Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
wpshk.docx
Скачиваний:
49
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
52.46 Кб
Скачать

30) Акционерлік қоғам және оның ерекшеліктері

Акционерлік қоғам деп - өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын заңды тұлғаны айтады. Ал акция үлесті немесе меншікті куәландыратын бағалы қағаз. Яғни, акционерлік қоғам шығаратын және акционерлік қоғамды басқаруға қатысу, дивидендтер алу және қоғам таратылғаннан кейін оның қалған мүліктерінің бір бөлігіне құқықтарын куәландырады.

Құрылтай шарты мен жарғы акционерлік қоғамның құрылтай құжаттары болып табылады. Қоғам өз міндеттемелері бойынша өз мүлкі шегінде жауап береді. Қоғамның акционері оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және өзіне тиесілі акциялардың құны шегінде қоғам қызметіне байланысты залалдарға тәуекел етеді.

31) Ұлттық компания және ұлттық холдинг түсініктері,олардың айырмашылықтары

Акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі, ұлттық экономиканың негізін құрайтын стратегиялық жағынан маңызды салаларда Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған акционерлік қоғам ұлттық компания болып табылады. Олардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңына сәйкес, акционерлік қоғамның органдары жоғары орган, басқару органы және атқарушы орган болып бөлінеді. Жоғары органға – акционерлердің жалпы жиналысы, басқару органына – директорлар кеңесі, атқарушы органға – алқалы орган немесе атқарушы орган қызметін жеке-дара жүзеге асыратын тұлға жатқызылады.

Ұлттық компаниялардың және өзге де акционерлік қоғамдардың акциялар пакеттерін тиімді басқару үшін құрылған акционерлік қоғам ұлттық холдинг болып табылады.

32) Ұлттық даму институттары және олардың түрлері

Ұлттық даму институттары деп қызметінің басты мақсаты индустриялық-инновациялық даму және кәсіпкерлікті қолдау саласындағы жобаларды іске асыру болып табылатын қаржылық, консалтингтік, инновациялық, сервистік ұйымдарды айтамыз.

33) Концерн және оның сипаттамасы

Концерн – меншік пен бақылау бірлігін сипаттайтын бірлестіктің кеңінен тараған нысандарының бірі. Ол инвестициялық, қаржылық, табиғат қорғаушылық, сыртқы экономикалық және басқа да қызметтерді, өндірістік даму мен ғылыми-техникалық функцияларды ерікті түрде орталықтандыру негізінде бірлескен қызметті жүзеге асыратын дербес кәсіпорындар бірлестігін білдіреді.

Концернге бірігудің мақсаты – оған кіретін фирмалардың алдыңғы қатарлы технологияларын, патенттік-лицензиялық келісімдерді, қаржыларды пайдалану, өнімдерді жалпы өткізу органдарымен сату жолымен тиімділікті арттыру. Кейбір концерндер бірыңғай технологиялық бірлік, яғни, шикізатты өндіруден бастап өнімді сатудан аяқтайтын қағида бойынша әрекет етеді. Концернге біріктірілген кәсіпорындар дербес заңды тұлға ретінде қала береді, бірақ жалпы басшылықты бас компания жүзеге асырады.

34) Консорциум және оның сипаттамасы

Консорциум - нақты міндеттерді шешу, ірі мақсатты бағдарламалар мен жобаларды, соның ішінде инвестициялық, ғылыми-техникалық, құрылыстық, табиғат қорғаушылық және басқаларын жүзеге асыру үшін құрылған уақытша немесе тұрақты бірлестік. Консорциум кез-келген меншік нысанындағы кәсіпорындар тобының күшімен мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру үшін құрылуы мүмкін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]