Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
07-06-2014_10-48-31 / Адебиет окыт адистеме .docx
Скачиваний:
263
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
163.48 Кб
Скачать

Қосымша әдебиттер

1. Ильина Т.А. Педагогика. –Алматы: Мектеп, 1977.

2. Көшімбаев А. Қазақ әдебиетін оқыту методикасы. –Алматы: Мектеп, 1969.

3. Қазақ әдебиетін оқыту мәселелері. –Алматы, 1985. 219 б.

4.Қирабаев С. Мектеп және қазақ әдеьиеті. –Алматы:Мектеп, 1979.

5. Қоңыратбаев Ө. Әдебиетті оқыту методикасының очерктері. Алматы: Қазақтың мемелекеттік оқу-педагогика баспасы, 1962. 211 б.

6. Құтқожина Р. Қазақ әдебиетін оқыту. 6-класс. –Алматы: Мектеп, 1984.

7. Мырзағалиев Қ. Әдебиет сабағында әдеби-теориялық ұғымдарды оқыту. –Алматы: Мектеп, 1973.

8. Орта мектепте көркем шығармаларды оқыту. –Алматы: Мектеп, 1965.

5-Дәріс

Ауыз әдебиеті үлгілерін оқыту

Тәуелсіздік алғалы басқа да маңызды іс-шаралар тәрізді қазақ мектептерінде әдебиет пәнін оқытуға баса көңіл бөліне бастауы – заңды құбылыс. Ертегілердің қара сөзбен жазылған түрлерімен қатар өлеңмен жазылған түрлері де болады.

Ертегілер 5-9 сыныпта оқытылады. Қай жанрда жазылған ертегі болсын, балалар оны ерекше қызығушылықпен оқиды. Балаларды тартатын – оның қиял-ғажайып оқиғалары, бас кейіпкерлердің басынан кешетін небір қызықты істері, батырлығы, жүректілігі сияқты қасиеттері. Оқиға қызығымен кететін балаларға ертегі арқылы қандай білім беруге болады, икем дағдысына қандай талаптар қойылуы керек?

Міне, бұл мәселелер әр мұғалімді ойландыруы, толғантуы тиіс. Ертегілерді оқытуда ең басты мына мәселелерге көңіл бөлу керек.

- Ертегілердің жанрлық ерекшелігін таныту. Яғни, әдеби-теориялық ұғымдарды беру.

- Сюжет пен композициядағы жымдастық, тұтастық, өзіндік ерекшеліктерді білдіру.

- Тіл құрылысы ұйқаспен, тақпақпен келуі, баяндау, суреттеу, портреттеу шеберлігі, бейнелі сөздердің мол келуі, оқиғаларының қызықтығы, жатықтығы. Ертегінің бай тілі – халқымыздың ғасырдан-ғасырға келе жатқан байырғы, тарихи тіл екендігі.

- Ертегі негізінде халқымыздың асыл арманы, ұшқыр қиялы, гуманизмі, адамдық биік мінез-құлқының, тыныс-тіршілігінің айнымай көрінуі. Қай ертегі болмасын, халық арманына, тілегіне сай, тек жақсылықпен, бақытқа жетумен аяқталады.

Ең алдымен, оқушыларға ертегінін оқыту, мазмұнын толық меңгерту мәселесін ойластыру керек. Мазмұнын меңгерте отырып, оның негізіндегі идея, айтайын деген терең ой туралы сөз қозғау. Мазмұнын меңгертуде мәнерлеп оқу, әңгімелеу, баяндау, мазмұны тұтас сақталынған толық жоспар, ең басты оқиғаларға негізделген тұжырымды жоспар, эпизодтарға бөлу, әр эпизодқа ат қою, сұрақтар, тапсырмалар жүйесін ойластыру, оқушылардың қабілеті, икем-дағдысын арттыруға байланысты жұмыс түрлерін жүргізу, соның ішінде өтілгелі отырған ертегіге сәйкес ертегілер құрастыруға баулу. Пікір айта білу, өз беттерімен талдауға дағдыландыру, мәтінге жуық мазмұндату, басты оқиғаларды ғана қамтып, мазмұндату мәселелерін ойластыру.

