Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
07-06-2014_10-48-31 / Адебиет окыт адистеме .docx
Скачиваний:
263
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
163.48 Кб
Скачать

5 Сынып. Тақырыбы Абайдың «Қыс» өлеңі.

Сабақтың тақырыбы: «Қыс» өлеңі.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Оқушыларға Абай туралы жалпы мағлұмат беру. «Қыс» өлеңінің мазмұнын, идеясын ашу.

2.Тәрбиелік: Туған жерін, оның табиғатын сүйе білуге тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: Дамыта, дарыта отырып, саралап білім беру.

Сабақтың түрі: Таным сабағы.

Сабақтың әдісі: Баяндау. Сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: Абай портреті. «Қыс» мезгілінің суреті.

Сабақтың жүрісі:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

3.Жаңа сабақ.

Жоспары:

1.Мұғалімнің кіріспе сөзі.

2.Мәтінді мәнерлеп оқу.

3.«Қыс» өлеңінің тақырыбы мен идеясын таныстыру.

4.Сөздік жұмыс.

5.«Мәнерлеп оқу минутын» өткізу.

6.Өз бетінше жұмыс.

7.Сазгерлік өнер. Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әндерінің сөздерін жаттау.

Кіріспе сөз:

Оқушылар, біз бүгінгі сабағымызда Абайдың жыл мезгіліне арнап жазған «Қыс» өлеңімен танысамыз. Ең әуелі біз Абайдың өмірімен танысамыз. Абай 1845 ж. тамыз айында қазіргі Семей облысы, Абай ауданы, Шыңғыс тауы байрайында дүниеге келді. Абайдың әкесі – Құнанбай, шешесі – Ұлжан, әжесі – Зере. Оқу жасына жеткен Абай ауыл молдасынан хат таниды. Бұдан басқа ол шешендердің әңгімелерін, халықтың ертегілерін, ақындар жырларын жаттап үйренеді. Жасынан Абай зерек бала атанады. Абайдың әртүрлі тақырыпта жазған көптеген өлеңдері бар.

«Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Ғылым таппай мақтанба», «Әсемпаз болма, әрнеге» т.б. Абайды лирик ақын деп атаймыз. Оның жылдың төрт мезгіліне арнап шығарған «Жаз», «Күз», «Қыс», «Жазғытұры» т.б. Абай тек өлең жазып қоймаған, оған ән де шығарған. Оның бірнеше әндері бар. Сендер сабақты жақсы оқып, Абай аталарыңдай халықтың ұлы болуларың керек.

ІІ. Сабақты жалғастыру.

«Қыс» өлеңінің мәтінімен таныстыру.

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды

Үсті басы ақ қырау, түсі суық,

Соқыр мылқау, танымас тірі жанды.

Басқан жері сықырлап, келіп қалды

ІІІ. Суретпен жұмыс.

Тақтаға қыстың суреті ілінеді.

- Не көріп тұрсыңдар?

- Балалар не істеп жүр?

- Жылдың қай мезгілі суреттелген? Дәлелдеңдер.

Абайдың қай өлеңін алсақ та, осыдан бір ғасыр бұрынғы қазақ даласы көз алдымызға елестейді.

Сұрақ-жауап:

- Өлең жылдың қай мезгіліне арналған?

- Қыс айларын ата.

- Қыстың өзгешеліктері

Сөздік дәптермен жұмыс:

Сақалды – сақалға теңеген

Сықырлап – қардың дыбысы

Сіліксе – қақса, долданғанда – ашулана

Мәнерлеп оқу минуты

«Қыс» өлеңін 3-4 оқушыға мәнерлеп оқыту. Мәнерлеп оқу кезінде, логикалық екпін, дауыс кідірісіне мән беру.

Өз бетімен жұмыс

Абайға арнап дәптер бастау. Оны «Абайтану» дәптері деп атаған. Абай шығармаларын өткен кезде осы дәптерді пайдаланып отырамыз.

