Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
wpshk.docx
Скачиваний:
49
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
52.46 Кб
Скачать

39) Жеке кәсіпорынды тарату тәртібі

Жеке кәсіпорынды тарату немесе жою тәртібі

  • Егер сіз қандай-да бір себептермен өз фирмаңызды таратқыңыз келсе заңды тұлғаны таратуды немесе жоюды тіркеу үшін келесі жолдардан өтуге тура келеді.

  • Заңды тұлғаны тарату туралы шешім қабылдаған уәкілетті орган немесе заңды тұлғаның меншік иесі сәйкес тркеу органына келесі құжаттарды ұсынады:

  • өтініш;

  • заңды тұлғаны тарату туралы (соттың, уәкілетті органның, меншік иесінің т.с.с. ) шешімінің көшірмесі;

  • мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу туралы куәліктің, статистикалық карточканың, құрылтай құжаттарының түпнұсқасы;

  • әділет министрлігінің ресми басылымдарында (Заң газеті) тарату туралы хабарландыру бергендігін растайтын құжат;

  • бюджет алдында борыштары жоқ екендігі жөніндегі салық органының қорытындысы;

  • мөр мен штампты жойғандығы жөнінде ішкі істер органынан анықтама;

  • шотты жабу туралы банктің анықтамасы;

  • белгіленген мөлшерде алым төлегенін растау (1АЕК);

  • тарату балансы немесе тарату ісінің аяқталғандығы туралы тарату комиссиясының есебі.

Таратуды тіркеу 10 күннің ішінде жүргізілуі керек. Заңды тұлғаны тарату туралы мемлекеттік регистрге жазылғаннан кейін ғана таратылды деп есептеледі

40) Дара кәсіпкерлік және оның түрлері

Дара кәсіпкерлік дегеніміз азаматтардың немесе жеке тұлғалардың өздерінің меншігіне негізделе отырып, тәуекелге бару және мүліктік жауапкершілігі арқылы жүзеге асырылатын табыс табуға бағытталған бастамашылық қызметі.

Дара кәсіпкерлік өзіндік немесе бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асырылады.

41) Өзіндік және бірлескен кәсіпкерліктің сипаттамалары

Өзіндік кәсіпкерлікті бір жеке тұлға өзіне тиесілі мүлік негізінде, сол мүлікті пайдалану және оған билік ету құқығымен дербес жүзеге асырады. Бірлескен кәсіпкерлікті жеке тұлғалар немесе бірнеше дара кәсіпкерлер өздеріне тиесілі ортақ мүлік негізінде, мүлікті бірлесіп пайдалану және билік ету құқығымен жүзеге асырады.

Бірлескен кәсіпкерлік келесі нысандарда болуы мүмкін:

  • ерлі-зайыптылардың ортақ бірлескен меншігі негізінде жүзеге асырылатын ерлі-зайыптылардың кәсіпкерлігі;

  • шаруа (фермер) қожалығының ортақ бірлескен меншігі немесе отбасылық кәсіпкерлік;

  • ортақ үлестік меншік негізінде жүзеге асырылатын жай серіктестік.

42) Дара кәсіпкерлікті тіркеу әдістерін сипаттаңыз

Заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаларды (дара кәсіпкерлерді) мемлекеттік тіркеу 2 түрде жүзеге асырылады:

  1. келіп тіркелу (явочный характер)

  2. міндетті мемлекеттік тіркеу.

Келіп тіркелу кезінде өзінің тұрғылықты жері бойынша аумақтық салық органында дара кәсіпкер ретінде есепке алынады. Ал, міндетті мемлекеттік тіркеу келесі жағдайда орындалады:

  1. егер дара кәсіпкер тұрақты негізде жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланса;

  2. егер дара кәсіпкердің кәсіпкерлік қызметтен түскен жылдық жиынтық табысы жеке тұлғалар үшін белгіленген салық салынбайтын жылдық жиынтық табыстың мөлшерінен (12 ЕТЖ = 12х 17439= 209268тг) асқан жағдайда.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]