Мысалы, 5 сыныпта өтетін «Керқұла атты Кендебай» атты ертегісін қалай өткізу керектігін сипаттайық. Егер белгілі бір туындыны, оның ішінде ертегіні де оқушылар алдын-ала оқып келсе, мұғалімнің шығарма мазмұнын таныстыруға уақыт кетірмей, бірден шәкірттерді ізденуге бағыттауға мүмкіндігі өседі. Тіпті оқушылардың не біразы, не дені туындыны оқымаған жағдайда да ізденімпаз ұстаз сабақ үстінде шығарма мазмұнын баяндаумен шектеліп, бар уақытын өткізбейді. Себебі, кез-келген туындыны жалаң мазмұндау оның әсерін солғындататыны белгілі.

5 сынып оқулығында бірнеше ертегі беріледі. Оларды оқып, талдап болған соң, қорытынды сабақ ретінде салыстыру жұмыстарын жүргізудің маңызы зор. Мұндай жұмыс оқушылардың ертегілерді жанрлық жағынан бір-бірінен ажырата білулерін, ортақ, ұқсас мәселелерін, үндестіктерін, өзіндік ерекшеліктерді тереңірек түсінуге көмегін тигізеді. Мұндай сабақты «Ертегіде қонақта» (сабақ үлгісін композициялық сабақ ретінде алуға болады) немесе «Ертегі кейіпкерлері сыр шертеді» деген тақырыптармен өткізуге болады. Бірнеше ертегіден шағын көріністер көрсету (оқушылар өзі дайындайды), ертегіні ертекшіге бастату (оның рөлінде де оқушылар болады), ертегілер бойынша суреттер салғызып (қабілеттеріне қарай), сабақта оны пайдалану балалардың әдебиетті сүю, халық туындыларына деген құрметін, қызығушылығын арттырады.

Халық ертегілерімен қоса, оқулықта әдеби ертегілерге де орын берілген. Әдеби ертегілерді оқытқанда, мына мәселелерге көңіл бөлу керек:

- Әдеби ертегінің халық ертегісінен басты-басты айырмашылығы (авторының бар екені, кейде халық арасына тараған аңызға құрылатыны);

- Ұқсастық, үндестік жақтары;

- Көтеретін негізгі мәселелері;

- Көркем поэтикалық тілі;

- Ертегінің маңызы, тәрбиелік мәні.

5 – сыныпта ақын Ә.Тәжібаевтың «Толағай» ертегісі берілген. Ертегісінің оқиғасы қызықты, оқуға жеңіл жазылған. Сол себептен де балаларға бағыт бере отырып, оны үйден оқуға тапсыруға болады. Балаларға ұсынылатын үлестірме – нұсқау көмектер:

І бөлім

- Ертегінің ел аузындағы аңызға жазылуы

І-шумақты қара:

- Ертіс жағасындағы жұбайлар. Саржан мен Айсұлу. Ұл туу.

«Бір әңгіме есімде бар…»

- Жас бөбек Толағай. Оның сипаттары.

ІІ-ІҮ шумақтар

Жеті жасқа дейінгі өсуі, алыптар қатарына жетуі.

Ү-ҮІ-ҮІІ-ҮІІІ шумақтарды оқы

- Толағай аңда.

ІХ-Х-ХІ шумақтар

- Жем іздеген жолбарыс

ХІІІ шумақ

- Жолбарыстың Саржандарға тап болуы.

ХІІІ-ХІҮ шумақтар

- Саржанның Толағайды көмекке шақыруы.

