізгі әдебиеттер

  69. 1.Қоңыратбаев Ә. Әдебиетті оқыту методикасының очерктері. – Алматы, 1962.

  70. 2.Мақпырұлы С. Қазақ әдебиеті: әдістемелік нұсқау. – Алматы, 2004.

  71. 3.Көшімбаев А. Қазақ әдебиетін оқыту методикасы. – Алматы, 1969.

  72. 4.Ақшолақов Т. Көркем шығармаға талдау жасау. – Алматы, 1983.

  73. 5.Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі мен технологиясы. – Алматы, 2003.

  74. 6.Мәшһүр Жүсіп Қуандық. Мектепте қазақ әдебиетін оқыту. – Павлодар, 2003.

  75. 7.Богданова М. Методика преподавания литературы. – Москва, 1996.

  76. Қосымша әдебиеттер

  77. 1.Рез З.Я. Методика преподавания литературы. – Москва, 1985.

  78. 2.Мырзағалиев Қ. Әдебиет сабағында әдеби – теориялық ұғымдарды оқыту. – Алматы, 1973.

  79. 3.Тасболатов Қ. Әдебиет сабағында оқушылардың танымдық белсенділіг арттыру жолдары. – Адматы, 1974.

  80. 4.Голубков В.В. Методика преподавания литературы. – Москва, 1969.

  81. 5.Жөркенов М. Әдебиет пәнін өмірмен байланыстыра оқыту. – Алматы, 1984.

  82. 6.Тілешова С. Әдебиет сабағында оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. – Алматы, 1978.

  83. 7.Жұматаева Е. Жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық жүйесі. – Алматы, 2001.

  84. 10-Дәріс

  85. Әдебиет пәні мұғалімі және пәннің маңызы мен міндеттері

  86. Әдебиет әдістемесінің мазмұнын белгілеудегі басты мәселелердің біріне мұғалімнің әдебиет пәнінде қолданатын әдіс-амалдары тәсілдері жатады.

  87. Нақтылы бір бағдарламалық материалды өтуде көздеген мақсат негізінен бір болғанымен, әрбір оқытушы бұл мақсатқа әр түрлі әдістемелік әдіс амалдарды қолдану арқылы жетеді. Ал осылардың ішінен сыртқы қауызын алып тастап, дәнін ғана сұрыптап, таңдап, талғап ала білу мұғалімнен үлкен творчестволық қабілетті, шеберлікті талап етеді. Өйткені әдеби материалдың ерекшелігіне байланысты әрбір сабақтың өзіне тән тақырыбы, мақсаты, құрал-жабдықтары, әдіс-амалдары, барысы, құрылысы, мазмұны т.б. болады. Демек сабақ өтілетін материалдың өзгешелігіне қарай, оқушыларға берілетін білім-дағдылардың түрлеріне қарай әр алуан құбылып, түрленіп отыратын мүдделі құбылысқа, күрделі оқу тәрбиелік процесі жатады.

  88. Әдіскер В.Голубков бағдарлаушы әңгіменің бірнеше түрін көрсетеді. Олар: 1) қысқаша әңгімемен түсіндіре отырып, шығарманың бас кезін сыныпта оқу; 2) сұрауға жауап, боларлықтай маңызы бар эпизодтарға айрықша көңіл бөлу; 3) шығарма кейіпкерлерін топтау; 4) шығарманың негізгі бөліміне немесе сюжеттік желісіне баса көңіл аудару; 5) шығарманың басты-басты проблемаларын алдын–ала таныту.

  89. Байқап отырғанымыздай, бағдарлаушы әңгіме тұсында бүтін, бірақ нақты, яғни мәтінге енген, байымдаулар жасалады. Мәтінді оқыту мен сұрақ қою. Оның жемісі, жүйелі болуы – басты шарт. Оқушының аналистикалық ойын, дағдыны тудырмай жатып, бірден немесе бірыңғай синтетикалық-дедуктивтік әдіспен оқыту сыңар жақтық. Көркем шығарма алдымен индуктивтік-аналитикалық ізге талданып, содан соң жалпы теориялық бекітуге келеміз.

