Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
wpshk.docx
Скачиваний:
49
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
52.46 Кб
Скачать

25) Толық серіктестік және оның ерекшеліктері

Толық серіктестік деп мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда қатысушылары серіктестіктің міндеттемелері бойынша өздеріне тиесілі барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте болатын серіктестікті айтамыз. Толық серіктестікке қатысушының өз үлесін (үлесінің бір бөлігін) оның басқа қатысушыларына немесе үшінші жақтарға қалған барлық қатысушылардың келісімімен ғана беруге болады. Толық серіктестік қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы мәліметерді жариялауға міндетті емес.

26) Сенім серіктестігі және оның ерекшеліктері

Серіктестіктің тағы бір нысаны – сенім (командиттік) серіктестігі. Серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзінің бүкіл мүлкімен қосымша жауап беретін бір немесе одан да көп қатысушыларымен қатар, серіктестіктің мүлкіне өздері салған салымдардың жиынтығымен шектелетін және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қатыспайтын қатысушыларды да енгізетін серіктестік сенім серіктестігі деп аталады.

Сенім серіктестігінің ісін басқаруды толық серіктестер жүзеге асырады. Ал салымшылардың басқаруға қатысуға, сондай-ақ сенімхат болмаса оның атынан әрекет жасауға құқығы жоқ. Толық серіктестер серіктестікке жеке еңбегімен қатысуға міндетті, сондықтан азамат тек бір ғана сенім серіктестігінің толық серіктесі бола алады

27) Жшс және оның ерекшеліктері

Серіктестіктердің ішінде кеңінен тараған және едәуір қолайлы нысаны жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып табылады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп – бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске бөлінген серіктестікті айтамыз. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты залалдарға өздерінің қосқан салымдарының шегінде тәуекел етеді.

28) Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік және оның ерекшеліктері

Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік деп – қатысушылары серіктестік міндеттемелері бойынша жарғылық капиталға қосқан өздерінің салымдарымен, ал, бұл сомалар жеткіліксіз болған жағдайда енгізген салымдарының еселенген мөлшерінде өздеріне тиесілі қосымша мүлікпен жауап беретін серіктестікті айтамыз. Қатысушылар жауапкершілігінің шекті мөлшері жарғыда көзделеді.

29) Өндірістік кооператив және оның ерекшеліктері

Шағын кәсікерлік субъектілерінің бірі - өндірістік кооператив. Өндірістік кооператив дегеніміз азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызметі үшін мүшелік негізде олардың өз еңбегімен қатысуына және мүшелерінің мүліктік жарналарын біріктіруіне негізделген ерікті бірлестігі.

Кооперативтің құрылтайшылары екеуден кем болмауы тиіс. Өндірістік кооператив заңды тұлға статусын иеленеді және міндеттемелері бойынша қосымша (жәрдем беру) жауапты болады. Өндірістік кооперативтер мүшелікке кіру мен шығудың еркіндігі, мүліктік (пайлық) жарна енгізу міндеттілігі, басқарудың демократиялылығы, өзара көмек және оның мүшелелері үшін экономикалық тиімділікті қамтамасыз ету, өндірістік кооперативтің қызметі туралы ақпаратқа қол жетушілік сияқты қағидалар негізінде жұмыс істейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]