ХҮ-ХҮІ-ХҮІІ шумақтар

- Толағайдың жолбарыспен шайқасы, оны жеңуі.

ХҮІІІ-ХІХ-ХХ шумақтар

ІІ бөлім

- Ел басына түскен қайғы.

І-ІІ шумақтар

- Толағайдың да қайғыруы. Шешесімен сырласуы

ІІІ-ІҮ-Ү шумақтар

- Сапарға аттануы (Тарбағатайға)

ҮІ шумақ

- Бір шатқалды көтеріп, елге бет бұруы

ҮІІ шумақ

- Қиналу, сонда да тоқтамай, елге жетуі.

ҮІІІ шумақ

- Жаңбыр жауып, халықтың қуанышқа кенелуі

ҮІІІ шумақ

- Сүрініп кету. Толағайдың мерт болуы.

ІХ шумақ

- Халық қайғысы, күңірену.

Х шумақ

- Толағайдың тауға, аңызға айналуы, халықтың ардақтауы

ХІ-ХІІ шумақтар

Ертегі мазмұнына байланысты сыныпта қойылатын сұрақтар:

  1. Оқиға шамамен қашан, қай жерде болған?

  2. Толағай дүниеге қалай келді?

  3. Толағайдың өсіп – жетілуі, алып болып өсіп келе жатқаны қалай суреттелінген?

  4. Толағайдың алғашқы ерлігі туралы не айтвсың?

  5. Жолбарыспен шайқасын толық мазмұндап бер. Ол неге жолбарымты « мысық » дейді?

  6. Толағай алыстағы Тарбағатай тауына не себепті аттанды? Анасынан не сұрап білді?

  7. Толағай қалай қаза тапты ? Не үшін қаза тапты?

Ертегіні балалардың қалай түсінгенін осындай сұрақтармен анықтап, толықтырып, керекті жерінде мұғалім мәтінді пайдалана отырып, түсіндіріп, кей сұрақ – тапсырмаларды практикалық жұмыс арқылы, яғни оқулықпен жұмыс істей отырып орындап, ары қарай әдеби талдау жасауға көшу керек, онда да оқушыларды үнемі қатыстырып, ең алдымен оларды тыңдап отырудың тиімділігі бар.

Әдеби талдау сұрақтары (оқушылардың ойлау белсенділігін арттыру, іздендіру мақсатындағы ):

  1. Қалай ойлайсыңдар, Әбділдә аталарың осы ертегі арқылы не айтпақшы болған? Ертегі негізінде қандай ой жатыр?

  2. Толағайға мінездеме бер. Толағай бейнесін жасауда ақын қандай бейнелі сөздер, көркем тіл пайдаланған?

  3. Толағайдың Кендебайға ұқсастығы бар ма? Қайсысы өзіңе көбірек ұнайды? Ұнау себебін түсіндір.

  4. Халық басына түскен ауыртпалық қайғы не себепті Толағайды да ойға түсіреді?

  5. Қалай ойлайсыңдар, ертегінің қай оқиғасы, не Толағайдың қай іс-әрекеттері шындыққа сәйкес? Қайсысы сәйкес емес, яғни ертегі аңызға сәйкес?

  6. Ақынның Толағайға деген сезімі, көңілі туралы не айтар едіңдер?

  7. Қалай ойлайсың, ақын Толағай тағдырын дұрыс шешкен бе? ӨЗің осы ертегіні қалай аяқтар едің?

Ертегі құрылысы, тілі, көркемдік ерекшелігі көбіне практикалық жұмыстар, яғни оқулықпен жұмыс арқылы ашылады.

Осы ертегіге қатысты мынадай практикалық жұмыстар орындатуға болады:

  1. Толағай және оның анасы Айсұлу портреттерінің жасалу жолдары.

Ертегіден тауып оқу, теріп жазу (анасын сипаттайтын сөздерді).

Бұл жұмыстың басты мақсаты: балаларда теңеу, эпитет туралы алғашқы ұғым қалыптастыру.

