Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Методич.указания.doc
Скачиваний:
7
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
2.75 Mб
Скачать

Тазалық - саулық негізі, денсаулық – байлық негізі. Дене мүшелері. Емханада. Ауруханада. Дәріханада. Денсаулықты сақтау қағидалары.

Сабақ түрі: практикалық

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, мәтінмен жұмыс, диалог құру, әңгімелеу, баяндау;

Талқылауға арналған сұрақтар:

1. Дене мүшелері мәтінімен жұмыс.

А. Мәтінді аударып, толықтырыңыз.

Ә. Мына сөздерге тәуелдік жалғауын жалға. Дыбыстарының өзгеру себебін түсіндіріңіз, бірнеше сөйлем құраңыз.

а) бүйрек, тамақ, жүрек, тазалық, денсаулық, құлақ, шынтақ, саусақ, кірпік, аяқ, иек, жақ.

б) мойын, ерін, мұрын, қарын, ауыз.

Б. Жақшаны ашыңыз.

1. (Колени) бүк. 2. (Спина) сипап берші. 3. Шешін, (легкие) тыңдайын. 4.(Глаза) онша көрмейді екен. 5.(Пальцы) ұзын, жіңішке екен. 6. (Зубы) ақ маржандай тізілген, аппақ. 7. Атасы (ноги) әрең басады. 8. Анамның (руки) бос емес. 9. (Локти) үстел үстіне қойма. 10. (Голова) ауырса , жатып дем ал.

В. Мақал-мәтелдерді аудар, мағынасын түсіндір.

а) Тәні саудың жаны сау.

б) Көзің ауырса қолыңды тый.

Ішің ауырса тамағыңды тый

в) Бас аманда мал тәтті,

Бас ауырса жан тәтті.

г) Жарлының байлығы – дененің саулығы.

д) Ауырып ем іздегенше,

Ауырмайтын жол ізде.

2. Емханада мәтінімен жұмыс

А. Сөйлесуді аударып, сөздік құраңыз.

Ә. Келесі сөйлемдерді толықтырыңыз.

Адамдар ауырса, ... . Дәрі алу керек болса, ... . Денсаулықты сақтаса, ... . Тамағыңыз ауырса, ... . Тұмаумен ауырсаң, ... . Қызуың болса, ... .

Б. Сөйлемдерді аудар.

Если люди боеют, то идут в поликлинику. Если у больного температура, то врача вызывают на дом. Если у Вас насморк, кашель, болит голова, то надо идти к терапевту. Принимает ли сегодня окулист? Кто последний к лору? – Я. Пердо мной три человека. – Вы последний? - Нет, за мной два человека. Где сейчас принимает хирург? – В двадцатом кабинете.

В. Келесі сөйлесуді оқыңыз, аударыңыз.

– Кешіріңіз, мен осы емханаға тіркелейін деп едім. – Иә, келіңіз. Құжаттарыңызды беріңізші. – А, қандай құжаттар керек? – Жеке куәлік көшірмесі, тұрғылықты жерді анықтайтын анықтама. – Мен бұл құжаттарды ертең алып келсем бола ма? – Әрине, болады. – Сізден білуге бола ма? – Сұраңыз. – Бұл емханада ем алу ақылы ма? – Жоқ, бізде ақысыз. Ақылы бөлімдер де бар. – Сізге көп рахмет! – Оқасы жоқ.

Г. Ауруханада тақырыбында диалог құраңыз.

Д. Мына өлеңді жатқа айтыңыз.

«Күрк-күрк күрк жөтел,

Күркілдеген не жөтел

Жасыңнан шексең темекі,

Түбіңе сенің сол жетер.

Түтінмен ыстап өкпені,

Никотин уын төккені.

Жүректің ұстап талмасы

Мишықтың құрғап кепкені.

Мүгедек, ауру, калекі

Өмірге қатер төгеді,

Салауатты өмір сүрейік

Шекпеңіз дейміз темекі!

3.Дәріханада мәтінімен жұмыс

А. Берілген сөйлесулерді аударып, өз сөйлесулеріңді құрастырыңдар.

Ә. Отбасыңызда халық медицинасының қандай әдіс-тәсілдерін қолданасыз? Әңгімелеңіз.