Тест сұрақтары:

Тақтаға сұрақтар ілінеді. Дұрыс жауабын дәптерге белгілейді.

Үйге тапсырма:

Үйде «Қыс» өлеңін жаттап келу.

Бағалау.

Сабаққа белсене қатысқан оқушылар бағаланады.

7 Сыныпта өтілетін Абайдың «Жазғытұры» өлеңі.

Тақырыпты өтер алдында оқушыларды ойланту, ізденту үшін мынадай сауалдар беріледі.

1.Өлеңдегі тіршілік салтанатын өрнектеген сөз бен сөз тіркесін тауып, оған «1» санын қойып, дәлелдеу керек.

2.Әдемі рең, ажар сипатын білдіретін сөздерді кім табады?

3.Табиғаттағы әсем қозғалыс бейнеленген сөз бен сөз тіркесін көрсетейік.

4.Дыбыс ерекшелігі.

5.Көптік ұғым?

6.Адамдардың көңіл-күйі жоғары екендігі?

7.Жарасты қимыл?

8.Жарасты қылық?

9.Көріктеуіш (эпитет).

10.Теңеу.

11.Ауыстыру (метафора).

12.Алмастыру (метонимия)

13.Кейіптеу.

14.Өлең несімен ұнады?

Ықтимал жауаптар:

- «Масатыдай құлпырар жердің жүзі» - деген екінші тармақтағы: «масатыдай» сөзіне «10» санын қою керек, үйткені ол – теңеу. «Құлпырар» сөзін «2» санымен белгілеуге болады. Себебі «құлпырар» сөзі өсімдік ажарлылығын айқындауға арналған.

Жазғытұры жөнінде жүз ақын жазса, бір-біріне ұқсамай жүз түрлі етіп бейнелейтіні белгілі. Өлең сонысыменен де, басқаны мүлде қайталамауымен де, әсерлі. Жоғарыда келтірілген мысалдардың бәрінен не көрдік? Біріншіден, ақын «адамдар қуанды», - деп жай баяндаудан аулақ. Адамдардың әр тобының: кәрі жандар мен жастың, немесе баланың түрліше қуанатыны мәлім. Шығармада ақын кемпір-шал желпінісін – «жалбаңдасар» сөзімен берсе, жастар шаттануын – «жайраңдасып»; ал балалар серпілісін – «жұмыртқа іздеп, жүгіріп» мәз болуы түрінде көрсеткен. Ақын: «тіршілік қандай жақсы?!» - деген жалаң үгіттен аулақ. Оның есесіне сол идеяны бұлтартпай беретін сезімге қозғау саларлық нақты детальдар өрілген. Мұны біз: торғай, бұлбұл сайрауы, қаз бен қу қиқу салуы т.б. нақыштары кезінде тамашаладық.

Негізгі әдебиеттер

1.Ақшолақов Т. Көркем шығармаға талдау жасау. –Алматы: Мектеп, 1983.

2. Әдебиет оқу кітабы. 5-сынып. –Алматы: Атамұра, 2001.

3. Әдебиет оқу кітабы. 6-сынып. –Алматы: Атамұра, 2001

4. Әуезов М.О. «Абай» роман-эпопея. І-кітап. –Алматы: Жазушы, 1979.

5. Голубков В.В. Методика преподавания литературы. –М. Просвешение, 1969.

6. Дайырова Ә., Тілешова С. «Әдебиеттік оқу кітабына» методикалық нұсқау. 4-класс. –Алматы:Мектеп, 1982.

7. Жалпы білім беретін қазақ орта мектептерінң V-XI сыныптарына арналған қазақ әдебиетінің бағдарламалары. //Қазақстан мектебі. – 1986. –

8. Жөркенов М. Әдебиет пәнін өмірмен байланыстыра оқыту. –Алматы: Мектеп. 1984. 46 б.