  1. Толағай пішіні, өсіп, ер жетуі, батырлығы, алыптығын көрсетудегі ақын шеберлігі, көркем тәсілі.

Мақсат: Әсірелеу (гипербола), көтере мадақтау туралы түсінік беру.

3.Жолбарыс пен Толағай арасындағы айқастан бейнелі сөздер, айшықты сөз тіркестерін таптыру, олардың Толағай бейнесін жасаудағы рөлін анықтату.

4.Ертегідегі ойды көркемдеп беретін басқа да сөз тіркестерін тауып, олардың маңызымен атқарып тұрған орнына түсінік беру. Мысалы, «Түн қап-қара шашын жайды» т.б.

Сондай-ақ әдеби ертегі мен халық ауыз әдебиетіндегі ертегілерді салыстыру жұмыстары да нәтижелі болмақ.

- «Керқұла атты Кендебай», «Қырық өтірік» ертегілерін еске түсіріңдер. «Толағай» ертегісінің айырмашылығын сараптаңдар (мысалы, басталуы, аяқталуы, қиял-ғажайып оқиғалары)

- Толағай мен Тазшаны, Кендебайды салыстыру.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

1.Қайсылары шындыққа жақын бейнелер?

2.Қайсысы туған елін сүйетін, халқы үшін опат болуға даяр патриот ұл?

3.Үшеуінің ортақ қасиеттері туралы айт.

Оқушыны ізденту дегенде, бір шығарма арқылы бар жоқ-жітігіміз түгенделмейтіні де белгілі. Осы орайда 6 сыныпта «Аяз би» ертегісін өтуге байланысты ойларымызды ортаға салайық. Оқулықта ертегі соңында оқушыларды ойландырарлық біраз сұрақтар берілген. Біздіңше, көп шығармадан кейін отау тіккен тапсырмалар ішінде тап осы туынды тұсындағылары – оқушыларды ойландырарлық неғұрлым ұтымды сауалдар. Әйтсе де бүгінгі өзгерген заман, өскелең уақыт мұнарасымен сараптағанда, бұл шоғыр ішінде де біржақты кету: оқушыларды тек үстірт салыстырулар жасаумен шектеу және ханды үстем, қанаушы тап өкілі ретінде ғана қарап, оның оң сипаттарын онша елемеу орын алған. Тіпті құстың, шөптің жаманын дәл Жаман тәрізді сонша биік дәрежеде ажыратпаса да, уәзірлердің және Мадан ханның сол тұжырымдарында еш дән жоқ деп, оларды біржола шөмейту дұрыс па? Уәзірлер де, хан да біраз ізденген, бірақ қарапайым халық өкілі Жаманға жете алмаған десе, бір сәрі. Бірінші орын алған жеңімпазды марапаттаймыз деп, екінші тіпті бесінші дәрежедегіні шұнайту орынсыз емес пе? Тіпті хан мен уәзірлер жаппай ақымақ болса, кілең ақылсыздан ғана озған Жаман артықшылығы да онша болмай шығады ғой. Алысқа бармай-ақ, қазақ батырлар жырын еске алайық. Қай ақын, не жыршы қазақ батырын дәріптеу үшін, онымен белдесуші жаудың өзін сүмірейтіп еді? Қайта қарсы жақтағы да ерекше мықты еді, әйтсе де қазақ батыры оны ұзақ арпалысып барып жең алды деп нақыштағанда ғана, сонша күштінін жеңген батыр ерлігі шынайы да әсерлі көрінбеуші ме еді?! Ендеше салыстырғанның жөні осы екен деп, бірін мақтау үшін екіншісін құлдырату көп ретте сол дәріптелушінің жеткен биігін аласартуға ғана қызмет ететініне назар аудартқымыз келеді. Демек ертегіде Жаман кілең ақылсыздардан емес, қайта біршама ақылдылардан озған озық ойлы жан десек, оның қадірін арттыра түсеміз. Себебі, алдымен уәзірлеріне шөптің, құстың, адамның жаманын тауып келуді тапсыруынан да Мадан ханның білгірлікті жоғары бағалауы байқалады. Екіншіден, өз ұйғарымын теріске шығарушының пікірі шындыққа неғұрлым жақын екенін түсіне алуы, өз шешімінен қайта білуі де Маданның саңылаусыз емес, қайта біршама зерделі екенін ғана шегелей түседі. Одан әрі Жаманның хан тұлпары мен гауһар тасына берген бағаларына ден қоюы тұсында да Маданның әділдігі мен бірге парасаттылығы, ойлы адам екені айқындалады. Ол аз десеңіз, абыройына дақ түсетіндей шындықтың, өзінің нағыз хан ұрпағы еместігін айғақтайтын жайттардың, дәлелденуіне жол беруі кезінде де Маданның әділдік сүйгіштігімен қатар ізгілігі, тапқырлықты жоғары бағалауының бастамасы да жатыр. Олай дейтініміз: Жаманның ұтымды дәлелдеріне тәнті болған Мадан оған өз билігін, тағын ұсынуға дейін барып қошемет көрсетеді ғой. Данышпандықты бұлай жоғары бағалай білуге жетудің өзі кемеңгерлік емес пе?