  90. Кейбір сюжеттік немесе лиро-эпостық, лирикалық шегіністер елеулі орын алады. Бұл – жанр табиғатын да, идеясын да танытуға қажетті нәрсе. Мұны сюжет элементі мен суреттеу тәсілдері тұсында арнаулы объект етеміз. Мұндай формаларға І.Жансүгіровтің «Құлагер», «Дала», Сәкеннің «Көкшетау» поэмалары, Жамбылдың толғаулары, С. Көбеевтің «Қалың мал» романы құрал болады.

  91. Бағдарлаушы әңгіменің тағы бір түріне жанрлар табиғаты мен олардың туу процесін танып алу жатады. Мысалы, драма, проза жанрларын сөз еткенде, олардың даму жолын салыстырамыз. Жамбыл поэзиясын әңгімелегенде бұрынғы ауыз әдебиетін еске түсіреміз. Мұны жинақтау түрінде кейін әгімелеуге де болады.

  92. Қорыта келгенде бағдарлаушы әңгіменің екі жағы бар екен. Бірі -шығарманы түгел, әдеби түрде талдап оқыту мақсатын көздейтін болса, екінші - оның ырғасын, тақырыбы мен идеясын, әдеби-тарихи желіде бағдарлап алу. Мұнда теория элементі бар. Ол - тек алғашқы жинақтау емес, кейінгі талдауға жол салатын, текстологиялық қасиеті мақсаттылық, бүтіндік шықпай қалды.

  93. Басқа сабақтар сияқты, бағдарлаушы әңгіменің сабақ жоспарын уақытпен жасау керек. Оның бастылары - материалдың объектіге құрылып, жүйеленіп әңгімеленуі, үзінді оқу, мысал келтіру, сынып жұмысының методикасының, оқушы жауаптарының формасын ойластыру, әсіресе әңгіме әдісін дұрыстап жүргізу, оған оқушыларды күні бұрын берілген сұрақ-тапсырмалар бойынша жақсы әзірлеу сияқты шарттар.

  94. Талдау мәтінмен жұмыс істеудің басты формасы. Талдау негізінен сыныпта жүргізіледі. Сабақты активтендіру ең алдымен талдау сабақтары үстінде жетіледі. Оның шарты - оқушыларға өздігінше жұмыс істету, баулу, активтендіру.

  95. Талдауға объект болатын шығарманың ішкі-сыртқы ерекшеліктері: а) тақырыбы мен идеясы: ә) басты образдары, характер композициясы, олардың типтілігі; б) шығармадағы ұсақ образдар табиғаты, олардың бас кейіпкерлермен қарым-қатынасы; в) ұнамсыз образдар, солар арқылы көрінетін қайшылықтары; г) композициялық құрылыс, олардың формалары, қызметі (пролог, эпилог, баяндау, шегініс, пейзаж, диалог, портрет, монолог т. б.); ғ) шығарманың сюжеті; д) шығарма тілі (баяндау, пролог, эпилог, афоризм, мақал-мәтелдер) ондағы кейіпкер тілі (монолог, диолог); е) шығарманың жанрлары, олардың табиғаты мен анықтамалары, эпос, поэзия, драма бөлімдері, бұл жанрлардың тарихи процесте көрінетін орны; з) жазушының өзіндік стилі, әдісі, көзқарасы; ж) дәстүр мен новаторлық тұрғысынан автордың ашқан жаңалығы, оригиналдығы және т.б.

  96. Кейде оқушыларды топ-топқа бөліп, мәтінді оқытып алып, бірінші тобына кейіпкерлер мінездемесін, екінші тобына композициялық жоспарын жасап, үшінші тобына кейіпкер тілін, төртінші топқа суреттеу тәсілдерін (пейзаж, портрет, сипаттау, мінездеу, эпилог, пролог, монолог т.б.) анықтап, талдау жүргізу тапсырылады. Бұған әуелі шағын әңгіме, поэма, повесть алынады. Оны, сынып оқушыларын қатыстыра отырып, талдап шығамыз. Бұл - жеке компонеттерді талдап, дағды алған соң жүргізіліді. Талдау сабақтарының басқа да, оқушылардың баяндамалары, пікір-талас сабақтар сияқты түрлері бар.

  97. Оқушылардың логикалық ойлануына және өз беттерінне зерттеу жұмыстарын жүргізуге көмегін тигізетін басқа да сабақтар түрлері бар.

