Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
07-06-2014_10-48-31 / Адебиет окыт адистеме .docx
Скачиваний:
263
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
163.48 Кб
Скачать

Қосымша әдебиттер

1. Ильина Т.А. Педагогика. –Алматы: Мектеп, 1977. –Б 223-246.

2. Көшімбаев А. Қазақ әдебиетін оқыту методикасы. –Алматы: Мектеп, 1969. –Б. 40-164.

3. Қазақ әдебиетін оқыту мәселелері. –Алматы, 1985. 219 б.

4. Қирабаев С. Мектеп және қазақ әдеьиеті. –Алматы:Мектеп, 1979. –Б. 17-48.

5. Қоңыратбаев Ө. Әдебиетті оқыту методикасының очерктері. Алматы: Қазақтың мемелекеттік оқу-педагогика баспасы, 1962. 211 б.

6. Құтқожина Р. Қазақ әдебиетін оқыту. 6-класс. –Алматы: Мектеп, 1984. –Б. 55-58.

7. Мырзағалиев Қ. Әдебиет сабағында әдеби-теориялық ұғымдарды оқыту. –Алматы: Мектеп, 1973. –Б. 64-74.

8. Орта мектепте көркем шығармаларды оқыту. –Алматы: Мектеп, 1965. –Б. 167-247.

9. Рез З.Я. Методика преподавания литературы. –М. Просвещение, 1985. –С. 3-179.

10. Рыбникова М.А. Очерки по методике литературного чтения. –М. 1968. –С. 3-24.

11. Тасболатов Қ. Әдебиет сабағында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру жолдары. –Алматы: Мектеп, 1974. –Б. 27-78.

4-дәріс

Лирикалық шығарманы оқыту

Лириканы оқыту күрделілігі оның жанрлық ерекшелігінде ғана емес, ең бастысы, оқушылардың оған деген көзқарасы, қарым – қатынасында. Әсіресе, 5 – 8 сыныптар оқушыларының көбі поэзиядан гөрі, қызықты мазмұны бар, айтайын деген ойының бәрі бадырайып тұратын прозалық шығармаларды ұнатады. Мұғалімге оқушыларды лирикалық шығармаларға қызықтыру, тарту жұмыстарынан гөрі, прозалық шығармаларға қызықтыру жеңілірек тиеді. Лирикалық шығармаларда ақын өз ойы, өз сезімі, өз күйін тікелей кейіптеу арқылы жеткізсе, лириканың сол өзіндік қасиеттерін түсіну үшін, баланың да ақынжанды жүрегі, нәзік сезімі, ұшқыр ойы болуы керек қой. Лирикалық шығармаларды құлақпен емес, жүрекпен, сезіммен қабылдау керек десек, ол шығармаларды бала қалай қабылдады, нені сезді, неге тебіренді, қандай көңіл – күйде болды оны тексеру де мұғалімге оңай соқпайтын мәселелер. Міне, сондықтан да лириканы оқытудың күрделілігі осында жатыр.

Лирика — поэзияның негізгі үш (эпос, лирика, драма) түрінің бірі. Лирикалық шығармаға көбінесе ақынның ішкі дүниесінің сезім күшімен тебірене толқуы, оның жеке өз басының кеңіл күйі, күйініш-сүйініші тән. Ақын басында болатын мұндай толғаныс оньщ өзі өмір сүрген мезгілге, өзін қоршаған әлеуметтік ортаның моральдық бітіміне тығыз байланысты екені даусыз. Ақын қуана шалқыса да, жабырқай толғанса да, лирикада сол өз кезінің шындығы мен сыры жатады. Оқушы мұнан ақын өмір сүрген дәуірдің рухын, жай-жағдайын байқап, хал-күйін аңғарып отырады.

Жалпы, сөз өнерінің өзге түрлері секілді, лириканың да суреттейтін қүбылыстары көп. Эпос па, драма ма, лирика ма бәрібір, мақсат — адамның мінез-құлқын, күйініш-сүйінішін суреттеп қана тыну емес, сол арқылы өмірді, дәуір шындығын суреттеп көрсету екені мәлім. Осы жағынан алып қарасақ, лириканың эпосқа, яки драмаға принциптік қайшылығы жоқ. Жалғыз-ақ, жанрлық жағынан айырмасы — эпостық шығарма қат-қабат, шытырман оқиғаларды суреттеуге лирикадан гөрі әлдеқайда кең құлаш жая алады. Сюжетке құрылады. Шындық құбылыстарды жан-жақты, толық суреттеуге, бір оқиғадан екінші оқиғаға көше баяндауға мол мүмкіндігі бар.

Ал, лирикалық шығарма олай емес. Қөлем жөнінен, эпосқа қарағанда әлдеқайда ықшам. Қат-қабат оқиғалы сюжеті жоқ, одан гөрі отты сезім басымдау, композициясы бас-аяғы жинақы бір алуан ойға құрылады.

Белинский лирикалы өлеңнің оқушыны төзімнен айырып, жалықтырып жіберер ұзақ болуын онша ұнатпаған: «Лириканың ұзақ болу себебі ақынның бір өлеңнің ішінде бір сезінуден екінші сезінуге ауысуынан, сондықтан арасын жалғастыру үшін амалсыз шешендікке салынып, ақындыққа шәлкес сырдаң ақыл айтуынан», — деп білген.