Б.Қазақстанда өсетін дәрілік өсімдіктері туралы мәлімет жазып, әңгімелеңіз.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1. Саутова Т.А. Қазақ тілі. Бастауыш және жалғастырушы деңгей. Петропавл:Северный Казахстан,2011.

2. Д.Б.Сансызбаева, Ж.Т.Қошанова. «Қазақ тілі: Келіңіз, газет оқиық!» оқу-әдістемелік құралы. Петропавл, 2009ж.70-76 беттер.

3. Ж.Қадыров, Ж.Қошанова,Д.Сансызбаева. «Қазақ тілі: дене шынықтыру және спорт мамандығына арналған мәтіндер мен жаттығулар жинағы» оқу-әдістемелік құралы. Петропавл, 2003. 66-76 беттер.

4. А. Бектурова,Ш.Бектуров. Казахский язык для всех. Алматы: Атамұра, 2004ж

8-тақырып.

Ұлттық киім.

Сабақ түрі: практикалық

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: топпен және жеке жұмыс, баяндау, сұрақ-жауап, әңгімелесу

Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Берілген сөздердің синонимін табыңыз.

жас- әңгімелесу -

сұлулық - дайындау-

бұйым- қонақ -

әлем - атақты-

  1. Берілген нақыл сөздердің мағынасын ашып, түсіндіріңіз.

Адамның ойы да көркем, бойы да көркем болуы керек. (Ғ.Мүсірепов)

Орамал тонға жарамаса да,

Жолға жарайды.

Адам көркі-шүберек.

Өнерлі өрге жүзеді.

  1. Берілген сөздермен сөз тіркесін құрап, тақырыпқа қатысты әңгіме құраңыз.

Киім, зат, шақыру, еңбек, өнер, мәдениет, жарнамалау, сыйлық, қызықты.

  1. Ұлттық киімдер (ерлер, әйелдер киімі) жайында қосымша мәлімет беріңіз.

  2. «Киім дүкенінде» мәтінін толықтырыңыз.

  3. «Қазақстандық дизайнер» мәтінін оқып, сөздік жасаңыз, аударыңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1. Жоғары оқу орындарына арналған «Практикалық қазақ тілі», Алматы, 2006ж.

3. Саутова Т.А. Қазақ тілі. Бастауыш және жалғастырушы деңгей. Петропавл: Северный Казахстан,2011.

4. «Тұмар» республикалық әдеби көркем журналы, 2009, №1-100б.

5.«Сыр мен сымбат» журналы, 2009, №1-12

9-тақырып. «Біздің қала – Петропавл қаласы»

Сабақ түрі: практикалық

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:топпен және жеке жұмыс, баяндау, сұрақ-жауап, сөйлесу, әңгімелесу

Талқылауға арналған сұрақтар:

1) мәтінді оқып, аудару;

2) сөздік құрастыру.

3) түсінгенін ауызша баяндап беру;

4) кластер жасау;

5) мәтіндегі сын есімдерді теріп жазу, оларды дұрыс оқу;

6) «Петропавл қаласы» тақырыбына сұхбат құру;

7) мәтіннің мазмұны бойынша 10 тест тапсырмасын құрастыру.

8) Берiлген сөздермен сөз тiркестерiн құрастыру, оларды сөйлем ішінде пайдалану.

9) Келесi мақалдарды жатқа білу, олардың орысша баламасын беру:

Туған жер - алтын бесiк.

Отансыз адам - ормансыз бұлбұл.

10)Жоғарыда берiлген мақалдың бiрiн ситуацияларда қолдану.

11) Ситуативтiк тапсырманы орындау: Бiздiң қаламызға шет елден қонақтар келдi. Ең алдымен қаланың қандай көрнектi жерлерiн көрсетесiздер?

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1. А.Т.Мұхамеджанова, Ғ.Қ.Қожағұлова, Т.А.Сауытова, Б.Ы.Батырова, Д.Б.Сансызбаева. «Қазақ тілі» пәнінің оқу-әдістемелік кешені (кәсіби-бағдарлы деңгей).

2. 1. Саутова Т.А. Қазақ тілі. Бастауыш және жалғастырушы деңгей. Петропавл:Северный Казахстан,2011.82-б.