  98. Театрланған пікірталас. Театрланған пікірталас сабақғының мақсаты: 1. Сабақ баланы тұйықталудан құтқарады, еркін ойлауға жетелеп, шәкірт ойын дамытады. 2. Тақырыптың тың саласына зерттеуші ретінде тұжырым пікірлерін айтады. 3. Сахналық көріністің кейбір кезеңдерімен танысып, өздерінше жүзеге асыруға үйренеді.

  99. Сот-сабақ. Сот сабағының мақсаты: 1. Шәкірттер сот процесіне қатысушылар ретінде өз пікірлерін қорғап, дәлелдейді. 2. Оқушының тақырыпты терең меңгеруіне, өз беттерінше шешім қабылдауына жағдай жасады. Соның нәтижесінде сабақ қызықты, тартымды болып өтіп, оқушылардың белсенділігі артады.

  100. Қандай сабақ болса да, сабақтардың кезеңдері қатып қалған схема емес, оны өзгертіп, түрлендіру кез келген ұстаздың қабілетіне, білім деңгейіне, ұйымдастыра білу жолына байланысты болады. Әр сабақта, шығарманың тақрыбын меңгерту барысында ұстаз алдына қойған мақсаты мен шеберлігін ұштастыра отырып түрлендіріп отыруға тиіс.

  101. Әлемдегі педагогика мен әдістеме саласындағы жаңалықтар бізге де жат болмауы керек. Оның ең тиімдісін үйреніп, практикадан қолдану біліктігімізді арттыра түспек. Дамыта оқыту, пәнаралық байланыс, ой қозғау мұғалімге бірнеше міндеттердің ойлау қабілетін арттыруға, өзіндік дербес пікірін қалыптастыруға түрткі болу.

  102. Әдебиетті оқытудың өзіндік сипаты, өзіндік ерекшелігі бар. Сол сипаты мен ерекшелігі ескеріп, мектепке тәжірибеден өткізіп, шәкірттерге білім бергізудің негізгі түрлерін, (формаларды) сабақтың жаңа типтерін мектеп тәжірибесіне батыл енгізуді күн тәртібі талап етіп отыр. Психология мен педагогиканың әдебиет пәндерін оқыту әдістерінің қазіргі кезде қол жеткен табыстарын, негізгі принциптерін басшылыққа алып, оқушыларды әдебиет шығармаларын оқыту мақсатында әдеби-тарихи өлкетану дерек-мағлұматтардың сабақта пайдалануы арқылы ғылым негіздері мен тарихи мәліметтермен қаруландыруды тиянақты шешу бүгінгі күннің талабы болып отыр. Дамытпалы оқыту барысында әдеби-тарихи өлкетану деректерін сабақта пайдалану арқылы оқушылардың дүниетаным қабілетін өрістетіп, дерек-мағлұматтарын іздеуде ізденімпаздық әрекетін дамыту. Сол әдеби–тарихи өлкетану дерек-материалдарына байланысты зертеу материалдарын оқып, сабақта пайдалану қабілетін дамыту. Дерек мағлұматтарына байланысты тапқан деректерді салыстыра зерттеу қабілеттерін дамыту. Оқылуға тиісті дерек мағлұматтарын шығармашылық жолмен меңгерту жолдарын қалыптастыру. Оқушылардың әдеби-тарихи өлкетану дерек-мағлұматтарынан меңгерген білімі олардың санасы мен ақыл-ойын дамытып жан-жақты тереңдете түсуіне материалдық негіз болды. Ал, негізгі мақсаты –оқушының ақыл-ой өрісін дамыту. Шәкірттердің әдеби-тарихи өлкетану дерек-мағлұматтарын меңгеруі мен тәжірибеден өткізу жолында тиімді әдіс деп саналатын әдістің бірі - оқытудың сатылы принципі. Тәжірибе эксперимент барысында оқытудың сатылы принципінің мақсатын белгілеген мына мәселе ескерілді.