Лирикалық шығармалардың күрделі композициялық формалары бола бермейді, сондықтан оны белгілі бір жүйеге келтіріп, түр-түрге беліп жатудың керегі жоқ және күні бүгінге дейін түжырымды түрде бұлайша топталған да емес. Ілгергі кезде (XVIII ғасырда), орыс әдебиетінде классицизм дәуірлеп тұрған тұста әркімдер лириканы түр-түрге бөліп берген болды. Олардың бастылары: Ода, Элегия, Баллада, Идиллия, Романс, Мадригал, Эпиграмма, Надпись, Эпитафия, Эпиталама, Эклога, тағы басқалар.

Лириканы идеялық-тақырыптық негізіне сай, мазмұнына қарай топтап, бірнеше салаға бөлу орынды: саяси лирика, философиялық лирика, табиғат лирикасы, махаббат лирикасы...

Сонымен, лирика дегеніміз не болды?

Лирика — ақынның бір сәтте жалт еткен нұрлы ойы, жарқ етіп тұтас көрінген ішкі сырлы дүниесі.

Лирикалық шығармадан оны жазған адамның өмір сүрген ортасын, сол ортаның саяси-әлеуметтік халін, адамдардың алуан-алуан мінез-қүлқын, ой-өрісін, жан-күйін, арман-тілегін, мақсат-мүддесін аңғарамыз.

Сонымен қатар, лирикалық шығармадан ақынның өзін, өзіне тән айрықша мінезін тануға да болады. Өйткені лирикада ақынның оқушыға бұрын онша мәлім бола қоймаған сыры мен сезімі жалт етіп сыртқа шығып, жарқ етіп бір көрініп қалады. Оның өзі ғана емес, оқушыны да тебіренте, сезіндіре көрінеді. Оқушы енді бір ауық ақын басында болған күйініш-сүйінішті өз басынан кешіреді. «Оның қайғысымен қайғырып, қуанышымен, шаттығымен, үмітімен тыныстайды, оның көзімен көріп, құлағымен естіп, тілімен сөйлейді» (Белинский). Ақын өз лирикасында осылайша жарқ етіп, терең ойы мен сезгіш жанының жалпы жұртқа бұрын мәлім емес белгісіз түкпірін нәзік толқынмен осылайша ап-айқын ашып, танытады. Мұны ұғу да, әрине, оңай емес. Лириканы оқыту күрделілігі оның жанрлық ерекшелігінде ғана емес, ең бастысы, оқушылардың оған деген көзқарасы, қарым-қатынасында. Себебі, лириканы оқытудың басты мақсаттарының бірі – оқушыларды поэзияны сүюге баулу, оның кестелі тілін сезіне білуге, эстетикалық ләззат ала білуге, әдемі, көркем сөйлей білуге баулу болып табылады.

Абайдың табиғат лирикасы өз алдына бір сала. Табиғат – адам өмір сүрер, тіршілік етер орта. Онсыз өмір жоқ. Міне, осы табиғат көріністерін, оған бөленген қазақ даласындағы өмірді, тұрмыс-халді суреттеуге Абайдың көптеген өлеңдері арналған және қазақ әдебиетінде Абайдан бұрын табиғат көрінісін мұншалық шебер, мұншалық терең һәм жан-жақты жырлаған ақын болған емес.

Абайдың бұл тақырыпта жазған лирикасында да ақындық эволюциясы – творчестволық түлеу жолының кезең-кезеңдері жатыр. Табиғат лирикасы – Абайдың ұлы талантын, биік мәдениетін танытатын өлеңдер.

Әсіресе, жылдың төрт мезгілі туралы жазылған өлеңдері бейнеті мен азабы мол мал баққан шаруаны, баянсыз, көшпелі ауылды, ескі қоғамдық қарым-қатынастың кейбір күңгірт белгілерін анық, қанық бояумен көрсететін, өз дәуірінің айнасы боларлық, сұлу шығармалар.

Ұлы Абай халық тұрмысының, халық тағдырының жыршысы, жоқтаушысы, қамқоршысы болды. Елдегі, қогамдағы кемшіліктерді, үстемдік етушілерді аяусыз сынай отырып, Абай өз халқының даналығы, тазалығы, қарапайымдылығын, ар-ождан биіктігі, асыл қасиеттерін де көре, түсіне біледі. Ол шын мәніндегі халық ақыны, азамат ақын болды. Бір сәт те елінің, халқының ауыр тұрмысын, үстін басқан қараңғылығын ұмытпайтын ақын тіпті табиғатты аса көркем, поэтикалык тілмен өрнектей отырып, оны халық түрмысы, тіршілік тынысымен бірлестікте алады. Осы мәселеде де ақын орыс әдебиетін әзінің жемісті мектебі ете отырып, олардың жетістіктерін ары қарай өзіндік ізденіс, табыстармен байытады. Орыс әдебиетінің дәстүріндегідей табиғатты тіршілікпен, жанды дүниемен бірлестікте суреттей отырып, халықтың ауыр тұрмысы, таптық жігі сияқты әлеуметтік мәселені де көтереді. Міне, осы мәселелердің барлығын оқушыларга жан-жақты терең, әрі ғылыми түрде жеткізу үшін, интеграциялық оқуды басшылыққа алды.