10-тақырып.

Адам және табиғат егіз»

1. Қазақстанның экологиялық жағдайлары

2. Табиғат байлықтары

3. Табиғаттың, қоршаған ортаның адам денсаулығына әсет етуі

Сабақ түрі: практикалық

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: ой толғау, сұрақ –жауап, «Сандар сөйлейді» әдісі,

«5 бестік» әдісі, әңгімелесу

Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Жаңа лексиканы игеру. «Қазақстанның экологиялық жағдайлары» мәтіні бойынша берілген сөздерді аударыңыз және дәптерлеріңізге жазып алыңыз: айқындау, пікір, ұғым, енгізу, айнала, ұстау, үлес, қорғау, мәселе, қасірет, айдынды, қышқыл, тартылу, күкірт, тотық, көмір қышқыл газы, қорғасын, тіршілік,баурай, шоғырлану.

  2. «Қазақстанның экологиялық жағдайлары» мәтінін оқып, жаңа сөздердің көмегімен аударыңыз және ілік және табыс септіктерінде тұрған сөздерді теріп алып, жасалу жолын түсіндіріңіз.

  3. «Қазақстанның қазіргі экологиялық жағдайлары» тақырыбы бойынша 2 топшаға бөлініп пікір-талас құрыңыз.

  4. «Сандар сөйлейді» әдісін қолдану арқылы кластер құрастырыңыз

  5. «Табиғат байлықтары» мәтінінен қиын сөздерді теріп алып, сөздіктің көмегімен аударыңыз.

  6. Мәтінге қатысты 3 сұраулы сөйлем құрастырыңыз. Сұраулы сөйлемнің 3 түрлі формасы бойынша \ сұраулы сөз, сұраулы шылау, интонация арқылы\ құрастырыңыз

  7. Жағдаяттық тапсырманы орындаңыз

А\Сіз қала сыртына демалуға бардыңыз.

Босаған ыдыс, ас қалдықтарын жинап,

- сөмкеңізге салып аласыз

- орныңызда қалдырасыз

- бәрін жинап, бір ыдысқа салып қалдырасыз. Неге?

Ә\ Қоршаған ортаның ластануына кім кінәлі? Неге олай ойлайсыз?

- Үкімет

- адамдар

- өндірістер

- кәсіпкерлер.

Б\ Семей полигоны ұрпақ жалғастығына қалай әсер етеді?

- жағымды

- жағымсыз. Неге?

8) «Табиғаттың, қоршаған ортаның адам денсаулығына әсет етуі» мәтінінде берілген сөздер мен сөз тіркестерін аударыңыз және дәптерлеріңізге жазып алыңыз: сынақ алаңы, тәжірибе жасау, тұқым қуалау, ақау, ұрпақ алмасу, туа біткен кемтарлық, нәресте, көрсеткіш, қозғалыс, тікелей, қару-жарақ, құбылыс, құштарлық.

9) «Табиғаттың, қоршаған ортаның адам денсаулығына әсет етуі» мәтінін оқып, аударыңыз. Мәтін бойынша өз ойларыңызы ортаға салыңыз.

10) «5 бестік» әдісін орындаңыз

  • 5 сөз

  • 5 сөз тіркесі

  • 5 сөйлем

  • 5 сұрақ

  • Синонимі немесе мағынасын түсіндіру

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1. А.Т.Мұхамеджанова, Ғ.Қ.Қожағұлова, Т.А.Сауытова, Б.Ы.Батырова, Д.Б.Сансызбаева. «Қазақ тілі» пәнінің оқу-әдістемелік кешені (кәсіби-бағдарлы деңгей).

2. Жоғары оқу орындарына арналған «Практикалық қазақ тілі», Алматы, 2006ж.

3. Саутова Т.А. Қазақ тілі. Бастауыш және жалғастырушы деңгей. Петропавл: Северный Казахстан,2011.

4. «Қазақстан Республикасы» энциклопедиясы

5. Қазақ тілі. С.Иманқұлова, Н.Егізбаева, Ғ.Иманәлиева, Ш.Рамазанова, Б.Омарова, К,Мұқадиева, Алматы.2008

6. Қазақстанның қызыл кітабы. 1 том. Алматы, 2006ж.

7. Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары. Алматыкітап. Алматы, 2006ж.

8. Қазақстан Қызыл кітабы беттерінен. Алматыкітап. Алматы, 2004ж.

11-тақырып. «Саяхат. Қазақстанның тарихи орындары. Туризм»

Сабақ түрі: практикалық

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: өзара пікірлесу, ой толғау, әңгімелесу, бақылау

Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Жаңа лексиканы меңгеру. Мына сөздердің аудармасын жазып, жаттаңыз: алқап, көне қала, руна жазбалары, аймақ, жазба дерек, қазба жұмысы, дәлелдеу, билеуші, керуен, көпестер, шапқыншылық жасау, сылтау, қырғын, дуал, қақпа.

  2. «Қазақстанның тарихи орындары» мәтінін аударыңыз.

  3. «Қос жазба» күнделігі арқылы мәтін мазмұнын талқылаңыз.

Қос жазба күнделігі

Саған әсер еткен абзац

Абзац жайлы сенің пікірің

  1. Мәтінді оқып шығып, мәтіннің негізгі мазмұнын ашатын тезистер құраңыз

  2. Қазақстанның өзіңіз білетін басқа да көне қалалары, еліміздің туризмі туралы ақпарат беріңіз.

  3. Сұрақтарға жауап беріңіз.

Саяхат дегеніміз не?

Саяхатттың демалыстан қандай айырмашылығы бар деп ойлайсың?

Саяхаттағанды ұнатасың ба?

Соңғы саяхатың туралы айтып бер.

7. «Қазақстандағы туризм» мәтінін аударып, жоспар құраңыз.

8. Жағдаяттық тапсырма.

Жағдаят. Сіз туристік компанияға келдіңіз. Компания қызметшісінен тарихи жерлер, отандық шипажайлар туралы білгіңіз келетінін айттыңыз.

9. Шағын мәтіндерді оқыңыз. Сәбит, Ержан, Айдос, Әлім кездескенде бір-біріне не айтар еді егер,...

Сәбит:

Сәбит кітап дүкенінен Үстіртке саяхат жасау мақсатында,осы жер туралы географиялық қызықты кітап сатып алды.

Ержан:

Ержан:

Ержанның отбасы өткен айда Көкшетау жеріндегі Жұмбақ тас шипажайына демалуға барды.

Айдос:

Айдос Жетісуға демалысқа бара жатқан досына алдағы айға берілген ауа-райы болжамы туралы мәліметті берді.

Әлім:

Әлім ағасы Әміремен бірігіп, туризм саласында елге қызмет көрсететін агенттік ашпақшы.

  1. Сабақ тақырыбы бойынша «Қазақстанның тамаша туристік жерлері» тақырыбында фото-альбом әзірлеңіз.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1. А. Бектурова,Ш.Бектуров. Казахский язык для всех. Алматы: Атамұра, 2004ж

2. Жоғары оқу орындарына арналған «Практикалық қазақ тілі», Алматы, 2006ж.

3. Г. Тастемирова. Қазақ тілі: оқиық, үйренейік, ізденейік. Алматы, Қазақ университеті, 2006ж.

4. А.Т.Мұхамеджанова, Ғ.Қ.Қожағұлова, Т.А.Сауытова, Б.Ы.Батырова, Д.Б.Сансызбаева. «Қазақ тілі» пәнінің оқу-әдістемелік кешені (кәсіби-бағдарлы деңгей).

5. Саутова Т.А. Қазақ тілі. Бастауыш және жалғастырушы деңгей. Петропавл:Северный Казахстан,2011.

12-тақырып : Қазақ әдебиетінің алыптары М.Жұмабаев, С.Мұқанов, Ғ.Мүсрепов.

Сабақ түрі: практикалық

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,өзара пікірлесу, ой толғау, әңгімелесу, мәтінмен жұмыс.

Талқылауға арналған сұрақтар:

1) лексикалық минимумды меңгеру

Қайта оралып-

түрмесіне қамалады-

айдауда болады-

абақтыдан босатылады-

құрбаны болады-

көпшілікке әйгілі-

шағын жанрларында-