  103. 1.Әдеби-тарихи өлкетану дерек-мағлұматтарының әдебиет пәнінде оқушыға меңгерту жүйесі жасалынбай, мектепте осы күнге дейін оқыту практикасына ендірілмей келуі. Осы кемшіліктің орнын толтыру мақсатында мектепте әдеби-тарихи өлкетану дерек-мағлұматтарын меңгерту үшін мынадай жұмыстар жүргізу а) оқу бағдарламасында берілген шығармалар бойынша әдеби-тарихи өлкетану дерек-мағлұматтарын іздеу, оны сабақта жүйелі пайдалану; ә) бағдарлама мен оқу құралдары жасаған негіз әр шығармадағы өлкетану дерек-мағлұматтарының өзіндік ерекшеліктерін ескеріп сол шығарманың соңынан не қосымша оқу құралына тарихи мәліметтерін толық беріп отыр.

  104. 2. Сабақта дәстүрлі оқу әдістерін оқыту кеңінен қолдану. Әдеби-тарихи өлкетану деректі – мағлұматтарын шығарманың жолымен меңгергіп отыруға баулу. Дәстүрлі оқу әдістері дегеніміз мектеп лекциясы, баяндау, әңгімелеу. Осы әдістерді пайдалану арқылы олардың ақыл-ойын өрістету.

  105. 3. Оқушылардың әдеби–тарихи өлкетану: а) әдеби өкілдер ғұлама; б) әдеби-тарихи ескерткіштер мен жер, су, тау атауларына байланысты дерек мәліметтері.

  106. 4. Әдеби-тарихи өлкетану дерек-мағлұматтарын оқытуда тек әдебиетті оқыту талап-тілектерімен шектелмей, әрбір сабақта оқушылардың қабылдау қабілеттерімен санасып, шәкірттердің психологиялық даму заңдылықтарымен байланыстыру. Осы мақсатта оқушылардың қабылдау қаситеттерін ескеріп, топтарға бөліп, тапсырмаларды екшеп, сұрыптап беру.

  107. 5. Әдеби-тарихи өлкетану дерек-мағлұматтарын оқытуда дамыта оқыту әдісі кеңінен қолданып, оқу әдебиеттерінде көрсетілген теориялық мәселелерден туатын жаңа пікірлерді, болмаса, дерек-мағлұматтарын не ерекше мәні бар ұғымдарды оқушыларға өз беттерімен іздестіру мақсатын қою. Мұндай әдісті оқушылардың толық меңгеруі үшін сабақта жиі пайдалану керек.

  108. Қазіргі кезде әдістердің көптігі әдебиет сабақтарын альтернативті, яғни көп вариантты етуге мүмкіндік береді. Соңғы уақыттарда оқыту мәселесіне үлкен талап қойылуда. Мектептегі қазақ әдебиетін оқыту білім, тәрбие оқыту әдісі оқытудың белгілі бір түрі. Мағлұматтар мен оқушы арасындағы қарым қатынастарды жетілдіру, оқушылардың өздігінен білім алып, дүниетанымын қалыптастыруға жетекші рөл атқаратын оқыту деп есептеледі. Педагогика ғылымының көрнекті өкілі М.И.Махмутов біз етіп отырған дамыта оқыту жөнінде мынадай пікір ұсынады: «проблемное обучение это новая система правил применения ранее известных приемов учения и преподавания построенная с учетом логики мыслительных операции (анализа, общение и т.п.) и закономерностей поисковой деятельностей учащихся» (проблемной ситуации, познавательного интереса, потребностей и.т.п.)

  109. Әдебиетті оқытудың терең тамырлы байланыстары мектеп оқушыларына уақыт, заман талабына лайық жан-жақты тәрбие беруде пәнаралық байланыстың әлеуметтік-педагогикалық маңызы ерекше. Пәнаралық байланыс олардың ғылыми-теориялық деңгейін көтереді, блімін жетілдіріп, білім алуға қажетті дағдысын қалыптастыруда бірнеше дидактикалық тапсырмалар, практикалық жұмыс формаларында атқаруға мәжбүр етіп, соларды жүзеге асыру процесінде танымдық қабілеті жетіліп, нығаяды.

  110. Пәнаралық байланысты сабақта жүйелі түрде қолдану үшін мынандай басты-басты дидактикалық варианттарға сүйенген тиімді. Олар: тақырыптық, тақырыптық-проблемалық, ауқымды проблемалық тәсілдер. Аттарынан-ақ айқындалып тұрғандай, қай-қайсысында да сабақтың логикалық жүйесі сақтала отырып, тақырыпты әр деңгей, әр түрлі мақсатта пәнаралық мақсатқа сүйеніп жан-жақты меңгерту көзделген.

