Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
wpshk.docx
Скачиваний:
49
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
52.46 Кб
Скачать

15) Демографиялық факторларға негізделген бәсекелік артықшылық

Ол нарықтың мақсатты сегментіндегі демографиялық өзгерістер және олардын ұсынылатын өнім түрлерінің көлемі мен құрылымына оң әсер етуі, халықтың мақсатты топтары санынын артуы, оның жастық-жыныстық құрамының өзгеруі, халықтын миграциясы, сондай-ақ, білімдік және кәсіби деңгейдегі өзгерістер нәтижесінде құрылады.

16) Құқықтық емес сипаттағы бәсекелік артықшылық

1. жат пиғылды бәсеке (мемлекеттік билік органдары мен ірі шаруашылық субьектілер арасында қалыптасқан бейресми қатынастардын болуы). Яғни, мұнда бәсекелестерге қатысты шешімдерге қол жеткізу және өз мүдделерін жоғары қоюы орын алуы мүмкін.

2. криминалдық іс- әрекет: тауарларды контрабандалық жолмен әкелу және шығару, нарықты криминалдық құрылымдардың бақылауы.

17) Ұлттық экономика және оның мақсаттары

Ұлттық экономиканың көптеген анықтамалары бар. Мәселен, В. Леоньтев: “Ұлттық экономика – бір-бірімен өзара байланысқан көптеген әртүрлі қызметтер түрінен тұратын, өзін-өзі реттейтін жүйе” – деп санайды. Қазіргі кездегі анықтама бойынша:Ұлттық экономика - өзара байланысқан салалар, өндіріс түрлері және территориялық кешендер жүйесі.

Ұлттық экономикаға келесідей мақсаттар тән:

1)Экономикалық өсу – ұлттық өндірістің нақты көлемінің тұрақты өсуінің қарқыны. Экономикалық өсу көбінесе ЖҰӨ немесе ЖІӨ өсу қарқыны көрсеткіштерімен анықталады.

2)Жұмыспен қамтудың жоғары деңгейін ұстап тұру. Жұмыссыздықтың болуы экономикалық жүйенің өз ресурстарының белгілі бір бөлігін пайдаланбайтынын білдіреді.

3) Бағаның баяу өсуін қамтамасыз ететін баға деңгейін тұрақтандыру.

4) Мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметтерінің кешенді көрсеткіші болып есептелетін және елге келіп түсетін төлемдер мен шетелге кететін төлемдер сомаларының арақатынасын көрсететін теңгерілген төлем балансын ұстап тұру. Төлем балансының оң қалдығы инфляцияға, ал теріс қалдығы – валюта бағамының құлдырауына алып келуі мүмкін.

5) Қоғамда әлеуметтік әділеттілікке жету.

Ұлттық экономиканың құрылымы – бұл оның құрамдас бөліктерінің арасындағы тұрақты сандық қатынастар.

18) Ұлттық экономика құрылымы және оның түрлерін сипаттаңыз

Жіктеу критерийіне байланысты келесідей құрылымдарды бөліп көрсетеді:

  • Ұдай өндіріс құрылымы – ұлттық экономиканы біртектес экономикалық субъектілер топтарына бөлу;

  • Әлеуметтік құрылым – бұл құрылымның негізінде меншік қатынастары, еңбек түрлері және тағы басқалары жатады;

  • Салалық құрылым – ұқсас әлеуметтік – экономикалық қызметтер орындайтын біртектес шаруашылық бірліктерінің жиынтығымен сипатталады;

  • Территориялық құрылым – ұлттық экономиканы экономикалық аймақтарға бөлу;

  • Сыртқы сауда құрылымы – экспорт пен импорттағы тауарлар топтарының ара қатынасымен анықталады;

  • Инфрақұрылым - өндіріске қызметтер көрсететін салалар.

19) Ұлттық экономикадағы мемлекеттің орны мен рөлі

Ұлттық экономикадағы мемлекеттің орны мен рөлі оның орындайтын қызметтерімен анықталады. Мемлекеттің негізгі қызметтеріне келесілер жатады:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]