Рас, ертегіде Мадан ханның уақытша қателесуі, өз биігінен қалай төмендегені де шынайы берілген. Демек, ақылсыздың, немесе біріңғай қараниетті адамның ғана емес, біршама білгір, болды, толды дегеннің де тая басу заңдылығы ашылуы – шығармадағы реализм әдісінің, болмыстың неғұрлым бояусыз шынайы бейнелеуінің салтанаты. Мәселен, уәзірлері азғыруына еріп, Жаманның асқан сұлу әйелі Меңдіге қызығып, Мадан хан Жаманға қастық ойлауға дейін барады, оны «барса келмеске» жұмсайды. Әйтсе де Мадан өз қиянатын, шалыстығын тез аңғарып, одан өзіндік сабақ алады ғой. Осы арада мұғалім оқушыларды ізденту, ойланту үшін Мадан хан бейнесін ашуға арналған мынадай сұрақтар береді:

  1. Маданның өз ағаттығын қалай, қаншалық түсінгенін кім дәлелдеп айтады?

  2. Маданның ақылдылығы, білгірлікті жоғары бағалауы оның қай іс-әрекеттерінен көрінеді?

  3. Мадан әділдігін қайдан таныдық?

Ықтимал жауаптар:

  1. Жаман «барса келместен» оралған болып, ханды арыстанға балап, жұмбақтап сын айтқанда, Мадан тұспал мәнін дереу пайымдап, өз ісінің бұрыстығына кешірім сұрайды. Онымен де шектелмей, «…бірнеше түйеге жасау, асыл зат арттырып, Жаманды Ақша ханның еліне көшіріп» салуы да Маданның Жаманға деген өзіндік қамқорлығын айғақтайды.

  2. Аң аулап жүргенде, кездескен қарияғаа берген ишарат сауалдарынан және оның жұмбақтап қайтарған жауаптарын дәйектеуінен Мадан ханның кемел ойлылығы, кемеңгерлігі жария болады.

  3. Мадан әділдігі ертегінің өн бойында дамытылып берілген. Шығарма басында Жаманның ұтымды тұжырымдарын құптауы тұсында, кейін әсіресе өзінің хан тұқымынан еместігі айқындалғанда, Жаманды әспеттеп, оған өз орнын ұсынуы кезінде ханның әділетшілдігі жарқырап көзге түседі. Одан әрі Ақша хан елінен оралған Жаманды сый-құрметпен қарсы алуы да, Жаманның уәзірлерді сонша мазақтап, қинауына жол беруі де Маданның әділдік сүйгіштігін аспандатады. Ал, ең соңында Жаманды өз тағына отырғызуынан Маданның әділдікті қаншалықты ту еткені толық ашылады.