  111. Қазіргі уақытта шәкірттердің уақыт талабына лайық білім алуын қамтамасыз ету үшін комплексті тәсілмен оқытып, комплексті жұмыс түрлерін орындатып, комплексті тапсырма беру пайдаланылып жүр: мұғалім әзірлеп әкелген текст, ғылыми еңбек, ғылыми мақалалардан үзіндідлер оқып, ондағы пәнаралық байланысты ажыраттыру, жалпы ғылыми идея, түсініктермен білімдерін тексеру мақсатында оқытылып отырған тақырып материалдарынан мысалдар тергізу, ара жігі кірігіп кеткен пәндерден ғылыми фактілерді өзара салыстырып, қорытынды жасаттыру; пәнаралық мәселелерді оқып-үйренуге жоспар құрғызу. Әрине, шәкірттерді іздену соқпағына саларда оларды белгісізге аттандырғандай болмай, осы тапсырмаларға ұқсас бұрын орындалған үлгілерді көрсетіп, пысықтау сабақтарын өткізіп, қабілеттерін ұштап, қызығушылық сезімдерін оятып, дифференциялық қарым-қатынас жасаған тиімді.

  112. Көркем әдебиеттің басқа оқу пәндеріне ұқсамайтын, өзіндік дара ерекшелігі бар. Өйткені Абай айтқан «адам болудың» негізгі тамырын сезіну және тану осы пәнді сезіну мен тануда жатыр. Осы пән арқылы адам өмірдегі жақсылық пен жамандықтың, арамдық пен адалдықтың, әділеттілікпен әділетсіздіктің, ізгілікпен қаталдықтың тағы басқа да қоғамдағы жағымды - жағымсыз қылықтардың арасындағы күресті айыра алатын қабілетке жетеді, өмірдегі түрлі құбылыстарға сыни көз қараспен қарайды, өзінше баға береді.

  113. Әдебиеттегі көркем сөздің қуаты қоғамды, қоршаған ортаны, адам жанының небір нәзік сырлары мен әлеуметтік өмірдің терең қатпарларын ақтара білуге жеткізеді. Өмір көріністерін түрлі образдар арқылы оқушы санасына бейнелеп, көз алдына жандандырап елестетеді. Сөйтіп, оқырман көз алдынан талай тағдырлар өтіп жатады. Олардың әр қайсысы өзіндік тіршілігімен, қайталанбас мінезімен, өкініш - опығымен, қуаныш-қызығымен, түрлі тартысымен көрінеді. Жазушы олардың әр қайсысың өзіне тән ерекшеклігімен, ерлігімен, еңбегімен, ойымен, ақылымен, қулығымен, әзілімен өрнектейді. Оның бәрі жазушының ішкі және дүниесінің толғанысымен, сезім шынайылығымен бейнеленеді. Сондықтан өнер туындысында адамды баурап әкетер, ләззәтқа бөлер, жүрек толғар, қуат берер, сұлулыққа іңкәрландырар ерен күш бар. Міне, өнер туындысының танымдық, тәрбиелік мәнін ерекше бағалайтынымыз содан. Мектепте оқылатын көптеген пәндердін ішінде әдебиеттін орнының ерекшкленуі де сондықтан. Ендеше, орыстың атақты педагогы К.Д. Ушинскийдің: «адамгершілік сезіміне тікелей әдеби шығарманың өзі әсер етуге тиіс. Бұл әсердің мәні аса зор. Егер шығарма өзінің ішінде суреттелген адамгершілік істі, адамгершілік сезімді, адамгершілік пікірді, ойды сүюге адамды лажсыз мәжбүр етсе, сол әдеби шығарма ғана адамгершілікке баули алады», - деуі тегін емес.

  114. Әдебиет пәнін халықтың өткендегі және қазіргі өмірімен оқушыларды өмірге дайындау, қоғамға пайдалы еңбекті сүюге тәрбиелеу - қазіргі таңдағы ең басты міндет.

