Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
созжасам Раманова А.doc
Скачиваний:
140
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
776.7 Кб
Скачать

13-Апта

Кредиттік сағат саны – 1

Дәріс № 13

Тақырыбы: Есімдіктің сөзжасамы

Дәріс мазмұны:

  1. Есімдіктің сөзжасамының өзіндік ерекшелігі, сөзжасам мүмкіндігінің аздығы.

  2. Синтетикалық тәсілдің есімдік жасауға қатысы.

  3. Аналитикалық тәсіл арқылы есімдіктің жасалуы.

Әдебиеттер:

  1. Ибатов А. Қазақ тіліндегі есімдіктер. Алматы, 1961.

  2. Қазақ грамматикасы. Астана, 2002.

  3. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. Алматы, 1992.

  4. Төлеуов Ә. Қазақ тіліндегі есім сөздердің жасалуы. Алматы, 1973.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Сарбалаев Ж. Қазіргі қазақ тіліндегі проминалданған есімдіктер // Қазақ тілі мен әдебиеті, № 2002, 66-70-б.б.

Туынды есімдіктерге сөзжасамның үш тәсілі арқылы жасалынған мынадай есімдік сөздер жатады:

Біріншіден, лексика-семантикалық тәсіл арқылы жасалынған есімдіктер. Бұған белгілі бір категорияға тән сөздердің мағыналары өзгере келе есімдіктер дәрежесіне ауысуы арқылы, демек, лексика-семантикалық тәсілмен жасалған бар, бір, біреу, бүкіл, түгел т.б. сияқты есімдіктер, сол сияқты әр, күллі, пәлен сияқты төркіндері басқа (араб, парсы) тілдерден ауысып енген сөздер жатады.

Екіншіден, синтетикалық тәсіл арқылы жасалынған сөздер. Бұған, ең алымен, сұрау және сілтеу сияқты негізгі түбір есімдіктеріне, мысалы –у жұрнағының (нұсқау, сілтеу мәнін білдіретін форма) қосылуы арқылы жасалынған мынау (мына+у), анау (ана+у), сонау (сона+у) тәрізді есімдіктер жатса, сонымен бірге оларға әр қилы формалар арқылы жасалған барлық, барша, қанша, неше, қандай, нешінші тәрізді есімдіктер де жатады.

Үшіншіден, аналитикалық тәсіл арқылы жасалынған есімдіктер. Бұл есімдіктер тобына, ең алдымен, бірдеңе, бірнеше, кейбіреу, әлдекім, әлдеқашан, әлдеқайда, әлдеқалай, әрбір, ешкім, ешқайсы, ешқандай т.б. сияқты әр түрлі жеке сөздерден құралу арқылы жасалынған күрделі есімдіктер және кімде-кім, қай-қайсы, бірде-бір сияқты қосарланып қолданылатын күрделі есімдіктер жатады.

Өзге сөз таптарына тән кейбір сөздер, өздерінң әуелгі заттық немесе бастапқы нақтылы басқа мағыналарын я бүтіндей, я жартылай жоғалтып, бірте-бірте есімдікке тән меңзеу мағыналары мен нұсқау қызметіне ие болады. міне, басқа сөздердің есімдікке тән осындай қабілетке ие болу қасиеті тіл білімінде прономиналдану (есімдікке айналу) деп аталады. Сөз прономиналданғанда негізгі өзгеріс оның мағынасында ғана туады да, грамматикалық қасиеттері пәлендей өзгеріске ұшырамай-ақ, бұрынғы шеңберінде қалып отыратын тәрізді. Ал оның бұлай болу себебі, біздің ойымызша, есімдіктердің өзге сөз таптарынан туғанымен, олардың сол сөз таптарының қызметтерін бойына сақтап, олардың орынбасарлары болып қалу қасиеттерімен байланысты болуға тиіс. Мысалы, қазіргі тіліміздегі әлдене, әлдекім, бірнеше, қайбір, қайсыбір, әрбір, біреу-міреу, әлдебір, бірдеме, әне-міне, кейбір, кейбіреу деген сияқты күрделі сөздер есімдіктер тобын әрі сан жағынан көбейтіп, әрі оның өрісін кеңейтуге септігін тигізсе, бар (барлық, барша), бәрі, біреу, бүтін, бүкіл дегендер тәрізді жалаң сөздер де өздерінің басқа сөз таптарына тән әуелгі нақтылы мағыналарынан ауысып, жалпы меңзеу, нұсқау мағыналарын білдіретін есімдіктерге айналған.