Мұғалім осы тұста тағын берерде Маданның не деп айтқанын бір оқушыға оқытып, соған кең көңіл бөлгізсе, олардың санасында: «Ел басқаруға тек парасаттыларды, данышпандарды сайлаған жөн», - деген ұғым қалыптасып, сабақтың тәрбиелік мәні арта түсер еді.

Мадан хан бейнесін оқушыларға жан-жақты талдатқаннан кейін, оқытушы Жаманды танытарлық сауалдарды алға тартады:

  1. Шөптің, құстың жаманын айыруы тұсында Жаман қандай сипатымен әйгіленеді?

  2. Хан тұлпары мен гауһар тасына берген бағаларына қарап Жаман туралы не айтамыз?

  3. Маданның хан тұқымы еместігін ажыратуы кезінде Жаман қалай көрінді?

  4. Меңдіқыз жұмбағын шешуіне орай Жаманға баға берейік.

  5. Меңдіқыз рұқсатына дейін Жаманның сыр ашпауы енені аңғартады?

  6. «Барса келмес» тапсырмасынан оралғаннан кейін ханға айтқан тұспал сөздеріне байланысты Жаманға қандай баға берген жөн?

  7. Аң аулап жүргенде кездескен қарияға ханның берген тұспал сауалдарын және қайтарылған жауаптарды пайымдап шеше білуі тұсында Жаман қай қырымен танылады?

  8. Уәзірлерді жазалауына қарап қандай ой түземіз?

  9. Жаманның әділ хан болуына не себеп болды?

Ықтимал жауаптар:

  1. Көпті көрген, тәжірибелі, тапқыр, білгір, дәйектегіш т.б.

  2. Байқампаз, зерделі, зерек, көреген, талантты т.б.

  3. Аңғарымпаз, сұңғыла, батыл, өжет, шыншыл, көріпкел, сәуегей т.б.

  4. Зейінді, пайымды, сезімтал, ақылды, қабілетті т.б.

  5. Адал, сертке берік, тұрлаулы, қайсар, бірбеткей, жанкешті, көнтерлі, жүректі, махаббатқа берілген, жігерлі т.б.

  6. Шешен, тапқыр, парасатты т.б.

  7. Кемел, білікті, данышпан.

  8. Турашыл, қуақы, тағайынды, тыңғылықты, кешірімді, шаһбаз т.б.

  9. Бұрын ақылды, ізгі, көрегендігімен танылған адам ғана қолына ьилік тигенде дандайсымайды екен. Жаман тағдыры, өмір жолы арқылы біз соған көз жеткіздік.

Мұғалім қорытуы:

- Оқушылар дәптерлерінде жазылған неғұрлым дұрыс жауаптарды екшей келе ескертеріміз бар. Мәселен, үшінші сұраққа берілген жауаптар ішінде: «көріпкел», «сәуегей» сөздерін қолдану артық. Себебі, Жаман алда не боларын болжап тұрған жоқ қой, өз тәжірибесіне сүйеніп, өткенге және қазіргіге баға беріп тұр емес пе?! Осы үшінші сауал жауаптары ішінде дәптерлеріне «батыл», «өжет» деген сөздерді жазған оқушыларға «оң» белгілер қоямын. Себебі, батыл, өжет болмаса, ханға тиімсіз шындықты жайып салуға бармас еді. Сондай-ақ бесінші сұраққа қайтарылған жауаптар ішінен «Сертке берік» деп белгілеп, әрі соны дәлелдей білгендерге «оң» белгі арналады. Осы сауалға байланысты «тұрлаулы, қайсар» сөздері де Жаман бейнесін ашуға сұранып тұрғаны анық. «Махаббатқа берілген» деу де – сәтті бағалау жемісі. Себебі, Меңдіні сүймесе, сонша қауіп-қатерге төзіп, дарға асқанға дейін сыр сақтай алмас еді. Алтыншы сұрақ жауаптары ішінде «шешен» сөзін бөліп атап өткім келеді. Расында осы тұста Жаман тапқырлыққа қоса шешендігімен де ханды ұялтады ғой. Жетіншінің жауаптары ішінде «данышпан» сөзін қолданушы «озық» белгісін жеңіп алды. Расында, бұл арада оны жай ақылды, білікті деу жеткіліксіз, ал «данышпан» сөзі неғұрлым дөп келеді. Сегізіншіге келсек, уәзірлерді өзіндік жазалауында қаталдық, кекшілдік жоқтығы, қайта әжуа, мысқыл, кешіру басымдығы айқын.