  115. Мектепте оқушылар әдебиетті оқу арқылы халықтың ауыз әдебиеті мен өткендегі прогрессшіл әдебиетінің, тарихи-әдеби және идеялық-көркемдік ерекшеліктерін, өзіндік сипаттарын нақты танып, өтілген әрбір көркем шығарманы меңгеруге тиіс. Бұл міндет сөз өнері арқылы болмысты эстетикалық қабылдауға негізделген әдебиеттің өзіне тән өзгешелігіне сәйкес оқып үйрену, шығарманың идеялық мазмұны мен көркемдік түрін, сөз өрнегін органикалық бірлікте, ажырамас тұтастықта талдай білуге үйрету негізінде орындалады.

  116. Сондықтан мектепте әдебиет пәнін оқу өте тиімді. Әдебиет сабағындағы негізгі көрнекті құрал-мұғалімнің көркем сөзі. Әдебиетші мұғалім сөз құдіретінің күшімен, қуатымен өмірдегі толып жатқан жаңалықтарды жанды құбылыс ретінде елестете отырып, сезімді де селт өткізеді. Ендеше көркем сөзді түрлі әдістермен ашу арқылы негізгі мақсатқа жетуге болады.

  117. V-VIIІ сыныптардағы әдебиет сабағынын мақсаты – оқушыларды кітап оқуға, көркем әдебиетті сүйе білуге тәрбиелеу, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру, шығарманың идеялық мазмұнын, көркемдік ерекшелігін таныту үшін оны талдай білу дағдыларын қалыптастыру, тілдерін дамыту, ойын ауызша және жазбаша түрде дұрыс баяндай білуге үйрету, оқушы талғамын қалыптастыру, адамгершілік тәрбие беру.

  118. Әдебиет – көркем өнердің негізгі бір саласы. Оның басты құралы-бейнелі көркем сөз.

  119. Көркем әдебиетті әйтеуір оқуға ғана баулымай, 5 сыныптан бастап оны өнердің бір түрі – сөз өнері ретінде сезініп оқуға үйрету керектігін айта келіп, Т.Ф. Курдюмова әдебиетте оқыту процесінің жүйесін былайша құрады.

  120. Бірінші кезең. 1 – 4 сыныптар: көркем шығарма.

  121. Екінші кезең. 5 – 8 сыныптар: көркем шығарма + автор.

  122. Үшінші кезең. 9 – 11 сыныптар: көркем шығарма + автор + тарихи әдеби процесс. Әдебиеттің оқыту жүйесі осылай бірте-бірте күрделеніп кеңейтіледі. Әрбір сыныпта әдебиеттің теориясы мен тарихи материалдары күрделеніп, кеңейтіліп отырылады.

  123. 9 – 11 сыныптарда оқытушы оқушыларға әдебиеттің таптық сипаты, әдеби құбылыстардың әлеуметтік-тарихи жағдайларға байланыстылығы туралы, халықтың азаттық қозғалысының әрбір кезеңдерінде әдебиеттің қоғамдық- саяси рөлі туралы түсінік берілді. Бұл сыныптарда өткен оқу жылдарында алған әдеби –теориялық білім дағдылары әрі қарай дамытылып, жүйелі білім алады.

  124. Әдебиет сабағы оқушылардың көркемдік талғамын баулып, олардың әдебиетке деген ынтасын дамытып, кітапті сүю, оны өздігінен пайдалана білу, бағалай, талдай білу дағдыларын қалыптастырады. Осы мақсатқа жетуде мектепте поэзияны оқытудың, танытудың алар орны ерекше.

  125. «Туғанда дүние есігін ашады өлең»,- деп Абай өлең сөздің - поэзияның мәнін ескерткен.

  126. «Поэзия-үміт сенімі, жүрек дірілі, жан тынысы, ашынған құмарлық сезімнің бораны мен толқыны, шексіз толы махаббат, тәтті қамығу, ләззәт таба егілу, көз жасына көмілу, әлде қайда, шегі жоққа тарықса да ынтық ата ұмтылу, өмір - бақи айнымас, еш мезгілде тояттамас құмарлық, барлығын да құшағыма алсам деу, барлығымен біріксем, біте қайнассам деу; ол-жүрегімізді бүкіл әлем ырғағымен бір соқтырар құдіретті пафос; үмітке толы жанарлы көздің алдынан болмыстын ең ғажайып көріністері бүркеусіз ұшып өтеді, ал сиқырлы құлақ әлем мен сфераның гармониясын, жер мен аспанның, аспан мен жердің қауышқан, бірін-бірі нұрландырған, бар табиғаттың ауқымына оранып, келісім тапқан құдіретті пафосын есітеді...

