Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
созжасам Раманова А.doc
Скачиваний:
140
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
776.7 Кб
Скачать

12-Апта

Кредиттік сағат саны – 1

Дәріс № 12

Тақырыбы: Сан есім сөзжасамы

Дәріс мазмұны:

    1. Жалпы түсінік.

    2. Сан есім сөзжасам тәсілдері.

Әдебиеттер:

  1. Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі. Алматы, 1988.

  2. Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. Оқулық. Алматы, 2001.

  3. Хасенов Ә. Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімдер. Алматы, 1957.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Караджа О. Синтетикалық тәсіл арқылы жасалған туынды нумеративті сөздер // Қазақ тілі мен әдебиеті, № 3, 2004, 61-64-б.б.

  2. Шаһарман Г.П. Қазақ тіліндегі сан есім сөздерден жасалған туындылардың мағыналық ерекшеліктері. Филол. ғылымд. канд. дисс. авторефераты. Алматы, 1998.

Сан есімнің сөзжасамдық бірліктеріне сан атаулары және сөзжасамдық жұрнақтар жатады. Сан атаулары сөзжасамда негіз сөз қызметін атқарады. Сан есім сөзжасамына басқа сөз таптарының сөздері қатыспайды, яғни басқа сөз табынан сан есім сөздер жасалмайды.

Сан есім сөзжасам жүйесінде екі тәсіл қызмет етеді. Олар: аналитикалық және синтетикалық тәсілдер. Аналитикалық тәсіл – сан есім сөзжасамының ең негізгі тәсілі. Аналитикалық тәсіл сан есім сөзжасамында негізгі тәсіл болып саналатын себебі сан есімнің нағыз сандық атауларының бәрі дерлік аналитикалық тәсіл арқылы жасалған. Сан есімдегі негізгі түбір сан атауларынан басқа есептік сандардың бәрі аналитикалық тәсілмен жасалған.

Негізгі түбір сан есімдерге көбіне бірлік, ондық атаулары және жүз, мың деген сандар жатады. Есептік сандарды білдіретін негізгі түбір сан есімдердің саны жиырма үш сөзден ғана тұрады. Олар бірліктер: бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз,; ондықтар: он, жиырма, отыз, қырық, елу, алпыс, жетпіс, сексен, тоқсан және жүздік пен мыңдық атаулары: жүз, мың, миллион, миллиард, триллион. Тілімідегі ең көп сандық ұғымдар – осы сандар араласып келген, күрделі сандық ұғымдар. Күрделі сан атаулары екі түрлі жолмен жасалады: 1) бір сан мен екіншісі қосылып, оның қосындысынан үшінші сан атауы жасалады: он+бір=он бір, сексен+тоғыз=сексен тоғыз.

Сан есімнің синтетикалық тәсіл арқылы жасалуы өнімсіз, өйткені сан есімде сөзжасам қосымшалары өте аз. Сан есім сөзжасамындағы синтетикалық тәсіл негізінен сан есім мағыналық топтарын жасайтын қосымшалармен байланысты. Сондықтан сан есімнің сөзжасамдық жұрнақтары мағына жағынан да басқа сөз таптарынан еркшеленеді, өйткені олар лексикалық мағынаны түрлендіретін қосымшаларға жатады. Мысалы, төртеу, жетеу, бірінші дегендердің бәрінде сандық ұғым өзгеріп, екінші бір сандық ұғым жасалмайды.

Күрделі сан атаулары бір сан атауымен екінші сан атауының тіркесуі арқылы жасалады. тіркесетін сан атаулары – дара сан атаулары. Күрделі сан атауларының құрамы екі сөзден басталып, тоғыз сөзге дейін жетіп, миллионнан триллионға дейінгі қатарларда одан да жоғары болуы мүмкін. Күрделі сандардың құрамы қанша сөзден құралса да, олар біртұтас сандық ұғымды білдіреді. Күрделі сандар біртұтас сөз болғандықтан, олардың арасына еш уақытта ешбір басқа морфема кіре алмайды. Күрделі сандар өз тұтастығын берік сақтайды. Әрбір күрделі сан үнемі бір құрамда, сыңарларының орын тәртібін қатал сақтап, тұрақты қолданылады.

Күрделі сандардың жасалуында тірек сыңар негізгі қызмет атқарады. Тілде тірек сыңар болатын сандар көп емес, олар: ондықтар, жүздіктер, мыңдықтар. Күрделі сан есімде тірек сыңардың орны екі түрлі, ол күрделі санның алғашқы сыңары да, соңғы сыңары да бола береді.

Сан есімнің синтетикалық сөзжасам жүйесіне жататын қосымшаға –ыншы, -інші, -ншы, -нші жұрнағы жатады. Бұл жұрнақ есептік сан есімнен реттік сан есім жасайды. Дара, күрделі есептік сан есімдердің қайсысынан да реттік сан есім осы жұрнақ арқылы жасалады.

Жинақтық сан есім жасаушы қосымша –ау, -еу. Бұл қосымша бірден жетіге дейінгі бірлік сандардан жинақтық сан есім жасайды. Ол сандық ұғымды мүлдем өзгертпейді, бірақ есептік санға жинақтау мәнін қосып, оның мәнін абстракцияландырып, заттық ұғым да қосады. Мысалы, біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу.

Топтық сан атауларын жасайтын арнайы қосымша жоқ. Бұл қызметті шығыс септік жалғауы атқарады. Мысалы, оннан, жүзден, мыңнан. Топтық қосарланған сан есімдерден де жасала береді: он-оннан, бес-бестен.

Болжалдық сан атаулары екі түрлі тәсілмен жасалады: синтетикалық және аналиткалық тәсілдер арқылы. Болжалдық сан атауын жасайтын тілде түрлі жұрнақ бар:

    1. дай, -дей, -тай, -тей: қырықтай, елудей, мыңдай.

    2. ер: бірер.

    3. даған, -деген: жүздеген, қырықтаған.

Сонымен бірге көптік жалғауы есептік санға жалғанып, болжалдық сан атауын жасап, сөзжасамдық қызмет атқарады: бестерде, алтыларда. Болжалдық сан есімдер сан атауларының қосарлануы арқылы жасалады: он-он бес, бес-алты. Есептік сан есімдерге жуық, тарта, қаралы, шақты, шамалы, шамасында, артық, астам, аса, таяу, жақын шылаулары тіркесіп, олардан болжалдық сан атауларын жасайды: жүзге тарта, қырық шамалы.