Біздіңше, мұғалімнің шығарма мазмұнын жалаң баяндауға салынбай, осындай сауалдар беріп, оқушылардың пікір-таласын тудыруы өте маңызды. Біріншіден, оқушылардың өзінше ойланып, ізденуіне мүмкіндік ашылады. Екіншіден, бұл олардың ой-өрісін дамытумен бірге сабаққа деген қызығуын да арттырады. Ал, үшіншіден, белгілі бір әрекет, белгілі бір құбылысқа дәл баға беруге ұмтылуы тұсында оқушылардың сөздік қоры, тіл байлығы молая түседі. Олар қай сөзді қай орынға қолдана білуге жаттығады. Бір сабақтың өзінде оқушылардың сабаққа қызығуын, өзінше ойлануын, тіл байлығын меңгере бастауын т.б. тудыра алсақ, бұл аз жетістік пе?

Ертегілерді оқытудағы ең басты мақсаттардың бірі – балалардың өзін қанаттандырып, қиял әлеміне, арман биігіне жетелеп, жақсылыққа, ізгілікке сендіріп, батырлыққа, ерлікке елтіп, халық туындыларына деген қызығушылығын арттыру болып табылады.

Қай ертегіні оқытса да, мұғалім өзінің осы ең басты мақсатын бір сәт те есінен шығармауы керек.

Орта буын сыныптарында әдебиет пәнін, оның ішінде халық ауыз әдебиеті үлгілерін оқытудың өзіндік ерекшелігіне тоқталып, сабақтың әдістемелік түріне, сабақты өткізудің түрлеріне талдау жасадық.

Мектепте ертегілерді оқыту, лиро және эпостық жырларды оқытудағы жаңа технологиялардың мүмкіндіктерін де қарастырдық. Қазіргі кезде әдістердің көп түрлілігі әдебиет сабақтарын альтернативті, яғни көп нұсқалы етіп өткізуге мүмкіндік беріп отыр деп айта аламыз.

Себебі, тақырыптардың ерекшелігіне байланысты әрбір сабақтың өзіне тән тақырыбы, мақсаты, құрал-жабдықтары, өткізілу барысы, құрлысы болады. Мектеп оқушыларына уақыт, заман талабына лайық жан-жақты тәрбие беруде және қазақ әдебиетін оқытуда пәнаралық байланыстың, әлеуметтік-педагогиканың маңызы да ерекше екендігін атап айтуымызға болады.

Бүгінгі таңда мұғалімдердің алдына қоятын мақсат-міндеті: оқушылардың ізденіп, белсенділін арттыруда мазмұндылығымен ерекшелетін сабақ түрін дайындау.

Қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілерін оқытуда жаңа білімді меңгерту технологиясы бойынша және Венн диаграммасы, Блум жүйесі негізінде өткізілетін сабақ түрлеріне тоқталдық. Сабақты талдау барысында тақырыпты оқушылардың толық меңгеруі және сабақ өткізудің қазіргі кездегі жүйелеріне тоқталдық.