  127. Бүкіл әлем, гүл, бояулар, дыбыстар, бар жаратылыс, барлық өмір – поэзия дүниесі, осы құбылыстардағы құпия қуат, оларға тіршілік, ойнақы өмір беретін сырлар поэзияның тетігі мен жаны. Поэзия - әлемдік өмірдің қан-тамырының соғуы, сол өмірдің қанымен оты, жарығы мен күні.

  128. Классика мен қазіргі шығармаларды мектепте оқыту қиын да күрделі проблема. Өйткені олардын өзіндік беретін жемісі әр түрлі.

  129. Классикалық шығармаларды оқу, оқыту - өмірді тану, өзінен бұрынғы өткен халықтың батырлығын, адамшылығын тану, жүрекпен ұғу. Озық

  130. шығарманың берер тәрбиесі шексіз, туындай береді. Оның берер жемісі жыл өткен сайын жас ұрпақтар үшін өзектене бермек!

  131. Жалпы әдебиет пәнін оқытудың әдістері мен сабақ түрлері, тиімді жолдарына тоқтала келіп, сабақты дамыта оқыту, сабақтың әдістемелік түріне, жаңашылдығына, мазмұндылығына тоқталдық. Пәнаралық байланыс, ой қозғау, оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру, оқылуға тиісті дерек-мағлұматтарды шығармашылық жолмен меңгерту жолдарын қалыптастыруды қарадық. Қазіргі кезде әдістердің көп түрлілігі әдебиет сабақтарын альтернативті, яғни көп вариантты етіп өткізуге мүмкіндік беріп отыр деп айта аламыз.

  132. Себебі, тақырыптардың ерекшелігіне байланысты әрбір сабақтың өзіне тән тақырыбы, мақсаты, құрал-жабдықтары, өткізілу барысы, құрлысы болады.

  133. Мектеп оқушыларына уақыт, заман талабына лайық жан-жақты тәрбие беруде және қазақ әдебиетін оқытуда пәнаралық байланыстың, әлеуметтік-педагогиканың маңызы да ерекше екендігін атап айтуымызға болады.

  134. Бүгінгі таңда мұғалімдердің алдына қоятын мақсат-міндеті: оқушылардың ізденіп, белсенділін арттыруда мазмұндылығымен ерекшелетін сабақ түрін дайындау.

  135. Негізгі әдебиеттер

  136. 1.Қоңыратбаев Ә. Әдебиетті оқыту методикасының очерктері. – Алматы, 1962.

  137. 2.Мақпырұлы С. Қазақ әдебиеті: әдістемелік нұсқау. – Алматы, 2004.

  138. 3.Көшімбаев А. Қазақ әдебиетін оқыту методикасы. – Алматы, 1969.

  139. 4.Ақшолақов Т. Көркем шығармаға талдау жасау. – Алматы, 1983.

  140. 5.Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі мен технологиясы. – Алматы, 2003.

  141. 6.Мәшһүр Жүсіп Қуандық. Мектепте қазақ әдебиетін оқыту. – Павлодар, 2003.

  142. 7.Богданова М. Методика преподавания литературы. – Москва, 1996.

  143. Қосымша әдебиеттер

  144. 1.Рез З.Я. Методика преподавания литературы. – Москва, 1985.

  145. 2.Мырзағалиев Қ. Әдебиет сабағында әдеби – теориялық ұғымдарды оқыту. – Алматы, 1973.

  146. 3.Тасболатов Қ. Әдебиет сабағында оқушылардың танымдық белсенділіг арттыру жолдары. – Адматы, 1974.

  147. 4.Голубков В.В. Методика преподавания литературы. – Москва, 1969.

  148. 5.Жөркенов М. Әдебиет пәнін өмірмен байланыстыра оқыту. – Алматы, 1984.

  149. 6.Тілешова С. Әдебиет сабағында оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. – Алматы, 1978.

  150. 7.Жұматаева Е. Жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық жүйесі. – Алматы, 2001.

1