Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
созжасам Раманова А.doc
Скачиваний:
140
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
776.7 Кб
Скачать

10. Студенттің өздік жұмысына (сөж) арналған материалдар

СӨЖ – дидактикалық тапсырмаларды өз бетімен орындауға, танымдық қабілетті арттыруға және белгілі бір ғылым саласына байланысты білімін толықтыруға негізделген оқу процесінің ерекше бір түрі.

СӨЖ оқытушының қатысуымен (ОСӨЖ) аудиториядан тыс және оқытушысыз аудиториядан тыс (СӨЖ) сабақтардан тұрады.

Студенттердің өз бетімен орындайтын жұмыстарының тақырыптары 1.4 бөлімінде көрсетілген. Аталған жұмыстарды студенттер қосымша әдебиеттер, бұқаралық ақпарат құралдары, интернет жүйесі бойынша орындауларына болады. СӨЖ-ге берілген тақырыптарды студенттер реферат, баяндама немесе ауызша талдаулар арқылы да орындауға болады.

Студенттің өзіндік жұмысына мыналар кіреді:

  • өткен материалдарын қайталау, берілген негізгі және қосымша әдебиеттерді оқу.

  • Тәжірибелік сабақтарға дайындалу.

  • Үй тапсырмаларын орындау.

  • Семестрлік тапсырмаларды орындау.

Студенттің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру әдісі:

  • дәріс материалдарын дер кезінде талдап отыру.

  • Тақырыпты толық меңгергенге шейін студенттермен жұмыс істеу.

  • Конспектімен жұмыс істей отырып, әдебиеттерге сілтеме жасау, қосымша мәліметтерді енгізу.

  • Егер түсініксіз сұрақтар болатын болса, келесі дәрісте міндетті түрде талқылау.

СОӨЖ тақырыптары:

1-апта: 1. Қазақ тіл біліміндегі сөзжасам мәселесінің зерттелу жайы (реферат).

2-апта: Қазақ сөзжасамының қалыптасу кезеңдері (хронологиялық кесте жасау).

3-апта: Қазақ тіліндегі терминжасам мәселелері (реферат).

4-апта: Қолданысқа енген жаңа сөзқосымдар.

5-апта: Көркем шығармалардан көшірілген туынды мағынаға мысалдар теру.

6-апта: Тарихи туынды түбірлер (ғалымдар еңбектеріне шолу жасау).

7-апта: Сөзжасамдық талдау (реферат).

8-апта: Сөзжасамға қатысты еңбектерден сөзжасамдық ұяға, тізбекке берілген анықтамаларды жазып алу

9-апта: Есім сөз таптарының сөзжасамы бойынша библиография жасау.

10-апта: Зат есімнің өнімсіз жұрнақтарына көркем шығармалардан мысалдар теріп, оларға түсінік жазу.

11-апта: Сан атауларындағы өлі жұрнақтар туралы ғалымдар пікіріне шолу жасау.

12-апта: Болжалды мағыналы сөздерге мысал теріп, оларды сипаттау.

13-апта: Қазақ тіл біліміндегі есімдік сөзжасамының зерттелу жайы.

14-апта: Үстеудің сөзжасамдық жұрнақтарының мағыналары.

15-апта: «Абай жолы» кітабының 1-томынан есім негізді туынды түбір етістіктерді теріп, ондағы жұрнақтарды өнімді, өнімсіздерін анықтаңыз.

СӨЖ тақырыптары:

1-апта: Сөзжасамның жалпы теориясы бойынша библиография жасау.

2-апта: Қосымшалардың дыбыстық варианттары (конспекті жазу).

3-апта: Тілдің сөзжасам жүйесіне не жатады? (өзіндік ой-пікірін жазып келу).

4-апта: Лексика-семантикалық тәсіл арқылы жасалған терминдер (тіл білімі бойынша).

5-апта: Баспасөз тіліндегі теңбе-тең туынды мағынаға ие сөздер (зерттеу жұмысы).

6-апта: Бірде бірге, бірде бөлек жазылып жүрген біріккен сөздерді мерзімді баспасөз беттерінен, сөздіктерден теріп, оларға талдау жасау.

7-апта: Тілдік материалға сөзжасамдық талдаулар жасау.

8-апта: Көр етістігі негізінде сөзжасамдық ұя жасау.

9-апта: Тарихи тұрғыда туынды түбір зат атауларын талдау.

10-апта: Тіл білімі терминдерінің жасаушы жұрнақтарға мінездеме жазу.

11-апта: Күрделі сын құрамындағы есім сөздер туралы (реферат).

12-апта: Күрделі сан атауларының сөздіктердегі көрінісі.

13-апта: Ғалым А.Ибатов және есімдік мәселелер

14-апта: Қосарланған етістіктердің үстеуге қатысы (реферат).

15-апта: . Кіріккен күрделі етістіктер (реферат).