Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
wpshk.docx
Скачиваний:
49
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
52.46 Кб
Скачать

5) Олигополия және монополия (мысалдар келтіріңіз)

Олигополиялық бәсеке – нарықтың едәуір бөлігін бақылайтын бірнеше ірі кәсіпорындардың (бірлестіктердің) бәсекелік күресі. Мұнда кәсіпорындар саны көп болмайды, бағаны бақылау диапазоны олардың іс-әрекетінің келісім деңгейіне байланысты болады.

Таза монополия деп – берілген (уникалды) өнімді өндіретін (жұмыс орындайтын қызмет көрсететін) тек бір ғана жеке фирманың болуын және ол өнімді ауыстыратын басқа өнімдердің болмауын айтамыз.

6) Бәсекелік артықшылық және оның пайда болу көздері

«Бәсеке түсінігімен бәсекелік артықшылық термині де тығыз байланысты. Нарық субьектісі тұрғысынан бәсекелік артықшылық – бұл оның активтері және бәсекелік күресте оған артықшылық беретін әртүрлі сипаттамалық белгілері (мәселен фирмалар үшін – шығындарды үнемдеуге мүмкіндік беретін құрал- жабдықтар, озық технологиялар, танымал сауда маркалары т.б.). Бәсекені ғылыми тұрғыда тереңінен зерттеген ғалым М.Портер «Бәсеке- бұл теңдік емес тұрақты өзгерістер деген». Оның пікірінше, бәсекеге қабілеттілік тұрақты түрде даму қабілеттілігімен сипатталады, яғни, алдымен бәсеке жүзеге асырылатын негізді өзгерту арқылы бәсекелік артықшылыққа қол жеткізу, ал содан кейін өнімді, өндіріс тәсілдерін және басқа да факторларды үнемі жетілдіре отырып өзінің бәсекелік артықшылығын сақтайды. Нақ осы жетілдіру мен жаңару бәсекелік артықшылықты құруға мүмкіндік беретін үздіксіз үрдіс болуы тиіс.

7) Экономикалық факторларға негізделген бәсекелік артықшылық

Нарықтық экономика жағдайында бәсекелік артықшылықты қамтамасыз ету фирманы дамытудың негізі болып табылады. Бәсекелік артықшылық деп кәсіпорын қызметінің экономикалық, техникалық, ұйымдастырушылық сферасында бәсекелестерден басымдықпен көрінуін айтамыз, оны түрлі экономикалық көрсеткіштермен өлшеуге болады.(қосымша табыс, жоғары табыстылық, нарықтық үлесі, сату көлемі). Бәсекелік артықшылық - өнімнің өзіндік құнының төмен нәтижесі, жанашылдық енгізу, нарық қажеттілігіне тез әсер ету (бейімделу), персоналдың біліктілігі мен еңбек өнімділігі деңгейінің, өндірілетін өнімдердің сапасы мен техникалық деңгейінің, басқарушылық шеберлігінің, басқарудын әртүрлі денгейлерінде стратегиялық ойлаудың жоғары болуы және өзге ұтымды жағдайларды білдіреді.

8) Нормативтік құқықтық актілерге негізделген бәсекелік артықшылық

Ол басқару және билік органдарының заңдары, қаулылары, ерекше артықшылықтары мен басқа да шешімдері негізінде әрекет етеді. Мысалы, басқару және билік органдарының аймаққа немесе жекелеген кәсіпорындарға берген жеңілдіктері немесе өзге де артықшылықтар.

9) Құрылымдық сипаттағы бәсекелік артықшылық

Ол компаниядағы өндіріс пен сату үрдісін интеграциялаудын жоғары деңгейімен анықталады. Ал, интеграция келесі нысандарда болады:

-регрессивті интеграция жеткізушілерді қатаң бақылауға алу үшін қолданылады;

- прогрессивті интеграция өндірілген өнімді тарату жүйесіне ену мақсатын көздейді.

- горизонталды интеграция – бырыңғай тауарларды өндіруші фирмалардын өзара әрекетін күшейту немесе біріктіру нәтижесінде іске асады;

10) Әкімшілік шаралардан туындайтын бәсекелік артықшылық

Ол өндірушілердің (жеткізушілердің) қызметіне шектеулердің болуымен байланысты, мұндай шектеулерді барлығы бірдей жоюға мүмкіндіктері жоқ. Оларға мемлекеттік және жергілікті билік органдары тарапынан патенттер мен лицензиялар беру, кәсіпорындарды тіркеудің қиын тәртібі, өндіріс және қызметтік үй -жайлар берудегі шектеулер т.б. жатқызылады.

11) Нарықтық инфрақұрылымның даму деңгейімен анықталатын бәсекелік артықшылық

Ол келесілермен байланысты болып келеді.

а) қажетті комуникация құралдарынын дамуы ( көлік, байланыс);

б) еңбек, капитал, инвестициялық технологиялар мен тауарлар нарығының ашықтығы мен ұйымдастырушылығы;

в) дистрибюторлық тораптардын дамуы, сонын ішінде бөлшек сауда, көтерме сауда, консалтингтік, ақпараттық, лизингтік және өзге де сипаттағы іскерлік қызмет көрсетулер жөніндегі қызметтер.

12) Техникалық (технологиялық) бәсекелік артықшылық

Ол саладағы қолданбалы ғылым мен техниканын жоғары даму денгейімен анықталады. Мысалы, өнім өндіруде пайдаланылатын шикізаттар мен материалдардың технологиялық ерекшеліктері, машиналар мен құрал- жабдықтардың арнайы техникалық сипаттамалары.

13) Қажетті ақпаратпен толық қамтамасыз етілумен анықталатын бәсекелік артықшылық

Нарықтың инфрақұрылымы туралы ақпараттардың, сатушылар, сатып алушылар, жарнамалық қызмет т.б. жөнінде кең көлемді мәліметтер базасының болуына негізделеді. Ақпараттың мүлдем болмауы, жеткіліксіздігі немесе жалған болуы бәсекелік күрес жүргізу үшін маңызды кедергілердің бірі болып табылады.

14) Географиялық факторларға негізделген бәсекелік артықшылық

Кәсіпорынның географиялық жағынан қолайлы орналасуы, ( жергілікті, аймақтық, ұлттық, әлемдік) нарықтардың географиялық шекараларын үнемді жою мүмкіндігімен байланысты. Сонымен бірге, әлеуетті бәсекелестердің нарыққа енуінің географиялық кедергісі аймақтар арасында тауар алмасудың қиындығы немесе мүмкін еместігі болып табылады. Ол нарық шекарасынан өткенде айтарлықтай қосымша шығындардың туындауы, тауарды тасымалдау үрдісінде сапа денгейі мен тұтынушылық қасиетін жоғалтуы нәтижесінде туындайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]