Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
созжасам Раманова А.doc
Скачиваний:
140
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
776.7 Кб
Скачать

14-Апта

Семинар № 14

Тақырыбы: Үстеудің сөзжасамы

Мақсаты: Үстеу сөзжасам жүйесінің құрылымын анықтау, үстеу сөзжасам бірліктерін, сөзжасамдық типтерін, сөзжасамдық қызметін, жасалу жолдарының заңдылықтарын, түрлерін, мағыналарын меңгеру.

Негіздемесі: Қазақ тіліндегі сөзжасам жүйесінің бірліктері мен тәсілдерін, туынды үстеулердің түрлері мен мағыналық ерекшеліктерін, құрамын, уәжділік негіздерін, семантикасын, функционалды қызметін тану. ғылыми негізделген үстеудің белгілерін тілдік деректерге сүйене отырып, олардың қолданыстық қызметі көрсетіледі.

Әдебиеттер:

  1. Искаков А. Наречие в казахском языке. А., 1960.

  2. Таңсықбаева Б. Қазіргі қазақ тіліндегі үстеудің сөзжасам жүйесі. Ф.ғ.к.д.а. 2006.

  3. Таңсықбаева Б. Туынды үстеулердің жасалуына уәждеме болған сөз таптары // Қ.т.м.әд., № 11, 2005, 58-62-б.б.

Бақылау сұрақтары:

  1. Үстеу сөзжасамында қандай ерекшелік бар?

  2. Үстеудің сөзжасамдық жұрнақтары қандай орын алады?

  3. Үстеу сөзжасамында қандай сөзжасамдық тәсілдер қызмет етеді?

  4. Үстеу сөзжасамындағы көнеленген септік жалғаулары туралы не білесің?

Тапсырма 1. Мәтіннен туынды үстеулерді тауып, олардың жасалу жолын түсіндіріңіз.

Иттер даусы, кісінеген жылқылар атам заманғы ескі шым қорғанның ішінде тіршілік барын аңғартады. Кешке қарай өрістен қайтқан малмен бірге, алма толы бір-бір дорба қоржындарымызды арқалап біз де ауылға бет алатынбыз (С.Мұратбеков). бүгін күнімен үйде отырмай, Гүлжазира ішке өтіп, жуынып-таранғасын ас қамдау жабдығына кірісті (Р.Тоқтаров). Сипалақтап көп сөйлегенше, аз сөйле де дәл айт (Ғ.Мұстафин). Аула сыртында әлдекімдердің қаңғыр-күңгір сөйлескені естіледі (К.Ахметбекұлы). Сақып босағада жатқан балдақты әкеп, жалма-жан қолтығына қысады.

Тапсырма 2. Көркем шығармалардан туынды үстеулерге 10 мысал жазып, олардың жасалу жолына сөзжасамдық талдау жасаңыз.

Тапсырма 3. «Көнеленген септік жалғауларының үстеу сөзжасамындағы қызметі» тақырыбында пікірталас ұйымдастыру.

Бірінші топ – «септік жалғаулары сөзжасамдық қызметтір атқарады»деген тұжырымды қолдайды.

Екінші топ – «септік тек жалғаулық қызметте ғана қолданылады» дегенді қолдайды.

15-Апта

Семинар № 15

Тақырыбы: Етістіктің сөзжасамы

Мақсаты: Қазақ тілі жүйесіндегі етістік сөзжасамының мағыналық дамуын, уәжділігін, жасалу заңдылықтарын, ол заңдылықтардағы қолданылатын амал-тәсілдерді жаттығулар арқылы үйрету, дәлелдей білу.

Негіздемесі: Қазақ тіліндегі етістіктің жасалуындағы заңдылықтар күрделі де сан түрлі. Сондықтан лингвистикадағы теориялық негіздерді, ұстанымдарды басшылыққа ала отырып, туынды етістіктердің жасалу заңдылықтарын, тәсілдерін меңгеру.

Әдебиеттер:

  1. Қасымова Б. Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі етістіктер. Алматы, 1996.

  2. Қасабекова Қ. Негізгі түбір салт етістіктері. Алматы, 1998.

  3. Мұхамеди Қ. Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктің тездік тәсілі. Алматы, 2004.

Бақылау сұрақтары:

  1. Етістік сөзжасамында аналитикалық тәсіл қандай қызмет атқарады?

  2. Етістік сөзжасамында синтетикалық тәсіл қандай қызмет атқарады?

  3. Лексика-семантикалық тәсіл етістік сөзжасамына қатыса ма?

  4. Күрделі етістіктердің түрлері қандай?

  5. Құранды етістіктер қалай жасалады?

Тапсырма 1. Төмендегі мысалдардан бір ұядан тараған етістікті тауып, мағыналарына сипаттама беріңіз.

Тақтайдай, тақылдату, тақталану, тақылдау, тақталату, тақырлық, тақталау, тақымдық, тақтыру, тақуалық, тақыл, тақылетті, тақымда, тақырлан, тақырып.

Тапсырма 2. Төмендегі мысалдардан бірнеше етістіктің типін жасаңыздар.

Дидарлас, аталас, араздас, ұйымдас, жариялас, жалқаулан, намыстан, жағалас, қарсылас, жапсарлас, орайлас, дәмелен, жігерлен, көршілес, тетелес, бірлес, қателес, ашулан, айбарлан, өңдес, өңдет, өрлет, пайдалан, паналат, таңдан, сағымдан, серіктес, жолдас, септес, сырлас, сырлан.

Тапсырма 3. Күрделі етістікті және аналитикалық формалы етістікті ажыратып, оларға толық сипаттама беріңіз.

Ел қолы бес есе көп, бірақ кейде шоғырланып бір тұсқа үймелесіп қалады да, басқаларымен қанаттаса білмейді. Әкесі тым қарапайым, шешесі еркек көзі бір қадалмай өте алмас ажарлы адам екен. Келе жатқан қыс суығынан шіміркенгендей аз ғана дірілдеп қалды (Ғ.Мүсірепов). Екі жылдан бері дәмдес, сырлас болып жүрсе де, Ербол ауылға келген сайын, ұрын түсуге келгендей жүрегі өрекпіп, сабырсыз санамен сасқалақтап қалатын. Хош иісті гүлі бұрқырап, бұлақтары сарқылмай сарқырап тұрған – осынау кең қонысты, бейбіт өрісті Шабанбай жайлауы еді. Омарташы жігіт мұздай сумен ыстықтан барбия бастаған бетін сипап, қайта-қайта жуынды (О.Бөкеев). Алдында улы жылан жатқандай шал божбан сары тастаған қағаздарға үрейлене қарады. Алыстан қызыл бөрікті, қара шекпенді салт атты бейтаныс жан аяңдай басып барады (Л.Омарова).